1 тақырып. Мінез-құлық ауытқу проблемасына кіріспе.
Жоспар
1. Мінез-құлық психологиялық категория және индивидтің сапасы ретінде.
2. «Мінез-құлық ауытқу» ұғымының критериі.
3. «Мінез-құлық ауытқу» ұғымы.
Оқушылардың биологиялық, психологиялық, әлеуметтік, мәдени және экономикалық жағдайы оның қылығы мен әрекетіне үлкен әсерін тигізеді. Мектепте түрлі ортадан, өздеріне тән түрлі мінез-құлықтары бар балалар жиналады. Бұл ерекшеліктерді олардың іс-әрекетінен байқап, коре аламыз. Мұғалім бұл ерекшеліктерді тани отырып, олардың қоғамда жақсы әрекет болып табылғанымен мектепте жасауға болмайтынын айқындал отыруы керек. Бұл әрекеттерді, қылықтарды, дұрыс түсіну үшін ен әуелі мұғалім оқушыларды жақсы білуі керек. Оларға не әсер етеді -мадақтау, мақтау ма, әлде сын ба? Қандай мақтау-материалдық немесе рухани? Олар улкендердің айтқанына бағынама, әлде өз құқықтарын іздей ме? Оқушы құрылымының әрекетінде бейнеленуі болып ықпал ететін фактор жатыр.
Факторлар негізінде, адамды белгілі бір әрекетке итермелейтін оның мұқтажы. Әйгілі, ерекше көзге түскен, жоғарғы бағаға не болу- оқудағы ең негізгі қажеттілігінің бірі. Өз мұн-мұқтажын, қажеттілігін сыртқа көрсетіп отыратын немесе өз ішінде сақтайтын тұйық оқушылар болады. Бізге белгілі, кей нәрселерге қабілеті нашар, оқуы төмен, достары аз, әлеуметтік қанағаттанбаған, мектепті жақсы көрмейтін, жаман қылықтары бар балалармен дос болатын оқушылар жаман әрекеттерге жақың, соған икемделіп өседі. Мұндай балаларға топта өзін айқындап, ерекшелеп тұруға психологтардың көмегі керек.
Мінез-жеке адамның өзіне тән қылық-әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасқан дара ерешеліктерінің жиынтығы.
2 тақырып. Әлеуметтік норма және әлеуметтік ауытқу.
Жоспар
-
«Әлеуметтік норма» ұғымы. Психологиядағы норма.
-
Әлеуметтік нормалардың түрлері және оның механизмлерінің іс-әрекеті Әлеуметтік ауытқу.
Адам мінезі сан алуан. Бұл іс-әрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы-шапшан, екінші-асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты; үшінші-іске ойланбастан асыла салады, кейін барып ойланады, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер- мінез бітістері деп аталады. Қандай да бітіс-әрекет-қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі.
Мінез бітістері өзара көрінуі тиіс болған қалыпты жағдайлардан бөлек қаралмайды (кейде әдепті адамның өзі де дөрекілік танытады). Сондықтан қалаған мінез бітісі нақты жағдайға орынды көрінген қылықтың тұрақты формасы.
Мінездің бітістері мен сипатын белгілі қылықтың нақты оқиғаға байланысты болуынан да білуге болады, яғни белгілі бітістің көріну мұмкіндігі неғұрлым жоғары болса, ол адам мінезінің тұрақты белгісі ретінде танылады. Дегенмен, ықтималды болғандықтан бітіс ұдайы көріне бермейді, яғни мінез бітістері адам әдетіндей бірқалыпты, механикалық қайталана бермейді. Солай да болса, мінез бітістері мен әдеттер арасында жақындық та бар: мысалы, мінез бітісі ретінде жауапкершілік адамның ұкыптылық әдетінде көрінеді. Бірақ әдет мінез бітісіне өте бермейді, ол тек қандай да қылыққа ыңғайлылықты танытады. Мінез бітістері өз ішіне ойлау, түсіну әдістерін қамтиды. Қайсы бір тұлғаға тән қылықты жасауда ерік, сезім қосылады. Ал әдет мұндай психикалық процестердің бірімен де байланыспайды. Сонымен бірге бітіс адам қылығына ықпал ете отырып, сол қылық-әрекет барысында қалыптасады, бекиді. Мінез бітістерінің қалыптасуын әрекет-қылық мотивтерінен айыра қарауға болмайды. Қандай да қылық мотиві әрекетте іске аса отырып, мінезде бекиді. Әрқандай мәнді, тұрақталған мотив болашақ мінез бітісі. Мінез бітістері мотивте алғашқыда ниет түрінде көрініп, ал кейін оны әрекет тұрақты қасиетке айналдырады. Осыдан қандай да мінез бітістерін қалыптастыру қажет қылық-әрекет мотивтерін түзіп, оларды бекітуге арналған іс-әрекеттерді ұйымдастырудан басталады.
Мінездің жалпыланған қасиеттері өздерінің диалектикалық қарама-қарсылықтарында көрінеді: күшті-әлсіз, қатал-жұмсақ, тынғылықты-өзара қайшы, кең-тар ж.т.б. Егер мінез күштілігі адамның алға қойған мақсатына жетудегі, кедергілерді женуіндегі қуатынан көрінсе, мінез әлсіздігі қорқақтықтан, ниет тұрақсыздығынан, т.б. байқалады. Мінез қаталдығы өжеттік, тайсалмастықпен байланысты, ал жұмсақтықтан адам икемшіл, орнымен шегінеді, келісім жолдарын табуға ұмтылады. Мінездің тыңғылықтылығы мен қайшылығы мінез бітістерінің ішіндегі жетекші және екінші деңгейлі қасиеттердің дәрежесімен анықталады. Қасиеттердің бәрі өзара үйлесімді келсе, тыңғылықты мінез, ал бір қасиет екіншісімен үндеспесе- қайшылықты мінез орнығады. Адам қызығулары мен ұмтылыстарының, іс-әрекеттерінің жан-жақты дамығандығы мен көп түрлілігі мінездің кендігін танытады. Мұндай адам әлемдегінің біріне қызығып, бәріне араласқысы келеді. Ал бұларға қарсы мінезі «тар» адамдар өзін-өзі шектеуге беім, ниет әрекеттерінің өрісі өте елеусіз.
Сонымен бірге, адам мінезінің тұтастығы мен көп тараптылығы кейбір жағдайларда бір адамның өзінде де әрқилы, тіпті қарама-қарсы қасиеттердің болатынына шек келтірмейді. Адам бірдей өте назік мәдениетті болуымен бірге қатал талапшан болуы мүмкін. Осыған қарамастан, оның мінезі сақталып, оның қырлары айқын көріне түседі.
Көп жағдайға мінез және темперамент салыстырылып түсіндіріледі, кейде бірінің орнына бірі қолданылады. Ал іс жүзінде олау болмауы керек.
Мінез мен темперамент ұқсастығы адамның физиологиялық ерекшеліктеріне, яғни жүйке жүйесіне болған тәуелділіктен. Қандай да мінездің қалыптасуында белгілі жүйкелік сипатты темперамент үлкен манызға ие. Сонымен бірге, темперамент жете дамығанда ғана мінез бітістері қалыптасады. Темперамент- мінез дамуына негіз. Мінездегі ұстамдылық-ұстамсыздық, козғалғыштық-салғырттық ж.т.б. тікелей темпераментке байланысты. Бірақ мінез темпераментке бүтіндей тәуелді емес. Біргелкі темпераментке ие адамдарда әрқилы мінез белгілері болуы мүмкін. Темперамент ерекшеліктері қайсыбір мінезді дамытып, басқаларына шектеу қояды. Мысалы, холерикке қарағанда меланхоликтің өзіне жігерлілік пен жүректілікті дарытуы қиынға соғады. Ал холерик флегматик сияқты ұстамды бола алмайды, флегматик сангвиник ұқсап көпшілікпен тез тіл табысып кете алмайды, т.с.с.
Мінезі тұрақталған адамда темперамент дербес әрекет көрінісі болудан қалып, мінез бітістеріне сай әрекет-қылықтардың іске қосылу динамикасын айыруға көмектеседі. Мінез және темперамент бітістері адамның біртұтас келбет кейпінде өзара байланысқа түсіп, тұлғара даралығының интегралды сипаттамасын береді.
Мінез бен ерік арақатынасы өте тығыз. Осыдан көп жағдайда «мінезді адам» және «еркі күшті адам» сөз тіркестерін бір мәнде түсенеміз. Ерік көбіне, мінез күшімен, қатандығымен, табандылығымен ж.т.б. байланысты. Адам мінезінің күштілігін айта отырып, онағы еріктік сапалар мен мақсат беріктігін ескереміз. Бұл тұрғыдан адам мінезі ерік сапаларын қажет ететін қиын жағдайларда, үлкен кедергілерді жеңуде көрінеді. Алайда, мінез тек күш сипатымен айқындалмайды,онда әрқилы өмір жағдайына орай ерік әрекетінің қызметін бағыттаушы мазмұн бар. Бір жағынан, еріктік әрекеттерде мінез қалыптасады әрі көрінеді, адам үшін манызды ситуацияларда ерік мінезге ауысып, тұрақты қасиет түрінде бекиді; кеін осы қасиет адам қылығы мен еріктік әрекеттеріне ықпал етеді. Ерікті әрекет әруақыт мақсатына орай нык, тұрақты және табандылығымен ерекшеленеді. Екінші тараптан, еркі бос адамды көп жағдайда «мінезсіз» деп сипаттайды. Психологиялық тұрғыдан бұлай болмауы тиіс, еркі бос адамның да қандай да мінез бітістері баршылық: қорқақтық, жүрексіздік, сенімсіздік ж.т.б. Мінезі айқын болмағандықтан адамның іс-әрекет, қылығын алдын ала болжастыру мүмкін емес. Мұндай адамда оның қылық-әрекетіне жетекшілік еткендей дербес бағыт-бағдар жоқ. Оның әрекеттерінің бәрі өз билігінде болмай, тысқы ықпалдарға тәуелді.
Мінез ерекшеліктер адамның сезімдік процестерімен байланысты, әрі бұл байланыс өзара ықпалды. Бір тараптан, инабаттық, эстетикалық, интеллектік сезімдердің даму деңгейі адамның іс-әрекеті мен қатынасына және бұлар негізінде қалыптасқан мінезге тәелді. Екіншіден, осы сезімдердің өздері тұлғаға тән тұрақты ерекшеліктерге өтіп, адам мінезін құрайды. Борыш сезіну, әзілді көтеру, т.с.с. сипстын танытады.
Адамның мінез бітістерінде ақыл ой (интеллект) үлкен манызға ие. Ой терендігі мен жүйріктігі, қалыптан тыс мәселелерді қоя біліп және оны дербес шешу, ой жұмысындағы ынта мен сенім-бәрі адам мінезінің ақылдық қорының белгісі. Ал осы ақыл қабілетін пайдалануда бағыт тандау тікелей мінезге байланысты. Тұрмыста ақылға кенде емес, бірақ (мінез жарамсыздығынан) жарытып, ештеңе өндірмейтің адамдар аз емес.
Мінез құрастырушы көптеген қасиеттер біртұтас, олар даралап,шекиеуге келе бермейді(өшпенділік, күдік-шілдік, сақилық т.б.). Ал кейбір қасиеттер, мысалы, еріктік(жүректілік, дербестік т.б.), сезімдік(жайдарылық, көнілділік т.б.), ақыл саналық(ой терендігі, сындарлық т.б.) адам мінездерінің ерекше құрамды бөліктері ретінде талдауға келеді. Барша мінез бітістері өзара зандылықты байланысқан:батыр адам-сақи да табанды; ашық адам-жайдарлы, сенімді, достыққа тұрақты т.б.
3 тақырып. Ауытқу мінез-құлық сипаттамасы.
Жоспар
-
Мінез-құлық ауытқу сипаттамалау проблемасы.
-
Мінез-құлық ауытқу турлерінің психологиялық сипаттамасы.
-
Мінез-құлық ауытқу турлерінің медициналық сипаттамасы. Мінез-құлық феномендерің салыстыру сипаттамасы.
Мінез түрі өзінің құрамындағы бітістердің жалпы сипатына тәуелді келеді, ал бітістер негізгі немесе жетекші және қосалқы болып бөлінеді. Негізгілері адамның бағыт бағдарың айқындауға ықпалын тигізіп, яғни адамның тұрақты мінезінің сипатын береді де, қосалқылары мінез қырларын толықтыра түседі. Мысалы, батылсыздық, қорқақтық және альтруистік бітістердің алғашқы екеуі жетекші мәнге ие болса, онда адам секемшіл мінезді келіп,біреуге жақсылық,яғни альтруистік қадамында жалтақшыл, күдікті болуынан көздеген ісіне бара алмайды. Керісінше, альтруистік қасиет басым келсе, алғы екі жағымсыз бітістерді қаймықпай басып, қайрымдылық ісінде батыл мінезді қадам жасайды.
Адам мінезінің белгілі түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына байланысты. Бұл қатынастардың мәні адам араласып, байланысқа келген өмірлік объектердің маңызымен анықталады:
-
Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл-өтірікші, әдепті-дөрекі т.б.).
-
Орындалатың іс қызметіне орай(енбеккер-еріншек т.б.).
-
Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншыл-өзімшіл т.б.).
-
Заттарға қатынасынан (сақи-ашкөз, ұқыпты-салақ т.б.).
Аталған қатынастардың бәрінің де мінез түрінің қалыптасуында үлкен манызға ие екені сөзсіз, дегенмен тұрақты, нақты мінездің орнығуі ен алдымен адамның адаммен қоғамға араласып, қатынасу дәрежесіне тәуелді. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық ,махаббат, т.б. формаларда көрінетін ізгі ниеттерінен бөлек мінез түрі болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе отырып, бірі екіншісін мінезіне таңбасын салады, осыдан кей адамдар әрекет қылығында өзара ұқсастыққа келеді немесе қарама-қарсы, бірақ бірінің кемшілігін екіншісі толықтыратын бітістерді игереді. Алайда енбек, іс-әрекет қатынастарында қалыптасқан мінез бітістері мәндірік келіп, мінез түрінің басқаларынан ажыралуына себепші болады.
Мінез әр тұлғада өзінше көрініске ие, солайда болса, оның құрамында белгілі топ адамдарына ортақ бітістерді біріктіруге болады. Осыдан, мінез түрі(типі)-адмдардың кейбір тобына тән қасиеттің біреудің дара мінезінде нақты көрінуі. Мұның түпкі себебі-мінез тума берілмейді, әр адамның белгілі топ, қоғам өкілі болуынан оның өмір жағдайы мен іс-әрекетіне сай қалыптасады.
Мінезде жеке бітістер және сапалармен қатар тұлғаның қоршаған ортаға икемдесуін қамтамасыз етуші жалпы қылып тәсілі-мінез типтерін ажыртуға болады. Мінез типін анықтауда нақты адамдар мінезінің жалпы да мәнд, өмірлік қажетті тараптары ескеріледі.
4 тақырып. Мінез-құлық ауытқуының детерминациясы.
Жоспар
-
Мінез-құлық ауытқудың сырттай физикалық және ішкі әлеуметтік жағдайлар.
-
Ауытқу мінез-құлықтын әлеуметтік факторлары.
-
Мінез-құлықтын девиациясының биологиялық себептері.
Осыған орай мінез келесі типтерге бөлінеді:
-
Үйлесімді (гармонический) мінез типі-қоршаған ортаға икемділігімен ерекшеленеді. Мұндай мінезді адамда ішкі қарама-қарсылықтар болмайды, ойлаған ойы мен істегеніс бір-біріне сай келеді. Көпшіл, ерік күші мол, қайсар, бір сөзді. Өмірдің барша қиын жағдайларында таңдаған бағыт-бағдарынан қайтпайды, көзқарас, талғамын ауыстырмайды. Мақсат-мұраттары мен принциптері үшін күреске дайын. Бұл адамдардың өмір сүру тәсілді жағдайға бағыну емес, оны өз қалауына орай өзгерту.
-
Іштей қарама-қарсылықты, бірақ сырттай келісімді (внутренне конфликтный, но внешне согласованный) мінез адамы. Бүл типті адамның ішкі ниеттері мен сырт әрекет-қылығы арасында келіспестік бола тұрып, өзінің қоршаған ортамен қатынасында әлеумет талаптарына ынғай береді, іс-әрекетің соларға бағындырып, үлкен күшпен орындайды. Өзін ерік билігінен бірде босатпайды, жан, ой дүниесін сырттай болмыс шындығынан ажыратпаудың жолдарың іздестіруге дайын тұрады.
Сыртқы дұниемен болған араздықты мұндай адамдар өздерінің ой пікірлерін қайта қарастырумен, психологиялық қорғаныс іздестіру және әлеумет қолдамаған күнделікті тұрмыс күйбеніне берілмеу жолдарымен шешуге бейім келеді. Қоғам мүшелері қабылдаған рухани құндылықтардымойындайды, бірақ сыртқы жағдайларды өзгертуге ынталы емес.
-
Бейімделуі төмен, кикілжінді (конфликтный с пониженной адаптацией) мінез адамы: көніл-күй, ниеттері мен әлеуметтік борыштары арасында үйлеспестік орын алған, шамданғыш, ұнамсыз эмоциялары басым, тілдесу қабілеті нашар дамыған, іс-әрекетің ақыл сарабына сала бермейді. Бұл мінез адамдарына тән қасиет: қоршаған дүниемен арақатынасын нақты әрекет-қылық жүйесіне келтірмеген, өмір желісі қарапайым бағытты - тез өзгеріп тұратын қажеттері, қандай да күш жұмсамай-ақ бір сәтте қанағаттаңдырылуы тиіс.
5 тақырып. Мінез-құлықтын ауытқуының психологиялық механизмдері.
Жоспар
1. Девиантті мінез құлықтың экзистенционально-гуманистік жолдар.
2. Ауытқу мінез-құлықтың психодинамикалық аспектілері.
Жеткіншек жас деп 12 ден 15 жас аралығы жатады: мұнда күрт дпму мен баланың әлеуметтік белсенділігінің дәрежесі асады.
Балалардың бойының ұзындығы 134-155 сантиметр, денесі тез өседі, бұлшық еттері жетіліп дене қанқасында сүйектену процесі жүреді. Бұл жастағы балаларды кейде өткінші кезеңдегі ( бұл кезеңнің барысында баланың бастауыш мектеп шағынан жеткіншектік шаққа көшу болады) немесе қиын жастағы балалар деп атаудың өзі де кездейсоқтық емес. Өйткені бұл ең тынышсыз, ең қиын, ең қызба (ұшқалақ) жас.
Бұл жастағы балалардың ішкі дүниесі, айналамен қарым-қатынас жасауында, үлкендер арасында өзінің алатын орнын түсінуінде елеулі өзгерістер байқалады. Организмнің тез дамуы- қанқаның сүйектену процесінің нығабы, жыныс мүшесінің жетіле бастауы ( ер баланың жыныс мүшесі 15-16 жаста, қыз баланыкі 13-14 жаста жетіледі), сананың дамуы баланың тәуелсіз, өз бетімен талаптануын тудырады. Олар үйелменде, мектепте түрлі еңбек процесіне қатысады, күнделік өмірді бақылайды, ой-өрісі кеңиды.Міне, осылардың негізінде бала өзін-өзі білімді, тәжірибелі, өз күшімен әрекет жасай алатын есейген адаммын деп есептейді.
Организмнің өсуі мен қатар жүрек, өкпе, мидың қан мен қамтамасыздануы ағзаның толық жұмыс істеуін қанағатандырмайды, сол себептен жеткіншектердің көніл-күйі ауыспалы келеді: бірден ой мен жұмс істейтін, не ауыр жұмысқа белсенді қатысады,кейде селсоқ, солғын, сылғырт жағдайға ұшырайды.
Жеткіншектер өзінің физиологиялық есейюіне екі жақты қарайды- бір жағынан ардақты қараса ,екінші жағнан өзінің денесіне деген жеркену сезінуі пайда болады. Міне осындай қарама-қайшылық қатынас мінез-құлығында көптеген күтпеген көрініс береді.
Жеткіншектердін тағы бір күшті күйзеліс тудыратын жағдайы, ол жыныс сезімінің оянуы. Физиологиялық қысымды түсіретін, табиғи биологиялық қажеттіліктердін бірі петтинг ( шағылусыз махаббат ойының) және мастурбация болады, сол себептен баланы кезінде дұрыс тәрбиелеу өте маңызды. Мастурбацияның өзі қауіпті емес , оған деген қатынас қауіпті келеді де баланы ұялту, жазалау келекшекте өзіне деген жетіспеушілік кемісті қатынас тудырады, өзіне тән ролді атқара алмайтын болады.
Сөзсіз, жыныстық тәрбие ерте жастан басталу керек, әсіресе адамгершілік тәрбиесіне кіру керек.
Сонымен дағдарыс кезеңнің орны әлеуметтенуге тығыз байланысты келеді теріс мінез-құлық тудыратын себептерге жатады: тәртіп бұзушылар, аутоаггрессиялы, антиәлеуметті, қарсы құқықты болып келеді.
Қарсы құқықты немесе латын тілінен алсақ делинквенті құқық бұзушы, қылықты деген мағынаны көрсетеді.
Делинквентік көрініс, ол мінез бітісінің асқынуына жатады
6 тақырып. Агрессивті мінез-құлық
Жоспар
1. Агрессия және агрессивті мінез-құлық.
2. Агрессивті мінез-құлықтің қалыптастыру жағдайлары.
3. Агрессия және делинквентті мінез-құлық.
Ежелгі Спартадағы алғашкы қауым адамзатының тарихынан бастап жеткіншек жастағы топтасу бүгінгі күнгі хиппиге дейін жеткен.
И.С.Кон (1979) кездейсок жеткіншектер топтарының негізің «регламентсіз қарым-қатынастарында» байқаған.
Расында да жеткіншектер өздерінің топ арасында көптеген қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, ең алдымен коммуникациялық қарым-қатынасында. Әрине, бұл кандай болсын жай ғана тілдесу емес, тек регламентсіз қатарластар арасындағы, үлкендер оңын орынын толтыра аомайтын қарым-қатынас. Және де, айқын көренетін өз жас деңгейіне сай, орыны анықталған қатарластарының санына жату сезімі де маңызды болып келеді жеткіншектерге. Қатарластарымен қарым-қатынас жасау әлеуметтенудін көзі және де әлеуметтік қатынас жасау машықтануы болып келеді. Қатарластар тобында бала өзіне-өзі баға беруге үйреніп, дербестілікке дағдыланады. Өте маңызды, баланың қандай топтар типіне ұмтылуы және кандай роль атқаратыны. Бір топ типтері регламенті келсе, екіншісі топ ішіндегі қатынастын тәуелсіздігімен айырықша келеді.
Қатан регламенттелген жеткіншектер тобы бір жыныстық құрамы мен, тұрақты лидер болуымен, топтын әр мүшесінің тіркестілген атқаратын ролі мен және де мүшелер арасындағы мықты орныққан бір-бірі мен қатынастар иерархиясымен ерекшеленеді. Вожак ролін көбінесе «қызбалы» эпилептоидтық немесе гипертимдік типтегі жеткіншектер атқарады. (Архангельская А.Е. 1974).
Топ ішінде «лидердің адъютанты» атты роль болады, ол көбінесе-күшті, интеллекті жоғары емес, барлық топты жұмырдығында ұстайтын жеткіншек, бұдан басқа « антилидер» атты да роль болады, бұл әрқашан лидердін орынын басуды армандайтын жеткіншек, «шестерка» атты ролде болады, мұны барлығысы жәбірлейді міне осы сияқылды ролдер болып жатады. Мұндай топтар жиі «өз территориясын» белгілейді де анологиялық топтардан қорғанады, мекенін бермейді. Топ құрамы тұрақты келеді, жаңа мүше қабылдауы ырым салтпен сынамды келеді. Вожактін келісімісіз топка ену қиын. Топ ішінде символизмге беймдік те байқалады- шартты белгі, өз «тілі», кличкалар, киімдерінде белгілер, салт- мысалы Алмазов Б.Н. жазып өткен- « қанмен бауырласу»- жеткіншектер білектерін сызып бір-бірлерінің қанды қолдарын басады.
Тәуелсіз жеткіншектер тобы - бұл топтың айырмашылығы тұрақты лидердін болмауы, атқаратын ролдердін айқынсыздығымен ерекшеленеді. Құрамы әсіресе әр жынысты және тұрақсыз болып келеді, бірі кетіп жатса екіншісі топқа еніп жатады. Бұл топтын өмірі аз регламенті, айқын талапсыз келеді.
Бұдан басқа аралық топтар да болып жатады. Жабық мекемелердегі (интернат т.б.) жеткіншектердін топтасу реакциясы арнайы күшпен көрінеді де тәртіп бұзу себебі болады. Мұндай жағдайда және педагогикалық өз бетімен жіберушілікте топтасу реакциясы жеткіншектер мінез-құлығының негізгі басқарушысы болуы мүмкін. Осы реакция жайымен белгілі деректерді де түсіндіруге болады, көптеген жеткіншектердін құқық бұзушылары топта болады деген. (Миньковская Г.М. 1968)
7 тақырып. Делинквентті мінез-құлық.
Жоспар
1. Делинквентті мінез-құлық – ауытқу мәнез-құлықтың түрі ретінде.
2. Делинквентті мінез-құлықтын қалыптасу жағдайлары.
3. Заң қарсылық түрткі. Әлеуметке қарсы (социопатты) тұлға.
Мінез бітіс асқынуы (акцетуация )- мінездін кейбір бітістерінің қалыптан тыс дамып, тұлға психикасының «әлсіз жерлері» формасында көрініс беруі. Мұндай да адам жалпы тұрақты қасиеттерге ие бола тұра, кейбір әсерлерге өте шәмшіл, шыдамсыз келеді. Асқынба мінез адамы қиын жағдайларда төзімділіктен айырылып, мінез-құлығының ақаулығын жасыра алмайды. Тұлғалық мінез асқынуына тап болған адам қоршаған орта әсерлеріне берілгіш, психикалық куйзеліске көп түседі. Егер жағымсыз әсерлер мінездің «әлсіз жерлеріне» соккы болып тиетіндей жағдай болса, адам кылығы күрт өзгереді, мінездің шектен тыс дамыған бітістері адам билігіне ырық бермей, басқа ұнамды қасиеттердің бәрін жоққа шығарады. Кейбір адамдардың жәй әзіл немесе сын көтермеуі, екіншілердің-орынды, орынсыз тіке, шыншыл болуы - осы мінез бітісі асқынуының айқын мысалы. Мінездің мұндай ұнамсыз жәйті жасөспірім шақта қарқынды дамып, уақыт өтумен қалыпты күйге түсуі мүмкін, ал адамды қоршаған ұнамсыз жағдайлар басымдау болса, психикалық сырқаттарға тапқылады.
Мінез және адамның жас сатылары
Адамның алғашқы өмір қадамдары тіршілік проблемаларын шешуден гөрі көбірбек төніректегіоқиғалар мен құбылыстарды бақылауға(созерцательность) бағытталады. Негізінен объекттермен қатынасқа түсе отырып,бала болмыс мәнін түсінуге ұмтылады. Соған байланысты өз қылық әрекеттерінің орынды не орынсыз екенін бағамдай бастайды.Баланың сезімталдығы жас ұлғайған сайын кеми бастайды. Солайда болса, балалық шақта игерілген тәржірибе мен білім бозбалалық кезеннің тұрақты мінез бітістеріне арқау береді.
Бозбалалық шақтың өмірге қойған талаптары өте жоғары да бірбеткей келеді, қажеттіктер ауқымы кеңейеді, аласапыран, күйзелісі мол, ерік күшін керек ететін өмір басталады. Қоршаған дүниемен белсенді араласу,тікелей қатынас жасау сырттай бақылаудан гөрі ана-ғұрлым қиын. Көрер көзге әдемі іс, оқиға, зат нақты орындауға келгенде сүйкімсіз де ауыр болуы мүмкін. Жағдайға билік ету оңай емес, ал өзіңді өзің басқаруың одан да күрделірек. Өмір бұрқасынында әрекет ете білу алғы шарт, ал кей жағдайларда өз әрекетің басқалар қимылынан үтымды болғаны керек. Бұрын жағымды түр-түс, әуенге толы дүние енді бозбаланы әлеуметтік талаптар мен қалтқысыз міндеттерге орайды. Бозбалалық шақтың дағдарысынан балалық шақтағы жасанды бағыт моделі құрдымға кетіп, «бақыт» мән-мәғынасы өзгеріске келеді. Бақытқа деген көзсіз ұмтылыс енді «бақытсыздықтың» қорқышына ауысады. Бірақ бұл жаста бұрқасын қуат мол, сондықтан қиыншылықтардың бәрі де өтпелі. Болашаққа деген сенім шексіз. Сонымен бірге, өзінді дербес, бірде біреуге керегі жөқ дүние екенінді сезіп, оқшаулана түсесің. Бірақ дүние жұмбақ, оны тануға болған ұмтылыс өте күшті
8 тақырып. Аддиктивті (байланыс) мінез-құлық.
Жоспар
1. Байланыс мінез-құлықтың жалпы сипаттамасы.
2. Концептуалды модельдер.
3. Тұлғаның адиктивті мінез-құлықтын факторы. Аддикция түрлері.
Бозбалалық шақтың өмірге қойған талаптары өте жоғары да бірбеткей келеді, қажеттіктер ауқымы кеңейеді, аласапыран, күйзелісі мол, ерік күшін керек ететін өмір басталады. Қоршаған дүниемен белсенді араласу,тікелей қатынас жасау сырттай бақылаудан гөрі ана-ғұрлым қиын. Көрер көзге әдемі іс, оқиға, зат нақты орындауға келгенде сүйкімсіз де ауыр болуы мүмкін. Жағдайға билік ету оңай емес, ал өзіңді өзің басқаруың одан да күрделірек. Өмір бұрқасынында әрекет ете білу алғы шарт, ал кей жағдайларда өз әрекетің басқалар қимылынан үтымды болғаны керек. Бұрын жағымды түр-түс, әуенге толы дүние енді бозбаланы әлеуметтік талаптар мен қалтқысыз міндеттерге орайды. Бозбалалық шақтың дағдарысынан балалық шақтағы жасанды бағыт моделі құрдымға кетіп, «бақыт» мән-мәғынасы өзгеріске келеді. Бақытқа деген көзсіз ұмтылыс енді «бақытсыздықтың» қорқышына ауысады. Бірақ бұл жаста бұрқасын қуат мол, сондықтан қиыншылықтардың бәрі де өтпелі. Болашаққа деген сенім шексіз. Сонымен бірге, өзінді дербес, бірде біреуге керегі жөқ дүние екенінді сезіп, оқшаулана түсесің. Бірақ дүние жұмбақ, оны тануға болған ұмтылыс өте күшті
Адамның ендігі өмір желесі көп шарпусыз, байсалды да андап басу кейпіне келе бастайды. Өмірдің бәрі тек бақыттан тұрмайтынын түсініп, адам қанағат, шүкір-шілікке бой бағындыру қажеттігінандай түседі. Қиялдық өмірден кешегі бала нақты, күтілмеген, бұлтарыстары көп ақиқат өмірге өте бастайды. Енді бозбала өзінің бар қуатжігерін пайдалы да қажетті, қолынан келер іске бағыштайды. Тажірибе, нақты іс-әрекетке араласудан жас жігіт, бойжеткен бұрынғы жалған түсінік, ұғымдарынан арыла бастайды. Өмір енді адамға ішкі тұнғиық, тылсым тарапынан танылып, айқындала түседі. Тұғаның әлеуметтік кемелденуі байқалады. Бірақ әліде жас жігіт басқаларды бағалауда өз сезім өлшеміне қөбірек сенеді, махаббат, достық әлеуметтік қатынастардыңбасқа да формаларында өзінін тұлғалық бейнесін нығайта түседі.
36-40 жаста адам өмірдің жана сатылық деңгейіне көтеріледі.Осы шақтан бастап өмір қуаты кеми бастайды. Бірақ бұл процесс алғашында рухани құндылықтар молдылығынан онша байқала бермейді.
9 тақырып. Суицидті мінез-құлық.
Жоспар
1. «Суицид» ұғымы және типологиясы. Суицидті мінез-құлықтың жасөспірім ерекшіліктері.
2. Суицидттің қалыптасуы концепциялары. Суицидтің түрткілері.
Ал адам егде тартқан сайын оның көптеген рухани құндылықтары қайта қарастырылып, көбі жойылып, өткен өмір жеке оқиғалар жиынтығы ретінде еске алынады. Тек өмірдің алғашқы шерегі ғана ен ұзақ, қымбат әрі бақытты көрініп, қайталана жадқа келе береді. Қалған шақтардың бәрі қысқа да сарсан өмір күйбеңіндей көрінеді. Көп жайт естен шығады. Өткендегі күйзелткендер мен қинағандардың баршасы мәнің жоғалтып, елуден қалады. Осы жайтты даналықпен түсінген ұлы бабамыз Қожа Ахмет Яссауи былай депті: «Баз кештім елу екіде жиғанымнан, Мал-мүлкім артық емес бір жанымнан». Ендігі өмірдің әр күні жылдарымдай шалт ағып, ізін жуып-шайып, өткеннін бәрін татымсыз кұйге түсіреді. Кешкен дүние түманданып, көз алдыңнан кете бастайды. Солай да болса, кейбір бастан өткен қызғылықты өқиғалар анда-сонда жылт ете, қөрініп, қөнілді рахатқа бөлейді. Осының бәрі уақыт ендігіндегі адамның барша «Мені» санада сақталып қалмай, оның кейбір көріністері ғана бекіп қалатының дәлелдейді.
Өмірдің екінші жартысының мәні бірінші өмір бөлігінде топталған материалды және рухани қордың шамасы мен күні ілгері анықталады. Адам мінезінің санқилы көріністері жас сатыларына байланысты әрқилы.
Кейбір адамдар бозбала шағында сүйкімді, енді біреулері-ересек кезінде көрікті әрі іскер. Ал кей тұлғалар егде жасында қайырымдылығымен, ымрашылдығы және данагөйлігімен жұртты өзіне тартады. Осыдан әрбір адам мінезінде белгілі бір жас сатысында қандай да қасиеттердің толық ашылуына себепші бір факторлардың болуы мүмкін деген ой келеді. Ал осы факторлардың табиғаты ғылым үшін әзірге сыр.
Өмір ақырына жасанды, жалған сенімдер (иллюзии) ғайып болып, өмір жагдайынан жамылған бүркемелер ысырылып, шынайы мінез көрініс береді, әлеуметтік роль мән-мәгынасын жоя бастайды. Адам фани ақырында өзін танып, өз болмысының төркінің білетін халге жетеді. Өмір балалық күндердегідей бақылау, меңзей қарау (созерцательность) кейпіне қайта оралады. Жас күнде де игілік ләззәт бермеген көптеген құмарлықтар өшеді. Алай да, бозбалалықтың мұңнан қашып құтылмағанындай көрілікке де рух көтерінкілігі жат емес. Көптеген шектеулерден босап, өмір аяғында адам өзін еркін сезініп, дүние мал, дос дұшпанның шын мәнін пайымдау деңгеіне жетіседі.
10 тақырып. Нарцистық, конформистік, аутистистік мінез-құлық және девиацияның басқа түрлері.
Жоспар
1. Нарцистік мінез-құлықтің кісқа мінездемесі. Конформистік мінез-құлықтың қысқа мінездемесі.
2. Аутистік мінез-құлықтің қысқа мінездемесі. Мінез-құлықтің басқа тұрлері: клептомания, пиромания және т.б.
Қоғамда әдейі, мансап иелеу үшін бүркенген жалған зероқалары(мишура) мен дүниеқоныздық күйбендерін ысырып қойып, кәрілік әқиқат дүние құндылықтарына объектив баға береді.
Кәрі адамның ен күшті психикалық қасиеттері -өткен өмірдегі өз мәңділігін сезінуі, жетіскен адмдық дәрежесі және жемісті іс-әрекеттерінен қанағат рахатың тауып, мәнгілік өмір дариясының бір тамшысы болғанынан қуанышқа бөленуі.Бұл фаниден бақи дүниеге жолдама алып тұрған шақта да адам өзінің мәнгіліктен өшіп кетпейтінін біліп, оны медет тұтады. Оның өмірі адамзаттың мәнгілік ағымын жалғастыруға себін тигізді; мұны түсіну-кәрілік даналығы.
Жеткіншектердің мінез типін білмей жасөспірімдердің жүріс тұрысындағы ауытқуларың пайда болуына әсер ететін отбасындағы мәселелерді шешу өте қиынға туседі. Жасөспірімдерде психопатия және мінез акцентуациялар бар болғанда олардың ата-аналары өз балаларының мінез ерекшеліктері туралы дұрыс түсінігі болмағандықтан бұрыс көзқарас қалыптасып, артық талап қойылады, ол бұдан түсінбеушілік пен қайшылық туындайды.
Сондықтан жеткіншектердің міңез типін анықтау отбасылық терапияны, отбасылық қарым-қатынасты психологиялық коррекциялаудың табысты болуына ықпал етеді.
Жеткіншектерді патомінездемелік тексерудің тағы бір маңызды міндеті мінез девиациялардың патологиялық типтерін диагностикалау болып табылады, атап айтқанда конституционалды психопатия типтерін, психопатиялық дамуларды (патомінездемелік құрамалардың) жане өзге де психопатияға ұқсас бұзылушыларды анықтау.
11 тақырып. Тұлғаның мінез-құлығы ауытқуына әлеуметтік-психологиялық әсер ету жолдары
Жоспар
1. Адамның ауытқу мінез-құлығының алдынан алуы және әлеуметтік-психологиялық әсер етуі.
2. Тұлғаның ауытқу мінез-құлығының алдынан алуы. Тұлғаның мінезінің ауытқуының психологиялық интервенциясы.
3. Мінез-құлықтың ауытқуының әр түрлерінің әлеуметтік-психологиялық әсер етуінің стратегиясы.
Патомінездемелік зерттеудің мәліметтері психопатиялар жане мінез акцентуацияларының негізінде пайда болған ауыспалы психопатияға ұқсас жүріс-жүрыстық бұзылуына дифференциялды диагноз қоюға нақты мәліметтер беруі мүмкін. Бұл айтылғандардың бәрі жасөспірімдердің мінез акцентуаациясы немесе психопатия типтерін патомінезділік тексеру. Сонымен қатар бұл тексеру жасөспірімнің адамдық ерекшеліктеріне баға беруге мүмкіндік туғызады. Атап айтқанда ішімдік ішуге, деликвентті жүрістұрысына, мінез бітістерін және жеке адамдық қарым-қатынас жүйесін диссимуляциялауына тым бейім болуына және еркектік-әйелдік бітістерін салыстыруда әлеуметтік дезадаптацияға және депрессияға бейімділіген анықтауға көмегін тигізеді.
Тип мінездің әлсіз жерлерін көрсетеді, сонымен қатар дезадаптацияға әкелетін декомпенсация немесе психогенді реакция ұғымық пайда болғызатын факторларды алдын ола болжауды мүмкін етеді. Сонымен психо-профилактикалық жұмыстарға перспектива ашылып отыр.
1970жылы А.Е.Личко жасөспірімдерге арналған патомінездемелік диагностикалық сұрақтаманы құрастұрды және оны апробациялады.
Зерттеу әдісі: Патомінездемелік диагностикалық сұрақтама деп аталған жеткіншектерге жасалатын патомінездемелік зерттеу әдісі 14-18 жастағы жасөспірімдердік мінез акцентуациясы және психопатия типтерін, сонымен қатар кейбір жеке адамдық ерекшеліктерді (ішімдік ішуге деген психологиялық беімін, делинквенттілігін т.б.) анықтауға арналған.
Осы әдіс арқылы психопатия, депрессия және әлеуметтік дезадаптациялардық қалыптасуының қауыптілігін көрсететін қасиеттер айқындалады.
12 тақырып. Тұлғаның мінез-құлығының ауытқуының психологиялық коррекция.
Жоспар
1. Ауытқу мінез-құлықтың психологиялық түзетуі және девиант тұлғасының реабилитациясы. Мінез-құлықті түзетудің мақсаттары мен принциптері. Позитивті түрткілерды стимуляциялау.
2. Эмоционалды көніл-күйді түзету әдістері. Өз-өзіндіреттеу әдістері. Когнитивті қайта құрастыру. Позитивті мінез-құлықты қалыптастыру әдістері.
Патомінездемелік диагностикалық сұрақтама негізіне клиника нозологиялық бағыттағы психиатрия тәжірібиесі және қарым-қатынас психологиясы концепциясы жатажы. Бұл мәселелер санына адам өзінің өмірлік қызыметін бағалау (қал жайы, көніл-күйі,ұйқысы сексуалды мәселелері т.б.) туыстары мен жақындарына көзқасы(ата-аналарына, достарына, мектепке т.б.) кіреді.
Осылай құрастұрылған сұрақтама арқылы А.Е. Личко 2235 жасөспірімдер тобын зерттеген. Олардыі ішінде 1675 дені сау, әлеуметтік бейімделген жасөспірімдер болған Осы зерттеу нәтижесінде жасөспірім шақтағы психопатиялар мен мінез акцентуацияларының 11типі анықталған.
Анықталған типтердің қысқаша сипаты. Гиппертимді тип(Г) -Гипертимді типтегі адамдардың басты белгісі-көніл-күйінің үнемі көтеренкі болуы. Мүндай жасөспірімдер үнемі ұстамсыз келеді. Олар тапқыр, пысық, ширақ болады және жүздері бол-бүл жайнап, өмірге қуанышты көзқараспен қарайды. Олардың қимылы да ширақ елгезек, айқын, мәнерлі, қозғалыстары тез және копшілікті тындамайтындығымен еререкшеленеді. Табысқа тез жетеді, бірақ дереу бәрінен айрылып қалады. Қызықты істі тамаша бастайды, алайда аяғына дейін жеткізулері сирек.
Циклоидті тип(Ц). Тек қана мінез акцентуациясы түрінде кездеседі. Бұларға көніл-күйінің жиі ауысуі тән. Кейде көніл-күйінің бір күн ішінде әлденеше рет өзгеріп, ұстансыз көнілдіктен толық торығуға дейін ауытқиды.‡айымсыз-қамсыз, конілді, сергек ширақ жасөспірім кенет жабырқау, мұнды, қайғылы, тұнжыр күйге түседі.
Психастениялық тип(П). Психастениялық типтегі жасөспірім мінезінің негізгі белгілері-секем алғыштық, именшектік, қорқыныш, әр түрлі шамадан тыс шұбәланушылық пен өзін-өзі талдауға бейімділік. Психастениктер өздерінің мезі ететін жай-күйлерінің мәнсіздігін түсінеді. Психастениктерге жасқаншақтық қорқыныш , шектен тыс ұялшақтық тән.
Шизоидты тип(Ш). Шизоидты типтегі жасөспірімдер тұйықтығмен және нақты дүниеден оқшаулануларымен ерекшелінеді. Алайда оларды жолғыздық қызықтырмайды. Олардың ішкі дүниесі фантазия мен қүштарлыққа толы.Оларға эмоциялық өмір мен мінез-құлықтық ағаштығы тән.Олар томаға-тұйық және оқшауланып жүрііп, шамасы танитын кездейсоқ адамдар алдында күтпеген жерден ашылып, әрі орынсыз жерде сезімталдық корсетуі мүмкін.
Эпилептоидті тип(Э). Оларда эмоциялық күш түсу, ұстамсыздық, ызаланғыштық, аффектілік тұрақсыздық, жанжолға үйірлік, талап қайыштық, ашумаңдық сияқты бірқатар ортақ белгілер болады.
Эпилептоидті типке тән ерекше белгілер: эмоцияның енжарлығы, жәбірді ұмытпаушылық, кекшілдік, каталдық, жан икемділігінің, тапшылығы, қынырлық, мақсатқа жетуде жан ауытарлық шиеліністі, тұрақтылық, кейде тәуліктер бойы созылатын санарқаулық қасиеттері бар.
Истероидті тип (И). Бұл типке тән белгілер-үнемі назарда болуға тырысу, өзін көрсетуге және үнемі таңғалдырып, таңырқатуға әуестік. Сол мақсатпен сатушы, манекенщица және басқа да мамандықтарды таңдайды. Қолда жақты бар етуге ұмтылып истероидті адамның бүкіл мінез-құлқының басты көрсеткіші.
Тұрақсыз тип(Т). Бұл тип психикалық жағынан талыспаушылығымен сипатталады. Ал мұнын өзі пайымдалуларының қабаттаса келе ақыр аяғында женіл ойлы әрекеттерге әкеп соғады. Олардың іс-әрекеттері, әдетте ішкі сенімділікпен емес, кездейсоқ сыртқы жағдайлармен айқындалады. Кобіне оларды бекем қызығушылық пен өзіндік пікір болмайды. Олар кездейсоқ таныстыққа бейім келеді, сым ішекті аспаптармен және қатты музыкамен рақаттануды ұнатады. Мұндай жасөспірімдер жәбірленгіш келеді, мақтауды сүйеді, бірақ екеуін де тез ұмытады.
Астено-невротикалық тип (А). Акцентуацияның бұл типі жасөспірім шақта алғаш рет ашылуы мүмкін. Астено-невротикалық акцентуацияның негізгі белгілері-қатты шаршап шалдығу, ашуланшақтық және илохондриялыққа бейім тұрушылық.
Лабильді тип (Л) Осы типке тән негізі белгілері-көніл-күйдің шектің тыс алмасуы. Лабильді типтегі жасөспірімдерге мақтау мен мадақтау шынайы қуаныш әкеледі, ол ұнамсыз оқиғаға ұшырау күшті аффективті реакция туғызады.
Конформды тип (К). А.Е.Личконың пікірінше, акцентуацияланған конформды типі үшін еліктеушілік, барлығы сияқты өмір сіру, тіпті асыра иландырушылың тәрізді жалпы жасөспірімдік жасқа тән әсіресе тұрақсыз және истероидті типтердің сипаты ұшырасады.
Сенситивті тип (С). Бұл тип дербес өмірге қадам басатын ересек жасөспірім шақта, 16-18 жастарда қалыптасады. Жасқаншақ, ұялшақ және өзін жақсы көретін жасөспірімдер жаны тым жараланғыш және өзін жақсы көретін жасөспірімдер жаны тым жараланғыш және жәбірленгіш келеді
Аралас типтер. Мінез акцентуацияларда да, психопатияларды да жиі кездеседі. Бірақ сипатталған типтердің барі өзара байланысты бола бермейді.
Истероидті мен циклоидті, сенситивті, психостеникалық, аралас типтер екі жақты болады
Аралық типтер. Бұл байланыстар эндогендік, ең алдымен генетикалық факторлармен ерекшелінеді, сонымен қатар ерте балалық шақтады дамуда себепші болу мүмкін. Эндогенді заңлықтарыға орай адам есейген сайын нипертимді тип циклоидті типке айналуы мүмкін.
Амольганды типтер. Бұл аралас типтер бұрыс тәрбиеге немесе ұзақ мерзім бойы жағымсыз факторлардың әсеріне байланысты бір типтің бітістері екінші типтік эндогенді ядросына қабаттасу нәтижесінде қалыптасады. Асоциалды ортаның әсерінен конформды типтен тұрақсыз тип пайда болуы мүмкін. Айналасындағы қатал өзара қарым-қатынас жағдайда эпилептоидті бітістер конформды типтің ядросына тез қабаттынады.
Әдебиеттер:
Негізгі: -
Девиантное поведение /И.А.Рудакова, О.С.Ситникова, Н.Ю.Фаль-чевская. – Ростов-на-Дону: «Феникс», 2009. – 156 с.
-
Профилактика алкогольной и наркотической зависимости у подростков в школе: Практическое пособие. – М.: Айрис-пресс, 2009. – 96 с.
-
Гоголева, А.В. Аддиктивное поведение и его профилактика. – М: Московский психолого-социальный институт; Воронеж: Изд-во НПО «МОДЭК», 2010. – 240 с.
Қосымша:
-
Менделевич, В.Д. Психология девиантного поведения: учеб. пособие для вузов /В.Д.Менделевич. – СПб.: Речь, 2010. – 444 с. – (Современный учебник)
-
Каменская, Е.Н. Социальная психология: конспект лекций /Е. Н.Каменская. - Ростов н/Д: Феникс, 2010. – 187с.
Достарыңызбен бөлісу: |