Пән бағдарламасының титулдық парағы (Syllabus)


Тақырып 4. Коммуникацияның мақсаты



бет2/3
Дата16.06.2016
өлшемі411 Kb.
#139341
1   2   3

Тақырып 4. Коммуникацияның мақсаты

1 Р.Димблби және Г.Бертон қажеттіліктердің төрт жөнінде

2 Абрахам Маслоудың концепциясы

3 Коммуникацияның функциялары

Бірнеше қызметті бірден (фильм көңілдендіреді, ақпарат береді, сипаттайды, ескертеді, түсіндіреді) атқарады. Адамдар немесе адамдар тобының қажеттілігі коммуникацияға адамдардың зәрулігінің бастапқы себебі болып табылады. Коммуникация мақсаттары тірі қалу, басқа адамдармен ынтымақтастық, жеке мүдде, басқалармен қатынаста болу, өзгелерді әлдебір әрекет жасауға иландыру, өзгелерге билік жүргізу (насихат та осыған кіреді), қоғамдар мен ұйымдарды біріктіру, ақпарат алу мен хабарлау, әлем мен ондағы өз тәжірибемізді сезіну (неге сенеміз, өзім, басқа адамдармен қатынасым туралы ой, ақиқатты қалай түсінемін), шығармашылық бейне мен қиялды тудыру қажеттіліктеріне қызмет етеді. Р.Димбяби мен Г.Бертон қажеттіліктерімізді төрт топқа – жеке, әлеуметтік, экономикалық және шығармашылық деп бөледі.

Коммуникация функциялары талдау мақсатында ғана бөлінеді. Нақты коммуникативті үрдісте, тіпті бөлініп алынған жеке коммуникативтік актіде бірнеше функцияның үйлесуі, соның ішінде біреуінің немесе екеуінің негізгі анықтаушы болуы мүмкін. Қай функцияның жетекші екеніне қарап, коммуникативтік актілердің жіктелуі құрылады.

Коммуникация фунциялары коммуникация моделінен жоғары тұрып, қатысушылары мен элементтеріне „бекітілуі” мүмкін.

Р.О. Якобсонның моделінен алты функция туындайды:

1) эмотивті;

2) конативті;

3) референтивті;

4) ақындық;

5) фатикалық;

6) метатілдік.

Осы ұсынған функциялардың әрқайсысы коммуникацияның белгілі бір қатысушысымен немесе элементімен байланысты.

Кейбір зерттеушілер (А.А.Леонтьев, Н.Б.Мечковская және т.б.) сондай-ақ сиқырлық немесе дуалау функциясын, этникалық (халықты біріктіруші) функцияны, биологияляқ функцияны (хайуанаттар коммуникациясы үшін) қосады.

Басқа зерттеушілер тек негізділерін бөліп, қалғандарын солардың түрі ретінде есептеп, функциялардың санын азайтуды жөн көрді. Мәселен, белгілі психолог және лингвист Карл Бюлер (1879-1963) кез келген сөйлеу актісінде байқалатын тілдің үш функциясын бөліп қарайды: айтушыға қатысты айту (экспрессивті) функциясы, тыңдаушыға қатысты үндеу функциясы, әңгіме тақырыбына қатысты хабарлау (репрезентативтік) функциясы хабарды жіберуші өзін танытады, алушыға арнайы және коммуникация тақырыбына жеткізеді.

Дәстүрлі түрде бір-бірімен қиылысып жататын тіл мен коммуникацияның екі-үш функциясы бөлінеді. Тіл бірінші кезекте танымдық (когнитивтік) немесе ақпараттық функцияны – идеялардың, ұғымдардың, ойлардың айтылуы мен олардың басқа коммуниканттарға хабарлау қызметін атқарады деп есептелді (тұрмыстық сана бұл пікірді өте жеңіл қабылдайды). Әдетте айрықшаланып тұратын екінші функциясы – бағалау жеке өзінің бағасы мен қатынасын айту, үшіншісі – аффектілік: әсер мен сезімнің берілуі.

Сөйтіп, лингвистердің көпшілігінің пікірінше, коммуникативтік, яғни адамдардың аса маңызды қатынас құралы болу – тілдің негізгі және елеулі функциясы. Біздің зерттеуімізде коммуникация жай қатынас құралы емес, түрлі мәдениет иелерінің арасындығы қатынас құралы ретінде қарастырылады, бұл коммуникация үрдісіне культурологиялық көзқарас тұрғысынан қарауды қажет етеді. Сондықтан да А.П.Саходиннің ізімен біз коммуникацияны түрлі сөзді немесе сөзсіз коммуникативтік құралдардың көмегімен түрлі арналар бойынша жеке тұлғалар, сол сияқты бұқаралық қатынаста ақпаратты жөнелту мен хабарлаудың, әлеуметтік шартты үрдісі ретінде түсінеміз.

Әдебиеттер тізімі:

1 фон Гумбольдт В. Язык и философия культуры. М.: Прогресс, 1985.

2 Мечковская Н.Б. Коммуникативная деятельность человека. Функции языка и речи // Социальная лингвистика. М.: Аспект-пресс, 1996. С. 7-29.

3 Расторгуева Л.В., Кашкин В.Б.. Реальный отзвук и коммуникативное взаимодействие (на материале политического дискурса) // Языковая структура и социальная среда. Воронеж: Изд-во ВГТУ, 2000. С. 5-10.

4 Якобсон Р.О. Язык в отношении к другим системам коммуникации // Избранные работы. М.: Прогресс, 1985. С. 319-330.
Тақырып 5. Коммуникацияның түрлері: коммуникация және мәдениет

1 Коммуникацияның түрлері

2 Коммуникация және мәдениет

Мәдениетаралық коммуникация екі құрамдастастан – тіл мен мәдениеттен тұрады. Зерттеуіміздің тұрғысына мәдениетаралық коммуникация терминін нақтыламас бұрын тіл мен мәдениеттің арақатынасын қарастырғанымыз жөн.

Қазіргі коммуникативтік кеңістік күрделі жүйеден тұрады, онда негізгі орындардың бірі коммуникацияның әр түрлеріне тиесілі. Себебі адам өзін әр түрлі жағдайларда түрліше ұстайды, сөйтіп әрбір жеке жағдайда басқа адамдармен ерекше қатынас орнатады. Сонымен қатар коммуникацияның сипаты мен ерекшеліктері ақпарат беру құралдарымен, тәсілдерімен, коммуникация субъектілерімен, мақсаттарымен және басқа көптеген себептермен анықталады. Коммуникацияның төмендегі түрлерін атап көрсетуге болады: этника аралық, іскерлік, әлеуметтік, халықаралық, тұлғааралық, бұқаралық, мәдениетаралық және басқалары. Аталған түрлердің ішінен бұл еңбекте мәдениетаралық коммуникация қарастырылады.

Мәдениет деген ұғымның түп тамыры адамның мінез-құлқы мен адам мен қоршаған ортаның (әлеуметтік, геогафиялық, мәдени, өндірістік және т.б.) арасындағы өзара байланысты зерттейтін социология, психология, антропология сияқты ғылымдармен ұштасады. Шын мәнінде адамдардың мәдениеті немесе мәдени ортасы салтанат құрушы физикалық және биологиялық ортаға бейімдеу тәсілін көрсетеді. Жан сақтау мен даму үшін қажетті әдет – ғұрыптар, салт – дәстүрлер, көпшілікке ортақ мінез – құлық әдебі әр халықта ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Уақыт өте адамдар өздері меңгерген данышпандық қасиеттерге төселіп алады да, кейінгі ұрпақ оны өз - өзінен түсінікті “өмір шындығы, даусыз ақиқат” ретінде қабылдайды. Бұл - әр кісінің немесе әлеуметтік топтың өмірде өткеретін адами болмысының тұрпаты, әлеуметтік тәжірибесі. Басқаша айтқанда, мәдениет әмбебап және белгілі бір ұлт үшін бағдарламаның айырықша үрдісі ретінде қарастырылады. Осы бағдарлама жүйесі тиісті мәдениет мүшесінің сезіміне, ойы мен іс - әрекетіне ықпалын тигізеді. Жалпы ғылыми түсінікте мәдениет: “cultiо” “cultе” терминдері латын тілінде бастапқыда жер учаскесін ауыл шаруашылығы мақсатында өңдеуді білдірген. Этимологиялық жағынан латынша алғашқы мәні “топырақты өңдеу”, “жерді өңдеу” болып, кейінірек “құрметтеу”, “бас ию” мағыналарымен толыққан “cоlеre” етістігі барынша көне болып есептеледі. Алайда көне рим өркениеті шеңберінің өзінде “культура” терминінің мазмұндық мәні кеңейіп, жаңа мағыналармен толыққан. Алғаш рет әдебиетте “культура” сөзі теориялық термин ретінде атақты римдік шешен Марк Тулий Цицеронның “Тускуланские беседы” (біздің дәуірімізге дейінгі 45 жылы) еңбегінде кездесіп, агротехникалық термин емес, ауыспалы мағынада – адамның ақылы мен жан дүниесін өңдеу ретінде қолданылады. Осы жаңа мағынаның контексінде “культура” сөзінің жаңа мағынасы басқа латындық “натура” (табиғат) ұғымына кереғар қойылады. Содан бері мәдениет әлемі табиғи күштер әрекетінің салдары ретінде емес тікелей табиғат тудырғандарды өңдеу мен өзгертуге бағытталған адам қызметінің нәтижесі ретінде қабылданады. XVII ғасырдың аяғына дейін “мәдениет” ұғымы тек осы ұғымда қолданылды. Алайда ағартушылық дәуірінің соңына қарай мәдениеттің жаңа, бағалық интерпретациясы қалыптасты, соған сәйкес бұл ұғым бағалау мәніне ие болды: мәдениет жабдықталған, қолайлы өмір жағдайларымен теңдестірілді. Осындай интерпретацияда XVIII ғасырда бұл ұғым Германияға келіп, көп кешікпей жаңа мәнге ие болады, білімділік пен сауаттылықтың синониміне айналады. “Мәдениет” терминінің жаңа түсіндермесіне неміс заңгері Самуель Пуфендорфтің ролі ерекше, ол “О праве естественном” еңбегінде цицерондық қолданыстан алшақтап, тұңғыш рет мәдениетті адамды мерейлендіретін жаңа мінездерінің жиынтығы, сыртқы және ішкі табиғатын байытатын адамның өз қызметінің нәтижесі ретінде сипаттады. Мәдениет ұғымы барлық европа, соның ішінде қазақ тілінде осы мәнінде қолданылады.

“Мәдениет” феноменіне арналған ХХ ғасырдың зерттеулерін қарастыру осы уақытқа дейін бірегей түсініктің жоқ екенін көрсетеді, адам өмірінің бұл саласының түсінігіне әртүрлі жолдар бар. 1980 жылы халықаралық философия конгресінде бұл ұғымның 250 – ден астам анықтамасы келтірілді. Анықтамалардың мұндай сан алуандығы оларды түрлі жіктемелерге келтіріп, реттеуге ұмтылысты тудырады. Солардың ішінде мыналарды бөліп қарауға болады: - социологиялық;

- тарихи


- нормативтік

- психологиялық

- дидактикалық

- антропологиялық

Мәдениет антропологиясының объектісі ретінде мәдениетті осы ғылыми бағыттың өкілдері барынша терең зерттеді. Мәселен, когнитивтік антропологияны жақтаушылар үшін мәдениет білім жүйесі ретінде, яғни индвидтердің санасындағы әлдебір ойлау категориялары ретінде өмір сүреді. Мысалы, осы бағыттың аса танымал жақтаушыларының бірі В.Х. Гудинафт “Мәдениет – материалдық феномен емес, сол заттардан тұрмайды. Бұл адамдардың ойлауының формасы, қабылдауы мен түсінуінің, көз қарасы мен оны түсіндіруінің моделі” (15, б.58-61) – деп есептейді. К. Гиртцтің көзқарасы керісінше, оның пайымдауынша, мәдениет адамның санасында бекіген білім емес, бақылаушы механизмдердің:«..жоспарлардың, амалдардың, ережелердің, нұсқаулардың» репертуары, солардың көмегімен адамның мінез – құлқын басқаруға болады. Сөз ниет пен үмітті жеткізетін символ ретінде түсіндіріледі. Сонымен қатар индивидке қоршаған әлемнің әлдебір құбылысы туралы түсінік беретін символдар мен мәндерді танудың ерекше дара үрдісі ретінде түсініледі. Алдын ала білу мен түсіну әрдайым маңызды роль атқаратын бұл үрдіс әрбір адамда мәндерді дамытуды бағыттайды. Осы үрдістің арқасында жасақталған мәндер одан кейін келетін тәжірибеге ықпал етеді, ол өз кезегінде ұғынықты мәннің жаңа интерпретациясына әсер жасайды.

Осылайша, қоршаған ортаның құбылыстары барлық мезгілде жаңаша ұғылады. Сондықтан мәдениет дара және қайталанбайтын, үнемі дамып отыратын әлемді қабылдау болып табылады.



Әдебиеттер тізімі:

1) Ерасов Б. С. Социальная культурология. - М.: Аспект Пресс, 2012.

2) Теория культуры. Учеб. пособие. Под ред. Иконниковой С.Н., Большакова В.П. СПб., 2010.
Тақырып 6. Мәдениеттің негізгі компоненттері

1 Мәдени көптүрлілік және оның ақпаратты таңдауда алатын орны

2 Нормалар, ережелер, рөлдер мәдени аралық өзара қарым-қатынас жағдайының факторлары ретінде

Түрлі мәдениеттер стереотипіАдамдардың әлем туралы түсінігі қандай мәдениетте туып, тәрбиеленгеніне қарай әртүрлі. Басқа мәдениет өкілінің мінез-құлқын түсіндіргенде ойға олардың өмір салты, әдет-ғұрпы, яғни этномәдени қасиеттерінің жүйесі оралады. Мысалы, американдық студенттерге көрсетілген фильмнің кейіпкерлері – ерлі-зайыптылар арасында мынандай әңгіме болады:

Неге ұйықтамайсың?

Ұйқым келмейді.

Американдықтар соңғы сөйлемді қайталау ретінде қабылдап, бұл коммуникативтік жағдай дөрекілік және әңгімені жалғастырудан бас тарту ретінде бағалаған. (Салыстырыңыз:

Не істеп жатырсың? – Не істесем, соны істеп жатырмын.

Мұның қалай? – Солай).

Мұндай түсініктердің негізін өз араларындағы ұқсас қасиетті өсіріп көрсететін, айырмашылыққа мән бермейтін адамдардың түрлі категорияларының қарапайымдалған ментальды таныстыру құрайды. „Стереотип“ феноменінің өзі лингвистермен қатар социологтардың, когнитологтардың, психологтардың, этнопсихолингвистердің (У. Липпман, И.С.Кон, Ж.Коллен, Ю.Д.Апресян, Ю.А.Сорокин, В.А.Рыжков, Ю.Е.Прохоров, В.В.Красных, П.Н.Шихирев, А.В.Михеев, С.М.Толстая, Е.Бартминский, А.К.Байбурин, Г.С.Батыгин, С.В.Силинский т.б.) еңбектерінде қарастырады. Аталған ғылымдардың әрқайсысының өкілі стереотиптен өз зерттеу саласының тұрғысынан байқалған қасиеттерін алған, сондықтан әлеуметтік стереотиптер, қатынас стереотипі, ментальды стереотип, мәдени стереотип, этномәдени стереотип және тағы басқаларына бөлінеді. Мысалы, этно-мәдени стереотип - әлдебір халықты сипаттайтын мінездер туралы қалыптасқан түсінік. Немістің ұқыптылығы, орыстың тәуекелшілдігі, қытайдың рәсімшілдігі, африкандық темперамент, италияндықтардың қызбалығы, финдердің бірбеткейлігі, эстондықтардың жайбарақаттылығы, поляктың сыпайылығы – тұтас халық туралы стереотипті түсінік, ол сол ұлттың әр адамына телінеді.

Мысалға немістердің басқа халықтарға көзқарасын алалық. Немістердің көпшілігі ежелден ағылшындарды әс тұтады. Англия саяси, әлеуметтік, өнеркәсіп және технология салаларындағы тамаша жетістіктермен Германия тұрғындары үшін бұзылмас бедел, үлгі. Немістер ағылшындарды тамаша, ешкімге зияны жоқ адамдар санайды. Американдықтардың бейқам мінезін ұнатып, неміске мүлде тән емес жеңілтектігін жаратпайды. Құрама Штаттар немістерге ұлт мектебінің директоры іспетті көрінеді, бұл елді сүймегенмен сөзсіз сыйлайды. Немістер билікті ұнатады. Олардың сүйікті мақалы: „Бағына білген бағындыра да біледі“.

Италияндықтармен немістер толық түсіністікте, бұл екі халықтың тарихында ортақ жайттар көп. Достықтары соғыстармен, шапқыншылықпен және туризмнің сан алуан түрлерімен беки түскен. Немістер италиян өнерінің қазынасын, италиян тағамын және жағажайларды лайықты бағалайды. Францияға келер болсақ, немістер оның талғамшыл өркениетіне таңырқап, плебейлік мәдениеті туралы өкінішпен айтады. Француздар, мүмкін, немістерге қарағанда өмірге құштарлырақ шығар, алайда немістер рухани бай. Ештеңеге қарамастан франкофилия немістердің, әсіресе Франциямен шектесетін аудандарда кең тараған. Тевтондық қайырымдылығының даусыз үстемдігін немістер жан-тәнімен мойындаған жалғыз ұлт – шведтер. Әңгіме тәртіп, ұқыптылық, ынта, тазалық пен ұқыптылық туралы болса, ешбір неміс олардың артықшылығына дауласпайды.

Стереотипті түсінікті ескеріп, ұлттық мінез туралы шығарылған анекдоттар жетерлік.

Мысал келтірейік. Түрлі ұлт өкілдеріне мынандай мазмұнды фильм жіберіпті: шөл дала, күн күйіп тұр. Еркек пен әйел әзер жүріп келеді. Кенет еркек шырынды апельсин алып, әйелге береді.

Көрермендерге сұрақ: еркектің ұлты кім?

Француз-көрермен: „Тек француз ғана бикешке мұндай сыпайлылық көрсете алады.“ Орыс: „Жоқ, ол орыс. Ақымақтығын көрмеймейсің? Одан да өзі жеп алса ғой.“ Еврей: „Жоқ, бұл еврей, одан басқа кім шөлде апельсин таба алады?“ Бұл жерде стереотиптер – француздардың сыпайгершілігі, орыстың алаңғасырлығы, еврейдің тапқырлығы.

Адамдардың өзі жайлы пікірін білдіретін автостереотип болады, мысалы, тәуекелшілдік. Тәуекелшілдік бейтараптықтың, енжарлықтың кенет ақылға сыймайтын мінезге айналуынан танылады - „пока гром не грянет, мужик не перекрестится.“ Басқа халыққа қатысты гетеростереотипте сын басымдырақ.

Мысалы, бір халық үнемшілдік санайтынды басқа халық сараңдыққа балайды.

Орыс әйелі өзінің неміс отбасында қонақта болғанын есіне алып отыр: „Білесіз бе, - дейді ол, - үй иесі әйел салқындатылған тағам берді. Қазанында жалғыз салат. Ыстық тамаққа сосиска дайындапты. Сосискиге қоса картошка берейін бе, әлде нан жейсіз бе?- деп сұрайды. Бұл неткен сараңдық!“ Бұл әңгіме қонақжайлық түсінігінде мәдениеттің сәйкеспейтінін көрсетеді (үй иесі әйелдің сараңдығы).

Ұқсас мысалдырды қарстыралық.

Германияда тіске басардың (закуска) бірнеше түрін бірден ұсынбайды.

Біздің мәдениетте тіске басардың көп болуы бақуаттылықтың, меймандостықтың, сараңдық емес, қайта мырзалықтың нышаны.

Нан мен картоптың бірін таңдау. Европада екеуін қосып жемейді. Әдетте нанды бутерброд түрінде таңғы тамақта береді де, ал сосискиді картоппен не басқа гарнирмен түскі тамақта жейді. Үй иесі әйел, сірә, орыстардың нан қосып жей беретінін естіген болу керек, сондықтан қонағы қалағанын жесін деп нан ұсынған ғой.

Шығыс мәдениеті мен бұрынғы кеңес кеңістігінде сараңдық ұғымы батыс мәдениетімен ұшырасқанда берісі түсінбестік, әрісі мәдени шиеленіс немесе ұғынбаушылық тудырады. Отандық мәдениет өкілдері (қазақ, орыс) батыстық мәдениет өкілдерінің қонақжайлықты бір кесе кофе немесе бір бокал шырынмен шектейтінін ұят санайды, ал олар үшін кездесу тамақ жеу емес, әңгімелесіп араласу. Біздің мәдениетте адамдар дастархан басында араласады. Қазақ мәдениетінде қонақжайлылық бірінші орында, оған тарихи және географиялық факторлар себеп: Қазақстанның кең байтақ жері, ауылдардың арасының алыстығы, ауа-райының қатаңдығы. Алыстан келген қонаққа алдына алдымен ас қойып, содан соң барып жай-жапсарын сұраған. Осы стереотиптер адамдардың бойында тиісінше мінездердің қалыптасуына ықпал етеді. Мысалы, немістер әзілдеуді білмейді деп есептеледі. Отто фон Бисмарк: „Өзімен өзі болу үшін неміске жарты шөлмек шампан ішу жетіп жатыр“, - деген. Ал неміс философы Хельмут Плеснер кірпияз отандастарын былайша сақтандырған: „Күлу деген - өзіңді өз бақылауыңнан шығарып алу“. Немістердің әзілге көзқарасы сандаған ғылыми зерттеулерге тақырып болды да, бола бермек те. Зигмунд Фрейд неміс ұлтына „анальды мінез“ деген диагноз қойған. Оның дәлелдеуінше немістер ұлт ретінде дамудың „анальды фаза“ аталатын сатысында тоқтап қалған, олардың бір жағынан тазалық пен тәртіпке, екінші жағынан дөрекі әзілге құмарлығы осыдан. Немістер неменеге күледі? Анекдоттар мен әзіл-оспақты ұлттық әзілдің айнасы деп есептесек, онда оның шеңберіне ағылшындардан көшкен қара дүрсін әзіл мен сөз ойнатуға негізделген түрлі аударуға келмейтін қалжыңдар ең алдымен кіреді



Әдебиеттер тізімі:

1) Ерасов Б. С. Социальная культурология. - М.: Аспект Пресс, 2012.

2) Теория культуры. Учеб. пособие. Под ред. Иконниковой С.Н., Большакова В.П. СПб., 2010.

Тақырып 7. Мәдени аралық коммуникацияның когнитивті аспектілері

1. Ақпаратты қабылдау үрдісінің ерекшеліктері.

2. Қарым-қатынастағы түсінік

3. Ойлау үрдістері мен мәдениет

4. Атрибуция түсінігі және оның мәні

5. Кодтау үрдісі

6. Стереотип түсінігі және мәні

Стереотип ұғымын тұңғыш рет 1922 жылы У.Липпман қолданды, ол адамның басында мәдениет реттеген, нобайлы детермендеген „әлем суреті“ оның әлемнің күрделі объектілерін қабылдау күшін жеңілдетеді деп есептеген. Стереотипті бұлай түсінгенде екі маңызды сипаты – мәдениет детерминдегені және еңбек күштерін, яғни тілдік құралдарды үнемдеу құралдары болу бөлініп шығады. Математикалық есептерді шешу алгоритмдері адамның ойлануын үнемдесе, стереотип тұлғаның өзін „үнемдейді“. Бельгияда болғанда немістердің бельгиялықтар туралы стереотипін аңдадық. Олар бұларды өте салақ санайды. Солтүстік теңізге келгенде оларды бельгиялықтардың мәдениеті емес, теңіз ғана қызықтырады.

Когнитивтік лингвистика мен этнолингвистикада стереотип термині тіл мен мәдениеттің мазмұн жағына жатқызылады, „яғни ментальды (ой) стереотипі“ ретінде түсіндіріледі. Стереотиптің мұндай түсінігін Е.Бартминский мен оның мектебінің еңбектерінде кездестіреміз: онда әлемнің тілдік суреті мен тілдік стереотип бөлік пен тұтас ретінде қатынаста тұрады, сипаттау және бағалау нышандары қоса жүретін заттың субъективті детерминделген көрінісі және әлеуметті өңделген танымдық модельдер шегінде ақиқатты түсіндіру нәтижесі болып табылатын тілдік емес әлемнің белгілі бір объектісіне қатысты пікір немесе бірнеше пікір ретінде түсіндіріледі.

Пікір мен бірнеше пікірді ғана емес, бірнеше сөзден құралған кез келген тұрақты сөйлемшені де тілдік стереотип деп есептейміз, мысалы, тұрақты салыстыру, таптауырын сөз және т.б. кавказдық ұлттардың бет-бейнесі, айдай толықсыған, жаңа орыс. Мұндай стереотиптерді қолдану коммуниканттардың күшін үнемдеп, қатынасын жеңілдетіп, оңайландырады.

Ю.А.Сорокин стереотипке кейбір социумда қабылданған әлдебір семиотикалық-технологиялық ұстанымдардың әсерінен тізімі жабық белгілі бір семиотикалық модельдерге сәйкес әлдебір үрдіс және қатынастық (мінез-құлықтың) нәтижесі ретінде анықтама береді.

В.В Красных стереотипті екі түрге бөледі – стереотип-бейнелеу және стереотип-жағдай. Стереотип-бейнелеу мысалдары: ара-еңбекқор, қой-момын; стереотип-жағдайлар: билет-компостер.

Стереотиптер әрдайым ұлттық, егер басқа мәдениеттерде ұқсастары кездессе, онда ол-квазистереотиптер, өйкені жалпы сәйкес келгенімен айтарлықтай мәнге ие айырмашылықтары болады. Мысалы, түрлі мәдениеттерде кезек феномендері мен жағдайы түрліше, демек стереотиптік мінез-құлық та әртүрлі: Ресейде „Кто последний?“- „Соңғы кім?“- деп сұрайды, бірқатар европалық елдерде арнайы аппаратта түбіртек жыртып алып, содан соң терезенің үстінде жанып тұратын цифрларды қарап отырады немесе кезекке жай тұра салады, ал кезектің тізбегі қатаң сақталады.

Сөйтіп, стереотип – концептуальды әлем суретінің кейбір үзіндісі, ментальды, „сурет“, зат немесе жағдай туралы тұрақты мәдени ұлттық түсінік. Ол зат, құбылыс, жағдай туралы кейбір мәдени –детерминделген түсінікті білдіреді. Бірақ бұл ментальды бейне ғана емес, оның вербальды қабықшасы да. Нақты мәдениетке қатыстылығы сол қоғамда тұлғаны әлеуметтендіру үрдісінде қайталанатын білімнің базалық стереотиптік ядросының болуымен анықталады, стереотиптер мәдениетте прецедентті (маңызды, өкілетті) атаулар болып саналады. Стереотип – бір жағынан сол мәдениеттің кейбір доминантты құрамаларын сақтауға және трансформациялауға, екінші жағынан „өзіміздікін“ тануға мүмкіндік беретін тұрақтандарушы фактор, тіл мен сөз құбылысы.



Әдебиеттер тізімі:

1) Маслова В. А. Введение в лингвокультурологию.-М.: Наследие, 2013.

2) Маслова В. А. Лингвокультурология.- М.: Изд. центр "Академия", 2010.

3) Ерасов Б. С. Социальная культурология. - М.: Аспект Пресс, 2012.

4) Теория культуры. Учеб. пособие. Под ред. Иконниковой С.Н., Большакова В.П. СПб., 2010.
Тақырып 8. Мәдени аралық коммуникацияның лингвистикалық аспектісі

1. Тіл және мәдениет.

2 Тіл мәдениеттің айнасы ретінде.

3 «Әлемнің тілдік бейнесі» түсінігі

Мәдениетаралық коммуникация екі құрамдастастан – тіл мен мәдениеттен тұрады. Зерттеуіміздің тұрғысына мәдениетаралық коммуникация терминін нақтыламас бұрын тіл мен мәдениеттің арақатынасын қарастырғанымыз жөн.

Қазіргі коммуникативтік кеңістік күрделі жүйеден тұрады, онда негізгі орындардың бірі коммуникацияның әр түрлеріне тиесілі. Себебі адам өзін әр түрлі жағдайларда түрліше ұстайды, сөйтіп әрбір жеке жағдайда басқа адамдармен ерекше қатынас орнатады. Сонымен қатар коммуникацияның сипаты мен ерекшеліктері ақпарат беру құралдарымен, тәсілдерімен, коммуникация субъектілерімен, мақсаттарымен және басқа көптеген себептермен анықталады. Коммуникацияның төмендегі түрлерін атап көрсетуге болады: этника аралық, іскерлік, әлеуметтік, халықаралық, тұлғааралық, бұқаралық, мәдениетаралық және басқалары. Аталған түрлердің ішінен бұл еңбекте мәдениетаралық коммуникация қарастырылады.

Мәдениет деген ұғымның түп тамыры адамның мінез-құлқы мен адам мен қоршаған ортаның (әлеуметтік, геогафиялық, мәдени, өндірістік және т.б.) арасындағы өзара байланысты зерттейтін социология, психология, антропология сияқты ғылымдармен ұштасады. Шын мәнінде адамдардың мәдениеті немесе мәдени ортасы салтанат құрушы физикалық және биологиялық ортаға бейімдеу тәсілін көрсетеді. Жан сақтау мен даму үшін қажетті әдет – ғұрыптар, салт – дәстүрлер, көпшілікке ортақ мінез – құлық әдебі әр халықта ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Уақыт өте адамдар өздері меңгерген данышпандық қасиеттерге төселіп алады да, кейінгі ұрпақ оны өз - өзінен түсінікті “өмір шындығы, даусыз ақиқат” ретінде қабылдайды. Бұл - әр кісінің немесе әлеуметтік топтың өмірде өткеретін адами болмысының тұрпаты, әлеуметтік тәжірибесі. Басқаша айтқанда, мәдениет әмбебап және белгілі бір ұлт үшін бағдарламаның айырықша үрдісі ретінде қарастырылады. Осы бағдарлама жүйесі тиісті мәдениет мүшесінің сезіміне, ойы мен іс - әрекетіне ықпалын тигізеді. Жалпы ғылыми түсінікте мәдениет: “cultiо” “cultе” терминдері латын тілінде бастапқыда жер учаскесін ауыл шаруашылығы мақсатында өңдеуді білдірген. Этимологиялық жағынан латынша алғашқы мәні “топырақты өңдеу”, “жерді өңдеу” болып, кейінірек “құрметтеу”, “бас ию” мағыналарымен толыққан “cоlеre” етістігі барынша көне болып есептеледі. Алайда көне рим өркениеті шеңберінің өзінде “культура” терминінің мазмұндық мәні кеңейіп, жаңа мағыналармен толыққан. Алғаш рет әдебиетте “культура” сөзі теориялық термин ретінде атақты римдік шешен Марк Тулий Цицеронның “Тускуланские беседы” (біздің дәуірімізге дейінгі 45 жылы) еңбегінде кездесіп, агротехникалық термин емес, ауыспалы мағынада – адамның ақылы мен жан дүниесін өңдеу ретінде қолданылады. Осы жаңа мағынаның контексінде “культура” сөзінің жаңа мағынасы басқа латындық “натура” (табиғат) ұғымына кереғар қойылады. Содан бері мәдениет әлемі табиғи күштер әрекетінің салдары ретінде емес тікелей табиғат тудырғандарды өңдеу мен өзгертуге бағытталған адам қызметінің нәтижесі ретінде қабылданады. XVII ғасырдың аяғына дейін “мәдениет” ұғымы тек осы ұғымда қолданылды. Алайда ағартушылық дәуірінің соңына қарай мәдениеттің жаңа, бағалық интерпретациясы қалыптасты, соған сәйкес бұл ұғым бағалау мәніне ие болды: мәдениет жабдықталған, қолайлы өмір жағдайларымен теңдестірілді. Осындай интерпретацияда XVIII ғасырда бұл ұғым Германияға келіп, көп кешікпей жаңа мәнге ие болады, білімділік пен сауаттылықтың синониміне айналады. “Мәдениет” терминінің жаңа түсіндермесіне неміс заңгері Самуель Пуфендорфтің ролі ерекше, ол “О праве естественном” еңбегінде цицерондық қолданыстан алшақтап, тұңғыш рет мәдениетті адамды мерейлендіретін жаңа мінездерінің жиынтығы, сыртқы және ішкі табиғатын байытатын адамның өз қызметінің нәтижесі ретінде сипаттады. Мәдениет ұғымы барлық европа, соның ішінде қазақ тілінде осы мәнінде қолданылады.

“Мәдениет” феноменіне арналған ХХ ғасырдың зерттеулерін қарастыру осы уақытқа дейін бірегей түсініктің жоқ екенін көрсетеді, адам өмірінің бұл саласының түсінігіне әртүрлі жолдар бар. 1980 жылы халықаралық философия конгресінде бұл ұғымның 250 – ден астам анықтамасы келтірілді. Анықтамалардың мұндай сан алуандығы оларды түрлі жіктемелерге келтіріп, реттеуге ұмтылысты тудырады. Солардың ішінде мыналарды бөліп қарауға болады:

- социологиялық;

- тарихи


- нормативтік

- психологиялық

- дидактикалық

- антропологиялық

Мәдениет антропологиясының объектісі ретінде мәдениетті осы ғылыми бағыттың өкілдері барынша терең зерттеді. Мәселен, когнитивтік антропологияны жақтаушылар үшін мәдениет білім жүйесі ретінде, яғни индвидтердің санасындағы әлдебір ойлау категориялары ретінде өмір сүреді. Мысалы, осы бағыттың аса танымал жақтаушыларының бірі В.Х. Гудинафт “Мәдениет – материалдық феномен емес, сол заттардан тұрмайды. Бұл адамдардың ойлауының формасы, қабылдауы мен түсінуінің, көз қарасы мен оны түсіндіруінің моделі” (15, б.58-61) – деп есептейді. К. Гиртцтің көзқарасы керісінше, оның пайымдауынша, мәдениет адамның санасында бекіген білім емес, бақылаушы механизмдердің:«..жоспарлардың, амалдардың, ережелердің, нұсқаулардың» репертуары, солардың көмегімен адамның мінез – құлқын басқаруға болады. Сөз ниет пен үмітті жеткізетін символ ретінде түсіндіріледі [16, б.84-85]. Сонымен қатар индивидке қоршаған әлемнің әлдебір құбылысы туралы түсінік беретін символдар мен мәндерді танудың ерекше дара үрдісі ретінде түсініледі. Алдын ала білу мен түсіну әрдайым маңызды роль атқаратын бұл үрдіс әрбір адамда мәндерді дамытуды бағыттайды. Осы үрдістің арқасында жасақталған мәндер одан кейін келетін тәжірибеге ықпал етеді, ол өз кезегінде ұғынықты мәннің жаңа интерпретациясына әсер жасайды.

Осылайша, қоршаған ортаның құбылыстары барлық мезгілде жаңаша ұғылады. Сондықтан мәдениет дара және қайталанбайтын, үнемі дамып отыратын әлемді қабылдау болып табылады.

Т. Н. Персикованың пікірінше, мәдениеттің бірнеше деңгейі бар: техникалық – мәдениеттің бұл бөлігіне оқытуға болады, ол әсердің (эмоцияның) аздап көрінуімен байланысты. Бұл деңгейде қарым – қатынастың мәдениетаралық проблемалары сирек туындайды. Мәселен, металдың физикалық қасиетін талқылағанда, мамандар мәдениеттің техникалық деңгейін іске қосады, ал сөз жұмыстың атқарылу мерзіміне ауытқығанда, әңгіме бірден оның шегінен шығады.

Келесісі – формальды деңгей. Оны тану үшін әдетте сынақтар мен қателіктер әдісі қолданылады. Кейде ойланбастан белгілі бір салт – дәстүрге (мысалы, некелесу салты) бағынамыз. Бұл деңгейде сезім айқын байқалады; әлдекім байқамай белгіленген ережені бұзса, көңілге кірбің түседі. Мысалы, шетелдік Францияда зиялы қауымның ортасында серіктесімен іс жайлы әңгіме қозғаса, мәдениеттің формальды деңгейінің ережелерін бұзғаны.

Ең соңғысы – мәдениеттің формальсыз деңгейіне күнделікті үйреншікті әдет бойынша жасайтын іс – қимылдарымыз жатады. Бұл деңгейде мінез – құлық ережелері шектелмеген, дегенмен әлдененің дұрыс емес бұрыс екенін сеземіз, мысалы, түрлі мәдениеттерде еркектер мен әйелдердің өзін ұстауы қалыптасқан ұғым бойынша бағаланады.

Бұл деңгейде жоғары сезімталдықпен ерекшеленеді, жазылмаған ереженің бұзылуы адамдардың қарым – қатынасына сындарлы әсерін тигізеді. Мысалы, француз немесе орыс мәдениетінде сыпайы “сіз” деудің орнына “сен” деу дөрекіліктің, оспадарлықтың белгісі ретінде бағаланады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде мынадай қорытынды жасауға болады: әр мәдениеттің өзіндік тілдік жүйесі бар, сөйлеушілер соның көмегімен бір – бірімен қатынасады. Мұнда тіл адам өмірінің түрлі салаларында - өндірістік, қоғамдық, рухани салаларындағы қызметінің нәтижелерінің жиынтығы ретінде анықталатын мәдениеттің құрамдас бөлігі деп пайымдауға болады. Алайда ойдың өмір сүру формасы ретінде, ең бастысы, қатынас құралы ретінде тіл мәдениетпен бір қатарда тұр. Тіл феноменін қарастыруға тікелей назар аударалық. Тіл көріністің осы ерекшеліктерін дамыту мен бекітуде үлкен роль атқарады: тіл арқылы қоршаған әлем бағаланып, түсіндіріледі. Ақиқаттың түрліше түсіндірілуі тілде көрініс тауып, тілдің көмегімен беріледі.

Тіл – халықтың барлық сөздерінің жиынтығы және өз ойын жеткізу үшін берік үйлесуі.

Тіл – индивидтер арасында қатынас құралы ретінде қызмет етуге жарамды белгілердің түрлі жүйесі.

Тіл – белгілі бір адамдар ұжымының мүшелерінің негізгі және аса маңызды қатынас құралы болып табылатын төл семиологиялық жүйелерінің бірі, ол үшін бұл жүйе сондай-ақ ойды дамыту мәдени – тарихи дәстүрлерді ұрпақтан – ұрпаққа жеткізудің құралы т.с.с.

Тіл – коммуникация мақсатында қызмет ететін және адамның әлем туралы білімімен түсінігінің бүкіл жиынтығын айтуына қабілетті дискретті (анық айтылатын) дыбыстық белгілерінің адамзат қоғамында стихиялық туындаған және дамушы жүйесі.

Тіл – ойлау жұмысын объективтілейтін және қоғамда адамдардың қатынасының пікір алмасуының және өзара түсінісуінің құралы болып табылатын дыбыстық, сөздік және грамматикалық құралдардың тарихи қалыптасқан жүйесі.

Кез келген халықтың мәдениетінде тілдің мәні өте зор. Культурологияда тілдің мәні көбіне төмендегі бағаларға саяды:

Мәдениеттің айнасы, онда адамның маңайындағы нақты әлем ғана емес, халықтың менталитеті, ұлттық мінезі, әдет – ғұрпы, салт – дәстүрі, моралі, нормалар мен құндылықтар жүйесі, әлем суреті көрінеді;

Мәдениеттің қамбасы, себебі белгілі халықтың жинақтаған барлық білімі, шеберлігі, материалдық және мәдени құндылықтары оның тілдік жүйесінде – фольклорінде, кітаптарында, ауызша және жазбаша сөздерінде сақталған;

Мәдениетті жеткізуші, себебі ол ұрпақтан ұрпаққа тіл арқылы беріледі. Балалар инкультурация үрдісінде ана тілін үйренумен қатар алдыңғы ұрпақтың жинақтаған тәжірибесін де меңгереді;

Қоршаған әлем объектілерін салыстыру, ол туралы мәліметтерді жіктеу мен реттеу әдістерінің бірі;

Адамның қоршаған орта жағдайына бейімделу амалы;

Объектілерді, құбылыстарды және олардың ара қатынасын дұрыс бағалау құралы;

Адам қызметін ұйымдастыру мен үйлестіру амалы;

Тіл арқылы өз халықының менталитетін, салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпын, сол сияқты әлемнің ерекше мәдени бейнесін қабылдайтын адам тұлғасын қалыптастырушы мәдениет аспабы.

Сөйтіп, культурологиялық жолға сәйкес, тіл ақпаратты сақтап, жеткізудің, сол сияқты адамның мінез – құлқын басқарудың айырықша құралы болып табылады. Тілдің арқасында әлеуметтік тәжірибені, мәдени мұралар мен дәстүрлерді жеткізудің адамға тән нұсқасы жүзеге асырылады, түрлі ұрпақтар мен тарихи дәуірлердің сабақтастығы өткеріледі. Тіл байқалуы қиын ерекшеліктері, нәзік қылдарына дейін бүкіл мәдениет байлығын өз бойына “сіңіреді”. Сонымен қатар кез келген мәдениет, мейлі ұлттық мәдениет болсын, белгілі дәрежеде нақты тілдің имманенттік дамуының сипаты мен заңдылықтарына, ішкі құрылысы мен басқа қырларының ерекшелігіне “байланған”. Лексикалық алмасулар, лексикалық – семантикалық аударма жолымен тіл, дәлірек айтқанда, тілдер мәдениеттерді интернацияландыру, мәдениет аралық коммуникацияны жаһандандыру, Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің диалогы тұрғысында ауыстыруға келмейтін роль атқарады.

Мәдениет құндылықтарын, әлеуметтік мәндерді негізгі жеткізуші әрі қуатты тасымалдаушы болғандықтан мәдениет пен қоғамда тілдің орны ерекше, қоғамдық қатынастардың (яғни әлеуметтік топтар, ұлттық – этностық құрылымдар ішінде, олардың өзара қатынастарында) тиімді үйлестірушісі және реттеушісі болып қызмет етеді. Сонымен бірге тіл – елеулі элемент қана емес, осы екі ауқымды ұғымның аса маңызды қыры. Ол бүкіл көп қырлы мәдениетті, барлық аса күрделі қоғамдық лексикалық және семантикалық тұрғыдан қамтуға қабілетті тұтас әлемді танытады. Демек, мәдениет социологиясы саласында, ірі американдық маман Н. Смелзер айтқандай, “мәдениеттің барлық элементтері... тілмен айтылады”.

Тіл әлеуметтік – мәдени фактор ретінде адамдардың тәжірибесін жасақтау мен ұйымдастыруға да елеулі дәрежеде ықпал етеді. Бұл жалпы мәдениет тәрізді көпшілік қабылдаған мәнді тудырумен түсіндіріледі. Қатысушылары қабылдайтын, қолданатын және соларға түсінікті мағыналар барда ғана коммуникация мүмкін болмақ. Алайда мұндай “жалпы қабылданған мәннің болуы”, әдетте, бір (жалғыз) тілдің шегінде өткеріледі. Соңғысының философиялық – социологиялық тілігі тілдің тағы бір өте маңызды функциясын – адамдардың белгілі бір әлеуметтік мәдениет, этникалық қауымдастық шегінде түсіну функциясын айқын көрсетіп береді. Араласу мүмкіндігі, бір жағынан, әлеуметтік топ мүшелерінің ынтымақтасуына ықпал етеді. Ортақ тіл адамдарды біріктіреді. Екінші жағынан, ортақ тіл сол тілде сөйлемейтіндерді шеттетеді.

Мұндай факт, дегенмен, басқа тілге қатысты емес, оның мағыналары ана тілінде немесе үйреншікті тілде сөйлейтін коммуникация мүшелеріне белгісіз немесе толық ұғынықты бола бермейді. Осы тұста адам қолданатын ұғымдарда, мағыналарда, ойларда ұлттық мәдениеттің ұлттық тіл айырықшылығының таңбасы айқын көрінеді.

Демек, мәдениет - әлемді қабылдау құралы, сондай – ақ сол әлемнің құрылымы. Онда әр халықтың тарихының өзгешелігін танытатын бірегей, айрықша сипат бар.

Қоғам адамдарды мінез – құлықтың жарасымдысы мен жарасымсызын ажыратуға үйрете отырып, өзінің тыйымдары мен құндылықтарын жасайды. Мәдениет ықпал етеді және өзі де адам қызметінің кез келген көрінісінің ықпалында болады.

Сөйтіп, түрлі халықтар мен мәдениеттің араласу және өзара түсінісу проблемасында үлкен роль атқарған өзекті ұғымдарды қарастырдық, бұдан белгілі бір қоғамда тілдің, мәдениеттің жиынтығы сол қоғамның одан әрі дамуына, басқа адамдармен қатынас және араласу үшін алғы шарт болады деген қорытынды жасауға болады. “... Баршамыз тілмен, сол тілде ата – бабамыздан жеткен мәдениетпен тәрбиелендік. Біз ана тілді де, төл мәдениетті де, туған жеріміз бен уақытымызды да таңдаған емеспіз. Бүкіл сыртқы және ішкі әлемді қамтыған баға жеткісіз сыйды алып, басты іске – басқа адамдармен араласып, құраласуға ұмтыламыз, өйткені кісі тірі жан иесі және адамдардың арасында өмір сүреді”. Басқа мәдениетті түсінгенде ғана тиімді әрі дұрыс қатынас болмақ.



Әдебиеттер тізімі:

1) Маслова В. А. Введение в лингвокультурологию.-М.: Наследие, 2013.

2) Маслова В. А. Лингвокультурология.- М.: Изд. центр "Академия", 2010.

3) Ерасов Б. С. Социальная культурология. - М.: Аспект Пресс, 2012.



4) Теория культуры. Учеб. пособие. Под ред. Иконниковой С.Н., Большакова В.П. СПб., 2010.
Тақырып 9. Вербалды және вербалды емес коммуникация

1 Вербалды мәдени аралық коммуникацияның негізгі постулаттары

2 Мәдени аралық қарым-қатынас үрдістегі вербалды емес қарым-қатынастың рөлі.

Қатынастың түрлі тәсілдерінің, амалдары мен стильдерінің үйлесуіне қатысты коммуникативистикада мәдениетаралық коммуникацияның үш негізгі түрі бөлінеді – вербальды, вербальды емес және паравербальды. Бұл еңбекте вербальды коммуникацияның түрі қарастырылады, өйткені вербальды коммуникация адамдар қатынасының әмбебап тәсілі болып табылады да, адамдар соның көмегімен түрлі ақпараттың негізгі бөлігін жіберіп, қабылдайды.

Вербальды коммуникация дегенде сұхбаттасушылардың ой-пікірімен, ақпаратымен, көңіл - күй әсерімен бөлісуін білдіретін тілдік қатынасты айтамыз.

Вербальды қатынас адам коммуникациясының барынша зерттелген алуан түрі болып табылады. Вербальды адам тіліне кез келген басқа белгі жүйесінің көмегімен жасалған хабарды „аударуға“ болады. Мысалы, қызыл жарық белгісі „өтуге болмайды“, „тоқта“ дегенді, спорт жарыстарында басқа қолдың алақанымен жабылған қолды жоғары көтеру „қосымша үзіліс минутын беріңіз“ дегенді білдіреді. Коммуникацияның сөйлеу қыры күрделі көп ярусты құрылымға (фонеманың диффереренциалды нышанынан мәтін мен интермәтінге дейін) ие, сан алуан стилистикалық түрлерде (әртүрлі стильдер мен жанрлар, ауызекі сөйлеу және әдеби тіл, диалектілер мен социодиалектілер). Сөйлеу коммуникациясын қамтамасыз ететін жүйе – адам тілі. Сондықтан мәдениетаралық коммуникацияда тілді коммуникацияға қатысушылардың өзара түсінісуіне арналған қатынас құралы ретінде түсінген жөн. Қазір әлемде 3000 шамалы тіл бар, әрқайсысында сол иелерінің әлемді өзінше қабылдауының алғы шарты болатын тілдік әлем суреті жасалған. Сондықтан түрлі тіл иелерінің коммуникациясы кезінде белгілі бір ұғымды айту үшін дәл эквиваленттің болмауынан немесе ондай ұғымның мүлдем жоқтығынан байқалатын тілдік сәйкессіздік жағдайы туады. Мұндай жағдайларда тілдік ауыстыру болады, басқа тілден алынған ұғымдар өз мәнінде қолданылады. Демек, мәдениетаралық коммуникация үрдісі түрлі мәдениет өкілдерінің қатынасындағы вербальдық элементтердің түрліше ара қатысымен күрделенеді. Контекст өте маңызды мәдениеттер де, контекстің мәні онша емес мәдениет те бар, мәдениеттер оларда контекст пен сөздерге қандай мән берілуіне қарай айрықшаланады. Батыста шешендік өнердің көне дәстүрі вербальды қатынастардың ерекше маңыздылығын алғы шарт етеді. Бұл дәстүр қисынды, ұтымды және аналитикалық ойдың типін толық көрсетеді. Батыс халықтарының мәдениеттерінде сөз әңгіменің контекстіне қатыссыз қабылданады, сондықтан оны бөлек және социомәдени контексттен тыс қарастыруға болады. Мұнда коммуникация үрдісіне сөйлеуші мен тыңдаушы екі дербес субъект ретінде қарастырылып, қатынастары ауызша айтылған сөздерінен түсінікті болады. Азия мен Шығыс мәдениеттерінде, керісінше, социомәдени контекст үлкен мәнге ие, сөз қатынасқа қатысушылардың жеке бас қасиеттері мен тұлғааралық қатынастарының сипаты енген тұтас коммуникативтік контекстің құрамдас бөлігі болып есептеледі. Осылайша бұл мәдениеттерде вербальды айтылымдар этикамен, психологиямен, саясатпен және әлеуметтік қатынастармен тығыз байланысты коммуникативтік үрдістің бөлігі болып есептеледі. Мысалы, жапондық кәсіпкерлер іс жағдайын жеке әңгімеде талқылауды жөн көреді. Шығыс мәдениеттерінде негізгі екпін ауызша айтылымдарды құрастыру техникасына емес, оларды айту мәнеріне, коммуниканттардың әрқайсысының қоғамдағы орнын анықтайтын қоғамдық қатынастарға сәйкестігіне түседі.

Сөйтіп, араласуды, вербальды коммуникация құрамдарын меңгеру әрбір адамға қажетті, өйткені өзара іскерліктің тиімділігі ғана емес, басқа адамдармен өзара түсінісуі де соған қатысты деген қорытындыға келеміз.

Вербальды коммуникация стильдері. Араласу стилі коммуникацияда маңызды роль аткарады, соның көмегімен түрлі жағдайлар түсіндіріледі, коммуникация бойынша серіктермен қатынас орнайды, проблемаларды шешу тәсілі таңдалынады. Коммуникация стильдері түрлі мәдениеттерде түрленіп отырады. Т.Г.Грушевская, В.Д.Попков, А.П.Садохин вербальды коммуникацияның төрт тобын (класын) бөледі: тура және тура емес; астарлы, дәл және сығымдалған; тұлғалық және жағдайлық; инструментальды және аффективті.

Вербальды коммуникация стильдерінің арқайсысына кеңірек тоқталайық:

1) Коммуникацияның тура және тура емес стилі.

Осы стилдердің арқасында адамның ішкі пайымын және қатынас үрдісіне пиғылын білдіру дәрежесі айқындалады, яғни адамның ашықтығының дәрежесі айқындалады.

Тура стиль адамның шынайы пейіл білдіруімен байланысты. Тура емес стиль қатынаста адамның тілегін, сұранысы мен мақсатын жасыруына мүмкіндік береді. Коммуникацияны таңдау түрлі мәдениеттерде қатынастың контекстуальдылығымен байланысты екені сөзсіз. Зерттеушілердің пікірінше, қатынастың тура, қатаң стилі төмен контекстуальды (айтылу контексі маңызды емес мәдениеттер) американдық мәдениетке тән, онда айтылмай қалу аз. Американдықтар сөйлесіп тұрған адамын тура да ашық әңгімеге тартады, оларға „Көңіліңіздегіні айтыңыз“, „Іске көшейік“, „Тура айтыңыз“ сияқты айтылымдар тән.

Жоғары контекстуальды (айтылым контесі үлкен роль атқарады) мәдениеттерде тура емес стиль коммуникацияның жетекші стилі болып табылады. Мұндайда тура емес, қос мағыналы коммуникация басым болады, бұл басқа адамды сыйлаудан туған. Бұл көбіне ұжымдық мәдениеттер. Мәселен, корейлер „жоқ“ немесе „сізбен келіспеймін“ деп кесіп айтпайды. Әдетте олар „негізі сізбен келісемін“ немесе „сізге жаным ашиды“ сияқты жалтарма жауаптар береді. Мұның бас тарту екенін жағдайдың контексінен түсінеміз.

2) Коммуникацияның озат, дәл және сығымды стилі.

Бұл стильдер тілдің экпрессивті құралдарын, үзілісті, үнсіздікті қолдану дәрежесін көрсетеді. Озат немесе астарлы стиль қатынаста бай, экпрессивті тілдің қолданылуын қажет етеді. Мәселен, араб мәдениеттерінде сыйдан бас тарқанда, „жоқ“ деп қана қоймай европалықтың немесе американдықтың көзқарасы тұғысынан мүлде қисынсыз анттар мен сендіру сөздерін қоса айтады. Себебі кейінгілер қысқа айтылымды қажет ететін дәл стильді қолдануға үйренген. Дәл стиль ақпарат беру үшін қажетті және барынша қысқа (қажеттіден көп те емес, аз да емес) айтылуында. Сығымды стильге қысқалықпен қоса жалтару, үзіліс жасау мен мәнерлі үнсіздік те енеді.

Көптеген таяу шығыс мәдениеттеріне астарлы, Батыс Европа мен АҚШ үшін дәл, көптеген азиялық мәдениеттер мен американдық үндістердің кейбір мәдениеттеріне сығымды стиль тән.

3) Коммуникацияның тұлғалық және жағдайлық стильдері.

Коммуникацияның тұлғалық стилі қатынаста екпінді индивидтің тұлғасына, жағдайлық стилі оның рөліне түсіреді. Вербальды құралдармен тұлғалық стильде Мен-ұқсастық, ал жағдайлық стильде рольдік ұқсастық күшейтіледі. Әлеуметтік теңдікті білдіретін тіл тұлғалық стильді пайдаланып, жеке (индивидуальный) мәдениеттерге тән, жағдайлық стиль қоғамдық қатынастардың сатылығын білдіріп, ұжымдық мәдениеттерге тән деуге болады.

Мәселен, американдықтар басқалармен араласқанда мінез-құлықтың формальды кодтарынан, атақ-даңқтан, құрмет көрсету мен салт-дәстүр нақыштарынан қашқақтайды. Ол сөйлесіп отырған адамын атымен атап, вербальды қатынас стилінде жыныстық айырмашылық жасамауға тырысады. Жапондықтар өздерінің адами қатынастарында формальдықты ең басты санайды. Олар қатынастың сыпайы және болжамсыз болуына мүмкіндік береді. Жапон тілі әңгімеге қатысушылар рольдік позицияға қоюға, дәрежелік сатыда әркімнің орнын айқындауға бейім.

4) Коммуникацияның инструментальды және аффективті стильдері.

Бұл стильдер вербальды коммуникацияға қатысушылардың қайсысына бағдарлануымен айрықшаланады. Қатынастың инструментальды стилі сөйлеуші мен коммуникацияның мақсатына, ал аффективті стиль тыңдаушы мен коммуникацияның үрдісіне бағдарланған. Инструментальды стиль айқындылыққа жетісіп, әңгімелеушінің келісімін алу үшін дәл білімге сүйенеді. Инструментальды стиль адамның өзіне сенуіне, бет-бейнесін көрсетуіне, жеке қасиетін білдіруіне және өзгеге тәуелді болмауына мүмкіндік береді. Аффективті стиль, керісінше, қатынас үрдісінің өзіне, әңгімелеушінің сезімі мен сұранысына бейімделуге, топтық үйлесімге жетісуге бағдарланған. Бұл аффективті стиль кезінде адамның байқап сөйлеуіне, оқыс пікір айтудан сақтануына соқтырады. Сол үшін дәлсіздіктерге сүйеніп, тура, кесіп айтудан қашқақтайды. Әңгімелесуші екі жақ та осы стильді ұстанса, айтылғанды түсіндіру, оны тексеру проблемасы үнемі туындайды, бұны жанама түрде жүргізуге тура келеді. Мұндай жағдайда не айтылғаны емес, не істелгені маңызды. Сөйлеудің аффективті стилінде қатынас контексі ерекше маңызға ие болады. Қатынастың жапондық стилі коммуникацияның аффективті стиліне үлгі бола алады. Сөйлеушіден сөздер арасындағы мәнге интуитивті сергектік таныту күтіледі. Сөйлеушілерден бірін бірі түсіну үрдісін өзіне басты мақсат етіп қояды. Сөздердің өзі вербальды айтылымдар нақты мазмұнға шара ретінде ғана қызмет етеді, оларды ақиқатты бейнелейтін нақты фактілер ретінде ешкім қабылдамайды. Коммуникативтік стильдердің аталған варианттары барлық мәдениеттерде бар, алайда арқайсысы оны өзінше бағалап, оларға өзіндік мән береді. Әр жағдайда коммуникация стилі белгілі бір мәдениеттің негізінде жатқан құндылықтар мен нормаларды, әлемді өзіндік танымында көрсетеді.

Сөйтіп, коммуникация, тіл, қоғам, мәдениет сияқты ұғымдар түрлі мәдениет иелерінің арасындағы қатынаста тілдік сәйкессіздік туу тұрғысынан мәдениетаралық коммуникациясын маңызын ашу үшін теориялық негіз жасауға ықпал етті. Тілдің қоғам коммуникациясының негізгі құралы болып табылатынын нақтыладық. Тілдің байлығы мен маңызы жеке халықтың мәдени факторлары арқылы ашылады. Мәдениетаралық коммуникациясының мәнін қолданбалы сипаттағы жеке ғылым ретінде анықтадық. Коммуникацияда қатынас стилінің маңыздылығы оның көмегімен түрлі жағдайда түсіністік орнауында, коммуникация бойынша серікке қатынастың қалыптасуында деген пікірге келдік.



Әдебиеттер тізімі:

1) Маслова В. А. Введение в лингвокультурологию.-М.: Наследие, 2013.

2) Маслова В. А. Лингвокультурология.- М.: Изд. центр "Академия", 2010.

3) Ерасов Б. С. Социальная культурология. - М.: Аспект Пресс, 2012.

4) Теория культуры. Учеб. пособие. Под ред. Иконниковой С.Н., Большакова В.П. СПб., 2010.
Тақырып 10. Паравербалды коммуникация

1 Паравербалды коммуникация

2 Мәдени аралық коммуникацияның негізгі міндеті

Қатынастың түрлі тәсілдерінің, амалдары мен стильдерінің үйлесуіне қатысты коммуникативистикада мәдениетаралық коммуникацияның үш негізгі түрі бөлінеді – вербальды, вербальды емес және паравербальды. Бұл еңбекте вербальды коммуникацияның түрі қарастырылады, өйткені вербальды коммуникация адамдар қатынасының әмбебап тәсілі болып табылады да, адамдар соның көмегімен түрлі ақпараттың негізгі бөлігін жіберіп, қабылдайды.

Вербальды коммуникация дегенде сұхбаттасушылардың ой-пікірімен, ақпаратымен, көңіл - күй әсерімен бөлісуін білдіретін тілдік қатынасты айтамыз.

Вербальды қатынас адам коммуникациясының барынша зерттелген алуан түрі болып табылады. Вербальды адам тіліне кез келген басқа белгі жүйесінің көмегімен жасалған хабарды „аударуға“ болады. Мысалы, қызыл жарық белгісі „өтуге болмайды“, „тоқта“ дегенді, спорт жарыстарында басқа қолдың алақанымен жабылған қолды жоғары көтеру „қосымша үзіліс минутын беріңіз“ дегенді білдіреді. Коммуникацияның сөйлеу қыры күрделі көп ярусты құрылымға (фонеманың диффереренциалды нышанынан мәтін мен интермәтінге дейін) ие, сан алуан стилистикалық түрлерде (әртүрлі стильдер мен жанрлар, ауызекі сөйлеу және әдеби тіл, диалектілер мен социодиалектілер). Сөйлеу коммуникациясын қамтамасыз ететін жүйе – адам тілі. Сондықтан мәдениетаралық коммуникацияда тілді коммуникацияға қатысушылардың өзара түсінісуіне арналған қатынас құралы ретінде түсінген жөн. Қазір әлемде 3000 шамалы тіл бар, әрқайсысында сол иелерінің әлемді өзінше қабылдауының алғы шарты болатын тілдік әлем суреті жасалған. Сондықтан түрлі тіл иелерінің коммуникациясы кезінде белгілі бір ұғымды айту үшін дәл эквиваленттің болмауынан немесе ондай ұғымның мүлдем жоқтығынан байқалатын тілдік сәйкессіздік жағдайы туады. Мұндай жағдайларда тілдік ауыстыру болады, басқа тілден алынған ұғымдар өз мәнінде қолданылады. Демек, мәдениетаралық коммуникация үрдісі түрлі мәдениет өкілдерінің қатынасындағы вербальдық элементтердің түрліше ара қатысымен күрделенеді. Контекст өте маңызды мәдениеттер де, контекстің мәні онша емес мәдениет те бар, мәдениеттер оларда контекст пен сөздерге қандай мән берілуіне қарай айрықшаланады. Батыста шешендік өнердің көне дәстүрі вербальды қатынастардың ерекше маңыздылығын алғы шарт етеді. Бұл дәстүр қисынды, ұтымды және аналитикалық ойдың типін толық көрсетеді. Батыс халықтарының мәдениеттерінде сөз әңгіменің контекстіне қатыссыз қабылданады, сондықтан оны бөлек және социомәдени контексттен тыс қарастыруға болады. Мұнда коммуникация үрдісіне сөйлеуші мен тыңдаушы екі дербес субъект ретінде қарастырылып, қатынастары ауызша айтылған сөздерінен түсінікті болады. Азия мен Шығыс мәдениеттерінде, керісінше, социомәдени контекст үлкен мәнге ие, сөз қатынасқа қатысушылардың жеке бас қасиеттері мен тұлғааралық қатынастарының сипаты енген тұтас коммуникативтік контекстің құрамдас бөлігі болып есептеледі. Осылайша бұл мәдениеттерде вербальды айтылымдар этикамен, психологиямен, саясатпен және әлеуметтік қатынастармен тығыз байланысты коммуникативтік үрдістің бөлігі болып есептеледі. Мысалы, жапондық кәсіпкерлер іс жағдайын жеке әңгімеде талқылауды жөн көреді. Шығыс мәдениеттерінде негізгі екпін ауызша айтылымдарды құрастыру техникасына емес, оларды айту мәнеріне, коммуниканттардың әрқайсысының қоғамдағы орнын анықтайтын қоғамдық қатынастарға сәйкестігіне түседі.

Сөйтіп, араласуды, вербальды коммуникация құрамдарын меңгеру әрбір адамға қажетті, өйткені өзара іскерліктің тиімділігі ғана емес, басқа адамдармен өзара түсінісуі де соған қатысты деген қорытындыға келеміз.

Әдебиеттер тізімі:

1) Маслова В. А. Введение в лингвокультурологию.-М.: Наследие, 2013.

2) Маслова В. А. Лингвокультурология.- М.: Изд. центр "Академия", 2010.

3) Ерасов Б. С. Социальная культурология. - М.: Аспект Пресс, 2012.

4) Теория культуры. Учеб. пособие. Под ред. Иконниковой С.Н., Большакова В.П. СПб., 2010.
7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны, олардың сағат санындағы көлемі

Тақырып 1. Мәдени аралық коммуникация жаңа пән ретінде

1 Мәдени аралық коммуникация пәнінің мақсаты

2 Э. Холла және Д. Tpaгepa «Culture as Communication» («Мәдениет коммуникация ретінде»),

3 «Жаһандық деревня» термині



Тапсырмалар:

1. Мәдени аралық коммуникацияның ерекшеліктерін қарастыру

2 Мәдени аралық коммуникацияның оқу пәні ретінде қалыптасу тарихы жөнінде сипаттау.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулық

Аталған тақырыпты игеру үшін ең алдымен Э.Холл мен Д.Трагердің «Culture as Communication» («Культура как коммуникация») атты еңбегін қарастыру қажет. Бұл еңбекте олар «мәдени аралық коммуникация» атты терминін қолданысқа енгізді. «Жаһандық деревня» (дүниежүзілік жаһандық деревня) сияқты терминін қарастыру өте маңызды және қажетті болып табылады. Бұл терминді Маршалл Маклюэн ғылыми айналымға енгізді және оның «Галактика Гутенберга» (The Gutenberg Galaxy) атты еңбегінде кең қолданылады.



Әдебиеттер тізімі:

1) Маслова В. А. Введение в лингвокультурологию.-М.: Наследие, 2013.

2) Маслова В. А. Лингвокультурология.- М.: Изд. центр "Академия", 2010.

3) Ерасов Б. С. Социальная культурология. - М.: Аспект Пресс, 2012.

4) Теория культуры. Учеб. пособие. Под ред. Иконниковой С.Н., Большакова В.П. СПб., 2010.
Тақырып 2. Мәдени аралық коммуникацияның негізгі теориялары

1 Я.Кимнің бейімделу теориясы.

2 Коммуникативистика шектеріндегі коммуникацияның мәселелері

Тапсырмалар:

1. Я.Кимнің бейімделу теориясын қарастыру.

2. Мәдени аралық коммуникацияның негізгі теорияларына талдау жасау.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Бейімделу үрдісіне ерекше назар аудару қажет – бұл көп құрамдас бөліктерінен құралатын өте күрделі үрдіс болып табылады. Бұл үрдіс кезінде адам біртіндеп жаңа жағдайға және жаңа қарым-қатынасқа үйренеді. Коммуникация мәселелерін коммуникативистика шектерінде зерттейді. Бұл БАҚ гуманитарлық функцияларын және оның дүниедегі әлеуметтік-мәдени өмірдің әртүрлі салаларына әсер етуін зерттейтін ғылым болып табылады. Қазіргі заманғы коммуникативистиканың негізгі бөлімдері: жеке тұлға психологиясы, тұлғалар арасындағы қарым-қатынас, топтың динамикасы (топ аралық қарым-қатынас), бұқара алдында сөз алу өнері, бұқаралық коммуникация, іскери қарым-қатынас, ұйымның менеджменті, мәдени аралық коммуникация.



Әдебиеттер:

1) Маслова В. А. Введение в лингвокультурологию.-М.: Наследие, 2013.

2) Маслова В. А. Лингвокультурология.- М.: Изд. центр "Академия", 2010.

3) Ерасов Б. С. Социальная культурология. - М.: Аспект Пресс, 2012.

4) Теория культуры. Учеб. пособие. Под ред. Иконниковой С.Н., Большакова В.П. СПб., 2010.
Тақырып 3. Коммуникация түсінігі

1 Мәдени аралық коммуникацияның негізгі түсініктері мен категориялары

2 Коммуникация түсінігі

Тапсырмалар:

1. Мәдени аралық коммуникацияның негізгі түсініктері мен категорияларын қарастыру

2. «Коммуникация» түсінігіне анықтама беру.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Аталған тақырыпты толыққанды игеру үшін «коммуникация» термині қалай пайда болғаны туралы ғылыми әдебиеттерден қарастырып, «формула ЛАССУЭЛЛА» атты коммуникациондық үрдістің ең алғашқы және ең белгілі моделіне назар аудару қажет.



Әдебиеттер:

1) Маслова В. А. Введение в лингвокультурологию.-М.: Наследие, 2013.

2) Маслова В. А. Лингвокультурология.- М.: Изд. центр "Академия", 2010.

3) Ерасов Б. С. Социальная культурология. - М.: Аспект Пресс, 2012.

4) Теория культуры. Учеб. пособие. Под ред. Иконниковой С.Н., Большакова В.П. СПб., 2010.
Тақырып 4. Коммуникацияның мақсаты

1 Р.Димблби және Г.Бертон қажеттіліктердің төрт жөнінде

2 Абрахам Маслоудың концепциясы

3 Коммуникацияның функциялары



Тапсырмалар:

1. Біздің қазжеттіліктерімізді қалай жеке тұлғалық, әлеуметтік, экономикалық және шығармашылық (artistic expression) сияқты төрт топтар бойынша жіктелінетіні жөнінде қарастыру.

2. Адамның мүдделерін сипаттау үшін американ психологы Абрахам Маслоу ұсынған сызба-пирамиданы құрастыру.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Аталған тақырыпты игеру кезінде коммуникацияда адамдар қажет ететін, адам мен адамдар тобының мүдделері үшін қызмет ететін бастапқы себепті қарастыруды ұйғару қажет. Коммуникацияның мақсаттары қандай да бір мүдделерге қызмет етеді: түрткілеттіру, басқа адамдармен ынтымақтастық жасау, жеке тұлғалық мүдделер, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау, басқа адамдарды белгілі бір әдіспен әрекет ету мен ойлауға итермелеу, басқа адамдарды билеу (осыған насихаттау жұмысы да жатады), біртұтас бірлікке қоғамдастықтар мен ұйымдардың бірігуі, ақпаратты алу және тарату, дүниені және оның ішінде біздің тәжірибемізді мойындау.



Әдебиеттер:

1) Маслова В. А. Введение в лингвокультурологию.-М.: Наследие, 2013.

2) Маслова В. А. Лингвокультурология.- М.: Изд. центр "Академия", 2010.

3) Ерасов Б. С. Социальная культурология. - М.: Аспект Пресс, 2012.

4) Теория культуры. Учеб. пособие. Под ред. Иконниковой С.Н., Большакова В.П. СПб., 2010.
Тақырып 5. Коммуникацияның түрлері: коммуникация және мәдениет 1 Коммуникацияның түрлері

2 Коммуникация және мәдениет



Тапсырмалар:

1. коммуникацияның түрлерін қарастыру

2 мәдени нормалардың әртүрлі түрлерін белгілеу

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Мәдениетті адамның тіршілік әрекетінің ерекше саласы ретінде көруге, естуге, сезінуге және дәм татуға болмайды. Шынайы түрде біз қандай да бір іс-әрекеттердің, рәсімдердің, дәстүрлердің типтерінде адамдардың өз-өзін ұстауда болған айырмашылықтар түрінде оның көрініс табуының көре аламыз. Аталған халықтың этникалық мәдениеті деп аталынатын дербес мәдени жүйенің қалыптасуына назар аударымыз қажет. Мәдени нормалардың алуан түрлері адамның тіршілік әрекетінің барлық салаларына түгелдей әсер етеді. Мәдениеттің даму үрдісінде олардың кейбіреулері өздері мәдени құндылықтар сияқты мәртебеге ие болды, ал оларды орындаудың міндетті болуы қазіргі заманғы қоғамның қоғамдық санасында тек қарапайым борыш ретінде емес, саналы қажеттілік, адамның ішкі сенімі сияқты қабылданады.



Әдебиеттер:

1) Маслова В. А. Введение в лингвокультурологию.-М.: Наследие, 2013.

2) Маслова В. А. Лингвокультурология.- М.: Изд. центр "Академия", 2010.

3) Ерасов Б. С. Социальная культурология. - М.: Аспект Пресс, 2012.

4) Теория культуры. Учеб. пособие. Под ред. Иконниковой С.Н., Большакова В.П. СПб., 2010.
Тақырып 6. Мәдениеттің негізгі компоненттері

1 Мәдени көптүрлілік және оның ақпаратты таңдауда алатын орны

2 Нормалар, ережелер, рөлдер мәдени аралық өзара қарым-қатынас жағдайының факторлары ретінде

Тапсырмалар:

1 адамның өндірістік іс-әрекеттердің табиғатқа тигізген әсерінің үрдістерін анықтау.

2 дәстүрлердің негізгі ерекшеліктерін түсіндіріңіз

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Құндылық категориясы адамның санасында әртүрлі құбылыстарды салыстыру арқылы қалыптасады. Егер құндылықты адам мен қоғам үшін бір заттың маңыздылығы ретінде қарастырсақ, онда осы түсінік субъективті мәнге ие болады, өйткені дүниеде барлық адамдар үшін тең дәрежеде маңызды болып табылатын құбылыстар кездеспейді.

Дәстүрдің негізгі ерекшелігі ретінде әрбір адамның қоғамдық өміріндегі қажетті шарт ретінде болатын жүріс-тұрыстың үлгілері мен модельдерін пайдалануға жасалынатын акцент болып табылады. Нормалар, ережелер, рөлдер — ол қарым-қатынастың тиімділігіне әсер ететін мәдени аралық өзара әрекеттесу жағдайының факторлары. Олар үлкен деңгейде өзара қарым-қатынас жасаудың қатысушылары қатысты болатын мәдениетпен шарттасылған болатын.

Әдебиеттер:

1) Маслова В. А. Введение в лингвокультурологию.-М.: Наследие, 2013.

2) Маслова В. А. Лингвокультурология.- М.: Изд. центр "Академия", 2010.

3) Ерасов Б. С. Социальная культурология. - М.: Аспект Пресс, 2012.

4) Теория культуры. Учеб. пособие. Под ред. Иконниковой С.Н., Большакова В.П. СПб., 2010.

Тақырып 7. Мәдени аралық коммуникацияның когнитивті аспектілері

1. Ақпаратты қабылдау үрдісінің ерекшеліктері.

2. Қарым-қатынастағы түсінік

3. Ойлау үрдістері мен мәдениет

4. Атрибуция түсінігі және оның мәні

5. Кодтау үрдісі

6. Стереотип түсінігі және мәні

Тапсырмалар:

1 Ақпаратты қабылдау үрдісінің ерекшеліктерін айқындаңыз

2 Стереотип атрибуцияның, кодтау үрдісінің мәніне және түсініге анықтама беріңіз.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Әрбір адамның қабылдау механизмі әртүрлі және қайталанбас, бірақ дүниені қабылдау қабілеті адамға туғаннан бастап берілетінін білдірмейді. Қабылдау қабілеті адамның оны қоршаған мәдени және табиғи ортамен белсенді түрде өзара әрекеттесу арқылы қалыптасады және жыныс, тәжірибе, тәрбие, қажеттіліктер сияқты факторларға байланысты болады. Ойлауды зерттеу күрделілігі зерттеушілер болып жатқан әрекеттерді тіклей бақлай алмайтынында болады. Батыс ғылыми ілімдер шектерінде интеллект вербалды және математикалық дағдыларда айқындалатын ойлау қабілеттіліктері сияқты анықталынады. Интеллекті анықтау көбінесе мәдениеттің құндылықтарын қамтып көрсетеді.



Әдебиеттер:

1) Маслова В. А. Введение в лингвокультурологию.-М.: Наследие, 2013.

2) Маслова В. А. Лингвокультурология.- М.: Изд. центр "Академия", 2010.

3) Ерасов Б. С. Социальная культурология. - М.: Аспект Пресс, 2012.

4) Теория культуры. Учеб. пособие. Под ред. Иконниковой С.Н., Большакова В.П. СПб., 2010.

Тақырып 8. Мәдени аралық коммуникацияның лингвистикалық аспектісі

1. Тіл және мәдениет.

2 Тіл мәдениеттің айнасы ретінде.

3 «Әлемнің тілдік бейнесі» түсінігі



Тапсырмалар:

1 Тіл мен мәдениеттің арақатынасын қарастыру

2 Дүниенің мәдени және тілдік бейнесінің ерекшеліктерін түсіндіріңіз

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Әлемнің мәдени бейнесі — ұжымдық, жеке тұлғалық тәжірибе негізінде адамның дүниені тану үрдісі кезінде қалыптасқан түсініктер призмасы арқылы шынайы дүниенің көрінісі. Бұл бейне белгілі бір табиғи және әлеуметтік жағдайларда пайда болатын әрбір мәдениет үшін тән болатын нәрсе. Әлемнің тілдік бейнесі шындықты әлемнің мәдени бейнесі арқылы қамтып көрсетеді.



Әдебиеттер:

1) Маслова В. А. Введение в лингвокультурологию.-М.: Наследие, 2013.

2) Маслова В. А. Лингвокультурология.- М.: Изд. центр "Академия", 2010.

3) Ерасов Б. С. Социальная культурология. - М.: Аспект Пресс, 2012.

4) Теория культуры. Учеб. пособие. Под ред. Иконниковой С.Н., Большакова В.П. СПб., 2010.

Тақырып 9. Вербалды және вербалды емес коммуникация

1 Вербалды мәдени аралық коммуникацияның негізгі постулаттары

2 Мәдени аралық қарым-қатынас үрдістегі вербалды емес қарым-қатынастың рөлі.

Тапсырмалар:

1 Мұсылмандық шығыс мәдениетінде дін мен өнердің өзара қарым-қатынасын қарастыру.

2 Вербалды және вербалды емес коммуникаци үрдісінде берілетін ақпарат қалай таратылады?

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Кез-келген коммуникациялық байланыстардың тиімділігі тек сұхбаттас адамға сөздер мен вербалды коммуникацияның басқа элементтері қаншалықты түсінікті жағдайымен емес, сонымен қатар визуалды ақпаратты дұрыс түсіндіру дағдымен анықталынады. Тілмен бірге ақпаратты берудің құралы ретінде болып табылатын қарым-қатынастың басқа да түрлері кездеседі, және қарым-қатынастың осы формаларын ғалымдар «вербалды емес коммуникация» сияқты терминмен атады. Дене қимылдар, мимика, дене күйі, киім, сәнді шаша, бізді қоршап отырған заттар, біз үшін үйреншікті әрекеттер – мұның барлығы вербалды емес хабарламалар, яғни сөздерді қолданбай-ақ болатын хабарламалар түрі ретінде болып табылады.



Әдебиеттер:

1) Маслова В. А. Введение в лингвокультурологию.-М.: Наследие, 2013.

2) Маслова В. А. Лингвокультурология.- М.: Изд. центр "Академия", 2010.

3) Ерасов Б. С. Социальная культурология. - М.: Аспект Пресс, 2012.

4) Теория культуры. Учеб. пособие. Под ред. Иконниковой С.Н., Большакова В.П. СПб., 2010.

Тақырып 10. Паравербалды коммуникация

1 Паравербалды коммуникация

2 Мәдени аралық коммуникацияның негізгі міндеті

Тапсырмалар:

1 паравербалды коммуникацияның маңыздылығын қарастыру

2 мәдени аралық коммуникацияның негізгі міндетін атаңыз

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

Паравербалды коммуникацияның мәні – белгілі бір мақсат пен мүдделерге қол жеткізу үшін сұхбаттас адамда қандай да бір эмоцияларды,сезімдерді тудыру болып табылады. Мұндай нәтижелерге қарым-қатынастың паравербалды құралдары арқылы қол жеткізуге болады. Осы құралдарға жатады: просодика — сөз сөйлеудің темпі, тембрі, дауыстың ырғағы мен биіктігі; дүниежүзілік тенденциялары бар экстралингвистика.

Қоғам дамуының қазіргі заманда мәдени аралық коммуникацияның негізгі міндеті ретінде гуманитарлық потенциалды белсендетіру, жалпы адамзаттық құндылықтардың концептуалды артықшылығын жасау және бекіту, әртүрлі елдерінің мәдениеттерінің жақын болуы.

Әдебиеттер:

1) Маслова В. А. Введение в лингвокультурологию.-М.: Наследие, 2013.

2) Маслова В. А. Лингвокультурология.- М.: Изд. центр "Академия", 2010.

3) Ерасов Б. С. Социальная культурология. - М.: Аспект Пресс, 2012.

4) Теория культуры. Учеб. пособие. Под ред. Иконниковой С.Н., Большакова В.П. СПб., 2010.

Өзіндік оқуға арналған тақырыптар

Тақырып 4. Коммуникацияның мақсаты

1 Коммуникацияның функциялары жөнінде сызба жасау.

2 Абрахам Маслоудың концепциясы жөнінде эссе жазу

Тақырып 5. Коммуникацияның түрлері: коммуникация және мәдениет 1 Коммуникацияның түрлері жөнінде салыстыру сызбасын жасау

2 Коммуникация және мәдениет айырмашылықтары мен ұқсастықтары.



Тақырып 9. Вербалды және вербалды емес коммуникация

1 Вербалды мәдени аралық коммуникацияның негізгі постулаттарына талдау жасау

2 Вербалды және вербалды емес коммуникация тақырыбы бойынша реферат жазу

10. МОӨЖ кеңеснамаларының кестесі

(МОӨЖ МӨЖ-дың 25%-ын құрайды)




Оқу түрлері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сұрақтары бойынша кеңес беру




11.20

12.00














2.

Тәжірибе тақырыптары бойынша кеңес беру







12.35

13.25











3.

МӨЖ тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес беру
















12.35

13.25


4.

Рефератты орындау бойынша кеңес беру

16.00

17.00

















5.

Тест тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес беру










14.20

15.00







Барлық сұрақтар бойынша кеңеснамалар ағымдағы семестрдің МОӨЖ кестесіне сәйкес іске асырылады



11. Магистранттардың білімін тексеру кестесі

Дәріс пен тәжірибелік сабақтарға қатысу 0-100 балл бағаланады


Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі



Жұмыс түрлері

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Орындалу мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Лассвелла формуласы бойынша талдау жасау

Паравербалды коммуникация




3 жұма



3-ші жұма

2

Эссе







4 жұма




5-ші жүма

3

Реферат







6 жұма




8-ші жұма

4

Межелік бақылау

Модуль 1,2







коллоквиум

8-шы жұма

5

Эссе







10 жұма




11-ші жұма

6

Салыстырмалы сызба







12 жұма




12-ші жұма

7

Реферат







13 жұма




14-ші жұма

8

Межелік бақылау

Модуль 3,4







коллоквиум

15-ші жұма


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет