ПӘн бағдарламасы (syllabus)



Дата13.06.2016
өлшемі1.5 Mb.
#133724
Пән бағдарламасының Нысан

титул парағы (SYLLABUS) ПМУ ҰС Н 7.18.4/19




Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті

ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)

PEB 2207 Биосфераның пайда болуы және эволюциясы



Павлодар, 2013ж.

Пән бағдарламасының Нысан

бекіту парағы (SYLLABUS) ПМУ ҰС Н 7.18.4/19

БЕКІТЕМІН

ХТжЖФ деканы

________ Ахметов Қ.Қ.

“___ ” ________2013 ж.

Құрастырған: аға оқытушы Ахметов Қ.И. _______________

Биология және экология кафедрасы


PEB 2207 Биосфераның пайда болуы және эволюциясы

5В060800 Экология мамандығының студенттеріне арналған




Пән бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама “__” __. 20__ ж. бекітілген жұмыс бағдарламсы негізінде әзірленді.


Кафедра отырысында ұсынылған. «_____» __________ 2013 ж. № ____ хаттама
Кафедра меңгерушісі ________________________ Жумадина Ш.М. «_____» __________ 2013 ж.


Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу әдістемелік кеңесімен мақұлданған

«_____» ___________ 2013 ж. № _____ хаттама


ОӘК төрайымы ________________________ Каниболоцкая Ю.М. «_____» ___________ 2013 ж.

1. Оқу пәнінің құжаты
Пәннің атауы: Биосфераның пайда болуы мен эволюциясы
Жоғары оқу орнының компоненттік пәні
Кредиттер саны мен оқу мерзімдері

Барлығы – 3 кредит

Курс: 2

Семестр: 4

Барлығы аудиториялық сабақтар – 45 сағат

Дәрістер - 30 сағат

Тәжірибелік/семинар сабақтар – 15 сағат

Зертханалық жұмыстар – қарастырылмаған

СӨЖ – 90 сағат

соның ішінде СРСП – 22,5 сағат

Жалпы еңбек сыйымдылығы - 135 сағат
Бақылау формасы

Емтихан – 4 семестр


2 Пререквизиттер

Курс студенттерде экология мен тұрақты даму, фитогеография негіздермен ботаника, зоогеография негіздермен зоология пәндері бойынша білімдердің болуын болжамдайды.


3 Постреквизиттер

Бұл курсты игеру кезінде студенттармен алынатын білімдер мен дағдылар экология мен биологияны оқытудың әдістемесі, глобальды экология, қоршаған ортаны қорғау мониторингі кезінде қажет.


4. Пән, мақсат пен міндеттер
Пәні - геосфералар, биосфераның құрамы, құрылымы мен шекаралары туралы жалпы түсінік. Жер планетасының жалпы сипаттамасы. Атмосфера, гидросфера, литосфера биосфераның бөлігі ретінде. Геосфера, гидросфера және аэробиосфера.

Пәнді оқытудың мақсаты: Жер геосфералардың бірі – биосфера – планетаның тірі затын құрайтын жиынтық, оның қасиеттері, құрылымы, эволюциясы, ағзалар мекендейтін, Жердің сыртқы күрделі қабаты ретінде - туралы негізқалаушы білімдерді қалыптастыру – биосфераға экологиялық факторлардың әсері, биосфера тұрақтылығының сақталуы, ноосфераны биосфераның жоғары дамуының сатысы ретінде, оның қасиеттері мен функцияларын қарастыру.


Пәнді оқытудың міндеттері: Жер биосферасының жалпы қасиеттерін ашу, «өмір қабығының» құрылымын және оның тіршілік ету заңдарын түсіндіру, олар жататын экожүйелер мен тірі ағзаларда болатын тұрақты өзгерістер туралы түсінік қалыптастыру, өзінің тіршілік етуінде биосфераның эволюциялық өзгерістерге ұшырауды бақылау.
. Білімге, біліктілікке, дағдыларға және құзырлыққа талаптар

В Бұл пәнді игеру нәтижесінде студенттер білуге міндетті:



  • Адам өмірінде және Жер планетасындағы биосфераның маңызын

  • Биосфераның құрылымы мен қасиеттерін

  • биосфера эволюциясын және оның құрамдас бөліктерін

  • адам іс-әрекетінің биосфераға көрсететін позитивті және негативті әсері туралы істей білуге:

  • тірі табиғатты зерттеу; алынған білімдерді талдау мен оларды тәжірибеде қолдану;

  • ауылшаруашылық мәселелерді шешуде жалпы биологиялық заңдарды қолдану.


5. Пәнді оқытудың тематикалық жоспары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттардың бөлінуі


№ п/п

Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша аудиториялық сағаттардың көлемі

СӨЖ

дәрістер

тәжірибелік (семинар)

зертханалық

1

Геосфералар, биосфераның құрамы, құрылымы мен шекаралары туралы жалпы түсінік

2

1

-

8

2

Биосфера заттарының типтері. Биосфераның тірі заты.

2

1

-

8

3

Табиғи экожүйелер биосфераның хорологиялық бірліктері ретінде

3

2

-

8

4

Биосфера тұрақтылығының себептері мен оның өзгеруі

3

1

-

8

5

Биосфера эволюциясы

2

1

-

8

6

Эволюциялық теориялар

3

2

-

8

7

Микроэволюция мен түрдің пайда болуы

3

2

-

8

8

Ағзалардың тарихи дамуы

3

1

-

8

9

Адамның пайда болуы

3

1

-

8

10

Мүшелер жүйелерінің эволюциясы

3

1

-

9

11

Макроэволюция

3

2

-

9

Пән бойынша барлығы: 135 (3 кредит)

30

15

-

90



6. Дәріс сабақтарының мазмұны
1 Тақырып Геосфера, биосфераның құрамы, құрылымы және шекаралары туралы жалпы ұғым

Жердің биосферасы

Биосфераны жер шарының ерекше қабықшасы ретінде қарастырғанда, Жер ғаламшарын және оның құрылымының жалпы сипаттамасымен алдын ала танысу керек. Бұл өмірдің қандай жағдайларда қалыптасатыны, оны не қорғайды және оның тіршілігіне не қауіп төндіретіні жайлы терең түсінуге мүмкіндік береді. Жердің жасы. Жер геосферасының негізгі сипаттамалары

2 Тақырып Биосфера заттарының типтері. Биосфераның тірі заты

Тірі заттың химиялық құрамы. Жер қыртысында химиялық элементтердің шамамен 100 ғана кездеседі, бірақ өмір үшін олардың 16 ғана қажет. Тірі ағзаларда көбінесе 4 элемент (атомдар санының кему ретімен) таралған: сутегі, көміртегі, оттегі және азот. Олардың үлесіне 99% артық масса сияқты, барлық тірі ағзалардың құрамына кіретін атомдар саны кіреді. Бірақ жер қыртысында таралуына байланысты алғашқы төрт орынды оттегі, кремний, алюминий және натрий алады. Сутегі, оттегі, азот пен көміртегінің биологиялық мәні негізінде 1, 2, 3 және 4 тең болатын валенттікке, сонымен қоса олардың берік валентті байланыстар құра алатындығына байланысты.

Биосферадағы тірі заттың қасиеті мен міндеті.
3 Тақырып Табиғи экожүйелер биосфераның хронологиялық бірліктері ретінде

Ландшафт тірегіндегі биосфера экожүйесінің табиғи жіктелуі. Құрлықтағы (тундра, тайга, қау жапырақты ормандар, біркелкі аймақтың даласы, чаппараль, гарсленд және саванна, шөл дала, тропик ормандары) экожүйлері. Тұщы су (баулы, лотикалық және батпақталған) және теңіз экожүйелері (мұхит, жағаоау сулары, терең су аймақтары)


4 Тақырып Биосфераның тұрақтылық себептері және оның динамикасы

Жердің магнит өрісі. Биосфераның негізгі қабаты. Биосферадағы ағзалардың әр түрлілігі. Биосфераның редуценттік тобы.


5 Тақырып Биосфераның эволюциясы

В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі. Қоршаған ортаға биотаның реттеуші әсері. Биосфера эволюциясының негізгі бағыттары және оның негізгі құрамдастары



6 Тақырып Эволюционистика тарихынан: дарвинизм мен ламаркизм

Эволюциялық түсініктің дамуының ерте кезеңдері. Ж.Б. Ламарктің эволюция теориясы. Ч.Дарвиннің эволюция теорисы



7 Тақырып Микроэволюция және түрдің қалыптасуы

Эволоюциялық процестің қарапайым алғышарттары: ағзалардың өзгеріс формалары


8 Тақырып Ағзалардың тарихи дамуы

Криптозойдың бірінші жартысындағы тіршіліктің қалыптасуы. Орта протеразойдағы тіршілік пен эукариоттің пайда болуы. Палеозойдағы тіршілік: теңіздер мен тұщы су қоймалары, құрлықыты игеру. Триаста флора мен фаунаның жаңаруы. Мезозой теңіздеріндегі тіршілік. Динозаврлар, кесірткелер мен құстар. Палеогендегі тіршіліктің дамуы. Адам эволюциясы: Homo тегі.


9 Тақырып Адамның пайда болуы

Өткендегі антропогенезге көзқарасы. Адамның пайда болу жануар тұжырымдамасы. Антропогенездің кезеңдері мен факторлары. Адамның атамекені.


10 Тақырып Мүшелер жүйесінің эволюциясы

Жүйке жүйесі. Эндокринді жүйесі. Қантамыр және лимфатикалық жүйе. Репродуктивті жүйе.


11 Тақырып Макроэволюция

Онтогенезде ағзалардың дефференциясы. Онтогенез бен филогенездің қарым-қатынасы. Макроэволюцияның сальтационды тұжырымдамасы. Эволюциялық процестің басты бағыттары. Эволюцияны бағыттайтын фаторлар. Марфофизиологилық прогресстің белгілері. Ароморфоздар. Корреляционды жүйелердің эволюциялық құрылуы.


7 Тәжірибелік жұмыстарың мазмұны

1 Тақырып Геосфера, биосфераның құрамы, құрылымы және шекаралары туралы жалпы ұғым

Жер ғаламшарының жалпы сипаттамасы. Атмосфера, гидросфера, литосфера және геосфера биосфераның бөлігі ретінде. Геосфера, гидросфера және аэросфера.

Әдебиет: [1 - 10]
2 Тақырып Биосфера заттарының түрлері. Биосфераның тірі заты

Биосферада айналымдағы заттардың түрлері, өмірлік маңызы бар биогенді заттардың биохимиялық циклі

Әдебиет: [1 - 10]
3 Тақырып Табиғи экожүйелер биосфераның хронологиялық бірліктері ретінде

Құрлықтағы, тұщы судағы және теңіз экожүйелері. Тұщы және теңіз мендерінің факторлары мен ерекшеліктері.

Әдебиет: [1 - 10]
4 Тақырып Биосфераның тұрақтылық себептері және оның динамикасы

Биосфера динамикасының себептері; биосфера тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі факторлары. Биосфераның тұтастығы ғаламдық экожүйе ртінде. Биосфераның тұтастық заңы

Әдебиет: [1 - 10]
5 Тақырып Биосфераның эволюциясы

Жер шарында биосфераның және тіршіліктің пайда болуы. Тіршілік пен биосфераның пайда болуының және болмысы туралы В.И. Вернадскийдің көзқарасы. Биосфера эволюциясы мен оның негізгі құрамдастарының басты бағыттары.

Әдебиет: [1 - 10]
6 Тақырып Эволюционды теориялар

Неоламаркизм: негізгі бағыттары, тәжірибелік дәлелдеу әрекеттері. Неоламаркизм және эволюционды теориның негізгі мәселелері

Әдебиет: [1 - 10]
7 ТақырыпМикроэволюция және түрдің қалыптасуы

Түр биологиялық макрожүйе ретінде, түрдің популяциялық құрылымы, кеңістік пен уақыттағы түр, түрдің бейімділігі мен бейімделушілігі, полиморфизм

Әдебиет: [1 - 10]
8 Тақырып Ағзалардың тарихи дамуы

Криптозой және төменгі кембрий - көпжасушалары ағзалардың пайда болуы. Палеозой дәуірі - соңғы палеозой. Мезозой дәуірі - мезозойдың екінші жартысында жердегі биоценоздың өзгеруі. Кайнозой дәуірі - неогендегі тіршіліктің дамуы. Адамның пайда болуы мен эволюциясы - приматтар эволюциясының ерте кезеңі

Әдебиет: [1 - 10]
9 Тақырып Адамның пайда болуы

Нәсіл және оның пайда болуы. Нәсілшілдік. Қазіргі адамның экологиялық әр түрлігі. Адамның сәдени дамуы

Әдебиет: [1 - 10]

10 Тақырып Мүшелер жүйесінің эволюциясы

Дене жамылғысы. Қаңқа. Дем алу жүйесі. Бөліп шығарушы жүйе.

Әдебиет: [1 - 10]


11 Тақырып Макроэволюция

Дара даму мен эволюция - онтогенез бен ағзаның тұтастығы. Макро-және микроэволюцияның айырмашылығы - макроэволюцияның жүйелік концепциясы. Макроэволюцияның бағыттары мен оның бағыттылығының мәселелері - негізгі белгілері мен каскадты әрекеттесу. Эволюционды прогресс - арогенездің әрекеттерінің себептері. Макроэволюцияның қарқыны - макроэволюциялық типостаздың себептері.

Әдебиет: [1 - 10]
8. Ұсынылған рефераттар тақырыбы
1. Тарихтағы табиғат пен қоғам қарым-қатынасының негізгі кезеңдері. Экологиялық күйзелісі және тарихтағы табиғат пен қоғам қарым-қатынасының төңкерісі. Биосфера мен өркениеттің дамуындағы эколгиялық күйзелістер.

2. Қазіргі заманның эволюция теорисының қалыптасуы: дарвинизм және генетика. Эволюцияның синтетикалық теориясының қалыптасуы

3. Түрдің қалыптасуы және түраралық қатынас: аллопатрикалық және симпатрикалық қалыптасу, оның қарқындылығы, жақын түрлердің қарым-қатынасы, биоценоздағы түраралық қатынас пен коэволюция.

4.Криптозой және төменгі кембрий - кембрий басындағы "Жарылыс эволюция"

Мезозой дәуірі - ұлы қырылу. Кайнозой дәуірі - төрттік кезең. Адамның пайда болуы мен эволюциясы - адамға ұқсас приматтардың эволюциясы.

5. Дара даму және эволюция - педоморфоз. Эволюционды даму- арогенез жолындағы шектеулер мен басты ароморфоздар



9. ООӨЖ кеңес графигі ( ООӨЖ ОӨЖ-ның 25% құрайды)




Сабақ түрі

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

1.

Дәріс сұрақтары бойынша кеңес




13:40

14:30










2.

Семинар сұрақтары бойынша кеңес










13:40

14:30





3.

ОӨЖ сұрақтары бойынша кеңес










14:45

15:35





4.

Реферат тақырыптары бойынша кеңес










15:50

16:40





5.

Тест тапсырмалары бойынша кеңес













10:25

11:15



10. Оқушылардың білімдерін тексеру кестесі

Дәріс және тәжірибе (семинарлық, зертханалық, жеке, студиялық) сабақтарға қатысу 0-100 балл болып бағаланады.


11. Студенттердің білімдерін анықтаудағы критерийлері
Сабақты жалпы қорытындылауы тест түрінде аяқталады, бұл барлық өтілген материалдарды қамтиды. Емтиханға жіберілуді алу үшін студент келесідей пән бойынша қамтылатын міндеттерді атқаруы қажет:

Әрбір тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.

Жіберілу рейтингі орташа арифметикалық барлық тапсырмаларды ағымдағы сабақтардағы орындалған түрі бойынша есептеледі (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, СӨЖ тапсырмалары, тәжірибе және т.б. тапсырмалары, межелік бақылау).

Жұмыс оқу бағдарламасындағы барлық орындалған тапсырмалары бойынша (барлық зертханалық жұмыстарды орындау және тапсыру, СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру), курстық жобаны қорғаудан оң баға алуынан және жіберілу рейтингі 50 баллдан кем болмаған студент қорытынды бақылауға (ҚБ) жіберіледі.

Студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі әр бір пән бойынша, соның ішінде МЕ қорытынды бақылауынан, қорытынды бағамен анықталады, ол ЖР мен ҚБ есебімен есептеледі.

Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4

Салмақтық үлесімі әр жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ЖР 0,6-дан, ал ҚБ 0,3-тен кем болмауы керек.

КЖ/КЖ комиссия алдында қорғалады. Бағасы көрсетілген жұмысы бойынша және жетекшісінің пікіімен қаралып есептеледі.

Қорытынды бақылау пән бойынша студенттің оң бағасымен және жіберілу рейтингісімен есептеледі.

Егер де қорытынды бақылауға себепсіз жағдайлармен келмеген болса, онда ол «қанағаттанарлықсыз» бағасымен сәйкескеледі.

Емтихан қорытындысы сол күні белгілі болады немесе келесі күні, себебі, егер емтиханның екінші кезеңі сол күні түстен кейін жазбаша түрде өтілген болса.

ЖБ, ҚБ және ЕҚ 0 ден 100 пайыздық мөлшермен есептелінеді.

Межелік бақылаудың бағасы ағымдағы бағамен және межелік бақылау бағасымен есептеледі.

Оқу жетістіктері, яғни студенттік білімдері біліммен, дағды-машықтармен, пән бойынша келесі әріптік жүйе және дәстүрлі баға шкаласымен бағаланады:




Әріптік жүйе бойынша бағасы

Балдардың сандық эквмваленті

Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі баға шкаласымен

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


12. Оқытушының талаптары, саясаты және рәсімдері

Студент дәріс сабақтарына міндетті түрде қатысуы тиіс. Сабаққа қатысу әр бір сабақта белгіленеді (сабақтың басында немесе аяғында). Егер белгілеу кезінде студент болмаса, бұл деканаттың қарастыруымен қаралып түсініктеме қағазымен беріледі. Сабақта 2 рет қана жоқ болуы жіберіледі. Сабаққа екі рет қалып келу, бұл бір рет жоқ деп есептелінеді. Егер де екі реттен жоқ болса, бұл әкімшілдік шешім сұрағымен қарастырылады. Дәрісте басқа топтың студенттеріне отыруға тыйым салынады.

Тапсырмаларды дәл уақытында тапсыру қажет. Ең соңғы кезі емтиханға дейін 3 күн қалғанда қабылданады. Осы аталған тапсырмалардың барлығы егер тапсырылмаса, студент емтиханға жіберілмейді.

Тақырыптарды қайталау және өткен материалдарды қамтуы әр кезде қаралып отыруы керек. Оқу материалдарын меңгеруі тестпен немесе коллоквиуммен қаралып бағаланады. Тестілеу кезі студенттерге айтылмай қабылдануы мүмкін.



Студенттердің өздік жұмыстарын (СӨЖМ) мұғаліммен орындау кезіндегі төрт негізгі қызметтері қарастырылып отырады. Бұлар:

Бірінші - оқу пәні бойынша бастапқы сессия кезеңіндегі мұғалімдерден алынған мәліметтер бойынша студенттердің белсенді қабылдауының негізін іске асыру

Екінші - курстық және бақылау жұмыстарды, үй тапсырмаларын орындауы, әдеби кітап тізімдерін, оқу-әдістемелік нұсқауларын оқып тануының барлығы мұғалімнің айтуы бойынша студенттің өздік жұмысымен істелінетін қызметі болып табылады. Осы деңгейде студенттің өзінің білімін, жұмыс істеу әдістерін байқап, іске асыруы қажет. Өз-өзін ұйымдастыра білуі керек.

Үшінші – өздерінің қиын жағдайларындағы оқу материалдарын талдау және жүйелеу. Өздерінің түсінбеген тақырыптарын мұғаліммен келіп сұраулары қажет. Өздерінің берілген тапсырмаларын реттеп оқуы керек.

Төртінші – студент мұғалімге келіп кеңес, түсіну үшін қосалқы материалдар алуы керек.


Сіздерге сәттілік тілейміз!!!

Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Агаджанян Н.А. Человек и биосфера: медико - биол. аспекты. М.: Знание,1987-95 с

  2. Горелов А.А. Концепция современного естествознания. Курс лекций. М.: АСТ, 2003

  3. Горелов А.А. Экология. Учебное пособие. М.: Юрайт, 2002

  4. Иорданский Н.Н. Эволюция жизни: учебное пособие для студентов высших пед. учебных заведений. М: ИЦ Академия, 2001. 432с.

  5. Пехов А.П. Биология с основами экологии. С-Пб.- М.- Краснодар: Лань, 2004. 687 с

  6. Родионов, А. И. Защита биосферы от промышленных выбросов. Основы проектирования технологических процессов: учеб. пособие для студ. вузов/ А.И Родионов, Ю. П. Кузнецов, Г. С. Соловьев. М.: Химия; КолосС,2005. 387 с


Қосымша:

  1. Горбачев В.В. Концепции современного естествознания: Учеб. пособие для вузов. М.: ОНИКС 21 век; Мир и образование,2003. 591 с

  2. Грин Н., Стаут У., Тейлор Д. Биология (в трех томах). М.: мир, 1996 367с, 326с, 373 с

  3. Акимова Т. А., Хаскин В.В. Экология. Человек – Экономика – Биота – Среда: Учебник для вузов.-2-е изд., перераб. и доп. М.: ЮНИТИ, 2002. 566 с

  4. Вадковская И.К., Лукашев К.И. Химические элементы и жизнь в биосфере. Минск: Высш.шк.,1981. 175 с


14 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Несіпбаев Т. Жануарлар физиологиясы. Оқулық, 1-том. Алматы, "Қайнар", 1995 ж., ІІ-том, Алматы, "Кайнар", 1996 ж.

  2. Нссіпбаев Т. Жануарлар физиологиясы. Оқулық, Алматы. "Ғылым", 2005 ж.

  3. Несіпбасв Т. Адам жоне жануарлар физиологиясы. Окулық, Алматы, "Ғылым", 2005 ж.

  4. Несіпбаев Т.Н., Бегаилов Е.Б., Алданазаров С.С. Жануаралар физиологиясыньщ практикумы. Оку күралы. Алматы, 2004 ж.

  5. Георгиевский В.И. Физиология с/х животных. Учебник. Москва, ВО "Агропромиздат", 1990

  6. Голиков Н.А., Базанова Н.У. т.б. Физиология с/х животных.
    Учебник. Москва, ВО "Агропромиздат" 1991.

Қосымша :

  1. Сысоев А.А., Битюков И.П. Практикум по физиологии с/х животных. М., "Колос", 1981 г.

  2. К.Шмидт Ниельсен. Физиология животных приспособление и среда, т. I—II. Москва, "Мир", 1982 г.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет