Пән бағдарламасының титулдық парағы (Syllabus)


Тақырып 7. Қазақ мәдениетіндегі діни жүйе және түрлері



бет2/3
Дата13.06.2016
өлшемі410.25 Kb.
#133921
1   2   3

Тақырып 7. Қазақ мәдениетіндегі діни жүйе және түрлері .

  1. Ә. Марғұлан ежелгі діни наным-сенімдер дәстүрлер туралы.

  2. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы шамандардың рөлі.

  3. Қазақ оқымыстыларының еңбектеріндегі тәңіршілдік дәстүрі.

Тәңір – байырғы түрік халықтарында аспандағы құдайдың аты. Бұл ұғым Хунну (Сюн-ну, Гун) дәуіріне дейін орнығып (б.з.б. ІІІ ғасырға дейін) кейіннен осы көшпелі ұлы дала империясының идеологиясына айналып кейінгі түркі империяларына да идеологиялық алтын қазық болғаны қақ. Бұл жайында қытай деректерінде хуннулардың билеушілерін «Танг-ли кү-тү» (Тәңіріқұты), «Тәңірі текті Шаньюй» (Мао-тун) деп ұлықтағанын білеміз. «Тәңірі» сөзін алтай текті халықтардың ішінде кең таралуына қарап ақ осы сөздің түп төркінінің қаншалықты алысқа кетерін болжау қиын емес (Қазіргі глотогенез теориясы негізінде бұдан 10000-4000 жыл бұрын арғы моңғол, арғы түрік, арғы манжур тілеріне ыдыраған) (История древнего востока. Москва, 1979. 510 стр.).  Тәңірі сөзін: алтайлықтар – тенгри, тенгери; моңғолдар – тэнгэр; шорлар – тегри; хакастар – тигир, тер; чуваштар – тура; сахалар – тангара; буряттар – тэнгэри; тувалар – дээр; қалмақтар – тэнгер деп атаған.    

   Ежелгі және байырғы түріктердің діні әлі де толық зерттеле қойған жоқ.  Іш-оғуз (скиф), сақ, хунну, көк түріктердің дінін ол дәуірде қалай атаған, оның жүйесі қандай, дін бе әлде наным-сенім бе дегенге күні бүгінге дейін толық жауап берілмей келеді. Байырғы түріктердің наным – сеніміне арнайы қалам тартқан ғалымдар саусақпен санарлықтай ғана. Бұл мәселеге ең  алғаш арнайы назар қойып зерттеген ғалымдар француз Ж. - П.Ру (15,16,17,18), ресейлік И. В. Стеблева (20), С. Г. Кляшторныйлар (8) болды.  Байырғы  түрік дінімен манихей дінінің байланысы қақында М.Майлард (11) біраз тереңдеп зерттеу жүргізді.  Орта және Орталық Азия халықтарының ХХ-ХХІ ғасырға дейін сақталып келген шаманизмнің жора-жосындары мен жекелеген оңғындары (культ) шеңберінде, олардың байырғы түрік оңғындарымен тікілей сабақтасытығын Л.П.Потопов (13), Анохин (2), С. Д. Майнагашев (9), Ш.Ш.Уәлиханов (24), Н. Ы. Дыренкова (7), Г. Д. Санжаев (19), Н. А.  Алексеев (3), О. Пүрэв (14), А. Т. Төлеубаев (23), С. М. Абромзон (30), П. Пельо (12), Г. П. Снесарев (21) с.с. ондаған ғалымдар ғылыми еңбектерінің зерттеу объектісіне айналдырып келді. Бірақ бұл ғалымдар ежелгі және байырғы түрік, моңғол, манжұр-тұңғұс халықтарының дүниетанымын, рухани ұстанымын наным-сенімін (верия) деп дәлелдеп келеді.  Қазіргі ғылымда наным-сенім дегенді білімге негізделмеген белгілі бір құбылыстың ақиқаттығына илану, табиғаттан тыс күштерге көзсіз сену деп түсіндіріледі. 

Әдебиеттер тізімі:

1.ҒабитовТ. Мәдениеттануға кіріспе. Алматы, 2013

2.Нұрланова К. Адам және әлем. Алматы

3. МұхамбетоваА. Казахская традиционная культура и ХХ век. Алматы.

4.Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. Алматы.

ХасановМ., Қаракұзов Ж. Қазақ мәдениетінің космосы. Алматы.,



Тақырып 8. Қазақ ұлттық идеясы мәдениеттанулық мәселе ретінде

  1. Дәстүрлі рухани мәдениет зерттеулері туралы.

  2. Қазақ мәдениет институтының қалыптасу қайнар көзі.

Ұлттық идеяның табиғатын түсіну үшін, алдымен «идея» мен «ұлт» түсініктерінің ғылыми анықтамаларына тоқталуымыз қажет.Идея сөзі грек тілінен аударғанда – көрініп тұрған нәрсе, бей¬не, яғни, мағына, ой, пікір, маңыз, мән ұғым¬дарын білдіретін, түрлі мағынада қол¬да¬нылатын философиялық термин. Идея болуға тиістінің жалпы кескінін көрсетеді, соның жалпы бағытын анықтайды. Сол идеяның негізінде кейін тұтас бір жүйелер, олардың нақты түрлері мен фор¬малары өрбиді. Осы жағынан алғанда идеялар саяси және әлеуметтік өмірде, көркемөнерде, дінде, философияда шын мәнінде белгілі бір (жалпыадамзаттық, ұлттық, гуманистік, т.б.) құндылықтармен тығыз байланысып жатады. Қо¬ғам¬дағы әрбір адамның өзіндік идеялары, өмірге деген көзқарастары, идеалдары мен құн¬ды¬лықтар жүйесі бар. Бұлар жиналып келіп, адамның рухани жан дүниесін құрай¬ды.

Сонымен, идея – бар нәрсені емес, басқа ұғымдардан өзгеше әлі жоқ нәрсені, жасалуға тиіс дүниелерді білдіреді. Идея өзі тарихи дамудың нәтижесі ретінде өзінің даму барысында өзінің көптеген қырларын айқындап толысқан ұғым. Ол бүкіл даму тарихындағы жасалған рухани байлықтардың бәрін бойына сіңірген, бір жүйеге біріктірген.

Әдебиеттер тізімі:

1.ҒабитовТ. Мәдениеттануға кіріспе. Алматы, 2013

2.Нұрланова К. Адам және әлем. Алматы

3. МұхамбетоваА. Казахская традиционная культура и ХХ век. Алматы.

4.Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. Алматы.

ХасановМ., Қаракұзов Ж. Қазақ мәдениетінің космосы. Алматы.,


Тақырып 1. Рухани мәдениет түсінігі және құрылымы

  1. Руханимәдениеттің жалпы сипаттамасы.

  2. Мәдениет морфологиясы.

  3. Қазақ рухани мәдениетінің ерекшеліктері.

Тапсырмалар:

1. Рухани мәдениеттің жалпы сипаттамасы.

2.Мәдениет морфологиясы ұғымының мазмұнының ашу.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Бұл тақырыпты оқу барысында қазақ рухани мәдениетінің ерекшелігін тиянақты қарастыру.



Әдебиеттер: 1,2
Тақырып 2. «Ауызша дәстүр» қазақ мәдениетінің феномені ретінде «Ауызша дәстүр» қазақ мәдениетінің феномені ретінде

  1. А. Мұхамбетованың Қазақ музыкалық мәдениеті және ХХ ғасыр..

  2. «Ауызша» дәстүр жырау, сал, серілердің шығармашылығының ерекшелігі ретінде.

  3. К. Нұрланованың «Адам және әлем. Қазақтың ұлттық идеясы» еңбегі.

Тапсырмалар:

1. А. Мұхамбетованың «Қазақ музыкалық мәдениеті және ХХ ғасыр» еңбегін оқу.

2. К. Нұрланованың «Адам және әлем. Қазақтың ұлттық идеясы» еңбегін оқу.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Бұл тақырыпты оқуда ауызша дәстүрдің тарихына ерекшелігіне, жету дәстьүрінінң әдістік тәсілдері туралы аса көңіл бөліп қарастыру. Ауызша дәстүрдің маңызын ашу.



Әдебиеттер: 1,2
Тақырып 3. Қазақ билерінің шешендік өнері

Қазақ қоғамындағы билердің рөлі мен маңызы.



  1. «Жеті жарғы» Тәуке ханның негізгі қағидалары.

  2. Е. Тұрсынов, С. Қасқабасов, К. Нұрланованың қазақ рухани дүниесіндегі билердің рөлі туралы.

Тапсырмалар:

1. Қазақ қоғамындағы билердің рөлі мен мәні..

2.»Жеті жарғы » заңдар жинағының әйел мен ер адамға қатысты ережелерін, бала мен ата-анаға қатысты ережелерін басып ашып көрсету..

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Е. Тұрсынов, С. Қасқабасов, К. Нұрланованың еңбектерін оқу.



Әдебиеттер: 2,4

Тақырып 4. Жырау институының қайнар көзі мен қалыптасуы

  1. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы жыраулық дәстүрдің рөлін зерттеу.

  2. Бұқар жыраудың қазақ қоғамындағы рөлі.

  3. Жырау институтының қалыптасу тарихы .

Тапсырмалар:

1. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы жыраулардың рөлі.


2. Жыраулар институтының қалыптасу тарихын тарихи кезеңдермен қарастыру. Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Бұл тақырыты оқуда студенттер Бұқар жыраудың қазақ қоғамындағы рөліне ерекше назар аудару.



Әдебиеттер: 2,4

Тақырып 5. Ақындармен сал-серілерідің суырып салма өнері

1. Суырып-салма өнері ауызша дәстүрдің ерекшелігі ретінде қарастыру.

2.Сал мен серінің айырмашылығы.

3. Біржан сал, Ақан сері, Сегіз серінің рөлі.



Тапсырмалар:

1. Сал мен серінің айырмашылығын ашып көрсету.

2. зерттеушілердің сал мен серіге қатысты зерттеушілердің пікірі мен көзқарасын салыстыру.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Қазақтың суырып-салма дәстүріннің ерекшелігін қарастыру.



Әдебиеттер: 2,3

Тақырып 6. Дәстүрлі қазақ мәдениетінідегі «Күй» феномені

Жоспар:


1. Зерттеушілер Д.Ерзакович, Е. Затаевич қазақ ән-күй өнері туралы.

2.Б. Сарыбаевтың қазақ ән-күй өнерінің мәні мен маңызы туралы.

3.Қорқыттың музыкалық философиясы.

Тапсырмалар:

Д.Ерзакович, Е. Затаевичтің еңбектерінен қазақ музыкалық мәдениеті туралы үзінділерін келтіру.



Әдебиеттер: 2,3

Тақырып 7. Қазақ мәдениетіндегі діни жүйе және түрлері .

1.Ә. МАрғұлан ежелгіі діни наным-сенімдер жайлы.

2. Қазақ дәстүрлі мәдениетіндегі шамандардың рөлі мен мәні.

3. Қазақстан зерттеушілерінің еңбектеріндегі тәңіршілдік феномені.



Тапсырмалар:

1.Діни жүйенің синкреттігін қаарстыру.

2.Қазақстанның мәдени-шығармашылығындағы исламның рөлін талдау.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Бұл тақырыты оқуда дағдарыс, мәдени парадигма түсініктеріне көңіл аударамыз. Әдебиеттер: 2,3



Тақырып 8. Қазақ ұлттық идеясы мәдениеттанулық мәселе ретінде

  1. Дәстүрлі рухани мәдениет зерттеулері туралы.

2.Қазақ мәдениет институтының қалыптасу қайнар көзі.

3.Дәстүрлі рухани мәдениет зерттеулер.

4.Қазақ мәдениетінің генезисінің қалыптасуы.

Тапсырмалар:

1. Қазақстандық мәдениеттанушылар зерттеушілердің негізгі мәдениеттанулық зерттеулері.



2.Қазақ қоғамындағы мәдениеттің дамуындағы рөліне талдау жасау.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Бұл тақырыпты оқуда қазақтың ұлттық идея түсінігіне аса назар аудару..

Әдебиеттер: 2,3

Өзіндік оқуға арналған тақырыптар

Тақырып 1. Рухани мәдениет түсінігі және құрылымы

1. Рухани мәдениет түсінігінің анықтамасының, қалыптасуы туралы жөнінде реферат жазып келу

2.»Ауызша дәстүр» тарихын зерттеушілердің пікірлер мен зерттеулері бойынша еңбектерді оқып шығып, талдау.

Тақырып 2. «Ауызша дәстүр» қазақ мәдениетінің феномені ретінде «Ауызша дәстүр» қазақ мәдениетінің феномені ретінде


  1. Ауышзша тарих салаларын жеке-жеке алып қарастыру, Үзінділер жаттау.

  2. Ауызша дәстүрді жас өспірімдерді оқытып- тәрбиелеуде маңызын ашып көрсету үшін, тәрбие сабақтарын жүргізудің рөлін ашу

Тақырып 3. Қазақ билерінің шешендік өнері

1.Билердің шешендік өнер саптауларын жатқа айту.

2.Шешендік өнер тарихы бойынша реферат жазу.

Тақырып 4. Жырау институының қайнар көзі мен қалыптасуы

1.Жырулардың дәстүрі туралы эссе жазу.

2.Жыраулардың шығармаларын тақырыптарына байланысты бөліп көрсету.

Тақырып 5. Ақындармен сал-серілерідің суырып салма өнері

1. Суырып-салма өнердің бүгінгі күнгі жағдайы туралы эссе жазу.

2.Сал мен серінің ерекшеліг жөнінде зерттеулерді талдау.

Тақырып 6. Дәстүрлі қазақ мәдениетінідегі «Күй» феномені

1.Қазақ күйлерін тақырықа байланысты сызба жүзінде таныстыру.

2. «Күй тарихы-ел тарихы» туралы реферат жазу.

Тақырып 7. Қазақ мәдениетіндегі діни жүйе және түрлері

1.Қазақ қоғамындағы «шаманизмнің рөлі» туралы реферат жазу.

2. Тәңіршілдіктің ежелгі қалдықтары мен қазіргі күнгі жағдайы туралы зерттеулерді талдау.Эссе жазу.

10. CОӨЖ кеңеснамаларының кестесі

(CОӨЖ CӨЖ-дың 25%-ын құрайды)



Оқу түрлері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сұрақтары бойынша кеңес беру




11.20

12.00














2.

Тәжірибе тақырыптары бойынша кеңес беру







12.35

13.25











3.

МӨЖ тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес беру
















12.35

13.25


4.

Рефератты орындау бойынша кеңес беру

16.00

17.00

















5.

Тест тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес беру










14.20

15.00







Барлық сұрақтар бойынша кеңеснамалар ағымдағы семестрдің CОӨЖ кестесіне сәйкес іске асырылады



11. Студенттердің білімін тексеру кестесі

Дәріс пен тәжірибелік сабақтарға қатысу 0-100 балл бағаланады


Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі



Жұмыс түрлері

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Орындалу мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

Рухани мәдениет түсінігінің анықтамасының, қалыптасуы туралы жөнінде реферат жазып келу




3 жұма




3-ші жұма

2

Реферат

Шешендік өнер тарихы бойынша реферат жазу.




4 жұма




5-ші жүма

3

Эссе

.Жырулардың дәстүрі туралы эссе жазу.




6 жұма




8-ші жұма

4

Межелік бақылау

Модуль 1,2







коллоквиум

8-шы жұма

5

Реферат

«Күй тарихы-ел тарихы» туралы реферат жазу.





10 жұма




11-ші жұма

6

Баяндама

Қазақ қоғамындағы «шаманизмнің рөлі» туралы реферат жазу.




12 жұма




12-ші жұма

7

Эссе

Тәңіршілдіктің ежелгі қалдықтары мен қазіргі күнгі жағдайы туралы зерттеулерді талдау.





13 жұма




14-ші жұма

8

Межелік бақылау

Модуль 3,4







коллоквиум

15-ші жұма

12. Студенттердің тексеру критерийлері

Пәннің игерілуі жыл өткен мәліметті құрайтын аралас түрде (тест+ауызша) өтетін емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберу шарты ретінде бағдарламада қарастырылған барлық тапсырмалардың орындалуы міндетті шарт ретінде қарастырылады.

Әрбір тапсырма 0-100 балл негізінде бағаланады.

Жіберу рейтингісі ағымдағы сабақтардағы барлық тапсырмалардың орындалуының (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, МӨЖ бойынша тапсырмалар, тәжірибе бойынша тапсырмалар және т.с.с., өтпелі бақылау) орташа арифметикалық жиынынан анықталады.

Қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс оқу бағдарламасының (барлық зертханалық жұмыстардың, СӨЖ бойынша жұмыс пен тапсырмалардың орындалуы мен тапсырылуы) барлық талаптарын орындаған және жіберу рейтингісін алған (50 баллдан кем емес) магистранттар жіберіледі.

Әрбір пән бойынша магистранттардың білім жетістіктерінің деңгейі (оның ішіндеМЕ қорытынды бақылау түрі бар пәндер бойынша да) қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Ол МБ мен ҚБ (емтихан, дифференциалды есеп немесе курстық жұмыс/жоба) бағаларынан олардың таразылық үлестерін (МБТҮ мен ҚБТҮ) ескере отырып есептелінеді.

Қ = МБ*0,6 + ҚБ*0,4

Таразылық үлестер жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және де МБ үшін 0,6-дан артық емес, ал ҚБ үшін 0,3-тен кем емес болуы тиіс.

КЖ/КЖ комиссия алдында қорғалады. Баға көрсетілген білімге сәйкес және жетекшінің түйіндемесін есепке ала отырып қойылады.

Пән бойынша қорытынды баға тек егер де жіберілу рейтингісі бойынша және де сонымен бірге қорытынды бақылауы бойынша жағымды бағаларға ие болған кезде ғана есептелінеді. Қорытынды бақылауға себепсіз жағдайлармен келмеу «қанағаттанарлықсыз» бағасына сәйкес келеді. Емтихан мен аралық аттестацияның қорытындысы магистарнттарға сол күні немесе егер де жазбаша емтихан күннің екінші жартысында өткізілген жағдайда екінші күні хабарландырылады.

Студенттердің межелік бақылау (рейтингі) мен қорытынды емтихандағы білімінің қорытынды бағасының дұрыс есептелуі мақсатында олар пайыздық мөлшерде 0-ден 100%-ға дейінгі аралықта бағаланады.

Межелік бақылаудың бағасы ағымдағы бағалар мен межелік бақылаудың бағасынан есептелінеді.


Магистранттардың білімін бағалау.

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллдардың сандық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйедегі баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Хорошо

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


13. Оқытушының талаптары, саясаты мен тәртібі

Әрбір магистрант сабақтың барлық түріне қатысуға міндетті, топтың тақырыпты таллқылауында белсенділік танытып, өз курстарыныңыздық қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Сабақта өзін-өзі устаудың алгиақтығына шара қолданылыды, типті аудиториядан қуылғанға шейін. Мен сіздерден мына талаптардың орындалуын талап етемін: сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілсін, аудиторияға сырт киімен кірмеу, университеттің ішкі ережесін бұзбау.

Сабақтың жібергендерге мен мынадай айыптық санкция белгілеймін; белгісіз себептермен дәріс, тәжірибе сабақтарына қатысқапағандардан 3 балл алынып тасталынады.

Үй тапсырмасын орындағандарға ең жоғарғы сандық 11 балл қойылады, сөннымен қатар тәжірибелік сабақты болмағанға (белгісіз себептермен) – 0 балл, үй тапсырмасы орындалмай қолғандықтан – минус 1 балл. Осы жіберілген сабақтарды магистрант қайыра орындап шыққан жағдайда ең жоғарғы 10 баллдың орнына 5 балл қатылады, алайда тәжірибе сабағында белгілі себептермен қатыса алмай қалған жағдайда 11 балл қоямын. Магистранттардың өздін жұмысы орындалса 1 балл, орындалған жағдайда 0 баллмен өлшенеді.

Әрбір сабаққа дайындық міндетті, берілген тапсырма толығымен оқылуға тиіс. Сіздің дайндығыңыз тәжірибе сабағы барысында сұрақ беру мен тест тапсырмаларын арқылы пәннің әрбір аяқталған тарауы барысында тексеріледі.

Дәрістік және тәжирибелік сабақ барысында белсенділік танытқан магистрант марапатына 3 балл қосылады. Белсенділікке жауап берген магистранттың айтарына қосымша тың материалдар ұсыну.

Егер сіз бақылау шаралары уақытында белгілі себептермен қатыса алмасаңыз, сізге келесі сабақтың барысында қайта өтуіңізге мүмкіндік беріледі, басқаша жағдайда сіз «0» баллға не баласыз.

Семестр барысы 2 мәрелік бақылаудан тұраып тест түрінде өтеді. Тест бақылауы пәннің өтілген тараулары материадарынан беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет