Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет121/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

М. Тәжин ұлттық тарихты зерделеу бойынша ведо­мство­аралық жұмыс тобының кеңейтілген мәжілісінде Қазақстан тарихын зерт­теудің басым бағыт­та­рын белгілеп, тарих ғылымының алдына маңызды мін­дет­тер қойды. Ол пәнаралық және объективтік тәсілдің негізін қалауда мемле­кет­тілік, ұлттық идея және ұлттық ұқсас­тық проблема­ла­ры назардан тыс қалмауы кер­ек екеніне тоқталып, аймақтық интеграция мен мәдени мұраны сақтау мәсе­ле­сіне мән берді.
Тарихнамалық зерттеулердің сипаты, мазмұны мен мәні әрбір тарих­шыдан тарихи әдебиетті тегіс қамти алумен қатар, тарихнамалық зерт­теулердің қазіргі методологиялары мен әдістемелерін толық меңгеруді талап етеді.
Тарихи зерттеулердің методологиялары мен әдістерін дайындамай, тарих ғылы­мының жемісті өркендеуі мүмкін емес. Мәселен, біз тарихты зерделеуде ұзақ жылдар бо­йы формациялық тәсілге иек артсақ, дүние­жүзілік ғылым оның өркениеттік, ментальдық, логи­калық, реконс­трук­тивтік әдістерін қолданып келді. Ғалымдар ертеректе мем­лекеттілік пен мә­дениет тарихына зер салған­ымен, формациялық методологиялар мен кеңес идео­логиясының аясынан шыға алмады. Бұл ретте қазақ халқы­ның тарихы, ұлттық мәдениет байлығының жергілікті ерекшеліктері жо­ға­лып, жалпылама әмбебап тарих түрінде түсін­дірілді. Қазақ мемле­кет­тілігі генезиссіз, эволюциясыз, мемлекеттік құрылымдар типо­логия­сы­ның дамуынсыз, жанамалай сипатталды.


Бекіту сұрақтары:
1.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдардағы тарихққа қызығушылқтың себебі неде?
2.90-жылдардағы кәсіби тарихшылардың дәрменсіздігінің себептерін ата?
3»Қазақстан тарихы» пән ретінде мектептерде қай уақыттан бастап оқытыла бастады?
4.Қазақ тарихнамасындағы академик М.Қ.Қозыбаевтің орны?
5.Қазақ анторопологисының негізін салушы ғалым?
6.Қазақ археология ғылымының биік дәрежеге жетуіне ат салысқан ғалымдарды ата?
7.Қазақ тарихнамасының алдында тұрған қандай келелі мәселелер бар?


Тарихнамалық деректер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет