$$$001-000-000 1 Глоссарий Санкция



жүктеу 1.71 Mb.
бет1/7
Дата23.02.2016
өлшемі1.71 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
$$$001-000-000$3.1 Глоссарий

Санкция – қылмыстың істелгені үшін тағайындалатын жазаның түрі мен шегін анықтайтын Ерекше бөлім бабының бөлімі. Қылмыстық заң баптарында салыстырмалы анықталған, баламалы (альтернативті) және аралас санкциялар кездеседі.

Салыстырмалы анықталған санкция жазаның түрі мен шектері көрсетіледі. Мұндайда сотта жазаны жеке-даралау үшін біршама мол мүмкіндіктер болады. Оның екі түрін ажыратады: жазаның тек жоғарғы шегін ғана анықтайтын санкция және жазаның жоғарғы да, төменгі де шектерін анықтайтын санкция.

Салыстырмалы анықталған санкциялардың екінші түріне ҚК-тің 162-, 181-, 241-баптарының санкциялары мысал бола алады.

Баламалы санкцияда негізгі жазалардың екі немесе одан да көп түрлері көрсетілген болады, сот істің мән-жайына негізделе отырып, жаза мақсаттарына қол жеткізуге неғұрлым көп мүмкіндік беретін жаза түрі мен шегін осы жаза түрлерінен анықтайды. Мысалы, аффект күйінде кісі өлтірілгенде сот бас бостандығын шектеудің, қамаудың және бас бостандығынан айырудың бірін тағайындайды.

Қылмыстық заңның кеңістіктегі күшін реттейтін нормаларда екі негізгі қағида ізбе-із іске асырылған – территориялылық және азаматтылық қағидалары.

ҚК-тің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының территориясында қылмыс істеген адам осы Кодекс бойынша жауапқа тартылады. ҚР территориясы біртұтас және ажырамас болып табылады. 1993-ж. 13-қаңтарындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заңның бірінші бабы осы шекараны келесі түрде анықтаған: «ҚР мемлекеттік шекарасы деп Қазақстанның құрлық, су, жер қойнауы мен әуе кеңістігінің шегін анықтайтын сызықтық пен оның үстінен өтетін тік жазық танылады. Мемлекеттік шекара ҚР Парламенті ратификациялаған ҚР-ның халықаралық шарттарымен анықталады».

Мемлекеттік шекара төмендегіше анықталады:

Құрлықта – рельефтің тән нүктелері мен сызықтары немесе айқын көрінетін ориентирлер бойынша;

Теңізде – ҚР территориялық теңізінің сыртқы шекарасы бойынша. Территориялық теңізге енін ҚР Парламенті ратификациялаған ҚР халықаралық шарттары анықтайтын жағалау теңіз сулары жатады.

Ішкі сулар ҚР территориясы болып табылады: теңіздегі неғұрлым алшақ орналасқан гидротехникалық және басқа да құрылыстардан өтетін сызықпен шектелген порт сулары, жағалаулары ҚР-на тиесілі болатын өзендер мен басқа да су бөгендерінің сулары.

Каспий теңізіндегі ішкі суларға жататын акватория ҚР Парламенті ратификациялаған ҚР халықаралық шарттарымен анықталады.



Қылмыстық заң қылмыс ҚР-ның континенталдық шельфінде және ҚР айрықша экономикалық аймағында істелген жағдайда да әрекет етеді (ҚК-тің 6-бабының 2-бөлімі).

Шельф – табиғи байлықтарды алуға мүмкіндік беретін, территориялық теңізге белгілі бір тереңдікте түйісетін (200 метрге дейін және одан да терең) теңіз астының қойнауы. Жер қойнауы – құрлық және су территорияларының астының кеңістігін қамтитын, шаруашылық және басқа да мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін пайдаланылуы мүмкін болатын табиғи орта бөлігі. Айрықша экономикалық аймақ территориялық сулардың шегінен тыс теңіз аймақтарында орнатылады. Оның шекараларын халықаралық шарттар анықтайды.

Құрлық және су территорияларының, оның ішінде территориялық сулардың үстіндегі тік жазық әуе кеңістігінің шекарасы болып саналады.

ҚК-тің 6-бабының үшінші бөлімі ҚР жалауында жүрген кемелерде қылмыс істеу үшін жауапкершілікті реттейді. Егер ҚР портына тіркелген және ашық су немесе әуе кеңістігінде жүрген кемеде қылмыс істелетін болса, жауапкершілік ҚР ҚК бойынша орнатылады. ҚР әскери әуе және су кемелері олардың қай жерде болуына қарамастан, ҚР территориясының бөлігі ретінде саналады.



Қылмыстық заң күшінің территориялық қағидасынан ерекшелік өзара келісімділік бастамаларында шет мемлекеттердің ел басшылары мен өкілдіктердің дипломатиялық персоналының мүшелері үшін істелген. ҚК-тің 6-бабының 4-бөліміне сәйкес шет елдердің дипломатиялық өкілдерінің және иммунитеті бар басқа да азаматтарының олар ҚР территориясында қылмыс істегендегі қылмыстық жауапкершілігінің мәселесі халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі.

Дипломатиялық иммунитет – шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, олардың басшылары мен қызметкерлеріне берілетін құқықтар мен жеңілдіктер жиынтығы. Дипломатиялық иммунитет мәселелерін реттейтін халықаралық құқық нормалары 1961-ж. Дипломатиялық қарым-қатынастар туралы Вена Конвенциясында кодификацияланған.

Қылмыстың жасалу сатылары – бұл қылмысқа дайындалудан, оған оқталудан және аяқталған қылмысты іске асырудан тұратын қасақана қылмыс дамуының белгілі бір сатылары.

Қылмыстардың көптігінің айрықша белгісі – мұнда бір адам кем дегенде екі қылмыс жасаған болуы керек, әрі олардың әрбірі дербес қылмыс құрамдарын құрайтындай болуы керек.

&&&


$$$002-000-000$3.2 Дәрістер

1 ТАҚЫРЫП. ҚЫЛМЫСТЫҚ Қ¦ҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ Б¤ЛІМІНІҢ Т‡СІНІГІ ЖӘНЕ Ж‡ЙЕСІ. ҚЫЛМЫСТАРДЫ САРАЛАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

Қазақстанның қылмыстық құқығының Ерекше бөлімі қылмыс болып танылатын барлық қоғамға қауіпті әрекеттерді көрсететін, бұл әрекеттердің белгілерін анықтайтын әрі оны жасағаны үшін тағайындалатын жазаны бекітетін заң нормаларының жиынтығы болып табылады.

Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімдері өз ара тығыз байланысты және біртұтас құқық саласы боп табылатын. ҚР-ның қылмыстық құқығын құрайды.

Қылмыстық іс жүргізудің әр сатысында жүзеге асырылатын қылмысты саралаудың жүргізілуі ғана емес, Жалпы және Ерекше бөлімінің заңды құрылымы мен мазмұны, олардың қылмыстылықпен күрес ісіндегі нормативтік ролі куә. Бөлімдердің «Жалпы және Ерекше» атты атаулары осымен түсіндіріледі.

Қылмыстық құқық жалпы бөлімі қылмыстық жауапкершіліктің жалпы негіздерін, барлық құққа қарсы әрі қоғамға қауіпті әрекеттер үшін тең құқықтық баға береді. Ерекше бөлім нақты қылмыс құрамдарының сипаттамасы мен тізімінен, осы әрекеттерді жасаған үшін тағайындалатын жазадан тұрады. Әрекеттер саралаушы белгілері бойынша бір-бірінен ажыратылады.

Қылмыстық әрекеттердің түрлілігі салдарынан оларды сараптау, топтарға бөлу (мысалы жеке тұлғаға қарсы қылмыстар, әскери қылмыстар, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар, көліктегі және экологиялық қылмыстар) және қылмыстардың топтарын, топ ішіндегі қылмыстарды белгілі бір кезекпен орналастыру арқылы жүйелеуден тұратын жүйе қажет болды.

Қылмыстық құқықты жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлу пайда болды. ХVII ғасырда бұл құқық саласының заңдары әр қайсысы өз бетінше, біртұтас жүйеге біріктірілмеген күйде қызмет етті. Бірақ қылмыстық әрекеттерге меншікке сипаттама беріп, олардың жасалуына сәйкес тағайындалатын жазаны көрсеткен.

Кеңестік қылмыстық құқық теориясында Ерекше бөлімінің бірнеше анықтамасы болған. Негізінде олар ұқсас анықтауыш белгілерден тұрған: 1) жүйе (тәртіп); 2) бірігу (орналасу); 3) заң нормалары (қылмыс құрамдары); 4) тарауларға бөліну (топтарға); 5) қолсұғудың топтық объектісі; 6) тараулардың кезекпен орналасуы; 7) қылмыстық заң баптарының бір тұтастығы.

Соңғы ғылыми жетістіктерді ескере келе Қазақстанның қылмыстық құқығының Ерекше бөлімінің жүйесі деп заң нормаларының (нақты қылмыс құрамдарының) бірігуі және тарауларға бөлінуі, оның ішінде қылмыстық әрекеттердің топтық және тікелей объектісі бойынша топтасуы.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміндегі қылмыстар келесі тарауларға: 1 тарау. Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар. 2 тарау. Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар. 3 тарау. Адам және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыста. 4 тарау. Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. 5 тарау. Мемлекеттің конституциялық құрылымы және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. 6 тарау. Меншікке қарсы қылмыстар. 7 тарау. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар. 8 тарау. Мемлекеттік қызмет және мемлкеттік басқаруға қарсы сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстар. Коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар. 9 тарау. Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. 10 тарау. Халықтың денсаулығы және адамгершілікке қарсы қылмыстар. 11 тарау. Экологиялық қылмыстар. 12 тарау. Көліктегі қылмыстар. 13 тарау. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар. 14 тарау. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар. 15 тарау. Сот төрелігі және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар. 16 тарау. Әскери қылмыстар.

Қылмыстарды бұлай сараптау, тарауларға бөлунегізі қылмыстық қолсұғушылықтың тектік объектісі. Лауазымды және әскери қылмыстар қолсұғу объектісі және қылмыстың арнайы субъектісі белгілері бойынша бөлінген.

Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің оқыту курсының жүйесі 1997 жылғы ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің жүйесімен сәйкес келеді, яғни ҚР қылмыстық құқығының, Ерекше бөлісінің түсінігі, маңызы және жүйесі. Қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері атты кіріспе тақырыптан басқа, қылмыстық кодекстегі тараулардың кедегі қатаң сақталған.

Қылмыстарды саралау қылмыстық құқық ғылымының әділет органдарының тәжірибелік қызметінде кең қолданылатын маңызды түсініктердің бірі. Қылмыстық-құқық ғылымының институты ретінде қылмысты саралау алғаш рет В. Н. Кудрявцев ұсынылды. Қылмысты саралау дегеніміз оған заңды баға беру, осы қылмыс белгілері сипатталған қылмыстық-құқықтық норманы анықтауды білдіреді.

 

Негізгі әдебиеттер:

1.  Булатов С.Я. Понятие и система Особенной части уголовного права СССР и КазССР. Алма – Ата. 1962. 43 с.

2.          Стручков Н.А. Объект преступного посягательства и система Особенной части УК. СГП. - 1987. - № 12.

3.           Чубарев В. Л. Классификация преступлений по родовому объекту посягательства. СГП. - 1989. - №4.

4.           Уголовное право РК. Особенная часть. Алматы, 2003.

5.           Комментарий к УК РК. Алматы, 2002.

6.           Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступлений. М., 2002.

7.           Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. М., 1984.

8.           Гаухман Л.Д. Квалификация преступлений: закон, теория и практика. М., 2003.

 

2 ТАҚЫРЫП. ЖЕКЕ Т¦ЛҒАҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

Қазақстанның жаңа ҚК Ерекше бөлімінің жүйесі «Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар» тарауынан басталады. Осыдан ҚР Конституциясымен бекітілген басты құндылықтар адам және азаматтың жеке тұлғасы екенін көреміз.

Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар деп адамның өмірі, денсаулығы, жыныстық бостаныдқ, жыныстық қолсұғылмаушылық, жеке бостандығы, ар-ожданы мен қадір қасиетіне қарсы жасалған қоғамға қауіпті әрекеттерді айтамыз. Бұндай қылмыстар жасалынуы нәтижесінде адамға мәнді зардап келтіріледі немесе оның өмірі, денсаулығы, заңды құқықтары мен бостандықтарына зардап келтіру қаупі туындайды.

Аталған қылмыстардың тектік (түрлік) объектісі болып жеке тұлға, тікелей объектісі болып жеке тұлғаның өмірі, денсаулығы, бостандығы, ар-ожданы табылады.

Тікелей объектісіне қарай, тарауды келесі топтарға бөлуге болады:

1.        Адам өміріне қарсы қылмыстар (96-102 б. ҚК);

2.        Денсаулыққа қарсы қылмыстар (103-111, 115, 116 б. 2, 3, 4 б. ҚК);

3.        ¤мір мен денсаулыққа қауіп төндіретін қылмыстар (112-114, 116 б. 1 б. , 117-119 ҚК);

4.        Жыныстық қолсұғылмаушылық, жыныстық бостандыққа қарсы қылмыстар (120-124 б. ҚК);

5.        Адамның жеке бостандығына қарсы қылмыстар (125-128 б. ҚК);

6.        Адамның қадір-қасиеті, ар-ожданына қарсы қылмыстар (129, 130 б. ҚК).

Адам өміріне қарсы қылмыстар ішінен үш түрлі қылмыстарды – кісі өлтіру (ҚР ҚК 96-100 бб. ), абайсызда қаза келтіру (ҚР ҚК 101 б. ) және өзін өзі өлтіру қаліне жеткізу. ¤з ішінде адам өлтіру қарапайым өлтіру (ҚР ҚК 96 б. 1 б. ); жеңілдететін мән-жайларда адам өлтіру (ҚР ҚК 97-100 бб. ); ауырлататын мән-жайларда адам өлтіру (ҚР ҚК 96 б. 2 б. «а» дан «н» тармағына дейін).

Адам өміріне қарсы қылмыстарды зерттеу барысында 23 желтоқсан 1994 ж. ҚР Жоғарғы сотының Пленумының № 11 «азаматтардың өмірі және денсаулығына қарсы қолсұғушылық үшін жауапкершілікті реттейтін заңдылықты соттардың қолдануы жөнінде» қаулысы мен танысу қажет. Онда қарапайым адам өлтіру, жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардағы адам өлтіру мен байланысты көптеген сұрақтарға түсіндірмелер жоғырланған.

Адам өлтіру – жеке тұлғаға қарсы ең ауыр қылмыс. ҚК 96 б. 1 бөлімі адам өлтіру – басқа адамға құққа қарсы қасақана қаза келтіру деп анықтайды.

Адам өлтірудің объектісі – азаматтығы, ұлтық, нәсілдік ерекшелігі, шыққан тегі, жасы, әлеуметтік жағдайы, кәсібі, денсаулығы, білімі, ақылына тәуелсіз кез-келген адамның өмірі. Қылмыстық заң кісі өлтіру деп тек қана басқа адамның өміріне жәбірленушінің еркінен тыс қасақана қаза келтіру жағдайы емес, оның келісімімен өлтірілген (эвтаназия) жағдайын да жатқызады. Жәбірленушінің тұлғасына қатысты қате адам өлтіру үшін жауапкершілікке әсерін тигізеді.

Адам өлтіру әрі іс-әрекет, әрі әрекетсіздік арқылы жасалады – Адам өміріне қаза келтіру физикалық (жарақат келтіру, буындыру, улау т. б. ) және психикалық (қорқыту, үркіту, лақап ақпарат тарату ж. т. б. ) түрде кездеседі.

Адам өлтіру кінәнің қасақаналық түрімен сипатталады. Кісі өлтірудің субъектісі (ҚР ҚК 96 б. ) 14 жасқа толған (ҚР ҚК 15 б. 2 б. ) есі дұрыс жеке адам. ¤мірге қарсы басқа қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады.

Жеңілдетілген мән-жайлардағы кісі өлтіру ге анасының жаңа туған сәбиін өлтіруі, аяқ астынан пайда болған күшті жан күйзелісі жағдайында кісі өлтіру (аффект), қажетті қорғану шегінен асып кету жағдайында кісі өлтіру, қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен асып кісі өлтіру.

Кісі өлтірудің ауырлататын мән-жайларын төрт топқа болуге болады, әр қайсысы қылмыс құрамының жеке элементін құрайды.

1. Қолсұғушылықтың объектісін сипаттайнын ауырлататын мән-жайлар:

-          екі немесе оданда көп адамдарды өлтіру;

-          адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруы не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды не оның жақындарын өлтіру;

-          дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сол сияқты адам ұрлау және адамды кепілге алумен ұстасқан;

-          жүкті екендігі айыпкерге белгілі әйелді өлтіру.

2. Қолсұғушылықтың объективтік жағын сипаттайтын ауырлататын мән-жайлар:

-          аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру;

-          көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен адам өлтіру.

3. Қылмыстың субъектісін сипаттайтын ауырлататын мән-жайлар;

-          адамдар тобы, алды ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ арқылы жасалған кісі өлтіру;

-          ҚР ҚК 97-100 баптарында көзделген әрекеттерді қоспағанда бұрын адам өлтірген адамның жасаған адам өлтіруі.

4. Қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын ауырлататын мән-жайлар:

-          пайда табу мақсатымен сол сияқты жалданып қарақшылық, қорқытып алушылық, бандитизммен ұш асқан кісі өлтіру;

-          бұзақылық ниетте адам өлтіру;

-          басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлау немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекетімен ұштасқан;

-          әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық не қанды кек себебімен адам өлтіру;

-          жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен жасалған адам өлтіру.

ҚР Жоғарғы Сот Пленумының 23 желтоқсан 1994 жылғы № 7 қаулысында адам өлтірудің жеке саралаушы белгілері орын таппаған, себебі олар заңның жаңалығы боп табылады, ал кейбіреуін заң шығарушы саралаушы белгілер қатарынан алып тастаған, олардың өзектілігі – тек тарихи сипатта.

Абайсызда қаза келтіру (ҚК 101 б. ) қылмыстық менмендік немесе қылмыстық немқұрайдылықпен сипатталады. Бұл қылмыс құрамын кәнілінің әрекетінің субъективтік бағытының ерекшелігіне қарай, жанама қасақаналықпен жасалған, қос кінәлікпен жасалған кісі өлтіруден ажырата білу керек. ҚК 101 б. 2 б. ауырлататын мән-жай екі немесе одан да көп адамға абайсызда қаза келтіруді білдіреді.

¤зін өзі өлтіру халіне жеткізудің міндетті шарты қатыгез қарау, қорқыту, адамдық қасиетін ұдайы қорлау, кінәлінің әрекеті мен жәбірленушінің өзін-өзі өлтіру арасындағы себептік байланыстан басқа, жәбірленушінің өлімі. Қылмыс өлім туындаудан басқа, оған оқталу болған уақытта да аяқталған деп есептеледі. ¤зін-өзі өлтіруге жеткізудің саралаушы белгісі жәбірленушінің кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділікте болуы.

Денсаулыққа қарсы қылмыстарға денсаулыққа зиян келтірудің түрлері, азаптау, сөз ауруларын жұқтыру, ИВТ/ЖҚТБ жұқтыру. Денсаулық сақтау істері бойынша ҚР Агеннігі № 226 бұйрығымен 11 наурыз 2001 жылы бекітілген денсаулыққа зиян келтірудің ауырлығын бағалаудың сот – дәрігерлік Ережелеріне сәйкес адамның денсаулығына келтірілген зиянның ауырлығы үш дәрежеге ауыр, орташа ауырлықтағы жеңіл деп бөлінеді.

Жалпы және кәсіби еңбек қабілетін, оның тұрақтылығын жоғалту дәрежесі де маңызды. Бет-әлпетінің қалпына келтіргісіз бұзылуынан тұратын денсаулыққа келтірілген зиянды анықтау кезінде эстетикалық ескеріледі.

Кінәсінің нысаны бойынша денсаулыққа зиян келтіру қасақана әрі абайсызда жасалады.

Денсаулыққа қасақана ауыр және орташа ауырлықтағы зиян келтіру, денсаулыққа ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларсыз зиян келтіру; денсаулыққа ауырлататын мән-жайларда зиян келтіру; денсаулыққа жеңілдететін мән-жайларда зиян келтіру болып бөлінеді.

09. 12. 2004 ж. ҚР Заңы бойынша ҚР ҚК 106 б. «¦рып-соғу»; ҚР ҚК 111 б. 3 б. «абайсызда денсаулыққа орташа ауырлықта, зиян келтіру» алынып талсталған, 108 б. «аффект жағдайында зиян келтіру»; 115 б. «Сөз ауруларын жұқтыру жаңа редакцияда жасақталды, ҚР 108 б. бойынша жауапкершілік аффект жағдайында жасалған денсаулыққа зиян келтіру, тек ауыр зиян келтірілгені үшін жауапкершілікті көздейді, сөз ауруларын жұқтыру үшін (115 б. ҚК) ауыр зардапқа әкеп соқса және екі немесе одан да көп адамға әрі көрінеу кәмілетке толмағандарға қатысты жасалса жауапқа тартылады.

Тұлғаның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстар: қорқыту (ҚК 112 б. ); ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету (ҚК 113 б. ); медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (ҚК 114 б. ); адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыру (ҚК 116 б. 1б) ; заңсыз аборт жасау (ҚК 117 б. ); науқасқа көмек көрсетпеу (ҚК 118 б. ); қауіпті жағдайда қалдыру (ҚК 119 б. ).

¤лтіремін деп немесе денсаулыққа ауыр зиян кельіремін деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетумен не мүлікті өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауіпті тәсілмен қорқыту үшін жауапкершілік бұл қорқытудың іске асатындығына қауіптенудің жеткілікті негіздерінің бар екендігі кезінде туындайды.

ҚК 113 б. ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға, күш көрсете отырып не күш көрсетемін деп қорқыта отырып жасалған мәжбүр ету үшін жауапкершілікті көздейді. Ауырлататын мән-жайлар: кінәліге дәрменсіз күйде екендігі көрінеу немесе кінәліге материалдық немесе өзге тәуелділіктегі адамға қатысты, көрінеу кәмелетке толмағанға қатысты, екі немесе одан да көп адамға қатысты, абайсызда донордың қайтыс болуы немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан жағдайлары.

ҚК 114 б. бойынша кәсіптік міндеттерін ұқыпсыз немесе оған адал қарамауының салдарынан орындамауы немесе тиісінше орындамауы егер бұл әрекеттер адамның қайтыс болуына әкеп соққан жағдайда медициналық қызметкер жауапкершілікке тартылады, сонымен қатар ҚК 114 б, 2 б. бойынша денсаулыққа ауыр зиян келтірілсе және ҚК 114 б. 3 б. денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтірсе жауапкершілікке тартылады.

ҚК 116 б. 1б. объективтік жағы жұқтыру тәсіліне тәуелсіз басқа адамды АИВ/ЖҚТБ-ны жұқтыру қаупінде қалдырудан тұрады.

ҚК 117 б. түрлі констуктивті белгілерден тұрады: тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жеқ адамның аборт жасау (1 б); тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі бар адамның заңсыз аборт жасауы (2 б); заңсыз аборт жасағаны үшін бұрын сотталған адамның заңсыз аборт жасауы (3б); тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі бар адамның сол сияқты мұндай білімі жоқ адамның заңсыз аборт жасауы, егер бұл әрекет абайсызда жәбірленушінің өлуіне не оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соқса (4 б).

Науқасқа көмек көрсетпеу және қауіпті жағдайда қалдыру қылмыстарының құрамын қарастыру барысында қылмыс субъектісі ауыруларға және қауіпті жағдайда қалған адамдарға көмек көрсетуге міндетті және көмек көрсету мүмкіндігіне ие болған адам екеніне көңіл болу қажет.

ҚК 118 және 119 бб 2 б. көзделген зардаптардың туындауына кінәлінің субъективтік қатысы кінәнің абайсыздық нысанынан көрінуі керек.

Адамның жыныстық қолсұғылмаушылығы және жыныстық бостандығына қарсы қылмыстар жеке тұлғаның жыныстық бостандығы және жыныстық қолсұғылмаушылығы қарсы күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстар (ҚК 120, 121, 123 бб) және күш қолданылмайтын жыныстық қылмыстар (122, 124 бб. ) деп екіге бөлінеді.

Зорлау (ҚК 120 б) деп, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынасқа түсу танылады.

Бұл қылмыстардың белгілеріне түсіну үшін 1993 жылы 23 сәуірде қабылданған ҚР Жоғарғы Сот Пленумының №1 «Зорлау қылмысы үшін жауапкершілікті реттейтін» заңдылықтарды соттардың қолдануы тәжірибесі жөніндегі қаулысы мен танысу керек.

Зорлаудың сараланған түрлері: адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған зорлау, өлтіремін деп қорқытумен ұштасып, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған зорлау, жәбірленушінің сөз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқса, бірнеше рет немесе бұрын кәпсі құмарлық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасаған адам жасаған зорлау, көрінеу кәмелетке толмаған адамды зорлау, абайсызда адамның (жәбірленушінің) өліміне әкеп соқтырған зорлау, абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИВ/ЖҚТБ-ны жұқтырып алуына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқтырса, жәбірленушінің өн төрт жасқа толмауын көрінеу біле тұрып зорлауы, қоғамдық зілзала жағдайларын пайдаланған немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалған зорлау.

ҚК 121 б. объективтік жағы зорлауға ұқсас жолмен еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасқа түсуі немесе басқа да нәпсілік әрекеттерді сипаттайды. ҚК 120 б. мен 121 б. сараланған белгілері ұқсас.

Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсілік сипаттағы өзге де !с-әрекеттерге мәжбүр ету адамды бопсалау, құртамын деп қорқыту, мүмкін бүлдіру немесе тартып алу жасымен не жәбірленушінің материалдық немесе өзге тәуелділігін пайдалану арқылы жасалынады (ҚК 123 б. ). Ал ҚК 122 бабы жәбірленушінің келісімімен нәпсілік сипаттағы күш қолданылмайтын әрекеттерді жасағаны үшін жауапкершілікті көздейді. Бұл қылмыстың міндетті шарты қылмыс субъектісінің аталған әрекеттерді 16 жасқа толмағандарға қатысты жүзеге асырып жатырғанынан хабардар болуы тиіс.

Жас балаларды азғындату (ҚК 124 б) 14 жасқа толмағандарды жыныстық құмарлыққа итермелеуден тұратын түрлі интеллектуалды және физикалық әрекеттер боп табылады.

Адамның жеке бостандығына қарсы қылмыстар қатарына адам ұрлау (ҚК 125 б); бас бостандығынан заңсыз айыру (ҚК 126 б); психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру (ҚК 127 б); адамдарды пайдалану үшін азғырып-көндіруді (ҚК 128 б) жатқызамыз.

Адам ұрлау жәбірленушіні ұстап алу, оны өзінің үйреншікті микро ортасынан оқшаулау. ‡немі немесе уақытша өмір сүріп жатырған орнынан басқа орынға ауыстыру, еркінен тыс ұстап отыру дан тұрады. Адамды ұстап алған уақытынан және оны ең болмаса уақытша басқа орына ауыстырған уақыттан бастап қылмыс аяқталған болып есептеледі.

Адамды ұрлаудың сараланған түрлері ҚК 125 б. 2, 3 б. көзделгендей: алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған, бірнеше мәрте, адам өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданып жасалған, қару мен қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып жасалған, кәмелетке толмағандығы көрінеу анық адамға қатысты жасалған, кінәліге жүктілік жағдайындағы екендігі анық әйелге қатысты, екі немесе одан да көп адамға қатысты, пайдакүнемдік ниетте жасалған, ұйымдасқан топ жасаған, ұрланған адамды нәпсіқұмарлық немесе өзге пайдалану мақсатында жасалған, абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан адам ұрлау.

ҚК 125 б. ескертуінде ұрланған адамды өз еркімен босатқаны үшін қылмыскерді қылмыстық жауапкершіліктен босатудың арнайы шарты келтірілген.

Бас бостандығынан заңсыз айыру (ҚК 126 б) дегеніміз жәбірленушіні өз еркімен кеңістікте, уақыт аралығында қозғалу мүмкіндігінен айыру, мысалы: жайға қамап қою, байлап тастау т. б.

Адамды бас бостандығынан айыру заңсыз және ұрлаумен байланыссыз болуы керек. Қарастырылып отырған қылмыстың сараланған және ерекше сараланған түрлерінің белгілері адам ұрлаудың сараланған түрлерінің белгілеріне ұқсас.

ҚК 127 б. адамды психиатриялық стационарда заңсыз орналастыру немесе, онда заңсыз ұстау үшін жауапкершілік тағайындалған. Бұл қылмыстың объективті жағының мазмұнын түсіну үшін 16 сәуір 1997жылы қабылданған №96 «Психиатриялық көмек және оны көрсету кезіндегі азаматтардың құқтарының кепілдігі жөнінде» ҚР Заңымен танысу керек.

ҚР ҚК 127 б. 2 б. бойынша дәл сол әрекеттер, егер пайдакүнемдік ниетпен жасалса, адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаса, абайсызда жәбірленушінің өліміне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса сараланады.

Адамдарды пайдалану үшін азғырып-көндіру, сонымен қатар оларды тасымалдау әрі транзит үшін жауапкершілік ҚК 128 бабында көзделген (09. 07. 2003 ж. ҚР Заңы бойынша). Қолсұғушылықтың объективті жағы адамдарды алдау жолымен жасалған нәпсіқұмарлық немесе өзгедей пайдалану үшін азғырып-көндіру деп (1 б); саны мен қатар адамдарды қазақстан террриториясынан тыс жаққа әкету және оларды бір шет мемлекеттен кемсісіне ҚР территориясы арқылы көшіруден (3 б) тұрады. Саралаушы белгілері алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған әрекеттер, көрінеу кәмелетке толмағандығы белгілі адамға қатысты жасалған, ұйымдасқан топ жасаған, азғырып-көндірілген адамдарды Қазақстан территоиясының шегінен тыс жерлерге әкету мақсатында жасалуы.

Тұлғаның ар-ожданы және қадір қасиетіне қарсы қылмыстар тобын жала жабу және қорлау сынды екі құрам құрайды. Оларды оқыту барысында ҚР-ның Жоғарғы сотының Пленумы 1992 жылы 18 желтоқсанда қабылдаған №6 18. 06. 2004 жылы өзгертулер енгізілген №10 нормативтік «Жеке тұлға және заңды тұлғаның ар ожданы, қадір-қасиеті және іскерлік репутациясын қорғау жөніндегі заңдылықтарды қолданудың сот тәжірибесі жөніндегі» қаулысымен танысу қажет.

Жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның іскерлік беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату (ҚК 129 б). ҚР ҚК 129 б. 2 б. көпшілік алдында сөз сөйлегенде не көпшілікке таратылатын шығармада не бұқаралық ақпарат құралдарында жал жабудың сараланған түріне жауапкершілік тағайындайды. 3 бөлімі сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаудан тұратын жала жабуды сипаттайды (25. 09. 2003 ж. ҚР Заңы негізінде).

Қорлаудың (ҚК 130 б) объективтік жағы адамның ар-намысын, қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсітуден турады. Көпшілік алдында сөз сөйлегенде не көпшілікке таратылатын шығармада не бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен қорлау бұл таптың 2 б. бойынша сараланады.

 

  1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет