“Педагогика тарихы” пәні бойынша


- апта. 23. Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарастарының жаңашылдығы



бет5/7
Дата14.06.2016
өлшемі1.13 Mb.
#134284
1   2   3   4   5   6   7

6- апта.

23. Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарастарының жаңашылдығы
Ы. Алтынсариннің тәлімгерлік мұралары (1841-1889). Балғожа би өзінің немересі Ыбырайды орысша оқытып, әкімдік қызметке даярлау мақсатында 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының жанынан қазақ балалары үшін ашылған орыс-қазақ мектебіне оқуға берді.

Ыбырай 1857 жылы Орынбордағы жетіжылдық орыс-қазақ мектебін үздік бағамен бітіріп, әуелі атасы Балғожа биге хатшы, кейін Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады. 1864 жылдан өмірінің ақырғы күніне дейін (алғашқыда Торғайда мұғалім, кейін уездік басқарманың мектеп инспекторы болып) оқу-ағарту саласында аянбай еңбек етеді.

Ауыл-ауылдарды аралап, халықтан қаржы жинап, Торғайда, Ырғызда, Тобылда, Қостанайда орыс-қазақ бастауыш мектептерін ашады. Қостанай, Торғай, Ақтөбе өңірінде қолөнер училищесін, қыздар пансионатын, Красноуфимскіде мұғалімдер мектебін ашып, бар күш-қайратын, ақыл-парасатын халық ағарту ісіне жұмсайды. Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген Ы.Алтынсарин өз ойын іске асыру жолында екі бірдей кертартпа күшпен алысып бақты. Оның бірі – қазақ даласындағы ислам дініне негізделген татарша оқу болса, екіншісі - патша өкіметінің отарлау саясатына негізделген қазақ балаларына христиан дінінің заңдарын оқытуды көздеген миссионерлік саясат еді. Миссионерлік саясатты қолдаушылар мүмкін болғанша қазақ жастарын орысша оқыта отырып, өз ұлтының тілінен, дінінен, салт-дәстүрінен мүлде бездіріп, орыстандыруды-шоқындыруды көздеді.

Ыбырай діни оқудың өзін адамгершілікті, гуманизмді насихаттауға бейімдеу керек деп қарады. Осы мақсатпен ол 1883 жылы өзінің “Мұсылмандық тұтқасы” атты оқу құралын жазып, Қазан қаласында араб әрпімен, өзінің досы Н. И. Ильминскийдің көмегімен бастырып шығарды.

Ы.Алтынсариннің “Мұсылмандық тұтқасы” (“Шараит-ул-ислам”) кітабын жазып шығаруына екі түрлі жағдай себеп болды: біріншіден, сол заманда қазақ ауылдарында оқытылатын діни кітаптар (“Иманшарт”, “Кәлем шариф”, “Әптиек” т. б.) араб тілінде жазылғандықтан, оның мазмұнын не молда, не оқушы түсінбей, құрғақ жаттаумен болды. Ал діни оқулықтардың мазмұнын жете түсінбеген дүмше молдалар дін-шариғат қағидаларын өздерінше бұрмалап, теріс түсініктер беретін. Ыбырай ислам дінінің аяттарындағы адамгершілік, иманжүзділік, қайырымдылық қағидаларын өзінің педагогикалық көзқарастарына негіздей отырып түсіндіруді көздеді.

6- апта. 3,0 балл

24. Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарастарының жаңашылдығы

А.Байтұрсыновтың педагогикалық қызметі

1. Ы. Алтынсарийнің ағартушылық педагогикалық қызметінде ерекше ықпал жасаған орыс педагогтары кімдер?

А) И.И.Блонский мен Ф.И. Янкович

В) Н.И. Белинский мен Н.Г.Чернышевский

С) Н.И.Ильминский мен К.Д.Ушинский

Д) Н.И.Пирогов пен В.Д.Стоюнин

2. Ы.Алтынсарий ашқан мектеп:

А) Омбы кадет корпусы

В) Яснополяна мектебі

С) Орынбор кадет корпус

Д) Торғайдағы қазақ балаларына арналған мектеп

3. Ы.Алтынсариннің көзқарасы бойынша педагогикалық қызметтің шешуші факторы болып саналады:

А) мұғалім және оның оқытудың тиімді әдістерін таба білу

В) мектептің материалдық базасы

С) сапалы оқулықтар

Д) ата-аналар көмегі

4. Кириллицамен жазылған алғашқы қазақ әліппесінің авторы кім?

А) А.Құнанбаев

В) А.Байтұрсынов

С) С.Сейфуллин

Д) Ы.Алтынсарин

6. Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесінің мәні.

А) эстетикалық

В) экологиялық

С) экономикалық

Д) адамгершілік

7. «Аурудан аяған күштірек» әңгімесінің авторы кім?

А) А.Құнанбаев

В) А.Байтұрсынов

С) С.Сейфуллин

Д) Ы.Алтынсарин

8. Ы.Алтынсарин алғаш қазақ қыздар мектебін қай жерде ашты?

А) Ақтөбе

В) Ырғызда

С) Торғайда

Д) Қостанайда

9. Ы.Алтынсарин және қазіргі оқулық мәселесіндегі сабақтастық неде?

А) Гуманизм

В) Тәрбие

С) Оқыту

Д) Білім беру

10. Ы.Алтынсариннің «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінің тәрбиелік мәні

А) Экономиаклық тәрбие

В) Дене тәрбие

С) Еңбек тәрбиесі

Д) Эстетикалық тәрбие

11. Ы.Алтынсариннің «Жомарт» әңгімесінің тәрбиелік мәні:

А) эстетикалық

В) экономикалық

С) ақыл-ой тәрбиесі

Д) адамгершілік тәрбиесі

12. Ы.Алтынсариннің 1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» қандай жазумен шықты?

А) Латынша

В) Кириллица

С) Арабша

Д) Парсыша

13. Қазақ төңкерісіне дейінгі орыс-қазақ мектептерінде ең көп қолданыс тапқан оқулық авторы?

А) М.Дулатов

В) Ы.Алтынсарин

С) М.Жұмабаев

Д) А.Байтұрсынов

14. Екі жыл оқытатын ауылдық мектеп, төрт жыл оқылатын бір кластық мектеп, алты жыл оқытатын екі кластық училтще кімнің мектебінің құрамы?

А) М.Дулатов

В) Ы.Алтынсарин

С) М.Жұмабаев

Д) А.Байтұрсынов

15. Алғашқы қазақ тілі оқулығының авторы кім?

А) М.Дулатов

В) Ы.Алтынсарин

С) М.Жұмабаев

Д) А.Байтұрсынов

16. Ы.Алтынсариннің діни тәрбие жөніндегі еңбегі

А) Мұсылманшылдықтың тұтқасы

В) Үш анық

С) Дуани хихмет

Д) Мұсылмандық шарттары

17. Қазақ халқының ұлттық тәрбие негіздерін ұрпаққа үйрет үшін, ұлттың ана тілінде оқулығы қажет екеніне назар аударған педагог-жазушы?

А) М.Дулатов

В) Ы.Алтынсарин

С) М.Жұмабаев

Д) А.Байтұрсынов

18. Ы.Алтынсарин кезеңінде қандай мектептер болды?

А) Мектеп-медреселер, аралас мектептер, таза орыс мектептері

В) Училищелер

С) Ауылдық мектептер

Д) Гимназиялар

19. Ы.Алтынсариннің ашқан газеті қалай аталады?

А) Киргиская газета

В) Қазақ


С) Дала уалаяты

Д) Айқап


20.«Кел балалар, оқылық» өлеңінің авторы?

А) Ы.Алтынсарин

В) М.Дулатов

С) М.Жұмабаев

Д) А.Байтұрсынов

6- апта.

25. А. Байтұрсыновтың педагогикалық қызметі.
Жәдид ағымның көшбасшысы белгілі түрколог-лингвист Ахмет Байтұрсынов бастауыш мектеп мәселесіне айрықша назар аударды, осыған орай бірнеше оқу құралдарын жарыққа шығарды. Мәселен, М.Нұрбаевтың “Қазақша әліппесі” (Уфа, 1910), З.Ерғалиұлының “Қазақ әліппесі” (Қазан, 1910), И.Аралбаев пен Х.Сәрсекеевтің “Әліппе яки төте оқуы” (Уфа, 1911), М.Молдыбаевтың “Қазақша ең жаңа әліппесі” (“Уфа, 1912), Қ.Қожықовтың “Әліппесі” (Орынбор, 1912), К.Серғалиннің “Қазақша әліппесі” (Қазан, 1913) т.б. төл туындылар дүниеге келді. Осы жылдары бастауыш мектепте оқытуға арналған М.Дибердиевтің “Қазақ балаларына қирағат кітабы” (Қазан, 1910), М.Молдыбаевтың “Қазақша оқу кітабы” (Семей, 1912), Т.Жомартбаевтың “Балаларға жеміс” (Семей, 1912), М.Кәшімовтың “Үгіт” (Қазан, 1907), “Әдеп” (Қазан, 1907), “Ақыл кітабы” (Қазан, 1908) т.б. оқу құралдары жазылды. Бұлардың қай-қайсысы да шәкірттердің тілін ұстартып, оларға ұлттық тәлім-тәрбие беруде тамаша құралдар еді. Мәселен, И.Бейсенұлының “Дұрыс жазу қағидалары” атты еңбегінде фонетика, грамматикадан әр мұғалімдерге көмек көрсететін кеңестер береді.

Қазан төңкерісінің алдында бұларға қоса тіл мен әдебиетке қатысты хрестоматиялық кітаптар, шәкірттер үшін үгіт-насихат, үлгі-өнеге мазмұнды әңгіме, мысал, өлең жинақтары шығарылды. Жәдид ағымы мектеп бітірушілердің медреселерде немесе жоғары оқу орындарында білімін әрмен қарай жалғастыруға, сөйтіп олардың өз ықтиярымен мамандық таңдап алу мүмкіндігіне жол ашты, жұрттың бұл мектепке деген ынта-ықыласы арта түсті. Мәселен, С.Гамнацкийдің 1908 жылғы мәліметі бойынша тек Сырдария облысындағы мектеп жасындағы балалардың 24 пайызы мұсылман мектебінде, 11 пайызы орыс-түзем училищелерінде оқыған екен. Осы шағын деректердің өзі төте оқудың қазақ даласындағы беделі жоғары болғанын жақсы көрсетеді.



6- апта. 3,0 балл

26. Мемлекеттік және қоғам қайраткері Ә. Бөкейхановтың педагогикалық идеялары.


(Студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі. Эсседе бірінші кезекте студенттің өзіндік “Мені” көрініп тұруы керек. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссе – ағымдағы бақылаудың тиімді тәсілі.)

documentplant

6- апта.

27. Мемлекеттік және қоғам қайраткері Ә. Бөкейхановтың педагогикалық идеялары.
XX ғасыр басындағы басқа қазақ қаламгеріне қарағанда Әлихан Бөкейханның бір ерекшелігі- оның арнаулы еуропалық жан- жақты білімі бар, эрудициясы мол, мәселені ерекше кең қоя алады, дүниежүзілік тарихтан мысал алуға жүйрік, ұлттық мәселені Рессей империясы көлемінде жағдайлармен сабақтастыра қарайды, кез- келген озбыр патша әкімімен, , қызылкөз отаршыл генерал- губернатармен, нәсілшіл профессорлармен, шовинист депутатпен, шариғатқа дін иелерімен, кеудемсоқ кейбір қазақ оқығандарымен терезесі тең сөйлесе алады.

Әлихан Бөкейхан қазақ елінің ішкі өмірғ мінез- құлқы, ел билеу дәстүрі, сайлау жүйесі, заман талабына орай жасалмақ өзгерістерге қатысты көптеген еңбектер жазып, оларды ауылдаығ үлкен аға, кіші ініге, оқыған, мұсылманша хат білетін ескі көздерге, орысша білім алған жас буынға арнаған.



7- апта. 3,0 балл

28. Мемлекеттік және қоғам қайраткері Ә. Бөкейхановтың педагогикалық идеялары

М.Дулатов - педагог

1."Туысында қанша зеректік болса да,- ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде- кім өзінің табиғатында не нәрсеге шеберлік барлығын сезіп, өз жолына түссе ғана, көзге көрінеді... Жақсы суретші адамның сыртқы түрін айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі, оқығанын да көріп тұрғандай боласың"- деген сөйлем жолдарының авторын атаңыз.

  1. А. Байтұрсынов

  2. М. Дулатов

  3. М. Жұмабаев

  4. Ш. құдайбердиев

  5. Ж. Аймауытов

2."Есеп құралы", "қирағат"- атты педагогикалық еңбектердің авторы кім?

А) М. Дулатов

В) Ж. Аймауытов

С) Ш. құдайбердиев

Д) М. Жұмабаев

Е) А. Байтұрсынов



3."Тәрбие жетекші", "Комплексті оқыту жолдары"- атты педагогикалық еңбектердің

авторы кім?

А) Ж. Аймауытов

В) Ш. құдайбердиев

С) М. Жұмабаев

Д) А. Байтұрсынов

Е) М. Дулатов



4."Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерге түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық болып жасағаннан бері жан дүниесінің айнасы болып, өсіп- өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы мол халықтың тілі"- деген сөйлем жолдарының автрын атаңыз.

А) М. Дулатов

В) М. Жұмабаев

С) Ш. құдайбердиев

Д) Ж. Аймауытов

Е) А. Байтұрсынов



5."Азбука", "Жаңа азбука", "Оқу кітаптары"- деген педагогикалық еңбектердің авторын атаңыз.

  1. Л. Н. Толстой

  2. А. С. Макаренко

  3. К. Д. Ушинский

  4. В. А. Сухомлинский

  5. Н. К. Крупская

6."Педагогика", "Сауатты бол", "әліппе", "Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы"- атты педагогикалық еңбектердің авторы кім?

А) М. Жұмабаев

В) А. Байтұрсынов

С) М. Дулатов

Д) Ж. Аймауытов

Ш. құдайбердиев



7. жылы қазақ тіілнде шыққан»Жоғырафия» оқулығының авторы

А) Ә Бөкейханов

В)А. Байтұрсынов

С)М. Дулатов

Д)Ж. Аймауытов

Е)Ш. құдайбердиев



8. XX- ғасырдың басында халқымыхдың рухани мәдениетінің дамуына үлыс қосқан

А) Ж. Аймауытов

В) А. Байтұрсынов

С) М. Дулатов

Д) Ә Бөкейханов

Е) Ш. Құдайбердиев

9. XX- ғасырдағы Қазақстандағы демократиялық қозғалыстың есімі

А) Ж. Аймауытов

В) А. Байтұрсынов

С) М. Дулатов

Д) Ә Бөкейханов

Е) Ш. Құдайбердиев



10. »Мектеп керектері» еңбегінің авторы

А) Л. Н. Толстой

В) А. С. Макаренко

С) К. Д. Ушинский

Д) Ә Бөкейханов

Е) Н. К. Крупская



11.»Ең әуелі мектепке керегі- білімді мұғалім»- пікірінің авторы

А) Л. Н. Толстой

В) А. С. Макаренко

С) К. Д. Ушинский

Д) А. Байтұрсынов

Е) Н. К. Крупская



12. Тұңғыш «Әліппе» оқулығыынң авторы

А) Ж. Аймауытов

В) А. Байтұрсынов

С) А. Байтұрсынов

Д) Ә Бөкейханов

Е) Ш. Құдайбердиев



13.»Әліп- би», «Тіл құралы» оқулығыынң авторы

А) Ж. Аймауытов

В) А. Байтұрсынов

С) А. Байтұрсынов

Д) Ә Бөкейханов

Е) Ш. Құдайбердиев

14. Мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне қозғау берген алғаш қаазқ педагогы

А) Ж. Аймауытов

В) А. Байтұрсынов

С) А. Байтұрсынов

Д) Ә Бөкейханов

Е) Н. ҚҰлжанова



15. Мектепке дейінгі балалар тәрбиелеу дің педагогикалық жинағының авторы

А) Ж. Аймауытов

В) А. Байтұрсынов

С) А. Байтұрсынов

Д) Ә Бөкейханов

Е) Н. Құлжанова

16. М.Дулатов идеяларының бағыты:

А) демократияшыл

В) әділдік

С) жариялылық

Д) қоғамдық

Е) интелегенциялық

17. «Бақытсыз Жамал » романының авторы?

А) Ж. Аймауытов

В) А. Байтұрсынов

С) А. Байтұрсынов

Д) Ә Бөкейханов

Е) Н. Құлжанова

18. «Азамат», «Терме» өлеңдерінің тәрбиелік мәні:

А) өнер-білімге шақыру

В) прогреске шақыру

С) әділетсіздікті сынау

Д) топастықты әшкерлеу

Е) надандықты сынау

19. «Таза бұлақ» әңгімесінің тәрбиелік маңызы:

А) азаматтық саяси мәселелер

В) лириканың үлгісі

С) қимастық сезімі

Д) мысал әңгіме

Е) өмір шындығы

20. Қазақ интелигенциясының алдынғы қатарлы өкілі?

А) Ә Бөкейханов

В) А. Байтұрсынов

С) А. Байтұрсынов

Д) Ж. Аймауытов

Е) Н. Құлжанова



7- апта

29. М. Жұмабаевтың педагогкалық идеялары
Мағжан Жұмабаев (1893-1938). М.Жұмабаев ақиық ақындығымен қоса оның қаламынан сондай-ақ көптеген әңгімелер мен мақалалар, оқу құралдары, оқулықтар мен (“Бастауыш мектепте ана тілі” – 1923, “Сауатты бол” – 1926), зерттеу еңбектері туды. Мағжан 1922 жылы “Педагогика” атты (Ташкент, Орынбор) тұңғыш ғылыми еңбек жазды. Белгілі ғалым-педагог, публицист М.Жолдыбаев осы кітаптың беташарын былай деп жазыпты: “Заманға дәл жаңа кітап шыққанша малданып”, одан кейін оқып салыстырып қарап, бұрынғы жазылғандардың адасқан жерін тауып отыруға Мағжан педагогикасы іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи материал”. Өз кітабы жөнінде автор: – “Бұл кітап 2-3 жыл бұрын қысқа уақыттық мұғалімдер курсында оқытылған дәрістерден түзілген еді. Бұл күнге дейін басылып шығып, жарық көре алмады”, - дейді. Мұның көпшілік талқысына түсіп, тәжірибелі мұғалімдердің сынынан өткен еңбек екендігі байқалады. М.Жұмабаев тағы да былай дейді: “Тәрбие ғылымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым… Бізде бұрын пән тілі болмағандықтан түрлі терминдерге тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тиді. Қалайда курстарда оқыған мұғалімдердің жәрдемімен таза орыс сөздері қазақшаға айналдырылды. Ал енді жиһан тілі (интернационалдық терминдер – С.Қ.) болып кеткен сөздерді қазақшаға аударам деп азаптануды тиіс таппадым”. Бұл ғылыми еңбек әлемді елең еткізетін тың туынды болды.

Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше, тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі. Әрине, тәрбиенің бұдан басқа да бірнеше түрлері бар, ол мұның басты-бастыларын ғана айтқысы келген болуы керек. Автор олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын тәптіштей түсіндіре келіп, былай дейді: “Егерде адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты, берік денелі болса, түзік ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын…” “Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қылып шығару керек” – деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырғысы келеді. Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік бай мұрасын игеру жөніндегі бағыт-бағдары да құптарлық. “Ұлт тәрбиесі – деп жазды ол, – баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті”. “Талай нашар, зиянды әдеттер әрбір ұлт тәрбиесі ішінде толып жатыр” – дей келіп, автор тәрбиешінің педагогикалық шеберлігін ұштау мәселелеріне ден қояды.



7- апта. 3,0 балл

30. М. Жұмабаевтың педагогкалық идеялары

ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕМЕЛІК МАҚАЛА

КЛАССИК ЖАЗУШЫ

ҒЫЛЫМИ ТЕРМИНДЕР

ҰЛТТЫҚ НЕГІЗДЕГІ ТЕРМИНОЛОГИЯ

МЕДРЕССЕ

ХАЛЫҚ АҒАРТУ ІСІ

7- апта


31. Р. М. Лембертің педагогикалық қызметі
Соғыстан кейінгі жылдарда дидактиканың әр түрлі бағытында зерттеу жүргізді. 40 жылдары «Сабақтың құрлысы проблемаыс», «Біілмді бекіту жәен сабақтаығ біліктіілк» т.б. сабақ өтудегі мұғалім білімі мен оның шебелігіне үлкен мән берді, оның дидактикалық негізін қалады.

Ал, 50- 60 жылдары «Оқыту әдістемеіс», «Дидактикалық очерктер» т.б. мақалаларында Лемберг Р.Г. оқу процесін психололгиялық негізде талдайды және сипаттайды. Оның оқу құралы, оқыту жолдарын айқындайды, оқыту әдістемесінің творчестволық жолын белгілеп берді. Лемберг Р. Елімізде бірінші болып психололгия- педагогикалық тоқыраудың салдарын жою жаңадан оның тиімді жолдарын іздеудің жаршысы болды. Оқудың тұрпайылығын жою, сабақты крнекілікпен өткізу проблемаларын бірінші кезекте қойды. Оның ғылыми мектебінің шәкірттері- Г. А. Уманов пен Н.Д. Хмельдің Лембергтің ілімін жалғастырып, өздері оның білімін таратты.



8- апта. 3,0 балл

32. М. Дулатов- педагог

М. Жұмабаевтың педагогкалық идеялары

Р.М.Лембергтің педагогикалық қызметі

1. Қазақ тіліндегі «Педагогика» оқулығының авторы кім?

А) Ы.Алтынсарин

В) Ш.Уалиханов

С) М.Жұмабаев

Д) Дулатов

2. М.Жұмабаевтың шығармаларындағы педагогикалық идея:

А) ұлттық тәрбие

В) қоғамдық тәрбие

С) экологиялық тәрбие

Д) құқықтық тәрбие

3. Ең алғаш рет қазақ тілінде жазылған психология оқулығының авторы кім?

А) Ж.Аймауытов

В) Ш.Уалиханов

С) М.Жұмабаев

Д) Дулатов

4. Қазақстанда педагогикалық оқу орнының алғашқы түлектері қай жылы бітіріп шықты?

А) 1931


В) 1933

С) 1935


Д) 1940

5. М.Дулатовтың «Қирағат» еңбегіндегі жетекші оқыту әдісі:

А) жаттанды оқыту әдісі

В) түсіндіру әдісі арқылы оқыту

С) жазу әдісі арқылы оқыту

Д) санау әдісі арқылы оқыту

6. М.Дулатовтың қазіргі кезеңде көкейтестігі маңызы бар ойынның тәрбиелік мәні туралы идеясы:

А) адамгершілік тәрбиелеу

В) эстетикалық талғамға тәрбиелеу

С) экономикалық тәрбие

Д) дене тәрбиесі

7. М.Дулатовтың оқу құралы.

А) Есеп құралы

В) Есептану құралы

С) Қазақша дұрыс жазуға қағидалары

Д) Әліппе

8. Қазақтың алғашқы жантанушысы кім?

А) Ж.Аймауытов

В) Ш.Уалиханов

С) М.Жұмабаев

Д) Дулатов

9. Қазақтың тұңғыш психолог ғалымы, академик.

А) Т.Тәжібаев

В) Ә.І.Сембаев

С) Р.Лемберг

Д) Қ.Бержанов

10. Қазақ мектебінің тарихын тұңғыш зерттеген ғалым?

А) Ә.І.Сембаев

В) Р.Лемберг

С) Қ.Бержанов

Д) Г.М.Храпченко

11. «Оқыту әдістемесі», «Дидактикалық очерктер» еңбегінің авторы?

А) Р.Лемберг

В) Г.А. Уманов

С) Н.Д.Хмель

Д) Г.М.Храпченко

12. М. Жұмабаевтың педагогикалық еңбегі?

А) Педагогика

В) Әліпби

С) Тіл құралы

Д) Психология

13. Қазақ педагогикасының негізін салушы ағартушы – педагог кім?

А) М.Жұмабаев

В) Ы.Алтынсарин

С) А.Құнанбаев

Д) Ш.Құдайбергенов

Е) Қ.Бержанов

14. Педагогика ғылымында «Дидактика» саласының дамуына қазақ педагог ғалымдарынан, ағарту ісінің қайраткерлерінен кімдер үлес қосты?

А) Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов

В) Ж.Аймауытов, Ш.Әлжанов, Ж.Жабаев. К.Әзірбаев, М.Өтемісұлы

С) С. Торайғыров, И. Тайманов, О. Тұрманжанов.

Д) Ш. Уалиханов, Т. Тәжібаев, А. Құнанбаев.

Е) Ш. Уалиханов, С. қожанов, Д. Ахметов.

15. Соғыстан кейінгі жылдарда дидактиканың әртүрлі бағытында зерттеу жүргізген кім?

А) Р.Лемберг

В) Ә.І.Сембаев

С) Қ.Бержанов

Д) Г.М.Храпченко

16. Қай жылдары Р.Лемберг «Сабақтың құрылысы проблемасы», «Білімді бекіту және сабақтағы біліктілік» сабақ өтул\дегі мұғалімнің білімі мен шеберлігіне үлкен мән берді?

А) 40ж


В) 50ж

С) 80ж


Д) 90ж

17. Р.Лемберг қай мақаласында психологиялық негізде талдады және сипаттады?

А) «Оқыту әдістемесі», «Дидактикалық очерктер»

В) «Сабақтың құрылысы проблемасы»

С) «Білімді бекіту және сабақтағы біліктілік»

Д) «Әдістеме»

18. Елімізде бірінші болып психологиялық-педагогикалық тоқыраудың салдарын жою жаңадан оның тиімді жолдарын іздеудің жаршысы кім болды?

А) Р.Лемберг

В) Ә.І.Сембаев

С) Қ.Бержанов

Д) Г.М.Храпченко

19. Р.Лембергтің шәкірттері кімдер?

А) Г.М.Храпченко Р.Лемберг

В) Г.А. Уманов Н.Д.Хмель

С) Ә.І.Сембаев, Қ.Бержанов

Д) Ш. Уалиханов, Т. Тәжібаев

20. Г.А. Уманов пен Н.Д.Хмель кай ғалымның ілімін жалғастырып келеді?

А) Р.Лемберг

В) Ә.І.Сембаев

С) Қ.Бержанов

Д) Г.М.Храпченко


8- апта

33. Н. Құлжановтың педагогикалық жүйесіндегі мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі.
Нәзипа Құлжанованың педагогикалық көзқарастары (1887-1934). Қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданында көшпелі қазақ отбасында дүниеге келген.

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында өзінің тәлім-тәрбиелік ойларымен қазақ әйелдерінің арасынан әлеумет өмірінде алғаш көзге көрінген кісінің бірі – Нәзипа Құлжанова болды. Ол журналист-публицист, педагог-тәлімгер, екі тілде бірдей жазатын аудармашы. Шығыс еңбекші әйелдерінің І съезін ұйымдастырушылардың бірі, орыс жағрафия қоғамының Семей бөлімшесінің мүшесі еді.

Ол 1902 жылы Қостанайдағы қыздар гимназиясын бітірген соң Торғайдағы қыз балалар училищесіне мұғалімдікке тағайындалады. Н.Құлжанова 1904 жылдары Семей мұғалімдер семинариясына орналасып, сонда 1919 жылдарға дейін оқытушы болып істейді, 1920-22 жылдары Ақмолада әуелі мұғалім, кейіннен уездік комитетте жауапты қызмет атқарады, одан соң Орынборға шақырылып, 1923-25 жылдары “Қызыл Қазақстан” журналының хатшысы, ал 1925-29 жылдары республикалық “Еңбекші қазақ” газетінде редколлегия мүшелерінің бірі, “Әйел теңдігі” журналының бөлім меңгерушісі, кейіннен жауапты хатшысы қызметтерін атқарады.

Н.Құлжанованың белсене араласуымен 1924 жылы Орынборда “Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу” атты педагогикалық жинақ, нұсқау кітабы жарық көрді. Кейіннен “Әйел теңдігі” журналында осы ізгілікті іс әрмен қарай жалғастырылды. Журнал беттерінде қазақ бала бақшаларының озат тәжірибелері, онда жүргізіліп жатқан түрлі тәрбие жұмыстарының жай-жапсары, мақсат-міндеттері жайлы көптеген мақалалар жарияланды. Осы журналдың мектепке дейінгі тәрбие бөлімін басқарған Н.Құлжанова осынау көшпелі қазақ елінде бұрын-соңды болып көрмеген бала тәрбиесінің жаңа түрін аяғынан тәй тұрғызуға себепші болды. (Қазақ Совет энциклопедиясы”, 7-том. Алматы, 1975, 586-бет). Нәзипаның тәлім-тәрбиелік пікірлері медицина ғылымымен сабақтасып жатады. Автордың “Бала күтімі”, “Баланың өміріне күннің сәулесі, таза ауа аса қажет”, “Баланың аурулары” т.б. мақалаларында тәрбиені бала жөргегінен бастауды ұсына келіп, өзі түйіндеген тұжырымның түп негізі етіп: “Тәні саудың – жаны сау” дейтін халық даналығын алады.

Н.Құлжанованың ұстаздық тәлімгерлік тұлғасын таныта түсетін екі еңбегі бар. Оның алғашқысы 1923 жылы Орынборда шыққан “Мектептен бұрынғы тәрбие” атты еңбегі еді, оның алғы сөзін халқымыздың көрнекті лингвист-ғалымы, түрколог, ақын, публицист, ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов жазған болатын. Аталмыш еңбектерінде автор мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тарихын, олардың отандық және шетелдік үлгілерін сөз ете келіп, қоғамдық ортадан тәрбие алатын жас жеткіншектердің ерекшелігіне орай, қоршаған ортасының ықпал-әсерінен туындайтын психологиялық өзгерістерді де кеңінен баяндайды. Мәселен, бұл жөнінде автор былай дейді: “Ойын – оның шын тіршілігі… Төңіректегі нәрседен өзіне қызықтысы ғана көзіне түсіп, ықылас тартады. Және бір мінезі – сөйлеуге жалықпайды. Тынымсыз қимылының бәрі сөзімен жалғасып жүреді. Көрген нәрсесіне ықыласы жеңіл, тұрақсыз… Көрген нәрсесін айтқанда ұмытқан жерлерін ойдан толықтырады”… дей келіп үш пен жеті жастың арасындағы балдырғандар бойында кездесетін физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді сөз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет