Педагокика Бақылау сұрақтар Балалардың адамгершілік тәрбиесі дегеніміз?


Балалардың дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыруына тоқталыныз



бет3/3
Дата06.05.2024
өлшемі34.11 Kb.
#500606
1   2   3
Психология

4.Балалардың дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыруына тоқталыныз:
 Дене тәрбиесі — салауатты өмір негізі.
Бүкіл әлемдегі дәрігерлер мен педагогтар әлдеқашан ортақ пікірге келген еді: ұлт денсаулығын сақтап қалу үшін барлық күш жігерді біріктіру және оны балалар денсаулығын қорғауға бағыттау қажет.
XXI ғасыр–ақпараттардың аса молдығы бойынша бұрын-соңды болмаған ғасыр. Біз балаларға денсаулықты сақтау, түрлі аурулардың алдын-алу, салауатты өмір салты туралы көп айтып жүрміз.
Ал, бұл мәселелерді шешу балалар денсаулығын сақтау, оның ішінде дене тәрбиесі, психологиялық тұрақтылықты арттыру, орынды тамақтану және көптеген басқа мәселелер бойынша маңызды жұмыстарды қажет етеді. Мектеп мұғалімінің алдында оқушыларға білім берумен қатар олардың дені сау, дене бітімінің дұрыс жетілуін қадағалау міндеті тұр. Бүгінгі алдымызда отырған оқушы -ертеңгі еліміздің экономикалық қуатын, мәдени және рухани байлығын жақсартуға ықпал ететін жеке тұлға. 
5.Мектепке дейінгі балалардың еңбек тәрбиесіне сипаттама жасаныз:
Мектепке дейінгі естияр шақта балалар өзіне-өзі қыз-мет көрсетуде әжептәуір дербес болып қалады, еңбектің бұл турі олардың тұрақты міндетіне айналады. Тәрбиелік міндеттердің қиындатыла түсуі қимыл-әрекеттердің сапасына, өзін күту процесіндегі ұйымдасқаң тәртіп-ке, оған жұмсалатын уақытқа қойылатын талаптың арттырылуынан көрі-иеді. Тәрбиеші балаларда өзара көмектесу тәсілдерін қалыптастырады, оларға жолдастарынан қалай көмек сұрауды, қалай көмек көрсетуді, кө-мектескені үшін алғыс айтуды үйретеді.
Мектепке дейінгі ересек шақта өзіне-өзі кызмет көр-сетудің жаңа: төсегін жинау, шашын, аяқ киімін күту дағдылары игеріле-ді. Бұларға байланысты процестер неғұрлым күрделі тәрбиелік міндеттер-ді: балалардың бойында мұнтаздық пен тазалық әдеттерін, құрбыларынын арасында өзін дұрыс ұстау дағдысын қалыптастыру үшін пайдаланылады. Бала басқалардың қасында тұрып өзіне-өзі қызмет көрсетеді, сондықтан да ол маңайындағылардың қажеттері мен қиыншылықтарын түсінуі тиіс. Тәрбиеші нақты мысалдар арқылы басқалардың қажетін ескерте отырып қалай істеу керек екенін: шешінетін жерде шешінген баланың өтіп кетуі үшін жол беру; жуынған кезде кезекшілерді алдымен жіберу (өз міндет-теріне кірісу үшін олардың тезірек жуынғаны маңызды), балалардың бәрі уақтылы жуынып үлгеру үшін кранның алдында ұзақ тұрып алмау, басқа біреуге қолаисыздық жасамау ушін өтуге рұқсат сұрау және т. с. с. керек екенін түсіндіреді. Осының бәрі балаларды қарапайым сақтыққа, маңа-йындағыларды құрметтеуге қалыптастырады. Естияр топта еқбек күрделенеді, Балалардың өздер.і өсімдІктер-ді суарады, қанша ылғал қажетін анықтауды үйренеді, овощ өсіреді (тұқым себеді, жүйектерге су жібереді, өнім жинайды), тәрбиешінің жәрдемімен жануарларға (тиіндерге, атжалмандарға, үй қояндарына, тауыктарға) жем әзірлейді. Педагог қай жануарға қандай жем керек екенін.оның калай деп аталатынын және калай сакталатынын түсіндіреді. - ; Жануарларды күту процесі оларды қадағалаумен тығыз байланыстыры-лады. Балалар өсімдіктердің өсуі мен дамуы, жануарлардың жай-күйі күтімге байланысты екенін, олар үшін өздерінің жауапты екенін сезіне бастайды. ТІрі табиғат мүйісінің түрғындарына қамқорлық пен ықылас күшейеді, олар балалардың сүйікті жануарларына анналады.

6.Мектепке дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиені қалай түсінеді:


Егеменді еліміздің болашағы жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді. Қазіргі заманғы білім беру әлеуметтік құрылымының маңызды элементтерінің біріне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негізі балабақшадан қаланатыны белгілі. Балабақшадан бастап балаларға білімнің қыры мен сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау адамгершілік қасиеттерін дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етіп тәриелеу – біздің міндетіміз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап балалардың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз - баланың қоғамдық өмірде, еңбекте, табиғатта көркем өнерде бар әсемдікті сезіне білуге уйрету, тәрбиелеу деген сөз.
Эстетикалық тәрбие балаға қоршаған ортаның көркемдігін, адамның рухани сулулығын терең түсіндіре білу, сөйтіп оларды ойлау, қиялдау, сөйлеу қабылдау кабілетінің дамуына ықпал ету міндеттерін жүзеге асырады. Сонымен қатар жас ұрпақ әсемдікті, сулулықты түсініп одан ләззат алуға көркем өнер туралы біліммен мағлұматтармен қарулануға эстетикалық тәрбие арқылы мүмкіндік алады.
Эстетикалық тәрбие балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп сұлулықты сүйе білу, оны шығармашылықпен өмірге ендіре білу қабілетін, эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Эстетикалық тәрбие көркем өнер құралы ғана емес қоғамдық өмірдің, оқудың еңбектің, табиғаттың әсемдігін тану кезінде адамдармен қарым-қатынас үстінде тәрбиеленеді.
Көркем шығарманы табиғат әсемдігін адамның жақсы тәртібін, тамаша мінез құлқын мәдениеттілігін көріп сүйсіну, қабылдау адамның адамгершілік парасатына эстетикалық сезімдеріне үлкен әсер етеді.
Әсемдікті сезіну баланың өмірін байтып, бір-біріне достық қарым-қатынас мәдениетін, талпынысын, белсенділігін тудырады. 
Эстетикалық тәрбиенің бала дамуының алғашқы сатысы, бала дүниеге келгенінен бастау жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеудің негізі болып табылады.
Жас ұрпақтың эстетикалық талғамын дамыту мынау – «жақсы, әдемі, алмынау – жаман, көріксіз» деп ауызша айтумен жүзеге асырылмайды, бала өнер шығармаларын түсініп, нәр алумен қатар табиғаттың өнердің, еңбектің, тұрмыстың, ән сазын,қолөнер шығармаларын танып білу, өзі жасау арқылы талғамы дамиды. Бұнда оқыту ісі ерекше роль атқарады. Сабақта балалар көркем әдебиет, музыка, кескіндеу туындыларымен танысады, әсемдік әлеміне саяхат жасайды, содан рахаттанады, түсіну, көру, сезіну талғамы қалыптасады. Бұның өзі болашақтағы рухани дүниесінің баюына негіз болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет