Тарихи-теориялық зерттеу әдістері мұрағат құжаттарын, тарихи-педагогикалық құбылыстарды зерттеу арқылы педагогикалық ой-пікірлерді, идеяларды, теориялар мен тәжірибелерді жүйелеу негізінде ғылыми-тарихи ақпараттар жинастыруды, олардың өзара байланыстарындағы заңдылықтарын, қарым-қатынастарын айқындауды қамтамасыз етеді; тарихи-педагогикалық құбылыстардың кейбір жақтарын, белгілері мен ерекшеліктерін тарихи-теориялық тұрғыдан талдайды.
Тарихи-педагогикалық тәжірибелерді зерттеу әдісі кейде дәстүрлі педагогикалық әдіс деп аталады. Педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, бақылау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын, мектеп құжаттарын талдау, т.б. зерттеу әдіс-тәсілдері ізденіс жұмыстарында қолданылады.
Байқау- жаңа педагогикалық құбылыстарды мақсатты түрде қабылдап, оларды бұрынғы қоғамның даму кезеңдеріндегі мектептер мен педагогикалық ойлардың даму сатыларындағы ұқсас құбылыстармен салыстырып, олардың араларындағы сабақтастықты, оқыту мен тәрбилеу үрдісіндегі кемшіліктер мен жетістіктерін саралап дәлелдейді.
Әңгімелесу- қосымша ақпараттар алуда педагог ғалымдармен, ағарту саласына еңбегі сіңген адамдармен алдын-ала күрделі мәселелерге байланысты, сұрақ-жауап түрінде әңгімелесу арқылы тиісті жауаптар алынып, жүйеленеді.
Сұхбат- бұл зерттеудің дербестік және қосымша әдісі, байқаудың жетіспей жатқан және алған ақпараттардың толық болмау жағдайларында қолданылады.
Сауалнама жүргізу- материал жинауда көпшілікке сауалнама сұрақтары таратылып, діттілген мәселелер аумағында адамдардан жазбаша жауаптар алады.
Математикалық және статистикалық әдіс - әр кезеңдегі тарихи-педагогикалық материалдарды салыстыру, жалпы сұрақтар мен эксперимент мәліметтерінің қорытындысын шығаруда қолданылатын әдіс. Бұл әдіс тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының қорытындысын сенімділікпен бағалауға жағдай туғызады. Ал, статистикалық әдіс көптеп жинақталған материалдарды жүйелеп қорытуда арнайы формула арқылы есептеп, қорытындысын график, диаграмма, кестелер арқылы шығаруға мүмкіндік береді.
4. Педагогика тарихының зерттеулерінде жоғарыда көрсетілген әдіснамалық ұстанымдар негізінде тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері қолданылады.
Олар:
кешенді әдістер (жалпы ғылыми әдіс - тарихилық және қисындылық);
тарихи әдістер (тарихи-генетикалық, тарихи салыстырмалы, тарихи жүйелілік);
педагогикалық әдістер (теориялық педагогикалық талдау, педагогикалық тәжірибені қорытындылау);
архив құжаттарын оқып, талдау;
мектеп құжаттарымен танысып, мамандардың құрамы мен оқушылардың санын анықтау әдістері;
зерттеу нәтижесі мен сапасын бағалау әдістері, т.б.
Қорытынды
Бүгінгі күндегі мектептегі білім берудің дамуы олардың негізі болған кешегіні білмей, даму бағытын, заңдылықтарын білмей дұрыс түсінуге және бағалау мүмкін емес. Тарихи–педагогикалық тәжірибе көрсеткендей, кешегі тарихымыз бүгінгі күннің педагогикалық құбылыстары мен жүйесінің негізін құрады. Осылайша тарихи-педагогикалық және қазіргі тарихи-педагогикалық үрдіс тұтастай уақыттық компоненттерді құрайтын ішкі тұтастықпен анықталады. Өткен тарихи педагогика – қазіргі кез – педагогикалық болашақ, олардың ешқайсысы бөлек оқытылып нәтиже әкелмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |