Басқа елдердегі бағалау түрлері.
Оқушылардың үлгерімін сандық белгімен көрсетудің әр түрлі жүйелері “балл” түрінде басқа елдерде де қолданылады.
Венгрия,Югославия және Чехословакияда “бір” жоғары, “бес” төмен баға болып қойылады.
Румыния, Голландия, және Ауғанстан мектептерінде оқушыларға 1ден 10ға дейін баға қойылады. 10 өте жақсы, 1 өте жаман, ал сыныптан сыныпқа көшіру 5,6 сандық белгілермен бағаланады.
Францияның бастауыш мектептерінде оқушыларға 10баллдық жүйе бойынша, ал лицейде 20баллдық шкала арқылы баға қойылады.
Америка Құрама Штаттарында оқушыларға баға қоюда әріп жүйесі қолданылады: А,В,С жақсы, Д,Е жаман баға. Көптеген оқу орындарында бір жастағы әр түрлі дарынды оқушылар топтарға бөлінеді: А-дарынды, В-қарапайым, С-қабілетсіз. Оқушылардың топқа жататынын анықтау үшін оны әр түрлі сыннан өткізеді, соның нәтижесінде оған “ақыл-ой” қабілетінің коэффиценті атағын береді. “Дарынды” оқушыларды дамыту үшін ерекше жағдай жасайды, “қарапайым” оқушылар тек қана практикалық” білім және пайдалы дағдылардың минимумын алады.
Жапонияда оқушылардың білімін есепке алу және бағалаудың басқа формалаоы қолданылады, оны мадақтау деп айтады.
Мұғалім оқушының жауабын тыңдап болған соң оған: “Бүгін сенің жауабың өткенге қарағанда әлдеқайда жақсы және тыңғылықты, мадақтауға тұрарлық. Жарайсың!” дейді. Бірақ оқушыларға баға қойылмайды.
Куба мектептерінде емтихан және баға қою жойылған. Толық мінездеме беру жүйесі енгізілген, оған оқушылардың оқу бағдарламасын игеру және мінез құлқы жөнінде барлық мәліметтер енгізіледі.
С. А. Мұсаева мен Т.Б. Бегалиевтің “Жас ерекшелік педагогикасы” (2006ж) кітабында оқыту процесін ұйымдастыру нәтижесі білімді бақылаудан тексеруге дейін, одан оның нәтижесін бағалау арқылы белгіленеді.
“Бағалау” деп оқушылардың жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін білімнің, іскерліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады.
Бақылау, тексеру, бағалау -жазалау әдісі емес. Бұл оқу мен оқытудың нәтижесін білу.
XVI - XIX ғасырларда бағалау жүйесінің дамуы чех және славян педагогы Я.А. Коменскийдің еңбектерінде
Достарыңызбен бөлісу: |