УМКД 042-14.1.01/01-2013
|
Ред. № 1 от 03.09.2013
|
Страница из
|
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
|
СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты
|
ПОӘК
|
УМКД 042- 1830-2013
|
«Инклюзивті білім беру» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
(оқу әдістемелік материалдар)
|
№3 – басылым
|
Инклюзивті білім беру
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
(Барлық мамандықтарға арналған)
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Cемей - 2013
1.ӘЗІРЛЕГЕН:
Құрастырушы: 28.08.2013
п.ғ.к., доцент м.а. Тұрғанбаева Бейбітгүл Шәкәрімқызы
2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:
2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды.
Хаттама № 1 04.09.2013ж.
Кафедра меңгерушісі: ______________ /Джанбубекова М.З./
2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.
Хаттама № 1 «05» 09.2013ж.
Төрағасы: ________________ /Ахметова Т.Ш./
3. БЕКІТІЛДІ:
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.
Хаттама №1 18.09.2013ж.
ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./
4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2013ж. басылымның
МАЗМҰНЫ
-
Инклюзивті білім беру пәні бойынша глоссарий.
-
Инклюзивті білім беру пәні бойынша дәрістер кешені.
-
Инклюзивті білім беру пәні бойынша семинар тапсырмалары.
-
Студенттердің өздік жұмыстары.
1. Инклюзивті білім беру пәні бойынша глоссарий.
Авторитарлық қарым-қатынас - мұғалімнің оқушылар пікірімен санаспай,қызығушылықтарын ескермей шешім қабылдауы,тек өзінің айтқанын орындауға бағытталуы.
Аксиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процесі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қатынас).
Аксиология (грек тілінің «ахіа» - құндылық және «logos»-ілім) – құн дылықтардың табиғаты жайлы және дүниедегі құндылықтар жүйесі туралы философиялық ілім.
Антипатия - адамда басқа бір адам туралы теріс көзқарастың қалыптасуы,оны жақтырмауы.
Әлеуметтік фрустрация-адамдардың болашақтың белгісіздігіне алаңдаушылығы,мақсатқа жете алмауындағы торығып күйзелуі,жеке тұлғаның өзін дәрменсіз,ешкімге қажетсіз сезінуі,балалар мен ересектердің әлеуметтік қорғаныссыздығынан абыржуы,уайымға салыну сияқты психологиялық жағдайы.
Вербальды қарым-қатынас - бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процессі.
Вербальсыз қарым-қатынас - мимика,ым-ишара,пантомима (дене қозғалысы,қол қимылдары) арқылы жасалатын сөзсіз қарым қатынас.
Гуманизм - адам тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы;тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған жане тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын қарастыратын ілім.Гуманизм-адамның өмірлік ұстанымы,ол адамның адами қасиеттерін сақтап қалуға,тек жағымды,жақсы істерге бағыттайды.
Даралылық - адамды басқа адамдардан ерекшеліндіріп тұратын айрықша қасиеттері,ешкімге ұқсамастығы,оның қайталанбастығы.
Демократиалық қарым-қатынас - оқушы білімді іздестіруде қарым-қатынаста тең құқылы субьект ретінде қарастырылады.Оқушылар мен мұғалім ынтымастық қарым-қатынаста болады.
Жеке тұлға - индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі,оның әлеуметтік құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды іске асыру қабілеттері.Жеке тұлға ретінде адам өзінің санасының даму деңгейімен,өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады. Жеке тұлға-қоғамдық мәні бар адам.Кез келген адам өмірге индивид болып келіп,тек саналы қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.
Инклюзив (лат.includio кірістіремін, қосамын) — адресат сөзінің 1-жақ көпше есімдікке қатыстылығын білдіретін есімдік формасы. Мысалы, сенімен біз, біз сенімен. Инклюзив тілдерде әр түрлі жолмен жасалуы мүмкін
Инклюзия – бұл тек білім алу ғана емес, сонымен бірге адамды өмір қатарына ергізу құрылғысы деп түсінуіміз керек. Инклюзивті үрдіс мектепке дейінгі және мектептегі ортада басталады, бұл уақытта өсіп дамуында ерекшелігі бар балалар мен қалыпты балалар бірі-бірімен қарым-қатынас жасауға үйреніп, бірге әлеуметтік дағдыларды иемденеді.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалып білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге
ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.
Инклюзивті оқыту – оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс – әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту – адамдармен қарым – қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивтік білім беру – барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата – аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу – педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделулеріне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады.
Инклюзивті білім беру - этникалық тегіне, діни сеніміне, экономикалық мәртебесіне және дамуындағы ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балалардың білім алуына және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау процесі.
Инклюзивті оқыту - мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы дені сау балалар сыныбында/тобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің бір бөлігін арнайы топтарда, ал екінші қарапайым топтарда өткізеді), уақытша (арнайы топтардағы балалар және қарапайым топтардың оқушылары бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріледі), толық (дамуда ауытқулары бар 1-2 бала бала бақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді) болады
Инклюзия - бұл балаларды олардың жыныстық, этникалық және дінге қатыстылықтары, оқудағы жетістіктері, денсаулық жағдайы, даму деңгейі, ата-аналарының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі мен басқа да айырмашылықтарына қарамастан жалпы білім беретін үдеріске толық енгізу үдерісі, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
2. Инклюзивті білім беру пәні бойынша дәрістер кешені
1-дәріс. Инклюзивті білім беру пәні. Инклюзивті білім берудің ерекшелігі.
Әр бала үшін ең алғаш мектепке бару ең жауапты да қиын кезең. Ал мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін бұл кезең әлдеқайда эмоциялық жағынан да, психологиялық жағынан да ауыр болады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі инклюзивті білім беру қағидаларына бет бұрды. Бұл арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу. Әрбір бала, мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы тиісті.Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірбие көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:
-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді. Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы.
Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:
-
Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
-
Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.
-
Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды. Яғни ол мына принциптер:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7.Әрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ .
Дәріс №1. Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
-
Инклюзивті білім беруді қалай түсінесің?
-
Инклюзивті білім берудің негізгі міндеттері қандай?
2-дәріс. Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі.
XX ғасырдың аяғында көптеген дамыған әлем елдерінде (АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Германия, Скандинавия елдерінде) мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды дамытуда алдыңғы орында тұрған инклюзивті білім беру болды. Жалпы білім беру үрдісіне енгізілген балаларға оқуды жеңілдететін қосымша арнайы жағдай, көмек, қолдау қарастырылады. Әрбір елде интеграциялаудың өзіндік үлгісі іске асырылуда, бұл білім беруде интеграциялаудың жан-жақты үлгісін құрудың мүмкін еместігін көрсетуде.
Инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан елдерде айқындалған басым бағыт жалпы мектептік білім беру саласында қарастырып отырған категориядағы балаларды жалпы білім беру үрдісіне міндетті түрде енгізуді көздейді.
Ресейдегі инклюзивті білім беру.1991 жылдың күзінен бастап Ресейде «Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау» жобасын іске асыру басталды. Нәтижесінде 11 аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап оқытудың экспериментальды алаңдары құрылды.Мүмкіндігі шектеулі балалармен педагогтардың жұмыс істеу мақсатында Ресей Федерациясының білім министрлігі педагогикалық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына 1996ж 1 қыркүйегінен бастап «Арнайы(коррекциялық) педагогиканың негіздері», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясының негіздері» деген курстарды енгізді. Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлінің айтуы бойынша 2008-2009 жылдары инклюзивті білім беру үлгісі экспериментальды түрде көптеген білім беру мекемелеріне енгізілген. Ресейде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары бар: арнайы мектептер мен интернаттар; коррекциялық мектептер;«Интернат-үйлер»; үйден оқыту; қашықтықтан оқыту.
Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту. АҚШ-тың мүмкіндігі балаларды оқытудағы қазіргі саясаты жалпы және арнайы оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады. Бұл біріктірулерде 3 негізгі жолдар бар: «негізгі бағыт», «жалпы білім инициативасы», «енгізу». Бұл арнайы білім беру алаңында үлкен дау-дамай тудыруда.
«Негізгі бағыт» мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту негізгі мектептерде оқытуды көздейді. Бұл балалар қоғамға араласуы керек болғандықтан , оларды әлеуметтік және білім беру қызметтеріне қосу керек деп есептейді.
«Жалпы білім беру инициативасы»-бұл АҚШ-тың білім департаментінің арнайы білім беру бөлімінің ұсынысы. Жалпы білім беру инициативасы -дамуында ауытқуы бар оқушыларға білім беру шарттарына фундаментальды өзгеріс енгізуді ұсына отырып, «негізгі бағыттан» ары қарай дами түскен. Кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің басшылары жалпы білім беру инициативасын мақұлдаса, кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің мұғалімдері ауытқуы бар балаларға жалпы білім беру инициативасының әсер ету мүмкіндіктерін түсіну үшін қосымша сынақтар мен зерттеулер қажет дейді.
«Енгізу» моделі балаларды ауытқу түріне және көріну деңгейіне тәуелсіз тұрған жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне енгізуді көздейді. Осындай балаларға мамандар тобы жеке оқыту бағдарламасын құрады, сол бойынша оқушының жетістігі бағаланады.
Қазіргі кезде АҚШ-та 1990жылы қабылданған, «ауытқулары бар тұлғалар үшін білім беру акты» деп аталатын заң жұмыс істеуде. Бұл халықтық білім беру жүйесінде бала оқуына қажет тегін білім береді. Ата-анасы баласының оқу мүмкіндігі туралы қорытынды талап ете алады, ол бала дамуындағы ауытқуының бар немесе жоқтығына негіздемеден тұрады. Заң тек арайы білім алуға ғана емес қосымша қызмет түріне де құқық береді.
Арнайы білім беруді Швецияда ұйымдастыру. Бұл елде ерекше қажеттілікке мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және олар онда қажетті қолдау алуда (сыныпта арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегі және көмекші арнаулы құралдарды қолдану). Есту, көру қабілеттері бұзылған, ойлауында қалушылық бар балалар ауытқулары бойынша бөлінгенарнайы мектептерде білім алады, олар мұнда 21-23 жасқа дейін оқи алады. Арнайы мектептер қазір жалпы білім беретін мектептегі сыныптарға кірістірілген балаларды қолдау ресурстарының орталығы болып табылады. Ойлауы артта қалған балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарына сыныптардыбіріктіру жолымен орналасқан.
Арнайы білім беруді Францияда ұйымдастыру. Франциядағы арнайы білім беру жалпы білім беретін мектептерге дамуында жетпіспеушілігтері бар балалардың санын неғұрлым көбейтуге бағытталған. Дамуында ауытқулары бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу 4 нұсқада орындалуда:
1.Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, бірақ мектепте немесе одан тыс уақытта оған қосымша қызмет көрсетіледі: емдеу шаралары, тәрбиелеу жұмыстары т.б. Мысалы, тірек-қимыл қызметі бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сол мектепте немесе жақында орналасқан адаптациялық орталыққа барады.
2. Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім алады және қосымша арнайы бағдарлама бойынша қиды. Мысалы, көруі бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сабақ дайындауға көмек, мұғалімнен қосымша сабақ алады, кеңістікте бағдарлау бойынша сабақтарға қатысады.
3. Бала мектептегі негізгі уақытта арнайы сыныпта, арнайы бағдарлама бойынша оқиды (әдетте психикалық дамында кешігушілік бар балалар). Уақытының басқа бөлігінде қарапайым бағдарлама бойынша өз жасындағы оқушылармен дайындалады.
4. Бала тек арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады (әдетте ойлау қабілеті бұзылған балалар). Соған қарамастан ол мектеп өміріне қатысады: біріккен таңғы ас, тәрбие шараларына біріккен қатысу, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу.
Арнайы білім беруді Италияда ұйымдастыру. Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап арнайы мектептердің арнайы сыныптары оқушыларының үлкен бөлігі жалпы білім беру жүйесіне енгізіле бастады. Бүгінгі күні арнайы қажеттілігі бар балалардың 99 пайызы жалпы білім беретін мектептерде оқиды. Қарапайым сыныпта қолдаушы мұғалімнен арнайы көмек алу үшін дамуында ауытқуы бар бала ретінде тіркелуі керек. Тіркеу тек ата- анасының келісімімен және тек 1 жылға жасалады, мерзім біткеннен кейін арнайы көмекті ұзарту немесе бас тарту туралы шешім шығарылады. Бірақ, Италиядағы арнайы қажеттілігі бар оқушыларды жалпы білім беру ортасына енгізуді дамыту бірнеше мәселелерді шешуді қажет етеді. Көптеген мұғалімдер интеграцияны жоққа шығармайды, тек сынып өміріне енгізуде бірнеше қиындықтар кездесуде. Олар дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуда жауапкершілікті қолдаушы мұғалімге артуды ұсынады.
Италиядағы білім берудегі интеграциялау қиындықтары бірнеше себептерге байланысты. Интеграциялау үрдісі аймақтың қажеттіліктеріне зерттеу жұмыстарынсыз, қажетті мамандар бар-жоқтығы анықталмастан басталды. Жалпы білім беретін мұғалімдерді оқыту шектеулі ғана болды. 1 ай ішінде арнайы сабақтар ұтымды нәтижелер бермеді, көптеген мұғалімдер тіптен оқытылмады. Қолдаушы мұғалімдер мен сынып мұғалімдерінің бірлесуі қиындықтар туғызды.
Үлкен қиындықтарды ойлау қабілетінің дамуында ауытқуы бар балалардың жалпы білім беру үрдісіне енгізілуінен туындады. Көптеген мамандар мұндай балаларға арнаулы сыныптар ашу керек деп санайды. Алайда, бұл ұсыныс Италияда қаралмай отыр, ол тағы да өзін «төмендету» ретінде көрсеткен арнайы білім беру жүйесін құруға әкеледі деп қауіптенеді.
Италиядағы интеграциялауды кең тұрғыда қарағанда бұл мәселеде мақсатқа жетті деп есептеуге болады. Бірақ, бұл сұрақ бойынша жүйелі орталықтанған өңделген көрсеткіштердің жеткіліксіздігінен білім берудегі интеграциялау үрдісінің нәтижелері жөнінде өте аз белгілі.
Бұл тәжірибелерден көретініміз шет елдерде инклюзивті білім беру мәселесі біздің елге қарағанда едәуір жолға қойылған. Бұл елдерде инклюзивті білім беру XX ғасырдың 70 жылдарынан басталған, ал біздің елде екінші мыңжылдықтың басында ғана қолға алына бастады. Европа елерін алатын болсақ, инклюзивті білім беру көптеген мәселелерді шешкен. Бұл елдерде мүгедек балаларға жалпы білім беретін мектептерде қосымша көмек жолдары ұсынылған.
Біздің елдемүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беруортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды.Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның «Мүгедектердiң құқықтары туралы» конвенциясына қол қойып, барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Осы мәселені талқылаған халықаралық конференциялар, түрлі семинарлар ұйымдастырылуда. Сондықтан мемлекеттік «Білім беруді дамытудың 2011-2020» жылдарға арналаған бағдарламасына бірінші рет инклюзивті білім беруді дамыту қосылды. Бұл бағдарламада Инклюзивті білім жүйесін дамытудың мына мәселері көрсетілген:
2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін:
•мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары;
•мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
•мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді;
•2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады;
•3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалады (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы);
•Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен және компьютерлік қамтамасыз ету жинақтарымен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында, орта білім жүйесінің ағымдағы жай-күйіне жасалған талдау бойынша «соңғы жылдары мүмкіндіктері шектеулі балалар санының өскен, 2005 жылы олардың саны 124 мыңды құраса, 2010 жылы 149 мыңнан асты. Олардың 41,4 %-ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылғандығын көрсетті. Аталған категория балаларын оқыту 35 арнайы балабақшада, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 228 арнайы топтарында, республика бойынша 101 корркециялық мектепте және жалпы білім беретін мектептердің 1096 арнайы сыныптарында жүзеге асады». Бұл дегеніміз өз білім беру жүйемізде мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысты ұйымдастырудың өз жолын құруымыз керек деген сөз.
Бірақ бізде жұмыс істеп тұрған арнайы мектептердің жүйесі сақталады. Өйткені бәрін бір партаға әкеп отырғыза алмаймыз. Қанша айтсақ та, жарымжан балалар жалпыға білім беретін мектеп жағдайында қажетті білім ала алмайды. Сондықтан бұл жүйе кеңейе береді. Жақында ғана республикалық зағип балаларға арналған жаңа мектеп салу жөніндегі Үкіметтің шешімі шықты. Арнайы мектептер жалпыға білім беретін оқу орындарына ресурс секілді болады, өйткені мұнда арнайы ұжым қалыптасқан.
Қазақстанда мүмкіншілігі шектелген балалардың туғанынан бастап әлеуметтік және медициналық-педагогикалық корекциялық амалдары амалдары, психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерілуді және білім алуды ақысыз пайдалану құқығы еліміздің бас Конституциясында «Білім туралы», «Мүмкіншілігі шектелген балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» заңдарда бекітілген.
Жоғарыда айтылған міндеттерден басқа өзге де бірқатар мәселелерді шешу қажет. Осы аталған міндеттер шешімін табу үшін, сөз жоқ білікті маман қажет,сол себепті осы бағытта болашақ мамандарға тиісті білім, іскерлік, дағды қалыптастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |