Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидалары


-параграф. Педагогтерге біліктілік санатын жеңілдетілген тәртіппен беру тәртібі



бет2/13
Дата02.07.2023
өлшемі106.45 Kb.
#475498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
@8; 65=85 07 192

3-параграф. Педагогтерге біліктілік санатын жеңілдетілген тәртіппен беру тәртібі

65. «Болашақ» бағдарламасының түлектері болып табылатын адамдарға, сондай-ақ Президенттік кадрлық резервке енген адамдарға, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу үшін ұсынылған тізімге кіретін шетелдік жоғары оқу орындарының түлектеріне комиссия шешімімен біліктілік санатын беру рәсімдерінсіз «педагог-сарапшы» біліктілік санаты беріледі.


66. «Педагог-модератор» біліктілік санаты CLIL әдістемесі (бар болған жағдайда) және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:
ағылшын тілі бойынша: IELTS - 6,5 балл; TOEFL - 60-65 балл;
француз тілі бойынша: DELF - С1;
неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat – С1 меңгерген педагогтеріне жеке өтініші негізінде ұлттық біліктілік тестілеуі рәсімінен өтпестен беріледі.
67. «Педагог-сарапшы» біліктілік санаты CLIL әдістемесі (болған жағдайда) және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:
ағылшын тілі бойынша: IELTS - 6,5 балл; TOEFL - 66-78 балл;
француз тілі бойынша: DELF - С1;
неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat - С1 меңгерген педагогтеріне жеке өтініші негізінде ұлттық біліктілік тестілеуі рәсімінен өтпестен беріледі.
68. «Педагог-зерттеуші» біліктілік санаты CLIL әдістемесі (болған жағдайда) және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:
ағылшын тілі бойынша: IELTS - 7 балл; TOEFL - 79-95 балл;
француз тілі бойынша: DELF - С2;
неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat - С2 меңгерген педагогтеріне жеке өтініші негізінде ұлттық біліктілік тестілеуі рәсімінен өтпестен беріледі.
69. «Педагог-шебер» біліктілік санаты CLIL әдістемесі (болған жағдайда) және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаты бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің:
ағылшын тілі бойынша: IELTS - 7,5 балл; TOEFL - 96-110 балл;
француз тілі бойынша: DELF - С2;
неміс тілі бойынша: Goethe Zertifikat - С2 меңгерген педагогтеріне жеке өтініші негізінде ұлттық біліктілік тестілеуі рәсімінен өтпестен беріледі.
70. Жоғарыда аталған сертификаттары жоқ шет тілдерінің педагогтері біліктілік санатын беру рәсімінен жалпы негізде өтеді.

Педагогтерге біліктілік


санаттарын беру (растау)
қағидаларына
1-қосымша

Нысан

Біліктілік санаттарын беру (растау)
жөніндегі комиссия төрағасына
____________________________
(аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің,
облыстардың, республикалық маңызы
бар қалалардың және астананың білім
басқармаларының, білім беру саласындағы уәкілетті органның атауы)
Біліктілік санатын беруге қатысуға
өтініш

Мен, ________________________________________________________________,


(педагогтың Т.А.Ә. (болған жағдайда)
ЖСН_________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)

_____________________________________________________________лауазымы (мамандығы) бойынша _____________ біліктілік санатына 20 _ _ жылы біліктілік санатын беруге қатысуға жіберуіңізді сұраймын.


Бүгінгі таңда ________жылғы_________(айы) __________(күні) дейін жарамды ____________________ біліктілік санатым бар.


Мынадай жұмыс нәтижелерім негіз болады деп есептеймін:
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Өзім туралы мыналарды мәлімдеймін:


_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Білімі:

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Білімі туралы дипломда көрсетілген мамандық (біліктілік) немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік берілген қайта даярлау туралы құжат.








Жұмыс өтілі:

Жалпы

Білімі туралы дипломда көрсетілген мамандық бойынша (біліктілік) немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік берілген қайта даярлау туралы құжат

Педагогикалық

 





Алған (берілген) жылы көрсетілген марапаттары, атақтары, ғылыми (академиялық) дәрежесі, ғылыми атағы


_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Педагог жұмыс істейтін білім беру ұйымы (қажеттісінің астын сызу керек): мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, арнайы, қосымша білім.

Біліктілік санаттарын беру қағидаларымен, ұлттық біліктілік тестілеу туралы нұсқаулықпен, тыйым салынған заттар табылған кездегеі жеке жауапкершілік туралы келісіммен, ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу қағидалары мен педагогикалық этика бұзылған жағдайда педагогтің жеке деректерін және оның бейнесін ашық дереккөздергге орналастыру туралы келісіммен таныстым.


20___ жылғы «____»_______ __________________
(қолы)




Педагогтерге біліктілік
санаттарын беру (растау)
қағидаларына
2-қосымша


нысан


Портфолионы қабылдау-табыстау актісі
«___» ________ 20__ ж.
Біз, төменде қол қоюшылар, Сараптамалық кеңестің төрағасы
__________________________________________________________________
(тиісті деңгей) (Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)
бір тараптан және Комиссия төрағасы
_______________ ________________________________________
(тиісті деңгей) (Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)

екінші тараптан, портфолио (электрондық/қағаз форматта) тапсырылғаны және қабылданғаны туралы акт жасадық:







Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)

Лауазымы

Біліктілік санаты

Қолданыстағы

Өтініш берілетін





















Тапсырды: _______ ___________________ Сараптамалық комиссияның
(қолы) (Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда) төрағасы

Қабылдады: ______ ___________________Біліктілік санатын


(қолы) (Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда) беру (растау) комиссиясының
төрағасы




Педагогтерге біліктілік
санаттарын беру (растау)
қағидаларына
3-қосымша


нысан


Біліктілік санатын беру (растау) үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
ұйымы педагогінің портфолиосын бағалау өлшемшарттары



Бағалау өлшемшарттары

Біліктілік санаты

Педагог-модератор

Педагог-сарапшы

Педагог-зерттеуші

Педагог-шебер

Соңғы үш оқу жылында тәрбиеленеушілердің біліктері мен дағдыларының қалыптасуы. Біліктер мен дағдылардың қалыптасу динамикасын ескере отырып (бастапқы/аралық/қорытынды)1

Тәрбиеленушілердің біліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейін арттыру динамикасы-3%

Тәрбиеленушілердің біліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейін арттыру динамикасы-4%

Тәрбиеленушілердің біліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейін арттыру динамикасы-5%

Тәрбиеленушілердің біліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейін арттыру динамикасы-6%

Сабақ өткізу сапасы2

Бақылау парағымен және әдіскердің білім беру ұйымы басшысының сабағын талдаумен (ағымдағы оқу жылына кемінде 2 сабақ) сабақтың бейнежазбасы (ұзақтығы кемінде 10 минут)

Бақылау парағымен және әдіскердің білім беру ұйымы басшысының сабағын талдаумен (ағымдағы оқу жылына кемінде 2 сабақ) сабақтың бейнежазбасы (ұзақтығы кемінде 10 минут)

Бақылау парағымен және әдіскердің білім беру ұйымы басшысының сабағын талдаумен (ағымдағы оқу жылына кемінде 2 сабақ) сабақтың бейнежазбасы (ұзақтығы кемінде 10 минут)

Бақылау парағымен және әдіскердің білім беру ұйымы басшысының сабағын талдаумен (ағымдағы оқу жылына кемінде 2 сабақ) сабақтың бейнежазбасы (ұзақтығы кемінде 10 минут)

Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес педагогтің кәсіби конкурстардағы немесе олимпиадалардағы жетістіктері

-

-

Облыстық білім басқармасының жоспары бойынша немесе республикалық деңгейде өткізілетін кәсіби конкурстардың жеңімпазы немесе жүлдегері

Республикалық деңгейде өткізілетін кәсіби конкурстардың жеңімпазы немесе жүлдегері

Педагогикалық тәжірибені жинақтау

-

-

облыс/қала деңгейіндегі семинарларда, конференцияларда, форумдарда сөз сөйлеу (бағдарламаның көшірмелері, жинақтағы Жарияланымдар ұсынылады) немесе әдістемелік материалдарды әзірлеу (тиісті деңгейдегі оқу-әдістемелік кеңестің шешімі немесе авторлық құқық туралы куәлік ұсынылады) немесе тиісті деңгейдегі деректер банкіне тәжірибе енгізу туралы құжат немесе авторлық құқық туралы куәліктің болуы

Республика (халықаралық) деңгейіндегі семинарларда, конференцияларда, форумдарда сөз сөйлеу (бағдарламаның, жинақтағы жарияланымдардың көшірмелері ұсынылады) немесе авторлық әзірлемелер немесе
тиісті деңгейдегі деректер банкіне тәжірибе енгізу туралы құжат немесе авторлық құқық туралы куәліктің болуы

Осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес педагогикалық кеңес отырысының хаттамасынан үзіндінің болуы



1 біліктер мен дағдылардың қалыптасу динамикасы туралы ақпарат (бастапқы/аралық/қорытынды) ҰБДҚ-дан алынады немесе бірінші басшының қолы қойылған сканерленген нұсқасы электрондық форматта ұсынылады. Деректердің дұрыстығына педагог пен басшы жауапты болады.
2 Техникалық сипаттамалары
Ескертпе: біліктілік санатын беруге (растауға) арналған педагог портфолиосын бағалаудың барлық өлшемшарттары санатты беру (растау) рәсімдері арасындағы кезеңге ұсынылады, міндетті болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет