Пән бағдарламасының (syllabus) титулдық парағы


Білім алушылардың білімін бағалау критерийлері



бет3/3
Дата29.06.2016
өлшемі457.44 Kb.
#165963
1   2   3

12. Білім алушылардың білімін бағалау критерийлері


Пәнді меңгеру барлық өткен материалды қамтитын тест түріндегі емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберілудің міндетті шарты болып бағдарламада барлық көрсетілген тапсырмадарды орындау табылады.

Әрбір тапсырма 0-100 балмен бағаланады.

Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтарда барлық орындалған тапсырмалардың (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, СӨЖ бойынша тапсырмалар, практика бойынша тапсырмалар және басқалары, межелік бақылау) орташа арифметикалық бағасымен есептелінеді.

Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын (барлық зертханалық жұмыстарды, СӨЖ бойынша тапсырмалар мен жұмыстарды орындау және тапсыру) орындаған, курстық жобаны (жұмысты) қорғағаны үшін оң баға алған және жіберу рейтингін жинаған (50 балдан кем емес) студенттер жіберіледі.

Әр пән бойынша (пәннің қорытынды бақылау түрі мемлекеттік емтихан болса да) студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс/ жоба) салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮЖР және СҮҚБ).

Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4

Үлес салмақтар жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6 көп емес және ҚБ үшін 0,3 кем емес болуы керек.

КЖб/КЖ комиссия алдында қорғалады. Баға жетекшінің пікірін ескере отырып, көрсеткен біліміне сәйкес қойылады.

Пән бойынша жіберу рейтингі де, қорытынды бақылау да оң бағаланған жағдайда ғана қорытынды баға есептеледі. Дәлелсіз себеппен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда, «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңеріледі. Пәннен емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні айтылады, егер емтихан жазбаша түрде түстен кейін жүргізілсе, онда келесі күні айтылады.

Қорытынды бағаны есептеудің дұрыстығы үшін межелік бақалауда (рейтингте) және қорытынды емтиханда білім алушының білімі пайыздарда 0-ден 100 % дейін бағаланады.

Межелік бақылаудың бағасы ағымдағы бағалар мен межелік бақылаудың бағасынан есептелінеді.

Пән бойынша студенттердің оқу жетістіктері, яғни білімдері, икемділіктері, машықтары және құзыреттері көпбалды әріптік жүйе бойынша бағаланады:




Әріптік жүйедегі баға

Балдың сандық баламасы

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйедегі баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


13. Оқытушының талаптары, саясат пен тәртіптер

Білім алушы барлық аудиториялық сабақтарға кешігусіз қатысуға міндетті. Сабаққа қатыспау жағдайлары деканатпен бекітілген тәртіппен өтеледі. Сабаққа кем дегенде екі рет қана қатыспауға рұқсат етіледі. Сабаққа екі рет кешігу бір сабаққа қатыспаған деп есептелінеді. Сабаққа екі реттен көп қатыспаған жағдайда оқытушы бұдан әрі студентті мәселе әкімшілік шешілгенге дейін сабаққа кіргізбеуге құқығы бар. Дәрісте берілген курстың студенті болып табылмайтын бөтен адамдардың болуына тыйым салынады.

Жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың ең соңғы мерзімі – емтихандық сессияның басына дейін 3 күнге дейін.

Барлық тапсырмаларды тапсырмаған, курстық жұмысты қорғамаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыпты қайталау және өткен материалдарды қарау міндетті. Оқу материалдарын меңгеру дәрежесі тестпен немесе жазбаша жұмыстармен тексеріледі. Студенттерді тестілеу ескертусіз өткізілуі мүмкін.

Оқытушының бақылауымен орындалатын студенттің өздік жұмысы (СӨЖМ) кезінде келесі төрт негізгі функциялар ескеріледі.

Бірінші – оқу пәні бойынша бекіту сабақтары кезінде алынған ақпаратты студенттермен белсенді қабылдауды жүзеге асыруды ұйғарады.

Екінші функция студенттер өз бетінше оқытушы ұсынымдары негізінде оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқиды, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды орындайды және т.б. ескереді. Берілген кезеңде студенттерден жұмыс әдістерін білу, өз қиыншылықтарын түсіну, өзін ұйымдастыру мен өзін ұстай білушілік талап етіледі.

Студенттердің үшінші функциясы қиындық туындататын жағдайларды талдау мен жүйелеуден, оқу материалдарын түсіну мен меңгеруде қиындықтар себептерін анықтаудан, басқа оқу әрекеттерін орындаудан тұрады. Студенттер шешілмейтін қиындықтарды оқытушыға сұрақтар жүйесі түрінде (оларды реттейді, рәсімдейді) қояды, бұл сұрақтарға жауаптардың өз нұсқасын береді.

Студенттердің төртінші функциясы оқытушыға сәйкес түсіндірулер, кеңестер, көмектер үшін жолығудан тұрады.
14. Әдебиеттер тізімі

Негізгі

1 Әбдікерімова Г.И. Кәсіпорын экономикасы:оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2008. – 367 б.

2 Ниязбекова Р.К., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2008. – 791 б.

3 Үмбетәлиев А.Д. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік: оқулық. - Алматы: Экономика, 2009. – 464 б.



  1. Нұрғалиева А.А. Ауылдық аудандара әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі. Дисс. жұмыс. Алматығ 2010 ж.

Қосымша

5 Қағибат А.Қ. Кәсіпорын экономикасы: бақылау жұмысын орындауғы арналған әдістемелік нұсқау 050507 «Менеджмент», 050508 «Есеп және аудит», 050509 «Қаржы», 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығыеың студ. арналған. - Павлодар: Кереку, 2009. – 14 б.

6 Қуатова Д.Я. Кәсіпорын экономикасы: практикум. - Алматы: Экономика, 2006. – 106 б.

7 Мейірбеков А.К., Әлімбетов К.Ә. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. - Алматы.: Экономика, 2008 – 252 б.

8 Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы: тәжірибе сабағына арналған оқу құралы. - Алматы: LEM, 2007. – 294 б.

9 Түсіпбеков Т., Теңізбаева Т. Кәсіпорын экономикасы (дидактикалық материалдар және көрнекті құралдар): оқу құралы [Кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарына ұсынады] - Астана: Фолиант, 2008. – 192 б. – (Кәсіптік білім)






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет