Педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениет компоненттерінің мәні мен мазмұны



бет2/2
Дата23.09.2023
өлшемі19.63 Kb.
#478379
1   2
Педагогикалық

Педагогикалық шығармашылық (шығармашылық талдау, стандартты емес ойлау, жаңа ақпараттар іздестірудегі қажеттілік, экспериментке ұмтылыс);

  • Пәндік білім (кәсіптік кұзырлылық, арнайы кәсіби даярлығы, оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибесі, ғылыми бшіктілігі);

  • Педагогикалық стиль (педагогикалық нактылық, өзінің және өзгенің әрекетін қабылдай және бағалай білу дағдысы, педагогикалық бағыттағы тіл табысу мен әрекетшілдік, педагогикалық тактика мен этика, тыңдай және тыңдата білу дағдысы, адамдардың ішкі дүниесін тануға қызығушылық).

    Оқыту пәнін толық меңгеру, оның тарихын, теориясын, тәсілдерін, қазіргі заманға сай тәжірибесін білу педагогикалық шеберліктің негізін құрайды.
    Педагогикалық, (білім беру) технология.
    1) кәсіби педагогтің басқаруымен жүргізілетін оқушылардың (студенттердің) өзіндік және өзара білім алу процесі, оқу жоспары мен оқу бағдарламасында анықталған білім мазмұны мен әрекет түрлерін меңгеруіне байланысты олардың жұмысының әрбір сатысында болатын өзгерістер мен түрленулер; 2) студенттерді педагогикалық мамандықтарға кәсіби дайындауға анрналып бағытталған оқу (ғылыми) пәні; 3) дәстүрлі педагогикада:
    а) іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру және оны жарақтандыру;
    ә) өте аз шығынмен нәтиже алуға мүмкіндік беретін бірізді амалдар;
    б)педагогикалық проблемаларды әдіснамалық деңгейде талқылауға мүмкіндік беретін педагогикалық категория;
    в)педагогика, оқу процесін толық басқаруға мүмкіндік беретін
    жүйелі ойлау тәсілін енгізу;
    г)орындалуы кепілдік пен педагогикалық мақсаттарға алып келетін әрекеттің тәртіптелген жүйесі;
    д)дидактикалық инфрақұрылым, яғни оқытудың техникалық
    кұралдарын немесе компьютерлерді пайдалану, сонымен бірге
    пайдаланылған әдістердің көмегімен білім берудің тиімділігін
    арттыратын ықпалдарды талдау жолымен білім беру процесін
    оңтайландыру тәсілдерін жасактау және принциптерін анықтау:
    е) педагогикалық шеберлік;
    ж) оқыту мен тәрбиелеудің бірегей әдістемелері;
    з)дәл берілген мақсаттары мен оған жету жолдарын нақты
    аныктауға және сипаттауға болатын оқу процесін басқару
    бағытындағы дидактикалық проблемаларды шешу.
    Педагогикалық шығармашылық - педагогикалық шеберліктін маңызды және белгілі құрамдас бөлігі. Оның маңыздылығы оқыту мсн тәрбиенің жоғары дәрежелі натижесінле және «мұғалім-оқушы» жүйесінің оңтайлы карым-қатынасы нәтижесінде ғана ашылады. Педагогикалық шығармашылықта әр түрлі проблемалы жағдайлардың пайда болуы және оларды педагогтың өз көзқарасы мен стандартты емес тәсілдермен шешуге ұмтылуы шартты. Нақты шығармашылық акпараттың толықтығы және педагогтың оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық өзара әрекеттесудің әр түрлі кұралдары, формалары мен тәсілдерін тиімді және жаңаша колдану негізінде каланады.
    Педагогикалық стиль - педагогты (бір мектептің) өзге педагогтардан ерекшелеп тұратын өзіндік ойлары мен әрекеттерінің ерекшелігімен сипатталады.
    Әр педагогтың оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру сипаты өзгеше болып келеді. Оны оқушылар байқайды. Оңтайлы сипат әлемдік позициядағы көрегенділікпен, үнемі өз-өзін жетілдірумен, жұмысқа, өзіне, тәрбиеленушілерге деген дұрыс қатынасының әр алуан бағыттылығымен сипатталады. Психологиялық-педагогикалық өзара қатынаска түсе отырып, педагог-гуманистің өзіндік танымы мен рефлексиялық қабілеті ашылады.
    Аттракция (латын тілінен attractic - тартылыс) - педагогтың тартымдылық күшіне ие болу, өзге жанды баурап алу, ашық, сүйкімді болу к.абілеттілігі.
    Эмпатия- педагогтың өзге адамды, оның уайым-қайғысын, әрекет ету мотивін және сыртқы ортаға деген әсерін іштей түсіне білу дағдысы; бұл - рухани-эмоционалды күйді түсіну, осы күйді онымен бірге қайғыру.
    Рефлексия - педагогтың өзін, өзінің психикалық жағдайын сезіну, өзін сырттай елестете және сезіне білу, өзге адамдардың өзін қалай бағалайтындығын байқай білу дағдысы.
    Жоғарыда аталып өткен қасиеттерді өз бойынан таба білетін педагогтың мәдениеттілігі, оның педагогикалық тыңдай және тындата білу әдісі бойынша ерекшеленеді. Күнделікті қызметте өзіндік сыншылдық негізінде ол өзінің және өзгенің әрекетін бағалай білетін жағдайда болып педагогтың оқу-тәрбие міндеттерін сэтті шешуіне мүмкіндік береді.
    Білім сапасын дамытудың негізгі көрсеткіші мұғалімнің кәсіби Шеберлігіне байланысты өрнектеледі. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі келесі педагогикалық шарттарды жүзеге асыруы барысында дамытылады:
    Мақсаттылық - мұнда мұғалім іс әрекетіндегі саналы мақсат, әдістер, әрекеттердің тиімді түрлері тандаланып анықталады да, күтілген нәтижелерге іс әрекет пен окыту нәтижесінің қорытындыларын салыстыру әрі баскару құралы қызмет атқарады.
    Тұлғалық - әрекетшік. Мұнда жобалауда қойылған міндеттерді шешуде мұғалімнің оқушылармен, әріптестерімен педагогикалық ұтымды қарым-қатынастарды тағайындаумен байланысты іс-әрекеттер қамтылады. Ең бастысы, тыңдаушылардың шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуын камтамасыз ететін өзіндік жұмыстарға ерекше назар бөлінеді.
    Процессуалдық. Мұнда білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың аймақтық жүйесінде білім беру іс әрекетінің арнайы ұйымдастырылған үрдісі ретінде қарастырылады және оқытудың топтық форма мен бірлескен іс әрекетке бағдарлануын талап етеді.
    Басқарушылық. Бұл жерде білім арттыру курстарындағы оқыту үрдісін рефлексивтік түрде басқаруды мұғалім-мазмұндаму деп қарастыруға мүмкіндік береді.
    Мұғалімнің бір ғана сыры - оның мамандығы. Бұл дүниеде тендесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам - кәсіби мамандығына қүштар, оны жан-тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса, мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ.
    Үшінші қыры - мұғалімнің тілді меңгеруі - тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі - өнер. Себебі, тіл - тәрбие құралы.
    Төртінші кыры - байқағыштық сезімі және көрегендігі.
    Бесінші кыры - әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.
    Алтыншы қыры - жан-жақты дарындылығы.
    Жетінші қыры - үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы.
    Сегізінші қыры - үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп-этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті - сыртқы мәдениеті, қарым-катынасы, өзін-өзі баскаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты
    этикалық сапасы. Мұғалім - ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің сан-қырлылығынан ұстаз беделі деген ұғым туындайды. Мұғалімнің беделді болуының алғы шарттары: біріншіден, балаға үлгілі болуы және үлгі көрсетуші болуы керек.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет