Іскерлік пен дағдылар:
педагогикалық тактты, педагогикалық этика ережелерін сақтайды; білім алушылар тұлғасына сыйластықпен қарайды;
білім алушылармен қарым-қатынаста демократиялық стильді ұстанады;
жоғары әлеуметтік құндылықтарға, гуманистік педагогика идеяларға берілгендігін білдіреді; жалпы адами және ұлттық құндылықтарының біріккен жүйесіне баулиды;
дискриминация, экстремизмнің кез келген түрлеріне қарсы тұру қабілетін көрсетеді;
ерекше білім қажеттілігі бар тұлғаға (оралман балалар, Қазақстанның резиденті емес, аз ұлт балалары, дарынды балалар, денсаулығы шектеулі балалар) педагогикалық қолдау көрсетеді ; оқыту мен тәрбиеде көптілділік тәсілдемені жүзеге асырады;
өзге өмір салтына, өзге мәдениетке толеранттілікті қалыптастырады; тілдік құзыреттілікті , мәдениет туралы білімді дамытады;
білім алушылардың мәдениеттік, тілдік қажеттілігі бойынша қолайлы білім ортасының дамуына ықпал жасайды.
Білім:
мектептің педагогикасы;
педагогикалық психология;
мектеп жастағы балаларды тәрбиелеудің инновациялық технологиясы;
оқу пәндерінің(пәндік сала) тәрбиелік әлеуеті ;
Тәуелсіз Қазақстанның жалпы ұлттық құндылықтары мен білім мазмұнының біріктіру қағидаттары;
білім алушыларда оң өзін-өзі бағалау, тілдерді оқу мүддесін, азаматтық бірдейлік пен лингвистикалық толеранттілікті қалыптастыру әдістемесі.
|
3-еңбек қызметі Әдістемелік: білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді
жүзеге асырады
|
Іскерлік пен дағдылар:
өз бетімен педагогикалық міндеттерді құрастырады;
өз бетімен білім алушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыратын оқытудың әдістері мен тәсілдемелерін қолданады;
өз бетімен сабақтарға негізгі және қосымша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлейді;
өз бетімен өзіндік сандық білім ресурстарын дайындайды;
өз бетімен білім алушылармен бірлесе жетістіктерді бағалау үшін жетістік критерийлерін әзірлейді;
өз бетімен оқытуда тіл мен пәнді кіріктіру үшін қажетті материалдарды, білім ресурстарды, оның ішінде сандық және тұпнұсқалық мәтіндерді жинақтайды және әзірлейді(көптілді бағдарламалармен жұмыс жасайтын оқытушылар үшін ).
|
Білім:
білім ресурстарының әдістері мен қағидаттарын әзірлеу, соның ішінде сандық білім ресурстарын;
оқу-тәрбиелік үдерістің жағдайын модельдеу әдістері;
тәрбие мен оқытудың авторлық технологияны дайындау әдістері мен қағидаттары;
педагогикалық жұмыстың тиімді құралдарын жинақтау және тарату әдістері;
пәндік-тілдік оқытудың кіріктірілген технологиясына сәйкес пән бойынша оқу-әдістемелік
материалды рәсімдеу және әзірлеу (көптілді бағдарламалармен жұмыс жасайтын оқытушылар үшін ).
|
4-еңбек қызметі
Зерттеушілік: білім мазмұнын меңгеру деңгейін
зерделейді, білім ортасын зерттейді
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |