Пән: Балалар ауруы Оқытушы: Мамандық



бет8/16
Дата03.01.2022
өлшемі79.41 Kb.
#451537
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
фр. №3 Жұқпалы аурулар (1)

Орындау реттілігі:

  1. Баланың анасына іс – әрекеттің мақсаты мен жүргізу тәртібін түсіндіріңіз.

  2. Қолыңызды ережеге сай жылы ағынды судың астында сабындап жуыңыз, құрғатып, қолғап киіңіз.

  3. Термоконтейнерден КПК вакцинасы мен вакцина еріткішін шығарып алыңыз және спиртке малынған стерилді мақта домалақшасымен вакцинасы бар ампуланың мойнын және еріткішті сүртіңіз.

  4. Дәке салфеткамен немесе стерилді мақта домалақшасымен жауып тұрып ампуланы ашыңыз.

  5. Салфетканы (мақта домалақшасы) ампуланың басымен бірге дезинфециялаушы ерітіндісі бар ыдысқа тастаңыз.

  6. 2,0 мл шприцтің орауын ашып, инесін канюляға қондырып, шприцке тиісті мөлшердегі еріткішті сорып алыңыз.

  7. Құрғақ вакцинасы бар ампуланың ішіне жайлап еріткішті енгізіңіз. Сол шприцпен ілгері –кейін қозғалыс жасап немесе Вакцинаның үстіне стерильді салфетканы қойып, жәймен араластырыңызда, қара конуспен жауып қойыңыз

  8. Қолданылған шприцті арнайы ыдысқа(контейнерге) тастаңыз.

  9. Арнайы 1 қолданылатын, екпе жасауға арналған шприцке 0,5 мл ерітілген вакцинаны сорып алыңыз.

  10. Иненің ішіндегі ауасын канюля түбіне стерилді салфетка (мақта) ұстап тұрып, ығыстырып шығарыңыз. Салфетканы (мақтаны) дезинфециялаушы ерітіндісі бар ыдысқа тастаңыз.

  11. Мақта шариктерін спиртке малып дайындап алыңыз.

  12. Екпе жасау орнын спиртке батырылған стерилді мақта домалақшасымен залалсыздандырып, спирт кепкенше күтіңіз.

  13. Санның латеральды бөлігіне (санның алдыңғы – сыртқы беті) вакцинаны 0,5 мл дозада бұлшық етке енгізіңіз.

  14. Екпе жүргізілген жерді стерилді, антисептикке батырылған мақта домалақшасымен басып қойыңыз.

  15. Мақта домалақшасын 2-3 минуттан кейін дезинфекциялаушы ерітіндіге тастаңыз.

  16. Қолғаптарды шешіп контейнерге тастаңыз, қолыңызды жуып құрғатыңыз.

  17. Баланың ата-анасына екпеден кейінгі болуы мүмкін өзгерістер жайлы мәлімет беріңіз.

  18. Жүргізілген екпені тиісті медициналық құжаттарға тіркеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет