Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады


Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері: танымдық процестері, оқу іс-әрекеттерінің қалыптасуы



бет80/101
Дата26.09.2023
өлшемі0.84 Mb.
#478627
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   101
Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғыл-emirsaba.org

Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері: танымдық процестері, оқу іс-әрекеттерінің қалыптасуы.

Кіші мектеп балалық кезеңі — бұл 7-11 жас арасындағы жеке тұлғаның әріқарай дара-психологиялық дамуы және әлеуметтік-адамгершілік сапаларының қалыптасуы процесі. Бұл кезеңге тән:


— баланың материалдық, коммуникативтік, эмоционалдық мұқтаждарын қанағаттандыруда отбасы жетекші (доминация) роль атқарады;
— әлеуметтік-танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда мектеп жетекші рольді мектеп атқарады;
— отбасы мен мектептің басты қорғаушы қызметі сақтала отырып, балада ортаның жағымсыз ықпалына қарсы тұра алу қабілеті арта түседі. Әлеуметтік статустың өзгеруі: оқушыға айналуы. Жас және педагогикалық психологияда бастауыш мектеп жасының өзіндік орны бар. Бұл жаста оқу іс-әрекетін меңгереді, психикалық функцияның еріктілігі құрылады, рефлексия туындайды, өзін-өзі бақылауы ерекшеленеді, ал әрекет ішкі жоспарға ара-қатынаста болуды бастайды. Бастауыш мектептің оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды, оған біраз мерзім үйренуі керек. Егер мектеп жасына дейінгі балалардың негізін әрекеті ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу іс-әрекеті шешуші рольді атқарады. Осыған орай баланың психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Себебі: ойынға қарағанда оқу талабы бала үшін қиын. Сонымен қатар, жаңа ортаға үйреніп, мұғаліммен, құрбыларымен қарым-қатынас жасауына психологиялық көмек қажет. Бастауыш мектептің оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әр түрлі.



  1. Жасөспірімдердің психикалық дамуы. Өзіндік сананың дамуы. Жасөспірімдік кезеңдегі қарым-қатынас және эмоциялық өмір.

Жасөспірімдік шақ түрлі қабілеттер дамуының сензитивті кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде барлық мүмкіндіктерді практикалық қолдану жекелік ерекшеліктерге әсерін тигізеді. Кішкентай балалардың өзіндік санасы мен өзіндік бағалауы, әдетте, ата аналарынан және басқа да беделді үлкендерден алған бағаны қайталайды. Бірақ, бала неғұрлым есейген сайын оның мінез-құлқы бағалардан гөрі өзіндік бағалауға соғұрлым бағдар алады. Алайда, өз қасиеттерін әсіресе, батылдық, ерлік немесе принципшілдік секілді күрделі құлықтық –психологиялық қасиеттерді ұғынудың өзінде-ақ эмоциялық бағалау мен әлеуметтік салыстыру сәттері қамтылады. Жасөспірім шақтағылар да жеткіншектер секілді өзінің қандай екенін, қаншылық құнды, қабілетті екенін барынша білгісі келеді. Өзіндік бағалаудың екі тәсілі бар: 1. Олар өзі туралы алдын –ала көзделген мақсатын қаншалықты жүзеге асырғанымен салыстырып, теңестіреді. Егер өзінің бұл туралы ойлағаны мен өзгелердің соған қойған бағасы дәл келсе, осы жетістікке жеткеннің белгісі деп санайды. 2. Өзгелердің өзі жөніндегі пікірін жинап, соларды өзара салыстыру арқылы жетіспейтін жақтарын білу. Мұдай жағдайда өзі мен үлкендер берген баға сәйкес келмеуі мүмкін [2]. Әрбір адамда «Мен» деген біреу болғанымен, осылардың тиісті жағдайларға байланысты неше түрлері кездеседі: 1. «Мен шынында кіммін?» (шындықты көздейтін мен); 2. «Мен»-өзімді өзгелер қалай бағаласын деп ойлар едім? (эмпатикалық мен); 3. «Мен»-тілегім бойынша қандай болғым келеді? (тілек, яғни фантастикалық мен); 4. «Мен» келешекте кім болғым келеді? (болашақ мен). Сонымен, өзіндік бағалауда жасөспірімдік шақта тіпті, тұлға өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу қабілеттілігіне ие болады. Өзіндік бағалау адамның өзіне деген сенімін арттырып, рухани үйлесімдігін дамытады. Осы шақта практикалық және танымдық іс-әрекеттің субъектісі, тұлға ретінде ұғынуы және бағалауы яғни, өзіндік сана- сезімі қалыптасады.


Жасөспірімдік кезеңдегі қарым-қатынас және эмоциялық өмір.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет