Бекіту сұрақтары:
1.Кеңес үкіметінің қоғамдық ғылымдарды идеолгиялы құралға айналдырудың алғашқы шаралары?
2. Кеңес тарих ғылымының қалыптасу процессіндегі Покровскийдің ролі?
3.Кеңес билігінің алғашқы кезеңіндегі тарихшыларды ата?
4.Тарих пән ретінде оқу орындарында қашан оқытыла бастады ?
5.Тарихшыларға қарсы жүргізілген алғашқы репресиның себебін түсіндір?
6.Екінші дүние жүзілік соғыс жағдайындағы тарих ғылымы?
Тарихнамалық деректер:
Покровский М.Н. "Русская история с древнейших времен” 5-ти томах), М.: Типография Т-ва Владимир Чичерин, Типография Т-ва И.Н. Кушнерев,1911-1915.
Бахрушин С. В. Очерки по истории колонизации Сибири. XVI-VII вв. М., 1928.
Богословский М.М. Историография, мемуаристика, эпистолярия: (Науч. наследие) /АН СССР. Архив АН СССР; Сост. Черная Л.А.; Отв. ред. Клибанов ...м., 1987.
Виппер Р.Ю.Большие проблемы истории. Рига, 1990.
ХІІ. ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕ ҒЫЛЫМИ МЕКЕМЕЛЕРДІ
ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ
Қазақстанда Кеңес үкіметі орнай сала бұрынғы қазақ жеріндегі ғылыми мекемелер қайта құрыла бастады. Гуманитарлы бағыттағы ғылыми мекемелердің негізгі мақсаты елде социалистік сананы қалыптастыру болды. Ол үшін осыған дейінгі буржуазиялық концепцияларға, идеяларға ғылыми тұжырымдарға соққы беретін кадрлар және ғылыми мекемелер қалыптастыру қажет еді.
Осылардың алғашқысы болып 1920 жылы 5 қазанда ұйымдастырылған Қазақстанды Зерттеу Қоғамы – (1920–1925) – қоғамдық–ғылыми мекеме ретінде қызметіне кірісті. Алдымен тарих–археология, этнография және жаратылыстану–география, кейін экономика, агрономия бөлімдері жұмыс істей бастады. Осы жылы Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесі мен Алматыдағы Жетісу бөлімдері қалпына келтірілді. Бұдан кейін Қазақстанды зерттеу қоғамының бөлімдері Орал, Петропавл, Көкшетау қалаларында ұйымдастырылды.
1921 жылы 7 ақпандағы Қазақ Кеңестік социалистік республикасы Орталық Атқару Комитетінің декреті бойынша Қазақстандағы барлық ғылыми қоғамдар Халық ағарту комиссариатының ғылыми бөліміне бағындырылды. 1922 жылы жазда қоғам мүшелері комиссариаттың Академиялық Орталық алқасы мен Орталық өлкелік мұражай кеңесіне қосылды. Қазақстанды зерттеу қоғамы облыстық және губерниялық партия комитеттері жанындағы партия тарихы мекемелерімен бірігіп, қазақ халқының тарихын және этнографиясын жаңа маркстік тұрғыдан зерттей бастады.
1921 жылы Архив бас басқармасы құрылып, тарихи деректерді жинау, өңдеу және ғылыми айналымға кіргізу мәселелерімен айналысып кетті. Сол жылы «Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу қоғамының еңбектері» атты жинақтың алғашқы, келесі жылы екінші басылымы жарық көрді.
Достарыңызбен бөлісу: |