Пән: Балалар ауруы Оқытушы: Мамандық



бет6/16
Дата03.01.2022
өлшемі79.41 Kb.
#451537
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
фр. №3 Жұқпалы аурулар (1)

Орындау реттілігі:

  1. Баланың анасына іс – әрекеттің мақсаты мен жүргізу тәртібін түсіндіріңіз.

  2. Қолыңызды ережеге сай жылы ағынды судың астында сабындап жуыңыз, құрғатып, қолғап киіңіз.

  3. Тоңазытқыштан ВГВ вакцинасын шығарып, оның сыртындағы этикеткасын, қолдану мерзімін, сыртқы көрінісін, бүтіндігін тексеріп көріңіз.

  4. Флаконды қозғап, вакцинаны шайқап тұнбасын араластырыңыз.

  5. Флаконның металл қақпағы мен жоғарғы бөлігін спиртке батырылған мақта тампонымен сүртіңіз.

  6. Флаконның металл қақпағының ортасын таза қайшымен ашып, екінші стерилді спиртті домалақшамен резеңке қақпағын залалсыздандырыңыз (домалақша қақпақтың үстінде қалады).

  7. Флакондағы вакцинаны суықтатқыш элементтің ішіне қойыңыз.

  8. Шприцтің орауын ашып, инесін канюляға қондырыңыз.

  9. Осы шприцке 1 балаға арналған дозаны (0,5 мл) сорып алыңыз.

  10. Иненің ішіндегі ауасын шығарыңыз.

  11. Екпе жасайтын орынды саусақпен сипалап тексеріп алыңыз.

  12. Екпе жасау орнын спиртке батырылған стерилді мақта домалақшасымен залалсыздандырыңыз.

  13. ВГВ вакцинасын 0,5 мл дозада санның латеральды бөлігіне бұлшық етке егіңіз.

  14. Екпе жүргізілген жерді спиртке батырылған мақта домалақшасымен 2-3 минуттай басып, ұстап тұрыңыз.

  15. Мақта домалақшасын дезинфекциялаушы ерітіндіге тастаңыз.

  16. Қолданылған құралдарды залалсыздандырыңыз.

  17. Қолғапты шешіп, арнайы контейнерге тастаңыз.

  18. Қолды жуып, құрғатыңыз.

  19. Баланың ата-анасына екпеден кейінгі болуы мүмкін өзгерістер жайлы мәлімет беріңіз.

  20. Жүргізілген екпені тиісті медициналық құжаттарға тіркеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет