Практикалық сабақтың тақырыбы :
Арқадан тастау әдістері..
Практикалық сабақтың мазмұны :
1. Жағадан және қолтықтан ұстап арқадан тастау.
2. Жеңінен және белдіктен ұстап жамбас жамбас арқылы лақтыру.
Әдебиеттер :
1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 79-96 беттер.
2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 34-35 беттер.
3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.
4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. Ойын ережесі.
Әдебиеттер :
1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 19-24 беттер.
2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 14-15 беттер.
3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.
4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.
СӨЖ мазмұны :
1. Ойын және математика.
XII – ші апта
12 кредит сағат
№ 12 дәріс
Тақырыбы: Жаттығу гигиенасы және жарақаттануды алдын оқу
Жастарға тән тағы бір ерекшелік – олардың жүйке жүйесі өзгергіш, икемді болып келеді де, сондықтар олар аса ептілікті қажет ететін жаттығуларды тез игеріп кетеді. Оқытушы әрбір сабаққа оны көңілді әрі спортшылардың сезіміне жақсы әсер ететіндей дәрежеде өткізе алатындай болып дайындалуы тиіс.
Егер қандай болмасын бір себептерден спортшы шамадан тыс жаттығып немес зорығып шаршап қалған болса, жаттықтырушы оның титықтағанының алғашқы белгілерін дер кезінде байқап, дәрігермен кеңесуге міндетті. Шамадан тыс жаттығу немесе қатты шаршау көбінесе біркелкі физикалық жаттығуларды жиі ұзақ уақыт жасай бергеннің салдары болады.
Спортты өндірістегі жұмыспен әрі кешкі мектептен оқумен ұштастырып жүрген жастарға жаттығу кезінде үлкен күш түсірсе де титықтап қалуы мүмкін.
Кейде шамадан тыс жаттығу жасағаннан кейін палуанның басы айналып, ауырып жүрегі айнып, жүрегінің тұсы ауруы мүмкін. Бұл оған көп күш түскендігінің - әбден шаршағандығының белгісі. Мұндайда спортшының тіпті есі кіресілі – шығасылы болып, жүрек соғысы әлсіреп, ырғағы бұзылып, кейде соғып, кейде соқпай қалуы да ықимал. Әрі осының алдында спортшы аурудан тұрған немесе салмағын азайтқан яғни шаршап қалған болса, ол тез титықтайды. Кейде жаттығу алдында ерініп бой жазбайтын немесе жарыс сипатындағы айқасып өзінің жаттыққан дәрежесінен асып түсетін қарқынмен жүргізетін жеткіншек оң қабырғаларының төменгі жағы ауырғандығын айтады. Ал қатты титықтап қалған жағдайда бауырда қан жиналуды жүрек қызметінің нашарлығының салдары болып табылады.
Кілем үстінде жүргенде кеудесі шаншып ауырса, оны жасөспірімге деміңді терең ал деп ұсыныс жасап, ауырғанын қойдыруға болады. Мұндайда мынадай амал дұрыс: ауызбен және бір мезгілде мұрынмен де дем алу қажет. Осылайша дем алғанда кеңіректегі нерв ұштары тітіркеніп, мұның өзі рефлекс арқылы бронхолардың кеңеюіне ықпалын тигізеді.
Оқу – жаттығу мақсатында лагерьге жиналған кезде дәрігермен жаттықтырушының ақылдасып жұмыс істеуінің маңызы зор. Бұл жағдайда спортшыларға түскен салмақты олардың организмінің қалпына келуін зерттеуге көп көңіл болу керек. Сонымен қатар жарыс алдындағы кезеңнің жоспарын осы жастағы жасөспірімдердің өндірісте қаншалықты жұмыс істейтіндігі ескерілмейтіндіктен олардың күйі тіпті ауырлай түседі. Сондай-ақ жасөспірімдерді ересектер қатарына қауырт қосып жіберуге болмайды. Жа палуан 19 – 22 жастағы жастарға арналған жарыстарға қатысуы тиіс. Бұл кезде салмағының өзгеруіне де мұқият қараған дұрыс, өйткені организмнің өсуі әлі де аяқталмаған. Күреспен айналысқан кезде мынадай зақым болуы мүмкін; табанның, тобықтың, тізенің буындары мен сіңірлері жілікшігін санын, денесін күрт болғанда созылып, тартылады.
Қарсыласы түрегеп тұрып лақтырғанда, иығымен немесе созылған қолымен құлағанда қарынның және білезігінің сүйіктері сынып кетеді;
Көтеріп алып арқасымен лақтырғанда басымен түссе, мойынының бұлшық еті, сіңірлері және омыртқалары зақымданады;
Қолдарының буындары шығып кетеді: шиқап шығады, тері ауруына шалдығады.
3. Қазақша күреске қойылатын гигиеналық талаптар оқу – жаттығу процесін дұрыс ұйымдастыруға ғана емес сонымен қатар спортшының ұтымды күн тәртібін ұдайы мұқият орындап отыруына да тығыз байланысты.
Егер жас палуан мезгілімен тамақтанбаса, ұйықтамаса онда оның жаттығуынан күткендей нәтиже шықпайды. Оны былай қойғанда күн тәртібі бұзылған жағдайда жеткіншектің жүйкесі немесе асқазан – ішек жолы ауруға ұшырауы ықтимал.
Алғашқы сабақтың өзінде жаттығушыдан күнделікті ертеңгі жаттығулар комплексін орындап жүруді талап ету қажет. Егер жаттықтырушы әрбір спортшының өзінің ерекшеліктеріне орай жеке комплекс белгілеп, оны ауық – ауық жаңартып отырса өте дұрыс болады.
Жасөспірімдердің жаттығатын сағаттары олардың күн тәртібінің ең қолайлы кезіне келуі тиіс. Жеткіншектерге олар тамақтанған соң 1,5-2 сағаттан кейін ғана жаттығуға кірісуге рұқсат етіледі. Кешкі асты да ұйқыға жатуға 2 сағат қалғанда ішу қажет. Жоғары кластарда оқитын жас спортшылар жақсы желдетілген бөлмеде кемінде 8 – 9 сағат ұйықтаулары тиіс.
Оқу – жаттығу сабақтарын таза ауада өткізген өте жақсы. Ең дұрысы-апталық циклда бір күнді түгел таза ауада ойын ойнап және дене шынықтыру жаттығуларын жасап өткізу.
Жасөспірімдерге бірнеше жыл бойы көп күш жұмсап, тынымсыз жаттығу аса зиянды. Мұндай жағдайда спортшының нәтижесі өспейтіні былай тұрсын, тіпті ұзақ уақыт бойына төмендеп кетеді. Кейбір жас спортшылардың жарыстарда табысқа жете алмай, жақсы нәтиже көрсете алмай жүргенінің бірден – бір себебі осы.
Спорттық киімдері әрқашан таза болуы тиіс, бандажын, трикосын және күрескенде киетін аяқ киімін бір – бірімен алмастырып киюге болмайды. Бұл спортшыларды тәртіпке ғана үйретіп қоймай тері ауруларының таралуынан да сақтайды. Күртешесін екі аптада бір жуады. Ал тырнағы алынбаған спортшыға кілемге шығуға рұқсат етілмейді.
Температурасы қалыптағыдан 1 – 3 градус төмен бөлмеде болу да организмді шынықтырады. Жеңіл киімін жүрген де пайдалы.
Ауаның t-сы 15 – 180С болғанда 3 – 5 минут бойына ауа ваннасын қабылдай бастап, содан соң ауаның t-сы 100С та ауа ваннасын қабылдау ұзақтығын бірте – бірте 1 – 2 сағатқа дейін жеткізуге болады. Күн редакциясы организмге едәуір әсер етеді. Ал күн көзінде ұзақ уақыт болса, организмге күн тиіп, тіпті терісі күйіп кетуі де мүмкін. Жаттығуды жиі әрі ұзақ жасап жүрген кезде күн көзінде аз ғана болған дұрыс. Егер күн көзіне қыздырғаннан кейін жүрек соғуы 30 проценттен астам жиілеп, ал дененің температурасы 10 тан астам көтеріліп кететін болса, бұл организмнің шамадан тыс қызып кететіндігінің белгісі.
Жаттықтырушылар мен жас палуандарды, әсіресе, жарыс алдындағы дайындық кезінде белокты шамадан тыс пайдаланудан сақтандыру керек. Өйткені мұндайда организмде толық тотықпайтын өнімдер жиналып, ішектерде іру процесін күшейтіп, бауырдың қызметі қиындайды.
Спорттағы алғашқы қадамынан бастап – ақ, жаттықтырушы жеткіншектерге өзін - өзі бақылаудың негізгі жолдарын үйретуі тиіс. Бұл істе оған дәрігер үлкен көмек көрсетуге міндетті. Өзін - өзі бақылаудың ең қарапайым жолдарының бірі салмағының өзгеруін тексеріп жүру болып табылады. Салмағының қалыпты күйінде екенін болу оп – оңай. Жеткіншек бойының биіктігін көрсететін саннан (155 см-ден 164 см-ге дейін болса) 100ді; (бойы 165-174сс болса) 105-ті, 175 см-ден биік болса 110-ы алып тастайды. Салмағының қалай өзгеріп отыратындығын бақылаудың да үлкен маңызы бар. Атап айтқанда, салмағының өспеуін дер кезінде бақылаудың мәні зор, бұл спортшының дұрыс және толық құнды тағаммен тамақтанбайтындығы оған түсетін күштің шамадан тыс асып кететіндігін яғни титықтап қалғандығын көрсетеді.
Жасөспірімдерге массаж жасау мәселесі жеткілікті зерттелмегендіктен сирек қолданылады. Сондықтан жаттықтырушылар дәрігердің көмегімен жеткіншектер мен жасөспірімдерді өздеріне өздері массаж жасай алатындай етіп үйретудің үлкен маңызы бар.
Массаждың негізгі амалдары сипалау, тазалау, уқалау, соққылау, жұлқылау.
Сипалау – теріге тікелей әсер етіп, қолмен сөлдің жүрісін, тыныштандырады, әсіресе жарыс алдында қатты жүрексінетін жеткіншектерді сабасына түсіруге көмектеседі, қаттырақ сипаласа, бұлшық етті шынықтырады.
Уқалау – массаждың ең маңызды және ең елеулі амалы болып табылады. Уқалау арқылы спортшының бұлшық еттерінің барлық топтарына түгел әсер етуге болады. Уқалаудың бір және екі қолмен ұзынынан ұзақ, қосарлы сақиналап, жылжытып, бунақтап жасалатын т.б. амалдары бар.
Жұлқылау – денедегі бұлшық еттің мол жеріне және процедураның соның ала жасалатын массаж.
Қандай массаж болса да жарық және таза бөлмеде өткізілуі тиіс, массаж жасалатын қимылдары оңай болуы үшін денеге бор немесе вазелин жағылады.
Жеткіншектерге жасалатын массаждың ұзақтығы 30 – 40 см, жастар үшін 40 минут. Мұның ішінде жұлқылау, сипалау, соққылау жалпы уақыттың 10 – 15 процентін, ысқылау 40 – 55 процентін, уқалау 30 – 35 процентін алады.
Моншаға бірге түскен жолдасымен көмектесіп аптасына бір рет массаж алған пайдалы. Оны буда 5 – 6 минут отырып, әбден терлеп шыққаннан кейін жасатқан жақсы.
Қауырт жаттыққанда, әр түрлі жастағы және даярлығы әр түрлі спортшыларды күрестіргенде салмағын мықтап азайтқанда, ересек палуандармен бірге жарысқа қатынасқа палуандардың зақымданып қалатындығы анықталды. Сондай – ақ, техникалық даярлығы нашар болса, ауырып жүргенде немесе жарақаты әбден жазылмай тұрып жаттығуға және жарысқа қатынасқа да зақым алады.
Жасөспірімдердің алған зақымының көбі спорттық тұрғыдан әбден жетілген кезеңіне дәл келеді де, жарысқа қатынасар алдында байқалады. Ол зақымдар негізінен алғанда дөрекі күресудің салдарынан соққы тиген немесе соғып алған жерлерде болады.
Палуан техникалық жағынан жақсы дайындалмаған болса да едәуір елеулі зақымға ұшырауы мүмкін. Мұндайда мойын омытрқасы зақымданып, шынтағы, иығы шығып, жілігі сынып, миы шайқалып, ірі сіңірлері де үзіліп немесе созылып кетеді. Осы айтылған жағдайлардың бәрінде де жаттықтырушы спортшыны дереу дәрігерге жіберуге міндетті.
Соғып алғанда немесе сіңірі созылғанда зақымданған жері салқындатылады. Ол үшін оған хлорэтил бүркіледі, мұз немесе салқын су басылады. Содан соң қысып байлап тастайды. Жылытатын процедураларды тек екінші тәулікке ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Ересек палуандарға қарағанда жастардың қабырғалары сирек сынады, өйткені олардың сүйектері аса серпімді келеді. Спортшы жарақатқа ұшыраған жағдайлардың бәрі де залдағы немесе медициналық пунктегі аптечкада сақталатын журналға тіркеліп отыруы тиіс. Спортшы ауыр немесе орташа дәрежеде жарақаттанса, мұндайда дәрігер мен жаттықтырушы талқыға салып, оның себептерін анықтағаннан кейін оны жаттығушыларға түгел түсіндірулері қажет. Секцияға қабылдап жатқан кездің өзінде – ақ жаттықтырушы денсаулығында аздаған кілтипаты болғанның өзінде оның кейіннен ауруға айналып, сөйтіп болашақ спортшы жаттығуға ұзақ уақыт қатыса алмай үзіліс жасауға мәжбүр болатындығын ескертуі тиіс.
Жаттығу барысында ауырып қалған немесе басқа себептерге байланысты белгілі бір мезгілде спортшының жеке күн тәртібімен жаттығуына ұсыныс жасап рұқсат етуге болады. Мұны дәрігер жаттықтырушымен бірлесе отырып, палуанды қайта қарап шыққаннан кейін және оның жаттыққанын көріп барып шешеді.
Дәрігер мен жаттықтырушы күн сайын бірлесе отырып қызмет істегенде ғана спортшыға жаттығу кезінде түсетін күшті дұрыс мөлшерлеуге болады. Дәрігер қарап шығып берген обьективті деректер мен бақылау нормативтерін, жарыс және жаттығу кезіндегі бақылау нәтижелерін ұдайы салыстыру жеткіншектер мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мәселесін шешуге мүмкіндік жасап қоймай коллективтегі тәрбие жұмысын жүргізуге де көп пайда береді.
№ 12 практикалық сабақ
Практикалық сабақтың тақырыбы :
Шалу әдістері.
Практикалық сабақтың мазмұны :
1. Жеңінен және жағадан ұстап, аяқтың алдынан шалу.
2. Жеңінен және иықтан ұстап, аяқтың сыртынан шалу.
Әдебиеттер :
1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 129-157 беттер.
2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 16-17 беттер.
3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.
4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. « Тоғызқұмалақ » ойынының ілімі.
Әдебиеттер :
1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 96-98 беттер.
2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 38-39 беттер.
3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.
4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.
СӨЖ мазмұны :
1. Ойын және компьютер.
XIII – ші апта
13 кредит сағат
№ 13 дәріс
Тақырыбы: Спорттағы бағдарлау мен іріктеу
Дене тәрбиесі мұғаліміне спорт дайындықтарының негізгі сипаттамасын, оның оқушылардың дене тәрбиесі жүйесіндегі орнын білуі. Спорттық бағдарлау мен іріктеуге белсене қатысуы қажет. Спорт дайындықтары бірнеше бағыттарға бөлінеді:
-
Әрбір спорт түріне дарынды балаларды қызықтырып , тарта білу.
-
Спорттық жаттықтыру үрдісін ұйымдастыру
-
Жарысқа қатысу
Оқушылар спортқа жан-тәнімен берілуі қажет . Егер оқушы спорт түрін жақсы таңдай білсе және онымен бар ықыласымен айналысса , онда ол сөзсізжоғары көрсеткіштерге қол жеткізеді. Жаттығушылардың спорт секцияларында тұрақтамауы , оқу тәрбие жұмысына кері әсерін тигізеді. Сондықтан оқушылардың спорт түрін таңдауына дене тәрбиесі мұғалімі мен жаттықтырушы бағыт сілтеп отыруы , бірге жұмыс істеуі қажет. Спорттағы бағдарлау және іріктеу кезінде спорт түрінің талаптарына , баланың өз басының ерекшеліктеріне, қабілеттілігіне көңіл аударған жөн .
Қабілеттілік-баланың өзі таңдап алған спорт түрінің қимыл, әрекеттерін тез және нәтижелі меңгере алуы және сол әрекеттердің оған ұнауы.
Спорттағы дарындылық дегеніміз –бала қабілеттілігінің , оның анатомиялық –физиологиялық ерекшеліктерімен үйлесуі. Сол арқылы спорт әрекеттерінің нәтижелі орындалуы.
Баланың қабілеттілігін, қызығушылығын, ұмытылысын, спорт түрімен шұғылданғысы келуін ескеріп сол спорт түріне бағыттау шараларын спорттағы бағдарлау дейміз.Оны бірнеше түрге бөлуге болады.
-
Үгіт, насихат, спорт түрлерінен мағлұматтар беру. Мектепке сабақ кезінде мұғалімнің баяндаулары, спорт туралы қабырға газеттері , стендтері, көрмелер , радио, теледидардан берілетін хабарлар, әдеби кітаптар оқу, спорт жарыстарын көру т.б.
-
Спорт туралы кеңес, әңгіме. Мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі оқушымен ол жақсы көретін спорт түрі туралы әңгімелеседі, сұрақтарына жауап береді .
-
Оқушылардың спорт түрлеріне қабілеттілігін анықтау.
-
Оқушыларды қабілеттілігіне байланысты нәтижелі айналысуға болатын спорт түріне бағыттау .
Оқушының дарындылығын,спорттық көрсеткіштерін ескеріп нақтылы спорт түріне іріктеуді спорттық іріктеу дейміз. Спорттық көрсеткіштер: спорт түрлері жаттығуларының техникасын жақсы меңгере білуі, дене қуаты дайындығы сынақ жаттығуларынан жақсы көрсеткіштер көрсетуі, сол спорт түріне қажет дене қуаты қасиетерінің даму деңгейі т.с.с.
Жаттықтырушы дарынды балаларды іріктеп алып, оларды жоғарғы жетістіктерге жеткізуді жауапкершілігіне алады . Спорттағы іріктеу бірінші және екінші іріктеу деген екі кезеңге бөлінеді. Бірінші іріктеу- келешек спортшымен танысу, оны жан-жақты зерттеу . Ол мынандай әр түрлі іріктеу түрлерінен тұрады:
-
Қозғалыс қасиеттерін әр түрлі сынақтар арқылы бағалау.
-
Дене құрылысы ерекшеліктерін көру , бағалау.
-
Психо-физиологиялық тексерулер (сұрақ қою әдісі)
-
Ата-аналармен танысу
Екінші іріктеу кезеңінде жас спортшының қабілеттілігі және бастапқы мамандану кезіндегі кемшіліктері анықталады. Іріктеу кезінде баланың морфологиялық ерекшеліктеріне назар аударған жөн (ағзаның құрылысы және дене мүшелері ). Спорт түрлері адамның морфологиясына әр түрлі талаптар қояды. Мысалы, найза , граната, диск лақтырушылардың ұзын бойлы , ауыр салмақты болумен бірге , айналу амплитудасымен ұшу жылдамдығы үшін қолдары да ұзын болуы шарт. Жеңіл атлетикамен айналысушылардың аяқтарының ұзын болуы қажет т.с.с. Жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жету үшін суға жүзу спорт түрлеріндегі баланың алақаны мен табанының жалпақтығының өзінің бірталай әсері бар екен.
Баланың денесінің, дене мүшелерінің өсуін , келешекте қандай болуын болжап, бағдарлаудың көп маңызы бар. Мысалы, баланың бойы 8-9 жас кезінде жанындағы балалардан биік болса , ол 18-19 жасқа дейін солай болып сақталады екен. Ал салмағының келешекте қандай болатынын болжап айту өте қиын.
Физиологиялық ерекшеліктер. Физиологиялық ерекшеліктер ағзаның қозғалысын ғана емес вегетативтік (қызметтік ) жүйесінің сипаттамасында көрсетеді. Жүгіру , шаңғы коньки спорттар іріктеу кезінде оттегін барынша керек ету деңгейін арнайы аппаратпен тексеру арқылы зерттейміз. Ол деңгей неғұрлым жоғары болса адамның сол спорт түрлерінен мүмкіндіктері көп болады. Жаттықтыру жасау арқылы ол деңгейді тек 20-30 пайыз ғана көтере алатынын ғалымдарымыз дәлелдеп отыр. Сондықтан спортқа табиғи дарынды балаларды іздеу қажет. Адамның қозғалыс мүмкіндіктері жаттығулар арқылы тексеріледі.
Психологиялық ерекшеліктер. Оқушылар жүйке-жүйелеріне байланысты мықты және жылдам психикалы спортшылар деп бөлінеді. Күрделі жағдайларда жүйке жүйелері мықты спортшылар, ал бірқалыпты , ұзақ жұмысты керек ететін спорт түрлерінде жылдам жүйке жүйеле спортшылар көп жетістіктерге жететіні дәлелденген.Жүйке жүйелерінің күштері қозу процесінің ұзақ сақталуына (яғни қозуды орталық жүйке жүйесінде ұзақ сақтай мүмкіншілігі), қозу және тежелу прцестерінің теңдігіне байланысты . Жүйке жүйесі жылдам спортшыларды қозу процесі тежелу прцесінен көбірек болғандықтан , олар тез шаршайды .
Бірақ кейбір спорт түрлерінің өз типологиялық ерекшеліктері болады. Мысалы, спринтерлердің жүйкесі жылдам, жүйке қозғалыстары кезінде қозу, тежелу процесінен көбірек болып келеді. Жүйке жүйесі жылдам адам боксте , семсерлесуде т.б. осыларға ұқсас спорт түрлерінде жоғары жетістіктерге жете алады . Жүйке жүйесінің осы ерекшеліктері туа бітер қасиет , ол жаттықтыру кездерінде көп өзгере қоймайды, сондықтан спортқа іріктеуде осы психологиялық ерекшеліктерге көңіл аударған жөн.
Тұқым қуалаушылық факторлары. Қазіргі кезде осы факторларға ерекше назар аударылып отыр. Адам ағзасының құрылысы ,салмағы ата-анадан балаға тұқым қуалау арқылы берілетіні дәлелденген. Ата-ана мен баланың қозғалыс қабілеттілігінің арасында байланыс бар екені білгілі (мысалы , қысқа қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру т.б.). Атақты спортшылар балаларының жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жетуге мүмкіндігі әлдеқайда көп.
Спорт түрін таңдау себептері. Ұл балаларда спорт арқылы дене қасиетін дамытуға , өзіне сенімділікке, мықты , күшті болуға ұмтылушылық байқалады. Қыз балалар әдемі қимыл мен мүсін сұлулығын жасауға ұмтылады. Балалардың спорт түрін таңдауына жалпылама үгіт , насихат көп әсер етеді. Сонымен қатар ата-аналары да баласының қай спортқа бейім екендігін байқап сол спорт түріне жазылуға ақыл кеңестерін бергені жөн.
Жаттықтырушылар іріктеу мен бағдарлау кезінде көптеген, әр түрлі амалдар қолданады:
-
Жарыс. Бұл амал ресми және әр түрлі бәсеке түрінде өтеді.
-
Жаттықтыру . Спортшының қабілеттілігін жаттықтыру сабақтары кезінде бағалау .
-
Бақылау сынақтары .Жаттықтыру кезінде қолданылатын негізгі жаттығу түрлерінен сынақтар алу.
-
Адам ағзасын зерттеу. Баланың қабілеттілігін әр түрлі аппараттар арқылы тексеру.
№ 13 практикалық сабақ
Практикалық сабақтың тақырыбы :
Аяқтан қағу әдістері.
Практикалық сабақтың мазмұны :
1. Жасанды адамды жоғары көтеріп, аяқпен қағып үйрену.
2. Аяқтан қағу әдістерін жаттығу кезінде жұптасып, алма кезек орындау.
Әдебиеттер :
1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 157-162 беттер.
2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 126-138 беттер.
3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.
4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. Ойын құралдары.
Әдебиеттер :
1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 15-19 беттер.
2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 14-15 беттер.
3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.
4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.
СӨЖ мазмұны :
1. « Тоғызқұмалақ – ертедегі ойын » тақырыбына реферат жазу және қорғау.
XIV – ші апта
14 кредит сағат
№ 14 дәріс
Тақырыбы: Спорттық жаттықтырудың негізгі ұғымдары мен амалдары
Спорттық жаттықтыру дегеніміз қозғалыс ептілігімен дағдысын қалыптастыруда , арнайы білім беруде, дене қуатын, психологиясын дамыту барысында жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жетуге бағытталған дене тәрбиесінің арнайы педагогикалық үйрету және тәрбиелеу процесі. Спорттық жаттықтырудың әсерін, нәтижесін, спортшы дайындығының деңгейін анықтағанда «дайындалғандық», «жаттыққандық» және «спорттық қалып» деген ұғымдар қолданылады.
«Жаттыққандық»- дегеніміз жүйелі дене тәрбиесі жаттығуларын жасау арқылы спортшы ағзасының берілген жаттықтырудың жүктемесіне қалыптасуы және оның жұмыс қабілеттілігі деңгейінің жоғарылауы.
«Дайындалғандық» спортшының дене қуаты қасиеттерінің, техникалық шеберлігінің, тактикалық және психологиялық дайындық деңгейлерінің жоғарғы деңгейге жетуі. «Дайындалғандық» термині осы аталған дайындық жақтарының кез-келгеніне жеке де арналуы мүмкін.
«Спорттық қалып, спорттық бап» спортшының белгілі бір циклде спорттық жоғары нәтижелер көрсетуге дайын күйі.
Спорттық жаттықтыру амалдары Дене мәдениеті жүйесінің арнайы саласы болғандықтан спорт жаттықтыруларында өзіндік амалдар қолданылады. Ол амалдардың көлемі мен құрамы спорттық жаттықтыру міндеттеріне байланысты болады.
Жаттықтырулардың негізгі амалдары дене тәрбиесі жаттығулары үш топқа бөлінеді:
І. Жарыс жаттығулары;
ІІ. Арнайы дайындық жаттығулары ;
ІІІ. Жалпы дайындық жаттығулары.
І . Жарыс кезінде орындалатын негізгіт жаттығуларды жарыс жаттығулары дейміз. Барлық жарыс жаттығулары ережесіне сәйкес орындалуы керек.
ІІ. Арнайы дайындық жаттығулары спортшыларды жарыс жаттығуларына дайындау үшін қолданылады. Ол 5 топқа бөлінеді:
-
Жақындататын жаттығулар – негізгі жаттығуларды меңгеруді жеңілдететін қимыл, әрекеттер.
-
Дайындық жаттығулар –негізгі жаттығуларды меңгеруге қажет дене қуаты қасиеттерін (күш, жылдамдық, төзімділік т.б.) дамытатын жаттығулар.
-
Жарыс жаттығуларының бір бөлшегі түрінде орындалатын жаттығулар .Мысалы, гимнастардың орындайтын жаттығуларының бөлшектері, жеңіл атлеттердің жүгіру қашықтықтарының бөлімдері т.б.
-
Бейнелеу жаттығулары- жарыс жаттығуларын кеңістікте бейнелеу түрінде орындалатын жаттығулар (Конькимен жүгірушінің дөңгелекті конькимен жүгіруі т.б.)
-
Басқа спорт түрлерінің жаттығулары (акробатикадағы сальто жасауды суға секірушінің қолдануы және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |