Педагогика как наука


Белоктың алмасуы, жас ерекшелігі



бет2/2
Дата01.03.2024
өлшемі88.5 Kb.
#493740
түріРеферат
1   2
Қоғам дамуының негізгі секторларындағы АКТ рөлі РЕФЕРАТ

2.1. Белоктың алмасуы, жас ерекшелігі

Азықтың ең құнды бөлігі белок. Адамның тіршілігіне қажетті белок мөлшерін б е локтік минимум дейді. Ол жасқа байланысты өзгереді. Қарапайым белоктың құрамында 4 зат қана бар: оттегі, сутегі, көмірсу және азот, ал күрделі белоктарда (мысалы мидың белогында) Бұлар дан басқа күкірт, фосфор, темір т. б. бар. Белоктар мономерлі амин қышқылдарынан тұрады.


Амин қышқылдарының 10% организмнің өзінде өндірілмейді, сондықтан оларды таптырмайтын қышқылдар дейді. Бұлар ға аргинин, триптофан, лейцин, изолейцин, валин, треонин, лизин, метионин мен фенилаланин жатады. Өсіп, дамып жатқан бала организміне Бұларға қоса 10-қышқыл — гистидин аса қажет. Осы аталған ауыстырылмайтын амин қышқылдары жейтін астың құрамында жеткіліксіз болғанда адам денесінде, әсіресе балалар мен жас өспірімдердің организмінде айтарлықтай өзгерістер пайда болады. Денеде белоктың қоры онша көп емес, сондықтан ашығу баланың өсуін мүлде тоқтатады, кейде ұзақ қа созылған жағдайда ақыл кемшілігі пайда болуы мүмкін, баланың жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды.  Өмірге жаңа келген нәресте тек қана ана сүтімен қоректенеді. Сүт табиғаттың нәресте үшін арнап жасаған дайын тағамы. Нәресте тәулігіне 600 мл сүтті анасының емшегінен сорып алады. 3-6 айлығында оған 700-800 мл сүт керек. Ана сүтінің құрамында белок, май, қант, минерал заттары, витаминдер т. б. бала тірлігіне қажетті заттардың бәрі бар және олар сапалы болады. Әсіресе биологиялық өте құнды — альбумин, гамма-глобулин, т. б. — белоктың түрлері, ферменттер, гормондар, иммунды денешіктер жеткілікті мөлшерде болғаны баланың дұрыс өсуіне өте қажет. Белокты бала ана сүтінен ғана ала алады. 1-3 жасар баланың жейтін тамағының белоктың 75 % жануар текті, ал 25 % өсімдік текті болуы қажет. 5 жасар балалар үшін Бұлар тең мөлшерде қажет болса, жас оспірімдер үшін өсімдік белогының мөлшерін көбейте түсу қажет.


2.2. Май мен көмірсуының алмасуы, жас ерекшеліктері.

Май мен көмірсудың құрамдары белоктан гөрі қарапайым, Бұлар химиялық үш заттан түзіледі: көмірсутегі, оттегі және сутегі. Бұл екеуінің құрылыс ының бірдей болуы организмге бірі жеткіліксіз болғанда оның орынына екіншісін пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет болғанда майдан көмірсу, ал көмірсуден май оңай түзіледі. Орта есеппен алғанда денедегі майдың мөлшері 10-20 %, ал көмірсудың мөлшері 1% шамасында. Майдың көбі май ұлпасындағы организмнің қуат қоры. Аздаған мөлшері жаңа клетканың мембранасының құрылысына және соларды ауыстыруға пайдаланылады. Дененің кейбір клеткалары өз құрамында майды өте көп мөлшерде жинайды да, организмнің жылу және механикалық изоляторы ретінде пайдаланылады, яғни ол қорғану қызметін атқарады.


Дені сау ересек адамның тамағында 30 %-дай май болуы тиіс. Олай болса, адам күніне 80-100 г май жейді. Тамақтың құрамында жануар майы да, өсімдік майы да болуы тиіс. Олардың ара қатынасы шамамен 2:1 қатынасындай болуы керек. Өсімдік майының линоль, линолен, арахидон іспетті кейбір май қышқылдарының түрлері организмде ондірілмейді. Бұлар дың жейтін тамақта жеткіліксіз болуы зат алмасуын бұзады және жүрек-қан тамырлар жүйесінде атеросклерозды дамытады. Көмірсулары адам организмінде глюкоза, фруктоза, галактоза, лактоза т. б. іспетті моносахаридтерге дейін ыдырайды. Глюкозаның мөлшері адам қанында шамамен тұрақты 0,1 %. Глюкозаның қандағы мөлшері 0,11-0,12 %-ға дейін көбейгенде ол қаннан бауырға және бұлшық еттерге тасылады да, онда жануар крахмалы деп аталатын зат -гликогенге айналады. Егер 0,12 %-дан асып кетсе, артық қантты денеден шығаруға бүйрек кіріседі. Мұны глюкозурия деп атайды. Бұл ауру ұйқы безінің Лангерганс аралшаларының ішкі секрециялық қызметі бүзылып инсулин гормоны жетіспегенде байқалады.
Көмірсуының көбі денеде сол организмге тән бейімделіп қайтадан өндіріледі. Олар клетканың цитоплазмасы мен ядросының құрамына кіреді. Көмірсуы нуклеин қышқылдарының күрделі тізбектерінің құрамының негізгі бөліктерінің бірі саналады.



  1. Қорытынды

Сонымен, зат алмасу мен энергия алмасу адам баласының өсуіне, иммунитет қалыптасуына, адамның өмір сүруіне етене байланысты. Зат алмасу процессі бұзылыстары әртүрлі жүре пайда болған ауруларға әкеп соғады.


  1. Әдебиеттер
    Коваль, В.И. Гигиена физического воспитания и спорта: Учебник / В.И. Коваль. - М.: Academia,2016.-168c.
    Королев, А.А. Микробиология, физиология питания, санитария и гигиена. В 2 ч. Ч.1: Учебник / А.А. Королев, Ю.В. Несвижский, Е.И. Никитенко. - М.: Academia, 2017. - 640 c.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет