Педагогика как наука


Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары мен адам жайлы ғылымдар жүйесіндегі орны



бет3/4
Дата01.03.2024
өлшемі64.5 Kb.
#493848
түріРеферат
1   2   3   4
Титулка

2.2 Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары мен адам жайлы ғылымдар жүйесіндегі орны

Педагогика ғылымының адам жайлы ғылымдар жүйесіндегі орны тұлғаның қалыптасуы, дамуы, тәрбиесі мен оны оқыту заңдылығымен ангықталады. Адам дамуы – сыртқы және ішкі әсер, әлеуметтік және табиғи факторлар әсері арқылы тұлғаның қалыптасу үрдісі. Кеңес педагогикасы адам дамуына тұқым қуалаушылықтың әсерін жоққа шығармайды. Тұқым қуалаушылық адам генетикалық бағдарламасында бар ерекшеліктерді ата-анадан балаға береді. Ол адам терісі , шаш, көз түсі және түр әлпеті, нервтік жүйе ерекшеліктері, сонымен ақтар ойлау, сөйлеу және т. б. Тұқым қуалаушылыққа ата-ананың психикалық денсаулығы мен өмір салты әсер етеді.


Тұлғаның жалпы, дене және психикалық дамуы қарастырылады. Психикалық дамуы дегеніміз – интеллект, ерік, эмоция, сонымен қатар тұлға қажеттілігі, ерекшелігі мен мінезінің дамуы. Дене дамуына ағза , бұлшық ет және т. б. дамуы жатады. Жалпы даму дегеніміз – тұлғаның психикалық, дене, адамгершілік және т. б. сапаларының дамуы болып табылады. Олардың бірі адам санасы мен ерігіне қарамай әсер етеді. Оған адамның биологиялық табиғаты, қоғамдық қатынасы, қоғамдық психология құбылыстары, өмір салты, географиялық орта, микро орта жағдайы жатады. Қалғандары адам санасы мен еркіне байланысты. О л – идеолгия мен мемлекет, қоғамдық орындар қызметі. Факторлардың үшінші тобы ұйымдасқан дамуды көздейді. Бұл факторлар біртұтас тұлға қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Яғни, тұлғаның қалыптасуы – бірнеше факторлардың әсерімен қалыптасатын үрдіс. Тәрбие тұлға қалыптасуының бір факторы. Адамдар белгілі бір құрал арқылы нақты мақсатқа, яғни тәрбиеленушіде негізгі қасиеттерді қалыптастыруға және дамытуға қол жеткізгісі келеді. Тұлға қалыптасуының басқа факторларына қарағанда, тәрбиенің сапалы өзгешелігі – тәрбиеленуші саналы нақты мақсат қояды және ол мақсатқа жету үшін, оған жету жолдарын табады. Сондықтан, тәрбие қоғамдық қатынас болып табылады, онда тұлғаны қалыптастыру үшін бір адам келесісіне әсер етеді.
Тәрбие бар жерде, дамудың қозғаушы күші, жас, типологиялық және жеке ерекшеліктер ескеріледі. Тәрбие бар жерде, өзін - өзі тәрбиелей алады.
Тәрбие үрдісі тұлғаның әлеуметтік маңызды сапасын қалыптастыруға, қоршаған орта мен қоғам, адамдар мен өз-һөзіне қатынасын кеңейтуге бағытталады. Тұлғаның өмірдің әртүрлі жақтарына қатынасы жүйесі неғұрлым терең және кең болған сайын, оның өз рухани дүниесі де байи түседі.
Маңызды және едәуір жалпы педагогикалық ұғымдардың бірі – оқыту мен білім беру. Білім дегеніміз – адамзат жинаған ғылыми және мәдени құндылықтар жүйесін меңгеру, танымдық білім мен қабілеттер жүйесін меңгеру және ол арқылы дүниетаным, мораль, мінез – құлық, адамгершілік және т. б. тұлғаның сапалық қасиеттерін игеру, оның шығармашылық күші мен қабілетін дамыту, қоғамдық өмір мен еңбекке дайындығы. Білім мазмұнына әлеуметтік тәжірибенің барлық элементтері енеді.
Мақсаты, сипаты және дайындық деңгейіне қарай орта, жалпы, политехникалық, жоғарғы білім деп бөлеміз. Әрбір адамға қажетті білім мен іскерлік, дағдыны жалпы білім беретін мектептен аламыз. Жекелеген мамандық қызметкеріне қажетті білім мен іскерлік, дағды арнайы оқу орындарында алынады. Жалпы білім берудің мазмұны мен әдістемесі танымдық қызығушылық пен дағдыны қалыптастыруды, арықарай білім алуды қамтамасыз етіп, политехникалық және кәсіби білім негізі болады. Білімге әртүрлі жолмен қол жеткізуге болады. Ол өз бетімен оқу, радио – телебағдарлама, курстар, лекториялар және өндірістегі жұмыс болуы мүмкін. Бірақ едәуір тиімдісі жоспарлы ұйымдастырылған білім болып табылады. Білім мазмұны мемлекеттік оқу жоспарымен, оқу бағдарламасымен және оқулықпен анықталады. Білімді жүзеге асырудағы жетекші рольді жүйелі оқыту атқарады, ол белгілі бір мекемеде жүзеге асырылады. Оқыту тұтас педагогикалық үрдісті құрайды және оның барысында білім беру міндеттері, оқушының тәрбиесі мен дамуы жүзеге асырылады.
Бұл үрдіс екіжақты болып келеді. Бір жағынан оқытушы (педагог), яғни ол бағдарламалық материалды беріп, үрдісті басқарады, екінші жағынан – оқушылар, оларға бұл үрдіс білу, оқылатын материалды меңгеру сипатына ие болды. Олардың біріккен әрекеті ғылыми білімді терең меңгеруге, дағды мен іскерлікті қалыптастыруға, оларды тәжірибеде қолдана алуға, шығармашылық қабілетті дамытуға, материалистік дүниетаным мен адамгершілік – эстетикалық көзқарастарды қалыптастыруға бағытталған.
Оқыту өз жасы, сыныбы және жас ерекшелігіне сай келуі керек. Педагогиканың негізгі ұғымдары бір бірінен ажырағысыз, педагогикалық үрдісте өзара байланысты. Сондықтан оларды сипаттауда әр ұғымның басты қызметін білу керек және оларды басқа категориялардан ажырата білген жөн. Әр ғылым даму үстінде өз теориясын кеңейтіп, жаңа мазмұнмен толықтырады. Бүгінгі күнде «педагогика» ұғымы тұтас педагогикалық ғылымдар жүйесін білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет