Үйдің жалпы жоспары бөлмелердің екі тобының жиынтығы болып табылады, олар: үлкен залдардың орталық тобы және оның солтүстік жағынан шектесіп жатқан, орталық топқа қызмет көрсету мен оны қорғау міндетін атқарған шағын жайлардың шеткі тобы. Бүкіл ансамбльді айналасын төбесі жабық айналма дәліз қоршап жатыр. - Үйдің жалпы жоспары бөлмелердің екі тобының жиынтығы болып табылады, олар: үлкен залдардың орталық тобы және оның солтүстік жағынан шектесіп жатқан, орталық топқа қызмет көрсету мен оны қорғау міндетін атқарған шағын жайлардың шеткі тобы. Бүкіл ансамбльді айналасын төбесі жабық айналма дәліз қоршап жатыр.
- Архитектуралық кешеннің орталық құрылымы бөлу залының тік бұрышты бөлмесі (9,5х8,2 м) болган. Оның оңтүстік-шығыс жағында қызметшілерге арналған бөлме болды. Бөлу залының шыгыс жағында салтанатты «гоф- рирленген зал» орналасқан, оған ауланың ашық алаңшасы жапсарласып жатыр. Ортадағы болу залының солтүстік-батыс және солтүстік жағында діни жоралғылық орындар орналасқан. Көлемі 40 шаршы метрге жуық діни- жоралғылық салтанат залы ағаштан ойып әсем безендірілген. Онын ортасында ғұрыптық ошағы бар жартылай дөңгелек үлкен сәкі түр. Көлемі нақ сондай деуге болатын екінші діни-жоралғылық залдың да ортасында ошақты жартылай дөңгелек сәкі бар, алайда бұдан безендірілген іздер байқалмады. Сарайлардағы осыған ұқсас ғибадатхана кешендері Ташкент алқабындағы Қаңқа қамалынан, Мыңғұрық, Юнусабадтағы Ақтепе қалаларының жұрттарынан табылды. Ортадағы бөлу залының батыс жағында көлемі 40 шаршы метр болатын үлкен тұрғын зал орналасқан. Үйлердің орталық тобының солтүстік жағында қосалқы міндеттер атқарған орындар бар. Демалатын және тамақ ішетін орындар кешеннің солтүстік бөлігінде, не сарайға жақын бөлек тұрған үйде орналасқан болуы мүмкін деп шамаланады.
- Сарайлардың жалпы композициялық шешімі залдардың атқаратын рөлін ескере отырып, биіктігі оп түрлі болуын көздейді, мұның өзі сыртынан қарағанда көлемінің қызықты панорамасын жасаған. Мәселен, Қостөбедегі сарай үйі де биіктігі жағынан бейне бір үш денгейлі етіп құрастырылған. Кешеннің ең биік және еңселі орны — белу залы — бірінші жоғарғы деңгей, содан соң оның айналасын неғұрлым аласа залдар жартылай қоршап тұр және солтүстік жағында үшінші деңгей — бірқатар шеткі орындар бар. Биіктікті деңгейлері бойынша осындай тәсілмен болу арқылы бүкіл кешеннің бірегей композициясы жасалған. Шығыстың сәулет өнерінде сарай ғимараттары жоспарларының сыртқы түрі осы объектілерге ұқсас болып келуі кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |