Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары 1-тарау. Жалпы ережелер


-параграф. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды өткізудің тәртібі



бет4/33
Дата27.03.2024
өлшемі142.43 Kb.
#496667
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Ереже аттестация ЖОБА

3-параграф. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды өткізудің тәртібі

22. Педагогтің қызметі мен жетістіктерінің дәлелдері Платформадағы «жеке кабинетте» автоматты түрде қалыптастырылады.


23. Комиссия қаңтардан маусымға дейінгі кезеңде немесе қажет болған жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізеді.
24. Комиссия мүшелері осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес педагогтердің материалдарын (портфолио) бағалау парақтарын толтырады. Оқыту сапасы (тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру) осы Қағиданың 8-қосымшасындағы бақылау парағына сәйкес бағаланады. Педагог материалдарын (портфолио) бағалау парағы осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес нұсқаулықтың негізінде толтырылады.
25. Портфолионы қарау кезінде аудио - немесе бейнежазба жүргізіледі, ол аттестаттаушы органда кемінде бір жыл сақталады.


4-параграф. Педагогтің білімін бағалау тәртібі

26. ПББ электрондық форматта өткізіледі. Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым ПББ өткізу операторы болып табылады.


27. ПББ үшін тапсырмаларды әзірлеуді білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым жүзеге асырады, уәкілетті орган айқындаған ұйым уәкілетті органның сайтында ПББ тест тапсырмаларының спецификациясын және ұсынылатын әдебиеттер тізімін ашық қолжетімділікте орналастырады.
28. ПББ тапсыру үшін педагог ПББ өткізу операторының сайтында көрсете отырып, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйымға осы Қағиданың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10589 нөмірімен тіркелген) мүгедектікті белгілеу туралы құжат болған жағдайда мүмкіндігі шектеулі (көру, есту, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған) тұлғалар мүгедектікті анықтау туралы құжаттарды өтінішке тіркейді, онда көмекші қажеттігі қосымша көрсетіледі.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым педагогпен туыстық және басқа да байланысы жоқ, ПББ шеңберінде тапсырылатын пәндер педагогі болып табылмайтын ұйым қызметкерлерінің (және (немесе) ым тілін меңгерген маманның) қатарынан көмекші тағайындайды.
ПББ өтуге өтініш берген кезде педагогтер тапсыру тілін (қазақ, орыс), күнін, уақытын, тестілеу орынын таңдайды. Тестілеуден бір күн бұрын педагогке тестілеу күні, уақыты, орны туралы хабарлама жіберіледі.
29. ПББ педагогтің өтінішіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде өткізіледі.
30. ПББ өтеді:
педагогтер кезекті аттестаттауда жылына 1 (бір) рет – тегін, 1 (бір) рет – ақылы негізде 1 АЕК көлемінде;
мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагогтер жылына 1 (бір) рет – тегін.
Сынамалық тестілеу (мұғалімнің қалауы бойынша) – жыл бойы ақылы негізде. Сынамалық тестілеудің нәтижелері аттестаттаудан өту үшін негіз болып табылмайды.
31. ПББ келесі тапсырмалардан тұрады:
1) мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың мектеп алды сыныптарының педагогтері үшін:
«Бейіні бойынша әдістемелерді білу, мектепке дейінгі педагогика және психология» – елу тапсырма.
2) бастауыш білім беру педагогтері үшін:
«Пәндік білім» - елу тапсырма;
3) негізгі орта, жалпы орта білім беру педагогтері, білім беру ұйымдарының әдіскерлері үшін:
«Пәндік білім» – елу тапсырма;
4) қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:
«Педагогика және психология негіздері»- елу тапсырма;
5) арнайы ұйымдардың, интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, педагог-ассистенттері үшін:
«Педагогика және психология негіздері» - елу тапсырма;
6) арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері үшін:
«бейіні бойынша «Пәндік білім» - елу тапсырма;
7) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін пәндер, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері:
«Пәндік білім» – елу тапсырма;
басқа лауазымдардың педагогтері үшін:
«Педагогика және психология негіздері»- елу тапсырма;
8) білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшының орынбасарлары үшін:
«ҚР заңнамасын және нормативтік құқықтық актілерді білу» бағыты бойынша - алпыс тест тапсырмасы:
9) әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:
«Оқыту әдістемесі, ҚР заңнамасын және нормативтік құқтық актілерін білу» - елу тапсырма.
32. «Педагог-модератор» біліктілік санатын тұңғыш рет алуға үміткер педагогтер үшін ПББ келесі тапсырмалардан тұрады:
1) бастауыш білім беру педагогтері үшін:
«Пәндік білім, оқыту әдістемесі» - елу тапсырма;
2) негізгі орта, жалпы орта білім беру педагогтері, білім беру ұйымдарының әдіскерлері үшін:
«Пәндік білім, оқыту әдістемесі» – елу тапсырма;
3) арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері үшін:
«бейіні бойынша «Пәндік білім, арнайы педагогика және психология» - елу тапсырма;
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін пәндер, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері::
«Пәндік білім, оқыту әдістемесі» – елу тапсырма.
33. ПББ нәтижесі шекті деңгейге жеткен кезде оң деп саналады:
1) барлық лауазымдағы педагогтер үшін:
«педагог-модератор» біліктілік санаты – 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 70 %;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 80 %;
«педагог-шебер» біліктілік санаты – 90 %.
2) білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшысының орынбасарлары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлері үшін – 70%.
Педагогтердің білімін бағалау ұпайлары осы Қағиданың 11-қосымшасына сәйкес бөлінеді.
34. Педагогтерге нұсқау беру уақытын есепке алмағанда, ПББ орындау ұзақтығы:
педагогтер үшін – сексен минут, «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – жүз жиырма бес минут;
білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшысының орынбасарлары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлері үшін – тоқсан минут.
Мүмкіндіктері шектеулі (көру, есту, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған) тұлғалар үшін қосымша 40 минут беріледі.
35. ПББ рәсімі осы Қағиданың 12-қосымшасында ұсынылған нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
36. ПББ өткізу кезінде Қағидалар бұзылған жағдайда немесе рәсімнің бейнежазбасын қарау кезінде Қағидаларды бұзу дерегі анықталған жағдайда, тапсыру мерзіміне қарамастан, осы Қағиданың 13-қосымшасына сәйкес Қағидаларды бұзу актісі жасалады.
37. ПББ өткізу Қағидаларын бұзу дерегі анықталған жағдайда аттестатталушы бір жыл мерзімде аттестаттаудан өтуге жіберілмейді.
Педагогтің, бөлім басшысының (меңгерушісінің), әдістемелік кабинет (орталықтың) әдіскерінің қолданыстағы біліктілік санаты «педагог» санатына дейін; білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысының – «басшы» санатына дейін; білім беру ұйымы, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысының орынбасары – «басшының орынбасары» санатына дейін төмендетіледі.
ПББ өткізу Қағидаларын бұзу деректері қайта анықталған жағдайда педагог, бөлімнің басшысы (меңгерушісі), әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері аттестаттаудан өтуге – бес жылға, білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы – үш жылға жіберілмейді.
38. ПББ аяқталғаннан кейін нәтижесі ПББ өткен педагогтің компьютерінің экранында көрінеді.
39. ПББ нәтижесімен келіспеген жағдайда педагог ПББ өткізу залынан шықпай-ақ, әрбір тапсырма бойынша дәлелді (толық түсіндірмесі, тапсырмалардың қадамдық шешімі және т.б.) негіздемесімен компьютерлік тестілеу жүйесі арқылы апелляцияға өтініш беруге құқылы. ПББ өткізу залынан шыққаннан кейін апелляцияға педагогтің өтініші қабылданбайды.
Барлық тапсырмаларды дәлелді негіздемесіз (толық түсіндірме, тапсырмаларды кезең-кезеңімен шешу және т.б.) қайта қарау бойынша апелляцияға берілген өтініштер әрбір тапсырма бойынша қарауға жатпайды.
40. Апелляция мынадай жағдайларда қаралады:
1) тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:

  • дұрыс жауаптың негіздемесімен келіспегенде;

  • дұрыс жауап жоқ болғанда;

  • бірден көп дұрыс жауап болғанда;

  • тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған жағдайда.

2) тапсырмаларда фрагменттің немесе мәтіннің болмаған жағдайда техникалық себеп бойынша.
41. Апелляцияны өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган компьютерлік тестілеу жүйесінде апелляцияға өтініштерді қабылдауды қамтамасыз ететін апелляциялық комиссия құрады.
42. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
Аппеляциялық комиссия құрамына мемлекеттік органдар өкілдері мен білім беру ұйымдарының педагогетрі кіреді.
Апелляциялық комиссия тақ саннан тұрады. Апелляциялық комиссияның мүшелері комиссия отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.
Апелляциялық комиссия өкілеттігінің қолданылу мерзімі бір жылды құрайды.
43. Апелляциялық комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді. Апелляциялық комиссия отырыстарының хаттамасы уәкілетті орган бекіткен ұйымда бір жыл сақталады.
Апелляциялық комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
44. Осы Қағиданың 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша апелляцияны ескере отырып ПББ өткендігі туралы сертификат компьютерлік тестілеу жүйесіндегі педагогтің «жеке кабинетіне» жіберіледі.
ПББ нәтижесі ПББ тапсырған күннен бастап бір жылға жарамды болып саналады.
45. Уәкілетті орган айқындаған ұйым ПББ-дан өткен педагогтердің электрондық деректер базасын бес жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді.
46. Білім саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым аттестаттаушы органдарға тестілеу нәтижелері бар электрондық сертификаттарды тексеру үшін қолжетімділік береді.
47. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау материалдары мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келген, бірақ ПББ өтудің шекті деңгейіне жетпеген жағдайда педагогке біліктілік санаты беріледі:
біліктілік санатын растаған жағдайда бір деңгейге төмен;
біліктілік санатын беру жағдайында ПББ нәтижелерінен жоғары емес.
48. Біліктілік санатын растау кезінде «педагог-шебер» немесе 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар барлық лауазымдардың педагогтері ПББ тапсырудан босатылады, қызмет нәтижелерінің кешенді жинақтаудан өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет