Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет101/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Бекіту сұрақтары:
1.Кеңес үкіметінің қоғамдық ғылымдарды идеолгиялы құралға айналдырудың алғашқы шара­лары?
2. Кеңес тарих ғылымының қалыптасу процессіндегі Покровскийдің ролі?
3.Кеңес билігінің алғашқы кезеңіндегі тарихшыларды ата?
4.Тарих пән ретінде оқу орындарында қашан оқытыла бастады ?
5.Тарихшыларға қарсы жүргізілген алғашқы репресиның себебін түсіндір?
6.Екінші дүние жүзілік соғыс жағдайындағы тарих ғылымы?


Тарихнамалық деректер:
Покровский М.Н. "Русская история с древнейших времен” 5-ти томах), М.: Типография Т-ва Владимир Чичерин, Типография Т-ва И.Н. Кушнерев,1911-1915.
Бахрушин С. В. Очерки по истории колонизации Сибири. XVI-VII вв. М., 1928.
Богословский М.М. Историография, мемуаристика, эпистолярия: (Науч. наследие) /АН СССР. Архив АН СССР; Сост. Черная Л.А.; Отв. ред. Клибанов ...м., 1987.
Виппер Р.Ю.Большие проблемы истории. Рига, 1990.

ХІІ. ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕ ҒЫЛЫМИ МЕКЕМЕЛЕРДІ
ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ

Қазақстанда Кеңес үкіметі орнай сала бұрынғы қазақ жеріндегі ғы­лы­ми мекемелер қайта құрыла бастады. Гуманитарлы бағыттағы ғылы­ми ме­ке­­­ме­лердің негізгі мақсаты елде социалистік сананы қалып­тас­ты­ру болды. Ол үшін осы­ған дейінгі буржуазиялық концепцияларға, идея­лар­ға ғылыми тұжырым­дарға соққы беретін кадрлар және ғылыми меке­ме­лер қалып­тас­ты­ру қажет еді.


Осылардың алғашқысы болып 1920 жылы 5 қазанда ұйым­дас­ты­рыл­­ған Қазақстанды Зерттеу Қоғамы – (1920–1925) – қоғамдық–ғы­лы­ми меке­ме ретінде қызметіне кірісті. Алдымен тарих–археология, эт­но­графия жә­не жара­тылыстану–география, кейін экономика, агрономия бөлімдері жұ­мыс істей бастады. Осы жылы Орыс географиялық қоға­мының Батыс Сібір бөлімінің Се­мей бөлімшесі мен Алматыдағы Жетісу бөлім­дері қалпына келтірілді. Бұ­дан кейін Қазақстанды зерттеу қоға­мы­ның бөлімдері Орал, Петропавл, Көк­шетау қалаларында ұйымдасты­рылды.
1921 жылы 7 ақпандағы Қазақ Кеңестік социалистік республикасы Ор­талық Атқару Комитетінің декреті бойынша Қазақстандағы барлық ғы­лыми қоғамдар Халық ағарту комиссариатының ғылыми бөліміне бағын­­дырылды. 1922 жылы жазда қоғам мүшелері комиссариаттың Ак­а­­­демия­лық Орталық алқасы мен Орталық өлкелік мұражай кеңесіне қосылды. Қазақстанды зерттеу қоғамы облыстық және губерниялық па­р­­­­­­тия ко­ми­теттері жанындағы партия тарихы мекемелерімен бірігіп, қа­зақ хал­қы­ның тарихын және этногра­фиясын жаңа маркстік тұрғыдан зерттей бас­та­ды.
1921 жылы Архив бас басқармасы құрылып, тарихи деректерді жи­нау, өңдеу және ғылыми айналымға кіргізу мәселелерімен айна­лы­сып кет­ті. Сол жы­лы «Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу қоғамының ең­бек­тері» ат­ты жинақ­тың алғашқы, келесі жылы екінші басылымы жа­рық көрді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет