Педагогикалық жағдаят 31
10 сынып оқушысы химия бөлмесіндегі шыны колбаны сындырып алады, сабаққа кірген бойда мұғалім колбанын сынғанын көріп,оқушының күнделігіне ата-анасы колбаның ақшасын төлесін деп жазып жібереді. Оқушының ата-анасы ақша төлеуден бас тартады. Сіз бұл жағдаятта не істер едіңіз.Өз жауабыңыз. Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят 32
7-ші сынып оқушылары сенбілікте мектептің ауласын тазалап жүрді. Үзіліз кезінде сыныптағы Айдар: Мен жата тұрайын үйде мұндай шаруа істемеймін, болды шаршадым дейді. Айдардан кейін оқушылардың барлығы жұмыс жасаудан бас тартады. Мұғалім оқушылардан жұмысты аяақтауды сұрайды.
Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят№33
Сыныпта топтық жұмыс болып жатыр, топтық жұмысты әрдайым белсені бір оқушы басқарады. Басқа оқушыларда топтық жұмысты басқарғысы келеді, бірақ белсенді оқушы оларды келемеждеп, кедергі жасап, оларға мүмкіндік бермейді.
Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №34
Жас мұғалім алтыншы сынып оқушыларна алғаш сабаққа кіргенде сынып оқушылары парта үстінде тұрып сәлемдеседі. Бұл жағдай бірнеше минутқа созылады.
Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №35
Сіз сынып жетекшісі болып естелетін сыныптағы бір оқушы мектеп бітіру кешіне бармайтынын айтады. Бұл оның отбасы жағдайына байланысты екенін сіз білесіз.
Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №36
Сіз мұғалімсіз. Үзіліс кезінде сыныптағы бір оқушы келіп сізге сыныптастары туралы мәлімет айтады: анау көп әңгіме айтады, анау көп сөз тасиды, бірін-бірі қалай мазақтайтындығын айтты.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?
Достарыңызбен бөлісу: |