1- апта.
1. Алғашқы қауымдағы тәрбиенің ерекшеліктері
Алғашқы қауымдастықта күнделікті өмір-тіршілікке, шаруашылыққа, елді қорғауға қыз балалар да қатыстырылды. Қазақстанның территориясындағы таулы-тасты жерлерде бедерленіп сызылған жүкті, балалы әйелдердің бейнелері, садақ ұстап нысананы көздеген қыздардың мүсіндері салынған деректер ұшырасады.
Рулық қоғамдастықта көсемдердің, жасы келген қариялардың, ақсақалдардың жас ұрпақты тәрбиелеуге қатысқандығын археологиялық және этнографиялық зерттеу жұмыстары нақты деректермен дәлелдейді.
Жас ұрпақты тәрбиелеуге қауымдастықтың барлық мүшелері қатысқан, оларды қауымдастықтың жалпы өмір тіршілігіне үйрету, балаларды ересек адамдардың өмір қарекетіне даярлау мәселелері ортақ болған. 10-12 жасар балалар үлкендер қатарына қосылу үшін тіршілікке қажетті іскерлік пен дағдыларды игеруге тиіс болған. Ал бала 13-ке толғанда отбасы иесі деп саналып, үлкендер қатарына жатқызылып, дене күшін дамыту және шаруашылық іс-әрекеттер тәжірбиесін жинақтауға тәрбиеленген. Жастар тұрмыстық құралдарды жасауға және қолдануға дағдыландырылған. Мәселен, балалар арасында қасиетті аң-құстарды, үй жануарларын, адамдарды бейнелейтін ойыншықтар жасау кеңінен тараған. Дон дариясының жанындағы Костенка ауылындағы ертедегі балалар жасаған ойыншықтар палеолит дәуіріндегі қорғаннан табылған. Үлкендердің бірлесіп аң аулағандарын көргендерін, білгендерін, оған қатысқаннан алған сезім-күйлерін балалар осындай ойыншықтарды жасау арқылы өзіндік ой-саналарын арттыруға мүмкіндік алған.
Сонымен қатар Тәңірге табыну сияқты тотемдік ырым-салтқа байланысты балалардың магиялық ойлау бейнесін дамытқан. Былайша айтқанда, тотемдік сенім, адамның қабілет-қасиеттілігі хайуанаттың қимыл-әрекеттеріне ұқсау арқылы дамытуға болады деп есептеді. Тотемдік ырымдарға айырықша мән берілді, балалар ол ырымдарды игеруге үйретілді.
Балалардың үлкендердің басшылығымен атқаратын жұмыстарында олардың талғам-сезімдерін, ептіліктерін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Балаға арналған ер-тоқым, киім-кешек, садақ, т.б. құрал-жабдықтар оның күш-қуатына, жас шамасына қарай бейімделіп жасалды.
Рулық қауымдастықта балаларға бостандық және әр істі өз бетінше орындауға ерік берілді. Балалардың іс-әрекеттерінде ойын элементтерін пайдалануы, сюжеттік, рөлдік ойындарды орындауы мінез-құлықты, жүріс-тұрысты дамытудың пайдалы құралдары деп есептелді.
Сонымен үлкендердің еңбектеріне балаларды қатыстыру, балалардың құрбылары арасындағы үлкендерге ұқсау, т.б. тәрбиелік орта құрау ойындары алғашқы қауымдастықтағы тәрбиенің ерекшеліктеріне жатады. Сол кездегі сұранысқа сай қарым-қатынас нормаларын белгілеу қауымдастық алдындағы күрделі мәселенің бірі болды. Күнге, айға, отқа табыну және қауымдасаралық салт-дәстүрге, жыл мезгілдеріндегі ырым-жоралғыларды орындауға жасөспірімдерді қатыстыруға, балаларға лайықты іс-шараларды ұйымдастыру, ересектердің өмір тәжірибелерін игеруге, бір-бірімен адамгершілік қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғызатын. Балаларды тәрбиелеуде ертегілер мен аңыздар арқылы күшті, ержүрек адамдар бейнелеріне ұқсау, олардан үлгі-өнеге алу насихатталды.
Сонымен ертедегі алғашқы қауымдастықта тәрбие өндірістік және тұрмыстық қарым-қатынастарда рулық ұжымның табиғи өмір тіршіліктеріне байланысты бір-бірінен бөлінбеген.
Ертедегі еңбек, дене және адамгершілік тәрбиесі, балаларды өмірге дайындауға олардың санасын өсіріп, дүниетанымдық ой-сезімін дамытуға бағытталды.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде үйрету бағытындағы іс-әрекеттер, амалдар сандық жағынан да және тарихи мәні тұрғысынан да өзіндік ерекшелігімен сипатталынады. Ертедегі алғашқы қауымдастықта, оның қарапайым тұрмыс-тіршіліктерінде қол жеткізген нәтижелерді бағдарлай білуге, одан әрі дамытуға үйрету, балаларды жануарлар мен адамдардың бейнелерін жартастарға салу, мал сүйектеріне түсіру немесе бояумен бояу сияқты әрекеттерге дағдырландырды.
Қыз баланы анасы, әкпелері және рудың басқа да әйелдері тәрбиелесе, ұл баланы тәрбиелеуге ата-анасы және олар жағынан туысқан ер адамдар тәрбиеге қатысты. Әрине, ол кезде ананың (матриархат) тәрбиедегі рөлі жоғары болатын. Ер бала 5 жасқа дейін отбасының ықпалында болса, сонан кейін қауымдастықта өзі қатарлас балалармен бірге ортақ тәрбие алады.
1 – апта (1,5 б)
2. Алғашқы қауымдағы тәрбиенің ерекшеліктері
(Студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі. Эсседе бірінші кезекте студенттің өзіндік “Мені” көрініп тұруы керек. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссе – ағымдағы бақылаудың тиімді тәсілі.)
1- апта.
3. Орта ғасырлық Қытайдағы мектептердің даму кезеңдері
Қытайда б.з.д. бiрінші мыңжылдықтың ортасында педагогикалық бiлiмнiң көлемi арта түскен. Ежелгi Қытай қоғамы шаруашылығының бұл тұста дағдарысқа ұшырауы бала тәрбиелеуге деген ықыластың артуына ұйытқы болған. Себебi қоғамның тұрмыс-тiршiлiгiн жөнге келтiрудегi таптырмайтын құралдың бiрi – бiлiм деп саналды. Сондықтан балаларды тәрбиелеуде рухани iзденiстiң ұстайтын бағыты – оқытуда және тәрбиелеуде үлгi тұтуға болатын құбылыстар мен материалдарды мектептерде жүйемен беруге бағдар алу талап етiлдi.
Отбасында, мектептердегi тәрбие үрдiсiнiң деңгейiн көтеру, оның мәнiн, заңдылықтарын ашу жолында Конфуций ерекше тер төктi.
Ежелгi Қытайдағы мыңдаған жылдардағы тәрбие дәстүрлерiн және өзiнiң жеке меншiктi мектебiндегi педагогикалық тәжiрибесiн талдай келiп, Конфуций адамның мiнез-құлқын жөндеу, оны ақыл-ой жағынан кемелденген қоғамдық тәрбиенiң басты мұраты деп белгiлейдi. Конфуцийдiң этикалық-саяси iлiмiн зерттеушi Л.С.Переломовтың пiкiрiнше, Конфуций адамның табиғи қасиетiн қалыптастыру, яғни мемлекеттiң, қоғамның үлгiсiне сай тәрбиелеу үшiн алдымен адамның табиғатын бағдарлап алып, содан кейiн белгiлi бағытта оған нәтижелi ықпал жасау қажет деп есептеген.
Адамның табиғи ұмтылысын iске асыруға жағдайлар жасау, оның мұратқа жетуге өзiнен-өзi талпынып, дамуына мүмкiндiк туғызады. Конфуций әлеуметтiк-саяси iлiмiнде “Дао” ұғымын қолданған, оның мәндiк мағынасы: “адамды шындыққа, адалдыққа бағыттай басқару, мақсатты ықпал жасап тәрбиелеуде “Дао”- ны меңгеру, бұл адалдыққа, шындыққа, мақсаттылыққа, талаптылыққа апаратын басты жол” деп санаған.
Конфуций дәлелдегендей, адамдар табиғаты бiр-бiрiне жақын, бiрақ әдет-дағдылары мен мiнез-құлықтары жағынан айырмашылықтары бар. Ал, адамдардың мiнез-құлықтарындағы айырмашылықтарға тәрбиелiк тұрғыдан ықпал жасағанда, барлығына бiрдей бiркелкi тәрбиелiк iс-шаралар жүргiзiлуi керек.
Сонда да болса кей адам өз қабiлетiне қарай “Дао” ұстанымын толықтай игерсе, кейбiреулерi “Дао” адамгершiлiк нормаларын бойларына қалыптастыра алмайды. Конфуций адамдарды бiлiмдiлiгiне (даналығы), бiлiмдi алғаны мен қолданудағы жеткiлiксiздiгiне, бiлiмдi игеруге қабiлетсiздiгiне қарай адамдарды төрт санатқа бөлген. Бiрiншi санатқа ерекше ақылдылығымен, даналылығымен бiлiмдi менгерген және тыңдаушыларына жүйелей жеткiзе алатындар кіреді. Бұл қасиет аспанның құдiретiнен жаралған. Екiншi санаттағы адамдар тиянақты оқу, iздену арқылы бiлiмдi игеретiндер: бұлар жетi терiн төгiп, еңбегi арқылы бiлiм алатын аспан балалары туа бiткен ақылдылығымен мiнезделедi. Үшiншi санатқа жататындар оқудың қиындығына қарамай оқиды. Төртiншi санатқа кiретiндер оқуды қиындық көретiн бiлiм алуға қабiлетсiз адамдар деп бөлген.
Конфуцийдің айтуынша, соңғы санатқа жататын адамдар оқудан қиындық көрген соң оқуды жалғастырмайды, яғни, олардың оқуға бейiмi болғанымен, ынтасы жоқ немесе тiптен оқығысы келмейтiн жандар.
Конфуций адамдарды төрт санатқа бөлудегi алдына қойған басты мiндетi мейiрiмдi, қайырымды, кемелденген адамдарды қалыптастыру үшiн тәрбиенiң басты мақсаты мен мұратын анықтап алу еді.
Парасатты адамның мұраты жоғары адамгершiлiк және бiлiмдiлiк, бұл – жан-жақты дамыған жеке тұлғаның үлгiсi. “Өзiңнiң ерiк-күйiң алдыңа қойған мақсатыңа жетуге жұмылдырады, - деп жазады Конфуций, - моральдық ұстанымды ұста, адамға деген сүйiспеншiлiкке қарай әрекет жаса, өнердi үйрен”. Өнер дегенде ол дәстүрлi “алты өнердi”, яғни дәстүр, музыка, садақ тарта бiлу, екi дөңгелектi арбаны басқару, оқу және математиканы игерудi айтады.
Конфуций оқушыларды ақыл-ой, эстетикалық, дене және әскери тәрбие бiрлiгi арқылы жан-жақты тәрбиелеу мәселесiн көтерген. Олар:
- парасатты адам қалпын ұстап, өзiнiң бейiм-қабiлетiн дамытып, жан-жақты болуға талпыныс жасау;
- парасатты адамның бойында жоғары адамгершiлiктi қасиеттер: - айналасындағы адамдармен мейiрбандық, сыйластық, қарым-қатынас жасау, сөзiне тұрақты және оқуға ынталы болу, оқуға ниетсiз болу – адамды азғындыққа итермелейтiн басты жол;
1-апта. 2,0 балл
4. Орта ғасырлық Қытайдағы мектептердің даму кезеңдері
-
Тәрбиенің шығу негізі.
А) баланың үлкендерге ұқсау инстингті.
В) адамдар еңбегі.
С) жанұяның пайда болуы.
Д) капитализм дәуірі.
Е) бәрі дұрыс.
2. Қай тарихи кезең тәрбие қызметінің басты формасы.
А) алғашқы қауымдық қоғам.
В) рулық қоғам
С) феодалдық қоғам.
Д) социализм құрылысы
Е) дұрыс жауап жоқ.
3. Алғашқы адамдар жөніндегі деректерді қай ғылым зерттеді.
А) палеонтология
В) археология
С) тарих
Д) жаратылыстану.
Е) философия
4. Қазақ жерінде алғашқы адамдар қай дәуірде пайда болды.
А) палеолит
В) неолит
С) мезазой
Д) кайназой
Е) дұрыс жауап жоқ.
5. Адам танымы ғылыми тұрғыдан қай дәуірде пайда болды.
А) палеолит
В) неолит
С) мезазой
Д) кайназой
Е) дұрыс жауап жоқ
6. Азиялық аумақта алғашқы адамдардың пайда болуы.
А) 5-6 мың жылдық.
В) 9-7 мың жылдық
С) 4-3 мың жылдық
Д) 7-4 мың жылдық
Е) 2-3 мың жылдық.
7. Палеонтроптар қандай еңбек құралдарын жасады.
А) еңбек және аң аулау.
В) от жағу.
С) тағам дайындау.
Д) өсімдіктер жинау.
Е) барлығы дұрыс.
8. Тәрбие мазмұны қалай пайда болды.
А) күнделікті тәжірибенің жинақталуынан
В) үйретуден
С) өнегеден
Д) барлығы дұрыс
Е) дұрыс жауап жоқ
9. Алғашқы қауымдағы аң шаруашылығы немен ұласты.
А) егіншілік және шаруашылық.
В) мал шаруашылығы
С) диқаншылық
Д) құс бегілік
Е) ауыл шаруашылығы.
10. Әлеуметтік топпен байланыстардың күрделенуі нені өзгертті.
А) отбасының пайда болуы.
В) өндіріс құралдарының пайда болуы.
С) қолөнердің пайда болуы.
Д) сурет салу
Е) үй кәсіін жасау.
11. Ежелгі Қытайдағы педагогикалық идеялардың авторы
А) Конфуций
В) Дао
С) Кумран
Д) Эпифанде
Е) Маккарвеи
12. Конфуцийдің ілімі Б.Э.Д қай заманда пайда болды
А) 551-479 жылдары.
В) 6-2 ғасыр
С) 7-2 ғасыр
Д) 5 ғасыр
Е) 2-1 ғасыр.
12. Конфуций ілімінің мазмұны
А) экономикалық-саяси және әлеуметтік мазмұны
В) саяси
С) мәдени
Д) адамгершілік
Е) шыншылдық.
13. Конфуций ілімінде қай ұғымды қолданды
А) Дао
В) Ци
С) шындық
Д) мақсатты
Е) талаптылық.
14. Конфуций адамдарды неше санатқа бөлді.
А) 3
В) 4
С) 2
Д) 5
Е) 8
15. Қытайда орта ғасырда қай қалаларды жоғарғы оқу орындары ашылды.
А) пекинде
В) пекин мен нанкин
С) манчжруия
Д) барлығы дұрыс
16. Орта ғасырлық қытайда оқытуда қай әріптерді қолданды
А) иероглф
В) латын
С) парсы
Д) араб
17. Алғашқы қауымдағы өндірістің формасы.
А) аңшылық
В) егіншілік шаруашылық
С) әлеуметтік байланыстар
Д) диханшылық
18. Адам тануының пайда болуы
А) полиолит кезеңі
В) мезозои
С) неолит
Д) кайнозои
19. Жанұя тәрбиесінің пайда болуы.
А) әлеуметтік байланыстардың күрделенуі
В) өндірістің дамуы
С) матриархат дәуірінің енуі
Д) дұрыс жауабы жоқ.
20. Конфуций ілімі бойынша
А) адам психикасына ықпал ететін дәстүр
В) адам психикасына ықпал ететін үлгі-өнеге
С) адам психикасына ықпал ететін білім
Д) адам психикасына ықпал ететін мәдениет
2-апта
5. Я.А. Коменскийдің педагогикалық теориясы бойынша білім беру мен тәрбиенің табиғилығы
Я.А.Коменский оқу мен тәрбие жүйелерiн құруда таным үрдiсiне байланысты екi жақты көзқарасты ұстанды. Оның түсiнiгiнше ақиқатты танудың бiр бағыты – логикалық ақыл-ойға негiзделген түсiнiк, оның көзi – дiни сенiм. Ақиқаттың екiншi бағыты – табиғатты тану, ол тiршiлiктiң, байлықтың көзi, табиғатты қорғап, сақтай бiлу үшiн бiлiм қажет. Я.А.Коменскийдiң педагогикалық көзқарастарына қарай және қайта өрлеу дәуiрiндегi гуманистiк бағыттың әсерiмен орта ғасырлық мектеп жүйесiн сынға алып, мектептегi оқу-тәрбие жұмыстары балаға сүйiспеншiлiк пен адамгершiлiк шеберхана орталығы болғанын қалаған. Я.А. Коменскийдің қоғамда байлығына немесе жыныс айырмашылығына қарамай, жалпыға бiрдей, ана тiлiнде оқытатын мектептер ашуды қолдауы, ұлы педагогтың гуманистiк және демократиялық ұстанымда болғандығын дәлелдейдi. Ол, әсiресе, қарапайым халықтың балаларының мектепке қолдары жетпей отырғандығына, негiзiнде халық арасында көптеген дарынды балалардың таланты ашылмай, мемлекет болашағына зиян келтiргендiгiне наразылық бiлдiрдi. Я.А.Коменский “Ұлы дидактика” деген еңбегiнде адамды табиғаттың бiр бөлiгi ретiнде қарап, оны тәрбиелеу мен оқыту табиғи қабiлетi мен қасиеттерiн дамытуға бағытталуы тиiс деп кеңес бередi.
Бұл талап тәрбие мен оқытудың жалпы ұстанымы ретiнде саналып, кейiн “табиғатқа сәйкестiк ұстанымы” деп аталды. “Табиғатқа сәйкестiк ұстанымы” – оқытудағы құрғақ жаттау мен догмалық бiлiмге қарсы, баланың табиғатын, оқу мүмкiндiктерiн ескерiп, бiлiм мен тәрбие беретiн ұстаным. Ол өмiрге қажеттi күнделiктi iстерге пайдалы бiлiмдердi берудi ұсынды. Сол себептен мектептiң мақсаты – ақылды адамды тәрбиелеу, адамның адамдық қасиетi тек тәрбие арқылы қалыптасады дедi. Я.А.Коменский оқушыларға жан-жақты бiлiм беруде жас ерекшелiктерiн ескерiп, бiр-бiрiмен байланысқан оқытудың 4 сатылы кезеңнен тұратын оқу жүйесiн ұсынды. Олар: баланың туылған күнiнен бастап 6 жасқа дейiнгi аралықта үйiнде “Ана мектебiнде” тәрбиеленуi; 6 жастан 12 жасқа дейiн әрбiр қауымдастықта “Ана тiлi” мектебiнде оқуы; 12 жастан 18 жас аралығында оқушылар әрбiр қаладағы латын мектебiнде бiлiм алуы; 18 жастан 24 жасқа дейiнгi жастардың әр мемлекеттегi академияларға түсiп оқуы.
“Ана мектебiнде” балалардың сезiм мүшелерін, айналасын, қоршаған өмiр жайлы алғашқы түсiнiктерiн, тiлiн және қол iскерлiгiн дамыту қарастырылуы тиiс. “Ана тiлi” мектебiнде оқушыларға көп мәселелердi қамтитын арифметика, география, тарих, мемлекет құрылысы мен экономикалық өмiр және әржақты қолөнермен таныстыру, жүйелi, нақты бiлiм берiлуi керек. Сонымен бiрге “Қасиеттi жазу” мәтiндерiн оқыту, балаларға дiни тәрбие қоса жүргiзiлуi қажет. Гимназияда немесе латын мектебiнде латын тiлдерiмен бiрге нақты пәндер: математика, физика, жаратылыстану оқылса, оқушылардың өздiктерiнен оқитын: тарих, этика, көршiлес елдердегі жаңа тiлдерден сабақтар және жалпы бiлiм беру курстары: риторика мен диалектика өткiзiлуi тиiс.
Ал, академияда бүкiл ғылымдардың жетiстiктерiнен бiлiмдер беретiн – пансофия оқытылуы қажет делiндi. Сол кездегi мектептерде латын тiлiнде оқитын болғандықтан, Коменский бастауыш мектепте сабақтар ана тiлiнде жүргiзiлуi тиiс деген пiкiр айтты. Ол ана тiлiнде оқыған оқушылардың ақыл-ойын дамытуға мүмкiндiк туады, басқа тiлдердi үйрену ана тiлiнiң негiзiнде жүргiзiлсе ғана жемiстi болады деп санаған.
Я.А.Коменский мектептер үшiн оқулықтар, бағдарламалар, оқу құралдарын дайындау алдағы тұрған басты мiндет деп санап, оқулықтар жатық тiлде нақты және дәл, әр ғылым мен өнер жайлы оқу материалдарын балалардың өздерi мұғалiмнiң көмегiнсiз түсiнуге лайықты болуын қолдады.
2 апта (3,0 б)
6. Я.А. Коменскийдің педагогикалық теориясы бойынша білім беру мен тәрбиенің табиғилығы
СЕКТАНТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС
ҰЛТТЫҚ ДІНИ ҚОЗҒАЛЫС
РЕАКЦИЯЛЫҚ ТОПТАР
ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ
ГУМАНИЗМ
ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ БАҚЫТ
ДИДАКТИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР
СЕНСУАЛИЗМ
РЕАЛИЗМ
2-апта
7. Я.А. Коменскийдің педагогикалық теориясы
Айтылған талаптар деңгейiнде “Ана мектебi”, “Тiлдер мен барлық ғылымдардың ашық есiгі”, “Физика”, “Астрономия”, т.б. оқулықтары жазылды. Соның iшiндегi Я.А.Коменскийдiң есiмiн дүние жүзiне жайған оқулық - “Ұлы дидактика” едi. Бұл кiтапта оқу iсiне қойылатын дидактикалық талаптар жеке-жеке сараланған: оқушыларды бiлiм алуға ынталандыру; оқу материалдарын бiртiндеп күрделендiру; тұрмысқа, шаруашылыққа қажеттi бiлiмдердi беру; бала табиғатын ескерiп, шамасы келетiн оқу материалын оқыту; игере алатын оқу материалын саналы түрде қабылдауға жағдай туғызу; материалдарды түсiндiруде баланың өмiрден алған сезiмдерiне, түйсiктерiне сүйену арқылы оқу тәрбие жұмысын жандандыру.
“Ұлы дидактиканың” педагогикалық ойды және жаңа мектептiң оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттырудағы маңызы – дидактикалық ұстанымдардың жүйеленуiнде. Олар оқытудың көрнекiлiгi, саналы оқу, оқытудың жүйелiлiгi, түсiнiктiлiгi, сатылы оқу, оқушының жас ерекшелiктерiн ескеру, оқытудың негiздiлiгiнен тұрады.
Бұл дидактикалық ұсынымдардың әрқайсысының өзiндiк ерекшелiктерi бар. Мысалы, көрнекiлiк ұстанымының мәнi – дүниенi тану сыртқы сезiмге байланысты, түйсiкте болмаған нәрсе, зат ойда болмайды, сондықтан нәрсе мен зат бақылау, ақиқаттығы мен анықтылығы тек сезiм арқылы дәлелденедi. Сол себептi де сезiмнен тыс нәрселер мен заттардың (мәселен, аспан әлемi, жер асты байлықтары, жер бетiндегi өсiмдiктер мен жануарлар, т.б.) жасанды формаларын суреттерiн, бейнелерiн салыстыра отырып оқыту қажет.
Оқушының алған бiлiмi тиянақты ұстанымда болса, оның бiлiмi жүйелi, өзара байланысты, ой қисыны дәйектi және берiк болады. Оқытудың жүйелi және бiрiздiлiк ұстанымы бiлiмнiң “жалқыдан жалпыға”, “белгiлiден белгiсiзге”, “жеңiлден қиынға”, “нақтыдан абстракты ойға” қарай игерiлуi оқулықтың басты ережесiн құрайды. Я.А.Коменский бiлiм беру iсiн ұйымдастыруды дүниежүзi бойынша алғашқы рет жүйелiлiкпен дәлелдедi. Оқу жылын тоқсандарға бөлiп, оқу күнiн, күнiне қанша сабақтар өту, тоқсан аяғында оқушыларға демалыс беру, балаларды бiр мезгiлде қабылдау, оқушылардың бiлiмдерiн тексеру, сыныптан сыныпқа көшiру тәртiптерiн енгiздi. Сонымен бiрге ол сабақтың құрылымын анықтауда жаңалық ашты. Мысалы, өткен оқу материалын сұрау, жаңа тақырыпты өту, қайталау және жаттығулар жүргiзу, оқушылар бiлiмiн тексеру, сабақты жоспарлау, тәртiп, т.б. оқу сапасын арттыруға себепшi болды деп айтуға құқығымыз бар.
2-апта 3,0 балл
8. Я.А. Коменскийдің педагогикалық теориясы
1. Я.А. Коменскийдің өмір сүрген жері
А) Чехия
В) Ресей
С) Польша
Д) Шығыс елдері
2. «Чех ағайындары»
А) отбасылық қауым
В) демократиялық қауым
С) патриоттық бірлестік
Д) дұрыс жацабы жоқ
3. «Ұлы дидактика» еңбегінің авторы
А) Я.А.Коменский
В) Д. Локк
С) А. Дистервег
Д) Ж:Ж Руссо
4. Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасының авторы
А) Я.А.Коменский
В) Д. Локк
С) А. Дистервег
Д) Ж:Ж Руссо
5. Я.А: Коменскийдің Жас кезеңдері құрылымы
А) 4
В) 3
С) 2
Д) 5
6. Коменский Мектеп жүйесі туралы
А) білім беру сатысын ұсынды
В) демократиялық қағиданы
С) аналар мектебін
Д) академия
7. Я.А.Коменский : оқыту теориясы туралы
А) дидактиканың алтын ережесін ұсынды
В) дидактикалық принцптерді
С) оқытудағы жүйелілілік
Д) оқытудағы саналылық
8. Сынып – сабақ жүйесінің авторы
А) Я.А.Коменский
В) Д. Локк
С) А. Дистервег
Д) Ж.Ж Руссо
9. Я.А.Коменский оқу-тәрбие жүйесін құруда нені ұсынды
А) логикалық ақыл-ойды қалыптастыру
В) діни сенім
С) табиғат таным
Д) оқушылар қабілетін дамыту
10. «Ана мектебі» еңбегінің авторы
А) Я.А.Коменский
В) Д. Локк
С) А. Дистервег
Д) Ж.Ж Руссо
11. «Тәрбиенің Галилеиі» атанған кім
А) Я.А.Коменский
В) Д. Локк
С) А. Дистервег
Д) Ж.Ж Руссо
12. Жаңа заман педагогикасының негізін қалаушы
А) В.Ратке
В) Я.А.Коменский
С) Д. Локк
Д) А. Дистервег
13. Я.А.Коменскийдің есімін дүние жүзіне танытқан еңбек:
А) «Ұлы дидактика»
В) «Аналар мектебі»
С) «Метофизика»
Д) «Ұстаздық дастан»
14. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы:
А) барлығы дұрыс
В) гуманистік
С) реалистік
Д) прогресившілдік
15. дүние жүзлік дидактиканың негізін қалаушы:
А) Я.А.Коменский
В) Д. Локк
С) А. Дистервег
Д) Ж.Ж Руссо
16. Я.А.Коменский ненің ролін жоғары бағалады:
А) тәрбиенің
В) оқытудың
С) білім берудің
Д) дамытудың
17. Я.А.Коменскийше тәрбиенің үш сатысы
А) ақыл-ой, адамгершілік, діни тәрбие
В) еңбек тәәрбиесі
С) сезімді тәрбиелеу
Д) ақыл-ой
18. Я.А.Коменскийдің дидактикалық қағидаларының бірі:
А) оқытудағы бірізділік
В) жас ерекшелік
С) табиғатқа сәйкестілік
Д) саналылық
19. Я.А.Коменскийше адамгершілік тәрбиесіні құралдары:
А) барлығы дұрыс
В) ересектер
С) жұртшылық
Д) ата-ана
20. «Кез-келген баладан адам қалыптастыруға болады» тұжырымының авторы
А) Я.А.Коменский
В) Д. Локк
С) А. Дистервег
Д) Ж.Ж Руссо
2-апта
9. Джон Локтың педагогикалық теориясының негізгі қағидалары
Джон Локктың педагогикалық идеялары. ХVII ғасырда Англиядағы революциялық қозғалыстың қарқындап тұрған кезiнде жаңа заманның ұстаған бағыт-бағдары схоластикалық оқу жүйесiн сынға алып, баланың табиғи бейiм қабiлеттерiн дамытуға назар аударды. Осындай тарихи жағдайлар Джон Локктың (1632-1704) саяси-әлеуметтiк, философиялық және педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына әсер еттi. Ол Оксфорд университетiн бiтiрiсiмен 1658 жылдан бастап сол оқу орнында оқытушылық қызмет атқарды. Кейiннен жаратылыстанумен айналысып, медицинаны зерттеп, ғылыми жұмыстармен шұғылданды.
Д.Локктың философиялық көзқарасының қалыптасуына Бэкон мен Декарттың шығармалары әсер етiп, таным теориясын зерттеп, табиғат дүниесiндегi нақты құбылыстарды тану тұрғысынан сенсуалистiк жолды ұстанды.
Д.Локктың сенсуалистiк философиясы схоластикалық және дiни уағыздардағы елестеулер мен идеяларға және адамгершiлiк қасиеттердiң адамның туысынан пайда болатындығы жайлы көзқарасқа қарсы тұрды. Оның дәлелдеуiнше, идеялар және мемлекеттi билеу қабiлетi туғаннан болмайды, қайта адамның дамып жетiлуiндегi тәрбиеге байланысты. Сөйтiп, Локктың көзқарасы өз кезiнде прогресшiл мәнге ие болды.
Бiрақ Д.Локктiң философиясы дуалистiк ерекшелiгiмен сипатталынады. Оның ойынша сыртқы тәжiрибемен бiрге ақылдың өзiндiк әрекетi болып саналатын iшкi тәжiрибе де болады. Ол объективтiк дүниенiң бiздiң санамызда елестеуi ақиқат-шындық бола алмайды деп күмәнданады.
Д.Локктың педагогикалық көзқарастары “Тәрбие жөнiндегi ойлар” және “Ақылды тәрбиелеу туралы” атты еңбектерiнде ашылған. Оның пiкiрiнше, тәрбиенiң мақсаты өз жеке басының iсiн ойластырып, жүйелеп орындайтын, өз мүддесiн iске асыруда бар мүмкiндiктерiн қосатын ақсүйектердiң балаларын тәрбиелеу. Ақсүйектердiң жас ұрпақтарына тәрбиенiң бiр саласынан ғана тәрбие бермей, дене және адамгершiлiк тәрбиелері берiлуiн қолдады.
Д.Локк мектептердегi оқу-тәрбие жұмыстарына көңiлi толмай, қайта мектеп оқушыларды терiс мiнез-құлыққа итермелейдi, сондықтан ақсүйек баласының үй тәрбиесiнен бiлiмдерi мен дағдылары мектептен артық деп санаған.
Ол дене тәрбиесiн ерекше бағалаған, “мықты дене, мықты рух” болса, дене күшi мықты, ауа-райының құбылысына бейiм, қатаң режимге тәрбиелеудiң қажеттiлiгiн айтып, баланы ерлiкке және табандылыққа үйрететiндiгiн ескертедi. Локк шығармаларында адамгершiлiк тәрбиенi кеңiрек қарастырады. Ол адамгершiлiк қасиеттер мен сапаларға: кiшiпейiлдiлiкке, ұстамдылыққа, әдiлеттiлiкке және сақтыққа тәрбиелеу керек деп есептеді. Ол сондай-ақ, ақыл-ой тәрбиесі білімді, іскер адамды қалыптастырады, еңбек тәрбиесі өнерді игеруге септігін тигізеді деп санады.
3-апта. 1,5 балл
10. Джон Локтың педагогикалық теориясының негізгі қағидалары
Ж.Ж. Руссоның «Эмиль немесе тәрбие туралы» педагогикалық еңбегіндегі тәрбие тұжырымдамасы.
Тест
-
Ж.Ж Руссоның педагогикалыи деясының мәні
А) догматизммен, схоластикамен ,боссөзділікпен
В) қаталдыққа тийым салу
С) сүйіспеншілікпен ұштастыру
Д) идеялылық
Е) барлығы дұрыс.
2. Ж.Ж.Руссоның көркем шығармасы
А) Эмиль
В) қоғамдық шарт
С) аналар ктабы.
Д) гертруда
Е) психологиялық оқулығы.
3. Ж.Ж.Руссоның саяси пікірі қай еңбегінде баяндалады.
А) Эмиль
В) қоғамдық шарт
С) аналар ктабы.
Д) гертруда
Е) психологиялық оқулығы
4. Ж.Ж.Руссоның педагогикалық концепциясының негіді.
А) феодалдық Ірі топты жою
В) ерікті адамды тәрбиелеу
С) адамгершілігі бар адамды өсіру
Д) жаңа адамды тәрбиелеу
Е) барлығы дұрыс.
5. Ж.Ж.Руссоның негізгі педагогикалық талаптары.
А) баланың қадйрлеу
В) еріктілік
С) ұқыпты болу
Д) ер кін дамыту
Е) барлығы дұрыс
6. Ж.Ж.Руссоның баланың өмірін неше кезеңге бөлді
А) 4
В) 3
С) 8
Д) 5
Е) 2
7. Ж.Ж.Руссоның өзінің педагогикалық ойларын кімнің бейнесі арқылы баяндайды.
А) Эмиль
В) Лингард
С) Гертруда
Д) Шаруа адам
Е) қарапайым адам.
8. Ж.Ж.Руссоның педагогикасы кімдерге ықпал етті
А) феодалдық педагогикаға
В) схоластикалық қараңғылыққа
С) ористократияға
Д) арамтамақтыққа
Е) барлығы дұрыс
9. Кім дер Ж.Ж.Руссон мұрасын жоғары бағалады.
А) халық
В) революцияшыл демократтар
С) прогрессившіл педагогтар
Д) федолдық цевилизация
Е) барлығы дұрыс
10. Ж.Ж.Руссо қарастырған әйел тәрбиесінің мәні.
А) ерлер тәрбиесіне қарсы
В) мінезі дұрыс
С) ақылды
Д) қайратты
Е) барлығы дұрыс
11. «Жаңа элоиза» еңбегінің авторы:
А) Ж.Ж.Руссо
В) Д.Локк
С) А.Дитервег
Д) Я.А.Коменсий
12. Руссоның әйел тәрбиесі туралы ойлары:
А) ер адамға тәуелді болу
В) тек қана ана болу
С) отбасынның жағдайын жасау
Д) жолдасына ұнай білу
13. Руссо тәрбиенің Алдана неше міндет қойды:
А) 3
В) 4
С) 5
Д) 8
14. Табиғи және ер кін тәрбие тұжырымдамасының авторы:
А) Ж.Ж.Руссо
В) Д.Локк
С) А.Дитервег
Д) Я.А.Коменсий
15. Ж.Ж.Руссо қандай қоғамды сынады:
А) феодалдық
В) аристакратиялық
С) демократикалық
Д) буржуазиялық
16. Ж.Ж.Руссо дидактикасының негізгі мақсаты:
А) зеректілік, зейінділікті дамыту
В) практикамен байланыс
С) өмірге дайындау
Д) ерік күйге тәрбиелеу
17. Ж.Ж.Руссоның оқыту әдістемесіне айтқан кеңесі
А) дұрыс жауабы жоқ
В) жаттатпау
С) түсініп оқу
Д) ой елегінен өткізу
18. «Эмиль »роианының негізгі түйіні
А) еріктіадамды тәрбиелеу
В) адамды тәрбиелеу
С) білімді азаматты қалыптастыру
Д) ер кін тәрбие беру
19. Әлеуметтік теңсіздікті жою кімнің пікірі:
А) Ж.Ж.Руссо
В) Д.Локк
С) А.Дитервег
Д) Я.А.Коменсий
20. Ж.Ж.Руссо бойынша қай жаста адамгершілік тәрбиесін беру тиімді:
А) 15
В) 11
С) 13
Д) 19
3-апта
11. Ж.Ж. Руссоның «Эмиль немесе тәрбие туралы» педагогикалық еңбегіндегі тәрбие тұжырымдамасы.
Атақты француз жазушысы, ағартушы-философ, педагог Жан Жак Руссо (1712-1778) ХVІІІ ғасырдағы төңкеріс қарсаңындағы интеллигенцияның дарынды өкілінің бірі болды. Ол Париждегі алдыңғы қатарлы интеллигенцияның өкілдері Дидро, Даламбар, Вольтер, т.б. байланыс жасап, солардың ықпалында “Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы туралы” (1754 ж.) және “Қоғамдық шарт” (1762 ж.) деген шығармалар жазып, әлеуметтік теңсіздікке қоғамдық мәдениеттің төмендігіне, жай халықтың ауыр тұрмысының әсері барын айқын ашып береді. Ал 1762 жылы “Эмиль, немесе оны тәрбиелеу” туралы соңғы шығармасында жаңа адамды тәрбиелеудің және оның тәрбиесінің педагогикалық жүйесін ұсынады. Бұл атақты роман король шенеуніктері мен дін басыларының ыза-кегін туғызды. Соның нәтижесі, Париж парламенті “Эмильді” өртеу туралы қаулы қабылдап, ақыры оны жойып тынды. “Қоғамдық шарт” шығармасында халықтың қамын қамтамасыз ететін үкімет, сондықтан да шарт бойынша адамдар өз құқықтарын үкіметке тапсырады делінген. Руссоның пікірінше, бастапқы қоғамдық шарт бойынша үкімет халыққа қызмет жасап отыруы тиіс, ал егер, олай болмаса, корольдың бізге қажеті жоқ деген пікірді айтады. Адамды адам қанауы болмасын, оған бостандық, теңдік және бауырмашылдық қарым-қатынастары бар қоғамдық құрылыс, яғни ұсақ жеке меншіктің, жер иелері мен қолөнершілер қоғамдық құрылымы керек деп армандайды.
Адам еңбегі арқылы өмір сүріп, ешкімге тәуелсіз, бостандықты қадірлей білуге тәрбиеленуі қажет. Жеткіншектерді табиғатқа сәйкес жас ерекшелігін ескеріп, жеке бастарын қадірлеп, олардың қызығушылықтары мен ішкі талап-тілектерін тәрбие үрдісінде басшылыққа алуды міндеттейді. Отбасындағы тәрбие еркін, табиғи болуы керек және тәрбие табиғат, адам, заттар арқылы іске асады деп тұжырымдады.
Ж.Ж.Руссо баланың өсу және әр кезеңдегі даму
ерекшеліктеріне қарай: баланың туған күнінен 2 жасқа толғанға дейінгі; 2-ден 12 жасқа дейінгі кезең; 12-ден 15 жасқа және 15 жастан ержеткенге дейінгі кезеңдерге бөледі.
Ж.Ж.Руссо өзінің саяси және философиялық көзқарастарына қарай екі жасқа дейінгі балаға дене тәрбиесін беріп, денесін шынықтыру керек. Баланың 2-12 жастар аралықтарында денесін шынықтырумен қатар, сыртқы сезім мүшелерін жетілдіру қажет. Бірақ, осы жаста балаға оқуға, ойлантып-толғандыруға, жаттатуға болмайды, өйткені адамгершілік және оқу материалдарынан ұғым-түсініктер жасауға қабілеті жоқ дегенді дәлелдеумен болды. Бозбала 12-15 жас аралықтарында өзін-өзі билеу дәрежесіне жетіп, ақыл-ой деңгейі өскендіктен, білім бергенде оқушының қызығушылығы мен талабына сай айналасын қоршаған дүниеге, байқап сезуіне байланысты жағрапия, астрономия, табиғаттану пәндерін ерекше оқыту керек дегенге назар аударады. Оның оқыту әдістемесінен айтқан кеңесі: балаға оқу материалын түсінбейінше, жаттатпау; білімді ой елегінен өткізіп, өздігінен қорытынды жасауға дағдыландыру қажет деген пікірді ұсынды.
3-апта. 3,0 балл
12. И.Г. Песталоцидің элементарлық білім беру теориясы
3-апта
13. И.Г. Песталоцидің элементарлық білім беру теориясы
И.Г.Песталоццидің педагогикалық теориясының негіздері. Ж.Ж.Руссоның “Эмиль” және “Қоғамдық шарт” еңбектері Иоганн Генрих Песталоццидiң (1746-1827) педагогикалық қызметіне ерекше әсер етеді, 1769 жылы “кедейлер үйін” ашқанда, оған елуге жуық жетім және панасыз балаларды жинап, оқытып, тәрбиелейді.
Оқушылар ауылшаруашылық және тоқыма кәсібімен шұғылданып еңбек еткенімен, тапқан еңбекақылары арқылы мектеп ұстап тұрамын деген ойын іске асыруға мүмкіндік бермейді. Өзі оқушыларға білім бере отырып, оқуға, жазуға, есептеуге үйретіп, оқуды еңбекпен ұштастыруына тура келді. Оқуды еңбекпен ұштастыру баланы жан-жақты тәрбиелеудегі басты құрал деп санады.
И.Песталоццидің педагогикалық жүйесінің басты арқауы – оқушыларға элементарлық білім беру идеясы болды. Бұл идея бойынша оқыту, тәрбиелеу ең жай элементтерден басталып, бірте-бірте күрделендіре түсуі керек делінді. Бастауыш білім беру әдістемесінің негізін қалаудағы оның еңбегі зор болды. Ол ана тілін оқыту үрдісінде оқушының сөйлеу дағдысын және сөздік қорын байытуда әріптерді қосып оқытуды ұсынды. Ана тілін оқытуды көрнекілік ұстанымына негіздеп жаратылыс, география және тарих пәндерінен жүйелі элементарлық білімдер беруді мақұлдады. Жазуға үйретуде И.Песталоцци балаларды әр әріптің элементтерін жазуға және ұзақ жаттықтырумен қатар орфографиялық дұрыс жазуға бейімдеді.
Швейцариялық И.Песталоцци “Лингард және Гертруда” атты әлеуметтік-педагогикалық романында халықтың шаруашылықты өнімді еңбекпен ұйымдастыру және балалардың адамгершілік қасиеттерін дұрыс тәрбиелеу арқылы елдің тұрмысын жақсарту идеясын көтерді. Осы романнан кейін педагогикалық идеялар көлемін одан әрі дамытып, “Гертруда балаларын қалай оқытады”, “Аналар кітабы”, “Бақылау әліппесі”, “Сан жөнінде көрнекті ілім” шығармаларында И.Песталоцци бастауыш білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін айқындап берді.
И.Песталоццидің дүниеге әлеуметтік-педагогикалық көзқарасы демократиялық негізде болып, оқыту мен тәрбие барлық адамдарға бірдей мектепте жоспарлы түрде берілуі тиіс деген пікірді ұстады. Білім беру барысында оқушының бақылауына, тәжірибесіне сүйеніп ұйымдастыру, білімді жүйелеп жалпылауға икемдеу жағын ойластырды. Мысалы, бақылау арқылы оқушының есту, көру, сезіну, т.б. түсініктері негізінде ойлау қабілеті мен сөйлеу дағдысы дамиды. Пәндерді оқыту арқылы оқушы білім алса, алған білімдері оның ой-санасын дамытып, айналасындағы құбылыстарды тануға мүмкіндік береді. Құбылыстар мен заттар элементтерден тұратындықтан, олардың санын, формасын және аты-жөнін оқушылар білуі тиіс.
Оқыту үрдісінде өлшеу арқылы оқушы заттың формасын, санау барысында санын есептесе, тілін дамыту арқылы заттың, нәрсенің атын еске сақтап тілмен айтып жеткізеді. Сөйтіп, атақты педагог элементарлық білім беру өлшеу, санау және тілді меңгеруімен сипатталады деп санады. Ол алғаш рет дамыта-тәрбиелей оқыту идеясын ұсынды, бастауыш білім берудің жеке әдістемелері мен алғашқы оқытудың жалпы негіздерін жасады.
И.Песталоцци оқушының қалыптасуында тәрбиенің ролін жоғары бағалап, отбасында және мектепте жоспарлы түрде тәрбиені ұйымдастырғанда бірдей талап қойса, оның нәтижелі болатындығына күмән келтірмейді. Тәрбиенің мақсаты баланың барлық табиғи күшін, қабілетін жан-жақты дамытуда деп түсінеді.
4-апта. 3,5 балл
14. И.Г. Песталоцидің элементарлық білім беру теориясы
А. Дистервегтің табиғатқа сәйкестілік педагогикалық идеясы
Н.И.Пироговтың педагогикалық қызметі және педагогикалық қызметі
Тест
1. А. Дистервегтің еңбегі
А) «Тәрбие оқу жөнінде Рейн беттері»
В) еңбек мектебі
С) азаматтық тәрбие
Д) Ленгард және Гертруда
Е) қоғамдық шарт
2. А. Дистервег кімдерді даярлау мәселесін қолдады.
А) бастауыш мектеп мұғалімдерін
В) сословиелік тәрбие
С) мектепті шіркеуге бағындыру
Д) халық педагогикасын насихаттаушы
Е) дұрыс жауабы жоқ.
3. И.Г. Песталоцидің әлеуметтік педагогикалық романы
А) «Тәрбие оқу жөнінде Рейн беттері»
В) еңбек мектебі
С) азаматтық тәрбие
Д) Ленгард және Гертруда
Е) қоғамдық шарт
4. И.Г. Песталоцидің қандай мекеме ашты.
А) кедейлер үйі
В) мектеп
С) балабақша
Д) тәрбие мекемесі
5. И.Г. Песталоцидің әлеуметтік педагогикалық көзқарасы
А) демократиялық негізді
В) жоспарлы түрде
С) білімді жүйелеу
Д) адамгершілікке тәрбиелеу
Е) елдің тұрмысын жақсарту
6. И.Г. Песталоци баланың қалыптасуында нені рольін жоғары бағалады.
А) тәрбиенің рольін
В) отасының
С) тәрбиенің мақсатын
Д) баланың табиғи күшін
Е) барлығы дұрыс.
7. И.Г. Песталоцидің еңбегі
А) «Аналар кітабы»
В) «Қоғамдық шарт»
С) «Эмиль»
Д) «Азаматтық тәрбие»
Е) «Еңбек мектебі.
8. И.Г.Песталоцидың педагогикалық көзқарасының арқауы.
А.Демократиялық тәрбие.
В.Элементарлық білім беру.
С.Білімді жүйелеу.
Д.Тәрбиелеу.
9.Н.И:Пироговтың еңбегі.
А)Өмір мәселелері.
В)Современник
С)Оқу кітабы.
Д)Сауат ашу.
Е)Қоғамдық шарт.
10.”Мәскеу жинағы” кімнің еңбегі?
А) Н.И.Пирогов.
В) Л.Н.Толстой.
С) К.Д.Ушинский..В.Я.Стоюкин.
Д) И.А.Корф.
11. 1858-1861ж. Киев округін кім басқарды?
А) Н.И.Пирогов.
В) Л.Н. Толстой.
С) 3. Ушинский.
Д) И.А. Корф.
Е) Стоюкин.
12. Н.И.Пирогов педагог мұраларындағы басты идея:
А) өзін-өзі тану.ү
В) жалпы адамзаттық әрбие.
С) жалпы адамзаттық білім беру.
Д) барлығы дұрыс.
13. ”Өмір мәселелері” еңбегінің авторы:
А) Н.И.Пирогов.
В) Л.Н. Толстой.
С) К:Д:Ушинский.
Д) В.Я. Стоюкин.
14. ”Болу және болуға тырысу” еңбегінің авторы:
А) Н.И.Пирогов.
В) Л.Н.Толстой
С) Стоюкин.
Д) И.А.Корф.
15. Н.Пирогов еңбегін жүйесін қалай құрды?
А) Сатылы.
В) жүйелі.
С) Аралас.
Д) қоғамдық.
16. «Болу және болуға тырысу» еңбегінің авторы
А) Н.И.Пирогов.
В) Л.Н.Толстой
С) Стоюкин.
Д) И.А.Корф.
17. 1769ж Кедейлер үйін кім ашты:
А) И.Г.Песталоцций
В) Л.Н.Толстой
С) Стоюкин.
Д) И.А.Корф.
18. Бақылау әліппесі еңбегінің авторы
А) И.Г.Песталоцций
В) Л.Н.Толстой
С) Стоюкин.
Д) И.А.Корф.
19. «Сан жөнінде көрнекті ілім» еңбегінің авторы
А) И.Г.Песталоцций
В) Л.Н.Толстой
С) Стоюкин.
Д) И.А.Корф.
20. «Неміс мұғалімдерінің білімін жетілдіруге басшылық» еңбегінің авторы:
А) А.Дитервег
В) И.Г.Песталоцций
С) Л.Н.Толстой
Д) Стоюкин.
21. Бастауыш білім берудің жеке әдістемесін жасаған:
А) И.Г.Песталоцций
В) А.Дитервег
С) Л.Н.Толстой
Д) Стоюкин.
22. Алғашқы оқытудың жалпы негіздерін жасаған:
А) И.Г.Песталоцций
В) А.Дитервег
С) Л.Н.Толстой
Д) Стоюкин.
23. Дамыта тәрбиелеудің оқытудың авторы:
А) И.Г.Песталоцций
В) А.Дитервег
С) Л.Н.Толстой
Д) Стоюкин.
24. Элементарлық білім берудің идеясының авторы:
А) И.Г.Песталоцций
В) А.Дитервег
С) Л.Н.Толстой
Д) Стоюкин.
25. Бастауыш білім беру әдістемесінің негізін қалаушылар:
А) И.Г.Песталоцций
В) А.Дитервег
С) Л.Н.Толстой
Д) Стоюкин.
26. Оқуды еңбекпен ұштастыру идеясының авторы:
А) И.Г.Песталоцций
В) А.Дитервег
С) Л.Н.Толстой
Д) Стоюкин.
27. «Ана тілін оқытуда көрнекілік ұстанымын» негіздеген:
А) И.Г.Песталоцций
В) А.Дитервег
С) Л.Н.Толстой
Д) Стоюкин.
28. «Гертруда балаларын қалай оқытады» еңбегінің авторы:
А) А.Дитервег
В) И.Г.Песталоцций
С) Л.Н.Толстой
Д) Стоюкин.
29. «Педагогика лекцияларының очеркі» еңбегінің авторы:
А) А.Дитервег
В) И.Г.Песталоцций
С) Л.Н.Толстой
Д) Стоюкин.
30. Бүкіл тәрбие процесін басқару, оқыту, адамгершілік тәрбие деп үш салаға бөлген авиор:
А) А.Дитервег
В) И.Г.Песталоцций
С) Л.Н.Толстой
Д) Стоюкин.
4-апта
15. А. Дистервегтің табиғатқа сәйкестілік педагогикалық идеясы
.
Фридрих Вильгельм Адольф Дистервегтің педагогикалық идеялары. Германияда мұғалімдердің мұғалімі, белгілі неміс педагогы Адольф Дистервег (1790-1866) халық педагогикасын насихаттаушы болды, өзінің бай тәжірибесіне сүйеніп “Неміс мұғалімдерінің білімін жетілдіруге басшылық” атты кең мазмұнды еңбегін (1835) жазды. Ол бүкіл Еуропаға, Ресейге кең тараған шығарма болды.
А.Дистервег бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауды жетілдіру мәселесімен өмір бойы шұғылданып, 1827 жылдан бастап “Тәрбие, оқыту жөнінде Рейн беттері” атты журнал шығарып тұрды. Оның жазған шығармаларының көпшілігі халық мектептерінің мұғалімдеріне арналды. Оның өзі де Рейн облысындағы Мерсе қаласындағы мұғалімдер семинарын басқарып, отыз жылдай директорлық қызмет атқарумен қатар педагогика, математика және неміс тілінен сабақ жүргізді.
Пруссия үкіметі 1854 жылы қабылдаған мектепті толығымен шіркеуге бағындыру және бастауыш мектепте берілетін білімнің көлемін азайтып, дін сабағының жүктемесін негізгі сабақ ретінде көтеруді міндеттеген болатын. Ол реакциялық заңға қарсы шығып, баспа және депутаттар палатасының трибунасы арқылы жоғарыда аталған заңның халыққа қарсы екендігін айтты және оған белгілі өзгеріс енгізуге үкіметті мәжбүр етті.
А.Дистервег халық педагогикасын оқу-тәрбие үдерісіне ендіруге атсалыса жүре, сословиелік тәрбиеге қарсылығын көрсеткен. Мектептің алдында тұрған басты мақсат – жастарды саналы адамгершілік рухта тәрбиелеу және тәрбиенің мазмұны – адамдар арасындағы бір-бірімен адамгершілік қарым-қатынастағы сүйіспеншілікке балаларды әдеттендіруіміз керек деп санаған. Тәрбиенің мәні – баланың табиғи мүмкіндіктерін дер кезінде байқап, дамуына қозғау салып, өзін-өзі тәрбиелеуге себепші болуда деп И.Песталоццидің пікірін қызу қолдады. Оқушылардың жас ерекшеліктерін, әр баланың дара өзгешіліктерін, зейін, ес, ойлау қабілеттерін мұғалімдердің білу керектігін атап көрсетті.
Ал оқу үрдісінің негізгі міндеті оқушылардың ақыл-ойын және қабілетін дамыту, оқыту арқылы баланы жан-жақты қалыптастырумен бірге, білім бере отыра, оның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуді міндеттейді. Оқушылардың ақыл-ойларын дамытуда жаратылыстану мен математиканың ролін жоғары бағалап, оған қоса тарих, география, ана тілі мен әдебиетін бірлікте оқыту барысында бұл үрдістің мән-мағынасы одан да бетер артатынын айтады.
Ол бастауыш мектепте берілетін білімнің көлемдерін кеңейтіп, жаратылыс, география, физика мен геометрия пәндерінен білім берумен қатар орта мектепте мамандыққа байланысты білім берілуін жақтады.
4-апта. 3,5 балл
16. Н.И. Пираговтың педагогикалық қызметі және педагогикалық идеясы
А. Дистервегтің табиғатқа сәйкестілік педагогикалық идеясы.
Жоспар:
1. А. Дистервегтің педагогикалық қызметі және теориясы
2. Табиғатқа сәйкестік идеясының маңызы
Н.И. Пираговтың педагогикалық қызметі және педагогикалық идеясы
Жоспар :
1. ХІХ ғ 60 жылдарындағы қоғамдық педагогикалық қозғалысқа сипаттама
2. Н.И. Пираговтың педагогикалық мұраларының негізгі идеясы
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Ақынжанова М. Қазақ ағартушылары. Алматы, 1995.
-
Әсіпов С.Ы. Ы.Алтынсарин – ұлы ағартушы. Алматы, 1984
-
Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы, 2006.
-
Әлсатов Т. Орта ғасыр ойшыларының педагогикалық ой – пікірлері. Тараз. 1999
-
Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы, 1984.
-
Дербісәлиев ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы, 1995.
-
Джуринский А.Н. История зарубежной педагогики. Москва, 1998.
-
Джуринский А.Н. История педагогики. Москва, 1999.
-
Каменский Я.А. Ұлы дидактика. (аударған Ә.Қоңыратбаев). Алматы, 1993.
-
Қалиев С., Ы.Алтынсариннің таңдамалы педагогикалық мұрасы. Алматы, 1991.
-
Из истории школьного образования Казакстана. Алматы, 1992.
-
Латышина Д.И. История педагогика. (История образования и педагогикой мысли). Москва , 2006.
-
Очерки иастории школы и педагогические мысли народов СССР с древнейших времен до конца ХҮІІ веке. М., 1989.
-
Титов В.А. История педагогики. Конспект лекций. Москва, 2003.
-
Қазақтың тәләмдік ойлар анталогиясы. 1 том. Алматы, 2005.
-
Өсеров Н., Естаев Ж.Ислам және қазақтың әдеп-ғұрпы. Алматы, 1992.
-
Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары.
-
Мағауин М.Қазақ тарихының әліппесі. Алматы, 1995.
-
Қазақ халқының тәлім-тәрбие тарихынан. Алматы, 1992
-
Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы. 7 том. Алматы, 2004
4-апта
17. Н.И. Пираговтың педагогикалық қызметі және педагогикалық идеясы
Н..И.Пироговтың педагогикалық көзқарасы. Николай Иванович Пирогов (1810-1881) шенеуніктің отбасында дүниеге келді. Мәскеу университетінің медицина факультетін бітірді. Ол орыс хирургиясының негізін қалаумен бірге көрнекті педагогика қайраткері болды. Оның әкімшілік–педагогикалық қызметі жемісті және қызу жүрді. Ол Дерпт университетінде, Петербург медицина академиясында оқытушы болды.
1856 жылы Одесса округінің оқу ісінің попечителі болып екі жыл қызмет етті. Ол гимназиялардың педагогикалық кеңесінің маңызын көтеруге барынша күш салды, оқу орындарының директорлары мен мұғалімдеріне балаларға адамгершілікпен қарауға бағыт берді. Одессада университет ашуға даярлық жасады.
Сол жылы “Мәскеу жинағында” Пироговтың мақаласы жарияланды, ол мақала педагогикалық және қоғамдық қауымнан қызу қолдау тапты. Мақала мерзімді баспасөз беттерінде қайта басылып, К.Д.Ушинскийдің айтқанындай “ұйықтап жатқан педагогикалық ойды оятты”.
1858-1861 ж. ж. Пирогов Киев оқу округін басқарды. Одесса мен Киев округтерінің оқу ісінің попечителі болған кезінде мектепті қайта құру мәселелеріне байланысты құнды-құнды пікірлер қосты.
Н.И.Пироговтың педагогикалық мұраларындағы басты идея тәрбие арқылы өзін-өзі тану, жалпыадамзаттық тәрбие мен жалпыадамзаттық білім беру болды. Оның пікірлері “Өмір мәселелері”, “Болу және болуға тырысу”, т.б. еңбектерінде Ришель лицейіндегі салтанатты жиында сөйлеген сөзінде (1857) көрініс тапты: ол адамгершілік тәрбие негізі – христиан дінінде дей отырып, тәрбиенің екі түрі бар: ол жалпыадамзаттық және арнайы; тәрбиенің ең бірінші мақсаты – “адам болуға” үйрету, яғни балалық шақтан бастап өмірдің материалдық жағын рухани өмірге тәуелді ету, бір сөзбен айтқанда, ең бастысы – адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру; адамның екі жақты сипаты бар, бір сипаты - биологиялық, екінші сипаты - қоғамдық; әр жеке тұлғаның ішкі және сыртқы дүниесіне қарама-қайшылық тән; адамның бойындағы табиғи және қоғамдық қасиеттерді үйлестіретін тек қана тәрбие деген пікірді уағыздады.
Н.И.Пирогов мектеп жүйесін сатылы болу керек деп санады. Бастауыш 2 жылдық мектептен кейін, екі типті 4 жылдық прогимназия (орталау мектеп), онан кейін тағы екі типті 3-5 жылдық оқу мерзімі бар гимназия, одан кейін жоғары мектеп (университеттер, жоғары оқу орындары) болуы керек деп санады.
Н.И.Пирогов әйелдерді оқыту, олардың құқын қорғау мәселесін қолдағанмен де, олар отбасында күйеуін қолдап, балаларын тәрбиелеумен айналысуы тиіс деп есептеді.
Н.И.Пирогов жоғары мектепке қатысты жазған мақаласында университеттік білімді қайта құру керектігін, онда ғылым қызметкерлері мен профессорларды даярлау, оқыту мамандықтың тар аясында емес, жалпыадамзаттық бағытта болуы керектігі жайлы мәселелерді көтерді.
4-апта. 4,5 балл
18. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық идеялары
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРА
ПРОГРЕССИВТІ ҚЫЗМЕТ
ИДЕАЛИСТІК БАҒЫТ
ХАЛЫҚТЫҚ ИДЕЯ
ИДЕАЛИЗМ
ЭТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАС
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАС
5-апта
19. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық идеялары
К.Д.Ушинскийдің қысқаша өмір жолы мен негізгі еңбектері. Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870) Тула қаласында дүниеге келген. Оның балалық шағы Чернигов губерниясындағы ата-анасының шағын иелігінде өтті.
1844 жылы Мәскеу университетінің заң факултетін үздік бітіріп шықты. Ярослав заң лицейінде әкімшілік және экономикалық ғылымдардың профессоры міндетін атқарушы болып тағайындалды. 1849 жылы лицейдегі студенттер арасындағы толқуларға байланысты қызметінен босатылды.
Ішкі істер министрлігінде қызмет атқара жүріп, “Современник”, “Библиотека для чтения” журналдарымен тығыз байланыс жасап, олардың беттерінде ағылшын тілінен мақалалар мен рефераттар аударып басты.
1854 жылы Гатчинадағы жетімдер үйіне мұғалім болып бекітілді, 1855-1859 ж. ж. оның инспекторы, яғни оқу меңгерушісі болды.
1859-1862 ж.ж. Смольныйдағы әйелдер институтының инспекторы, сонымен қатар “Халық ағарту министрлігінің журналында” редакторлық қызмет атқарды.
1862 жылдан қызметтен босатылғаннан кейінгі қалған өмірін педагогика теориясы мен бастауыш оқытудың әдістемесіне арнады.
К.Д.Ушинский өзінің “Педагогикалық әдебиеттің пайдасы” (1857) атты мақаласын отбасы тәрбиесі мен мектеп тәрбиесінің мәселелеріне арнады. Онда педагогикалық теорияны тәжірибемен байланыстыру, педагогиканы тәрбие өнеріне айналдыру, оны тек теория деңгейінде ғана емес, халықтың тәжірибесімен байланыстыру қажеттігін айтты.
“Қоғамдық тәрбиедегі халықтық туралы” (1857) мақаласында К.Д.Ушинский еуропа елдеріндегі тәрбие дәстүрін талдай келіп, мынадай маңызды қорытынды жасайды: ол халықтық тәрбие жүйесінің тәрбиелік күші кез келген абстрактылы педагогикалық жүйеден артық деп санады.
К.Д.Ушинский тәрбиенің ең басты мақсаты - адамның рухани дамуымен тығыз байланысты, ол үшін халықтың мәдени-тарихи дәстүріне сүйену және ұлттық ерекшелігін ескеру қажет деп тапты. Оның бұл пікірлері “ Ана тілі” (1861), “Орыс мектептерін орыс ету” (1867) “Халық мектептерінің құрылуына жалпы көзқарас” (1870) атты еңбектерінде орын алды.
“Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні” (1860) атты мақаласында К.Д.Ушинский еңбектің бала психикасы мен тәрбиесіне ықпал етуші фактор екенін айырықша атап көрсетті.
5-апта. 3,0 балл
20. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық идеялары
Л.Н. Толстойдың педагогикасына тән ерекшеліктері
Тест
1. Л.Н. Толстой мектебінің аты:
А) Ясная Поляна.
В) орта мектеп.
С) жоғары мектеп.
Д) барлығы дұрыс.
2. Л.Н.толстой нешінші жылдары шетелдерде болды?
А) 1861-1862.
В) 1858-185
С) 1961-1962.
Д) 1845-1846.
3.”Оқуға арналған орыс кітаптары” нешінші жылы баспадан шығарылды?
А) 1875.
В) 1900.
С) 1876.
Д) 1879.
4.”Адамды рухани жетілдіру, санадан тыс та, саналылық түрде іске асады” деп айтқан:
А) Л.Н Толстой.
В) Пирогов.
С) Стоюкин.
Д) Корф.
5. Л.Н. Толстой қай елдің жазушысы?
А) Ресей.
В) Қазақстан.
С) Туркия.
Д) Греция.
6.Л.Н. толстой шетелдерде қай елдердің мектептерімен танысты?
А) Франция, Италия, Бельгия, Германия.
В) Америка, Қытай, Туркия.
Д) Румыния, Брюссель, Бельгия.
Е) Ресей, Тәжікстан, Польша
7. Халық ағарту туралы мақаланың авторы:
А) Л.Н Толстой.
В) Пирогов.
С) Стоюкин.
Д) Корф.
8. Толстой оқытудың қандай ережесін ұсынды:
А) артық нәрсені айтып балаларды шаршатпау
В) қиын мәселелерді айтпау
С) түсінікті өту
Д) қызғылықты өту
9. Толстойдың педагогикалық қызметінің кезеңдері:
А) 3
В) 4
С) 2
Д) 5
10. Толстойдың педагогикалық шығармаларының неізі:
А) рухани адамгершілік тәрбие
В) діни тәрбие
С) еңбек тәрбиесі
Д) ақыл-ой
11. К.Д. Ушинский тәрбиені қалай атады:
А) тарихты жасаушы
В) адамды тәрбиелеуші
С) адамды дамытушы
Д) бағытты тәрбие
12. К.Д. Ушинский педагогика ғылымын қалай атады:
А) антропология
В) андрогогика
С) педалогия
Д) дұрыс жауабы жоқ
13. Балалар әлемі еңбегінің авторы:
А) К.Д. Ушинский
В) Ж.Ж.Руссо
С) Л.Н.Толстой
Д) Н.Пирогов
14. К.Д. Ушинский дидактикасының маңызы:
А) жалпы дидактиканың ұстанымдары
В) жеке дидактиканың ұстанымдары
С) әмбебап дидактика
Д) нақты әдістемелер
15. Педагогикалық әдебиеттің пайдасы еңбегінің авторы:
А) К.Д. Ушинский
В) Ж.Ж.Руссо
С) Л.Н.Толстой
Д) Н.Пирогов
16. Педагогикалық антропология тәжірибесі қай жылы жарық көрді:
А) 1868
В) 1865
С) 1879
Д) 1986
17. К.Д. Ушинский еңбектерінің жетістігі:
А) бастауыш оқыту мәселесі
В) адамның рухани дамуы
С) бала психикасының дамуы
Д) бала тәрбиесіне ықпал етуі
18. К.Д. Ушинский теориясының басты идеясы:
А) халықтық тәрбие беру
В) халықшылдық идеясы
С) қоғамдық ой-пікір
Д) еңбекке тәрбиелеу
19. К.Д. Ушинский негізгі тезисі:
А) оқыту мен тәрбиенің бірлігі
В) ақыл-ойдың бірлігі
С) адамгершілік тәрбиесі
Д) халықтық идея
20. Халық мектептерінің құрылуына жалпы көзқарас еңбегінің авторы:
А) К.Д. Ушинский
В) Ж.Ж.Руссо
С) Л.Н.Толстой
Д) Н.Пирогов
5-апта
21. Л.Н. Толстойдың педагогикасына тән ерекшеліктері
Л.Н.Толстойдың педагогикалық қызметі мен тұжырымдамасы. Лев Николаевич Толстой (1828 -1910) белгілі жазушы, ойшыл, педагог. XIX ғасырдың 60 жылдарында Ресейде өріс алған қоғамдық педагогикалық қозғалыстың әсерімен Л.Н.Толстой халыққа білім беру саласында қоғамдық ағарту қызметімен шұғылданды. Ол педагогикалық қызметінің алғашқы кезеңінде (1859-1862) Ясная Полянада шаруа балаларына тегін мектеп ашып, мұғалімдер шақырып, бұл мектепте өзі де сабақ береді. Оның бастамасымен Тула губерниясында 20 шақты бастауыш селолық мектептер ашылды, олардың мұғалімдеріне Толстойдың өзі көмек көрсетіп тұрды.
1861-1862 ж. ж. Л.Н.Толстой шетелдерде болды, Франция, Италия, Бельгия, Германиядағы мектептердің жұмысымен танысты. Шетел мектептерінің (әсіресе Германия) негізгі кемшіліктерін (формализм, балаларға еркіндіктің берілмеуі, т.б.) атап көрсетті. Өзі ұйымдастырған Ясная Поляна мектебінде балаларға толық еркіндік берілді.
“Соғыс және бейбітшілік” (1869) романын жазып болғаннан кейін Л.Н.Толстойдың педагогикалық қызметінің екінші кезеңі басталды. Балаларға арнап әдістемелік нұсқауымен “Азбука” кешенін жасады (1-2 кітап, 1872). “Азбуканы” өңдеу барысында “Арифметика” (1874), “Жаңа Азбука” (1875), “Оқуға арналған орыс кітаптары” (1875) баспадан шығарылды. Л.Н.Толстой Ясная Поляна мектебіндегі жұмысын қайтадан жалғастырды.
“Анна Каренина” романын жазып бітірген соң педагогикалық ізденісінің үшінші кезеңі басталды (1880 жылдың аяғынан 1910 жылға дейін), ол Толстойдың діни-адамгершілік ілімімен байланысты еді.
Л.Н.Толстойдың педагогикалық идеяларын түсіну, оның шығармашылық еңбегімен байланысты, оны толғандырған, шығармашылық ізденіске түсірген де адам мен адамзат өмірінің мәні болды. Толстой бір қырынан, өзінің педагогикалық шығармалары арқылы жаңашыл-педагог, тәжірибелі ұстаз және ұйымдастырушы болып көрінсе, екінші қырынан – философиялық және психологиялық мәселелердің сана мен өмірдің бірлігі, шектілік пен шексіздіктің өзара байланысы, өзіндік сананың дамуы, жеке және қоғамдық сананың даму төркіні, т.б. мәселелердің мәнін айқындауға тырысты.
Л.Н.Толстойдың барлық педагогикалық шығармаларының темірқазығы жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қабілеттерін дамытуға арналды. Жеке тұлғаның қалыптасуын оның адамгершілік қасиетімен және түрлі іс-әрекеттерімен байланыстырды.
Көрнекті педагог өз мақалаларында педагогиканың зерттеу әдістеріне ерекше мән береді. Соның ішінде мұғалім тәжірибесін зерттеу, әр мектепті “мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық еңбек зертханасына” айналдырудың маңызды екенін көрсетті.
Ясная Поляна мектебінде сабақ мұғалімнің оқушылармен еркін әңгімелесуі түрінде жүргізілді. Мектепте оқу, жазу, таза жазу, грамматика, дін сабағы, орыс тарихынан әңгімелер, арифметика, жағрафия, жаратылыстанудан алғашқы мәліметтер, сурет және ән үйретілді.
5-апта. 1,5 балл
22. Л.Н. Толстойдың педагогикасына тән ерекшеліктері
1. Л.Н. Толстойдың педагогикалық қызметі
2. Л.Н. Толстойдың мектебі
3. Л.Н. Толстойдың педагогикалық көзқарасы
4. Л.Н. Толстой оқулықтарындағы дидактикалық көзқарас
5. Л.Н. Толстойдың экспериментталды мектебі
6. Л.Н. Толстойдың әліппе оқулығы
7. «Ясная поляна» мектебі нің тәжірибесі
8. Л.Н. Толстой ер кін тәрбие туралы
9. Л.Н. Толстойдың діни көзқарастары
ЕКІНШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ
№
|
Тақырыбы
|
Апта саны
|
Балл
|
Бақылау түрі
|
23
|
Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарастарының жаңашылдығы
|
6- апта
|
| |
24
|
Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарастарының жаңашылдығы
|
3,0
| Тест |
25
|
А. Байтұрсыновтың педагогиткалық қызметі.
|
|
|
26
|
Мемлекеттік және қоғам қайраткері
Ә. Бөкейхановтың педагогикалық идеялары.
|
3,0
|
Эссе
|
27
|
Мемлекеттік және қоғам қайраткері
Ә. Бөкейхановтың педагогикалық идеялары.
|
|
|
28
|
М. Дулатов- педагог
|
7- апта
|
3,0
|
Тест
|
29
|
М. Жұмабаевтың педагогкалық идеялары
|
|
|
30
|
М. Жұмабаевтың педагогкалық идеялары
|
3,0
|
Глоссарий
|
31
|
Р.М. Лембертің педагогикалық қызметі
|
|
|
32
|
Р.М. Лембергтің педагогикалық қызметі
|
8- апта
|
3,0
|
Тест
|
33
|
Н. Құлжановатың педагогикалық жүйесіндегі мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі.
|
|
|
34
|
1960- 1990 ж Қазақстандағы мектептер мен педагогиканың дамуы
|
3,0
|
Презентация
|
35
|
1960- 1990 ж Қазақстандағы мектептер мен педагогиканың дамуы
|
|
|
36
|
Қазақ этнопедагогикасының мәні, мазмұны мен әдістері.
|
3, 0
|
Тест
|
37
|
Қазақ этнопедагогикасының мәні, мазмұны мен әдістері.
|
9- апта
|
|
|
38
|
А.С. Макаренконың тәрбиесі қиын балалармен жүргізген жұмысының педагогикалық тәжірибесі
|
4,5
|
Бақылау сұрақтары
|
39
|
А.С. Макаренконың тәрбиесі қиын балалармен жүргізген жұмысының педагогикалық тәжірибесі
|
|
|
40
|
Қазақ этнопедагогикасының мәні, мазмұны мен әдістері.
|
4,5
|
Тест
|
41
|
А.С. Макаренконың тәрбиесі қиын балалармен жүргізген жұмысының педагогикалық тәжірибесі
|
|
|
42
|
А.С. Макаренконың тәрбиесі қиын балалармен жүргізген жұмысының педагогикалық тәжірибесі
|
10- апта
|
|
Бақылау сұрақтары
|
43
|
Орыс педагогтардың тәрбие жүйесіндегі еркін тәрбие теориясы
|
|
|
44
|
Орыс педагогтардың тәрбие жүйесіндегі еркін тәрбие теориясы
|
|
Тест
|
45
|
Кеңес дәуіріндегі мектеп реформасы.
|
|
|
|
Барлығы:
| |
30 балл
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |