(<<Ұлы дидактика>>) айтылған.
XIX ғасырдың екінші жартысында орыс ағартушылары В.Г.Белинскийдің Н.Г.Чернышевскийдің ,еңбектерінде педагогикалық бағалау мәселелері туралы айтылған.
XX ғасырдың 60 – 70 жж. Ресейлік ғалымдар В.Л.Беспалько, И.Л.Лернер, В.М.Полонский,Н.М.Скаткин ғылыми еңбектерінде бағалау үрдісінің әдіснамалық негіздерін жасады. Сонымен қатар ғалым – педагогтар бағалаудың нормативтік негіздерін анықтады.
Ал, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау үрдісінің психологиялық аспектілерін ресейлік педагог – психологтар (Амонашвили Ш.А.,Захарова А.И,.Липкина А.И., Рыбак Л.А. және т. б.)өздерінің ғылыми еңбектерінде зерттеп қарастырды.
Баға қоймай оқыту туралы ғалым - педагогтар(Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов,Г.А.Цукерман) педагогикалық – психологиялық зерттеу жұмыстарында жан – жақты талдау жасады
«Бағалау» термині «жақын отыру» латын тіліндегі мағынада бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Л.Н.Толстой: «Жүрегіңізде не болып жатқанын жасырмай, балаларға әділ және адал болуыңыз - ең күшті тәрбиеңіз» - деп бекер айтпаған.
Достарыңызбен бөлісу: |