Педиатрия-2 кафедрасы Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі



бет6/6
Дата26.01.2024
өлшемі1.43 Mb.
#489918
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
БАН 5СРС9 Сейіт А. Ә В-ЖМҚБ-09-19

Миокард инфарктысы

  • Бұл коронарлық қан айналымның ұзақ (20-минуттан астам) болмауынан жүрек еті бөліктерінің өліеттенуі.

Миокард инфарктысының этиологиясы

  • 90 %-ға жуық жағдайларда тромбозбен ушыққан коронарлық артериялардың атеросклерозы;
  • коронарлық артериялардың ұзақ қатты тарылуы (спазмы);
  • коронарлық артериялардың эмболмен бітелуі.
  • Миокард инфарктының дамуына қолайлы жағдайлар болып саналады: тұқым қуалаушылыққа бейімділік, артериялық гипертензия, семіру, қантты диабет, гиподинамия, темекі шегу және т.б.

МИОКАРД ИНФАРКТЫ КӨРІНІСТЕРІ

  • Зақымданған жеріне қарай:
  • - трансмуралдық (жүректің барлық қабаты бүлінген);

  • интрамуралдық (миокардтың іші бүлінген);
  • субэндокардтық (эндокард асты бүлінген);
  • субэпикардтық (эпикард асты бүлінген);
  • сол қарыншадағы майда ошақты н/е ірі ошақты.
  • Сол жақ қарыншаның бүліну мөлшері мен қанайналым өзгерістерінің арақатынасы:

Жалпы массадан бүлінген жердің %

Бұзылыстар

8 %

Жүректің босаңсу қызметі әлсіреуі

15 %

Жүрек шығарымы азаюы, диастолалық көлем мен қысымның артуы

25 %

Қанның кіші қанайналым шеңберінде іркілуі

40 %

Артериялық қысымның қатты төмендеуі

Бүлінген кардиомиоциттерден қанға белоктардың (тропонин, тропомиозин), ферменттердің (креатинфосфокиназа, аспартатаминотрансфераза, лактатдегидрогеназа) және миоглобиннің шығуы, осының нәтижесінде лейкоцитоз, ферментемия, миоглобинемия, қызба және ЭТЖ артуы байқалады;

  • Бүлінген кардиомиоциттерден қанға белоктардың (тропонин, тропомиозин), ферменттердің (креатинфосфокиназа, аспартатаминотрансфераза, лактатдегидрогеназа) және миоглобиннің шығуы, осының нәтижесінде лейкоцитоз, ферментемия, миоглобинемия, қызба және ЭТЖ артуы байқалады;
  • ЭКГ-да Q тісшесінің тереңдеуі, ST аралығының қалыпты орнынан ығысуы, QRS кешені мен Т тісшесінің өзгерістері пайда болады;
  • Бүліну ошағында брадикинин, гистамин, серотонин, аденозин көптеп жиналып қалуынан, қатты ауырсыну, қобалжу, қорқу сезімі дамиды.

Миокард инфаркты асқынулары

  • Жүрек аритмиялары;
  • Инфаркт рецидиві;
  • Дресслер синдромы;
  • Жедел перикардит;
  • Сол жақ қарынша жеткіліксіздігі;
  • Кардиогендік шок;
  • Жүрек
  • Аневризм;
  • Тромбоэмболия.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • 1. Түсіпқалиев Б. Балалар аурулары. 2013ж
  • 2.Исаева Л.А. Балалар аурулары Эверо.2015ж
  • 3.Атеросклероздың педиатриялық аспектрлері.Клиникалық протокол МЗ РК -2007 (Бұйрық №764)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет