Педагогикалық жағдаят №54
Максат даярлық тобында,тәрбиешісі баланы мақтап тұрады, бірақ анасы үнемі баласына көңілі толмайды. Бала берілген тапсырмаларды баяу орындайды. Анасы оны жалқау деп санайды. Орындаған жұмыстарын үнемі қайта жасатып, түзетіп отырады. Максат анасына "Жасай алмаймын, қолымнан келмейді, одан да ойнайын"- деп жауап береді. Анасы алаңдап: "Қанша ойын ойнауға болады? Мүмкін оны мақтау керек шығар? Бірақ не үшін?"
Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №55
Ваня 5 жаста балабақшаға жаңа костюммен келді. Костюм сыртында, түймесінде де жұлдызшалар бар екен. Түймелері балаларға қатты ұнайды.
Біраз уақыттан кейін тәрбиеші костюмінде бірде-бір түймесі қалмағанын көреді.
- Түймелерің қайда?- деп сұрады
- Мен балаларға сыйладым,-деп жауап береді Ваня
- Бұлай жасауға болмайды ғой, анаң ұрсатын болды?
- Жоқ анам ашуланбайды, себебі ол үнемі "Сараң болуға болмайтынын айтады"- деп сенімді жауап берді Ваня.
Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
.
.
Педагогикалық жағдаят №76
Сізге шет елден оқу орнына түсуге үлкен конкурс шеңберінде, жазбаша емтихан тапсыру керек. Сіздің қолыңызға ойламаған жерден емтихан жауаптары түсті.
Осы жағдайда сіздің әрекетіңіз:
Өз біліміімді пайдаланып, алдын ала дайындалам.
Достарыма емтихан жауаптары туралы хабарлаймын.
Емтиханға қатысатын барлық талапкерлерге берем.
Ол жауаптарды мүлдем пайдаланбаймын.
Сіздің шешіміңіз.
Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №77
Кешкі уақытта сіз бұзақылардың әйел адамға шабуыл жасап жатқанын байқадың. Қолыңда кездейсоқ ауыр зат бар ( мысалы балға)
Сіздің осы жағдайғы іс – әрекетіңіз:
Байқатпай өтіп кетем.
Бұзақыларды ақылға шақырамын.
Күш көрсетем.
Балғаны пайдаланам
Сіздің шешіміңіз.
Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |