Педагогтердің білімін бағалауды (ПББ) жүргізу жөніндегі нұсқаулық
1. Уәкілетті орган анықтаған ұйым:
- санитарлық талаптарға сәйкес аудиторияларды (компьютерлік кабинеттерді) дайындауды қамтамасыз етеді: температуралық режимді сақтау, орынжайды желдету;
- бағдарламалық жабдықтамаларды дайындап, өтініштерді қабылдау, ПББ өткізу, апелляциялық рәсімдер кезіндегі жұмыстарды қамтамасыз етеді; ПББ аяқталғаннан кейін оның нәтижелерін өңдейді және береді; апелляция өткізеді және аппеляция нәтижелерін береді;
- тұлғаны тану немесе жеке басын куәландыратын құжат негізінде тану технологиясын қолдана отырып және рұқсаттама бойынша жеке басын сәйкестендіруді, педагогтерді компьютерлік кабинетке кіргізуді және отырғызуды жүргізеді;
- тестілеуді өткізу кезінде педагогтердің тыйым салынған заттарын сақтауға арналған орын дайындайды;
- компьютерлік тестілеу жүйесіне кіруді, компьютерлердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді;
- бейнебақылау арқылы ПББ жүргізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етеді;
- ПББ өткізу кезінде медициналық персоналдың жұмысын ұйымдастырады.
2. Тестілеуді өткізу қағидалары
ПББ жүргізу кезінде:
- тестілеу техникасы мен қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге;
- ПББ өтуіне байланысты тестілеу жүйесіне бұзушылық әрекет жасап, араласуға;
- дәліз бойынша кезекші қызметін атқаратын адамның рұқсатынсыз және сүйемелдеуінсіз аудиториядан (компьютерлік кабинеттен) шығуға;
- төтенше, форс-мажорлық жағдайларға немесе педагогтердің денсаулығына байланысты басқа да негізделген жағдайларға қатысты жағдайларды қоспағанда, аудиториядан (компьютерлік кабинеттен) 10 минуттан аспайтын және 2 реттен артық шығуға, бұл ретте тестілеудің бірінші және соңғы сағаттарында шығуға;
- келіссөздер жүргізу, бір орыннан екінші орынға ауысуға;
- жұмыс үшін берілген құжаттар мен қағаздармен алмасуға;
- аудиторияға (компьютерлік кабинетке) келесі тыйым салынған заттарды енгізуге: мобильді байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (смартфон), рациялар, ноутбуктер, плеерлер, модемдер (мобильді маршрутизаторлар), смарт сағаттар, смарт көзілдіріктер, фитнес-білезіктер (трекерлер), диктофон, сымды құлаққаптар, сымсыз, микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамералар, GPS (ДжиПиЭс) навигаторлар, GPS (ДжиПиЭс) трекерлер, қашықтан басқару құрылғылары, сонымен қатар келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғылары: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект);
- аудиторияға (компьютерлік кабинетке) шпаргалкаларды, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, Менделеевтің периодтық және тұздардың ерігіштік кестелерін, калькуляторды, түрлі форматтағы қағаздарды енгізуге;
- аудиториядан (компьютерлік кабинеттен) түрлі форматтағы қағаздарды шығаруға рұқсат етілмейді.
3. Отырғаннан кейін ПББ басталғанша тестілеу кезінде тәртіп ережелері бойынша нұсқама жүргізіледі.
4. ПББ жүргізу кезінде білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілдері бақылаушы ретінде қатысады.
Бақылаушы тестілеу кезінде педагогтерге жәрдемдеспейді, тестілеуді өткізуге кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермейді. Тестілеуді өткізу тәртібін бұзғаны үшін бақылаушы өз функцияларын орындаудан шеттетіледі.
5. Ерекше жағдайларды қамтамасыз ету
Білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтаған ұйым тағайындаған көмекші:
1) педагогке қанша қажет болса, сонша оқу керек;
2) ешқандай сөздің мағынасын түсіндірмеуі және ешбір жағдайда түсініктеме бермеуі керек;
3) педагогке іс жүзінде көмектеспеуі немесе кеңес бермеуі керек;
Көмекші кезекші ретінде әрекет ете алмайды, ол үшін жеке кезекші қажет.
Педагогтерді
аттестаттаудан өткізу
қағидалары мен шарттарына
13-қосымша
Нысан
Достарыңызбен бөлісу: |