Педагогика как наука



бет2/4
Дата01.03.2024
өлшемі64.5 Kb.
#493848
түріРеферат
1   2   3   4
Титулка

2 Негізгі бөлім


2.1 Педагогика ғылымының орны

Білім беру мен тәрбие қоғамның дамуының объективті қажеттілігі мен оның дамуының маңызды алғышартына айналды. Сол себепті, адамзат қоғамының белгілі бір даму кезеңінде, яғни құлиеленушілік құрылыстың едәуір кейінгі кезеңінде, өндіріс пен ғылым алға жылжығанда, тәрбие ерекше қоғамдық функцияға айнала бастады. Арнайы тәрбие оқу орындары, оқыту мен тәрбие мамандығына айналған адамдар пайда бола бастады. Бұл құбылыс көптеген ежелгі елдерде байқалды, бірақ ер балалар мектебі жайлы шынайы ақпарат Египет, Таяу Шығыс елдері, және антикалық Грециядан жетті.


Ежелгі дәуірдің өзінде қоғамдық қызметкерлер мен ойшылдар тәрбиенің қоғам дамуы мен әр адам өміріндегі ролін атап өткен. Мысалы, Солон ( шамамен б. з. д. 640 және 635 – 599 ж. ж.) заңдары бойынша, әкесі өз баласының белгілі бір еңбектегі арнайы икемін дамытуы керек болды. Тәрбиенің кеңеюі мен қиындауы барысында теориялық білімнің арнайы саласы жақсы жақсы дами бастады. Білімнің бұл саласы басқа да өндіріс пен өмір саласындағы білім тәрізді философия негізінде дамыды. Антикалық Грециядан «педагогика» термины шыққан, яғни ол тәрбие жайлы ғылым атауы ретінде бекітілген.
Ежелгі Грецияда педагогтар ретінде, аристократтар балаларына қарауды, мектепке дейін жеткізіп салуды, оқу құралдарын алып жүретін, олармен серуендеп жүретін құлдар болды. Кейін, педагогтар бала тәрбиесімен және оқытумен айналысатын және педагогикалық қызмет олардың мамандығына айналған арнайы дайындалған адамдар болды. Сол кезден бастап, тәрбие жайлы ерекше ғылым педагогика деп атала бастады.
Сол сияқты Ежелгі Грециядан басқа да педагогикалық ұғымдар мен терминдер да бастау алады. Мысалы, мектеп, гимназия – дене тәрбиесінің қоғамдық мектебі және т. б.
Орта ғасырларда тәрбие проблемасындін иелері қарастырды. Олардың педагогикалық идеялары діни сипатта болды және шіркеу догматикасы негізінде жүргізілді.
Ары қарай, педагогикалық ой Қайта Өрлеу (14 – 15 ғ. ғ.) заманы ойшылдары еңбектерінде өз көрінісін тапты. Олар механикалық жаттандылықты сынап, балаларға гуманды қарауды жақтады. Тәрбие теориясының тез дамуына қарамай, педагогика философияның бір бөлігі болып қала берді. Арнайы ғылым ретінде, бірінші рет, философиялық ғылым жүйесінен 17 ғасырда бөлініп шықты. Жеке ғылыми пән ретінде қалыптасуын көптеген зерттеушілер ұлы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592 – 1670 ж. ж.) байланыстырады.
Ол қалыптастырған балалармен оқу жұмысын ұйымдастыру формасы , әдісі, принциптері мен адамгершілік тәрбие кейінгі ғылыми – педагогикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналды.
Ғылыми педагогиканың қалыптасуына үлес қосқан Францияда Ж. Ж. Руссо (1712-1778), Д. Дидро (1713-1784), К. А. Гельвеций (1715-1771) еңбектері, англияда Джон Локк (1632-1704), Швейцарияда Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827), Германияда Фридрих Адольф Вильгельм Дистервег (1790-1866) пен Иоганн Фридрих Гербарт (1776-1841).
Орыс педагогикасындағы революциялық – демографиялық көзқарастардың қалыптасуына В. Г. Белинский (1811-1848), А. И. Герцен (1812-1870), Н. Г. Чернышевский (1828-1889) пен В. А. Добролюбов (1836-1861) үлес қосты.Ғылыми педагогиканың үлкен әсер еткен Л. Н. Толстой (1828-1910), Н. И. Пирогов (1810-1881) еңбектері. Педагогикалық идеяның жүйеленген, тұтас ашылуы К. Д. Ушинский (1824-1870) еңбектерінен көрінді. Кеңес педагогикасының дамуына Н. К. Крупская (1869-1939), А. В. Луначарский (1875-1933), М. И. Калинин (1875-1946), А. С. Макаренко (1888-1939), В. А. Сухомлинский (1918-1970) еңбек сіңірді.
Педагогика көп көлемдегі ірі педагогтардың шығуы кездейсоқ емес. Себебі өндірісі мен ғылымы, мәдениеті жедел дамушы қоғам негізгі сауатты өндірушілерді қажет етті, басқаша дами алмады. Сондықтан, оқу-тәрбие орындары саны өсіп, мектеп жүйесі кеңеюде, мұғалімдер даярлайтын арнайы оқу орындары ашылды, педагогика ерекше ғылыми пән ретінде оқытыла бастады. Осының барлығы педагогикалық теорияның дамуына себепші болды.
Балалар мен жастар тәрбиесі жайлы ғылым ретінде пайда болған педагогика, тәрбие шекарасының өсуіне байланысты барлық жастағы адамдарға тәрбиелік әсер ететін жалпы заңдылықтар жайлы ғылымға айналуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет