Педагогтің Т. А.Ә



бет2/3
Дата28.11.2023
өлшемі54.94 Kb.
#484645
1   2   3
1 тарбие сагаты

Мирас қайдан келді?
Әкесі неге қуанды?
Мирасқа әкесі не берді? Не үшін?
Мирас кімді көрді?
Ол не істеді?
Мирас қандай бала? Оның бойынан қандай жақсы қасиетті байқадың?
Мәтінге қандай тақырып қойсақ болады?
Мәтін мазмұнын бір сөзбен түйінде...


«Болады! Болмайды!» ойыны
Ережесі: Егер оқушының бойында болуы керек қасиет болса «Болады!» , ал қажет емес қасиет болмайды «Болмайды!» деп айтады.

  • Мейірімді болуға...

  • Қатыгез болуға...

  • Әдепті болуға...

  • Сыпайы болуға...

  • Бұзық болуға...

  • Ақылды болуға...

  • Шыншыл болуға...

  • Кешірімді болуға...

  • Тәртіпті болуға...

  • Ұрысқақ болуға...

  • Қайырымды болуға...

  • Бауырмал болуға...

  • Мақтаншақ болуға...

  • Арам болуға...



Ой шақыру:
Мейірімділік деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
«Қайырымдылық», «жанашырлық» деген сөздерді қалай түсінесіңдер? 
Мұғалім сөзі:
Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық - мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.
Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдық жасау,кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді. 
Қайырымдылық жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға тарту, көрімдік, байғазы бәсіре т.б жөн –жоралғылар арқылы іс жүзінде ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады.
Қайырымды, мейірімді адам- айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық, қайырымдылық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет