Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/37
|
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Филология, журналистика жєне өнер факультеті
050205 «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған
«19 ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы»
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
Павлодар
Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/38
|
|
БЕКІТЕМІН
ФЖж¤ факультетініњ деканы
_________ Ж.Т.Сарбалаев
« ___» ___________2010 жыл
|
Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Муталиева Р.М.
Қазақ филологиясы кафедрасы
050205- «Қазақ филологиясы» мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған «19 ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы»
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 2010__ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20_ж. «___»____________№_____ Хаттама
Кафедра меңгерушісі ______________ Жүсіпов Н.Қ. 2010__ж. «____» ________
(қолы) (аты-жөні)
_______Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2010_ж. «_____»____________ №____ Хаттама
ОӘК төрағасы ___________ Жұманқұлова Е.Н. _______ 2010_ж. «_____»___________
(қолы) (аты-жөні)
1Оқытушы туралы мәлімет және байланысу ақпараттары
Муталиева Раушан Мамырқызы
Қазақ филологиясы кафедрасы _____А1__ корпусында (мекен-жайы), 324 - аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 1255
2 Пән туралы мәліметтер :
«19 ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы» пәні 050205 «Қазақ филологиясы» мамандыѓында 4 семестрде 15 аптада оќылады. Жалпы саѓат саны-135с, дєріс-30с, тєжірибешілік-15 с, СОЖО-22,5с, СӨЖ-67,5с.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы
Семестр
|
Кредиттар саны
|
Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны
|
Студенттің өздік жұмысының сағат саны
|
Бақылау түрлері
|
барлы-ғы
|
дәріс
|
практи-ка
|
зертха-налық
|
студия-лық
|
жеке
|
барлығы
|
СОӨЖ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бар-лығы
|
3
|
135
|
30
|
15
|
-
|
-
|
-
|
90
|
22,5
|
емтихан
|
4 Пәннің мақсаты және міндеттері
Пәнді оқыту мақсаты:
«ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы» пәнін жоғары мектепте оқытудың негізгі мақсаты – маман әдебиетші дайындау, оның жалпы қазақ әдебиеті туралы ғылымды жүйелі түрде меңгеру, игеру міндетімен сабақтас.
Пәннің міндеттері:
-
өлеңдерді жанрлық, идеялық, құрылыстық жағынан талдай білуі;
-
жекелеген автордың шығармашылық ерекшеліктерін танытуда , ақын-жыраулар өлеңдерін жатқа білу;
- образдар жүйесіне талдау жасай білу;
- шығарманың көркемдік ерекшелігін айқындай білу.
5 Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар
Студенттер білуі тиіс:
- ақын-жазушылар шығармаларының көркемдік ерекшелігін талдай білуі тиіс;
- ақын-жазушылар шығармаларының образдар жүйесін талдай білуі тиіс;
- ақын-жазушылар шығармаларының идеясын аша білуі тиіс.;
- ақындар өлеңдерін жатқа білуі тиіс.
Студенттер істей білуі тиіс:
-Студенттер тақырып таңдау, материал жинау, конспекті жазуды меңгере біледі.
- ақын-жазушылар шығармаларын ажырата алады.
- ақын-жазушылар шығармаларының идеялық, эстетикалық мазмұнын аша білуге дағдыланады.
- ақын-жазушылар шығармаларынталдаудағы оның табиғатын біледі.
6 Пререквизиттер
- Қазақ халқының ауыз әдебиеті
- Ежелгі және одан бергі дәуірлердегі Қазақстан тарихы
- Әдебиет теориясы
- Түркі халықтарынң әдебиеті
7 Постреквизиттер
- Қазақ әдеби тілінің тарихы
- Тіл мәдениеті
8 тақырыптық жоспар
1-тақырып. Кіріспе
2-тақырып. ХІХ ғ. қазақ тарихы және әдебиет
3-тақырып. ХІХ ғ. дәстүрлі айтыс өнері
4-тақырып. ХІХ ғ. әдебиетіндегі Қоқан езгісіне қарсылық
сарын. Әлеуметтік қайшылықтарға көзқарас баға; қоғамға сын.
5-тақырып. ХІХғ. сал-серілер. Ән өлең. Өнерпаздық, сыршылдық ағым
6-тақырып Махамбет Өтемісұлы ұлт-азаттық көтеріліс күрескері. Бостандық жыршысы
7-тақырып Махамбет және дәстүрлі жыраулық поэзия
8-тақырып ХІХ ғ. қисса-дастандар
9-тақырып Зар заман поэзиясы. Қазақ әдебиеті тарихындағы зар заман ағымы
10-тақырып Шортанбай Қанайұлының әдеби мұрасы
11-тақырып Дулат Бабатайұлының шығармашылығы
12-тақырып Мұрат Мөңкеұлының ақындық мұрасы
13-тақырып Шернияз Жарылғасұлы
14-тақырып Алмажан Азаматқызы.Әбубәкір Кердері. Ақмолла Мұхамедиярұлы
15-тақырып ХІХ ғ. жаңа жазба әдебиет
16-тақырып Шоқан Уәлиханов – қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушы (1835-1865)
17-тақырып Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі, әдеби мұрасы (1841-1889)
18-тақырып Абай Құнанбайұлы (1845-1904)
19-тақырып Абайдың ақын шәкірттері
20-тақырып ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетін зерттеудің өзекті мәселелері, алдағы міндеттері
9 Пәннің қысқаша сипаттамасы
19 ғасыр әдебиетінде айтыскер ақындар, зар заман ақындары, жазба әдебиет өкілдерінің шығармалары талданады.Атап айтқанда, Сүйінбай, Шөже, Мұрат, Дулат, Шортанбай, Ыбырай, Абай, Шоқан, Махамбет шығармалары идеялық-көркемдік тұрғыда қарастырылады.
10 Курстың компоненттері
Дәріс тақырыптары
1-тақырып Кіріспе
ХІХ ғасырдағы тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдай. Орыс отаршылдығының жаңа, батыл бетбұрыс іс-қимылы. 1822 жылғы әкімшілік билеу жүйесіне енгізілген өзгеріс. Хандық биліктің жойылуы.
Исатай-Махамбет (1836-1838) бастаған ұлт- азаттық көтеріліс. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы (1836-1847) . Хиуа,Қоқан хандығы езгісіне қарсы бас көтерулер. Жанқожа батыр көтерілісі(1856-1857). 1868 жылғы «Жаңа низам».Қазақ даласының «Соғыс отарынан» «жер отарына» айналуы. Қазақстанның рухани-мәдени тіршілігіндегі жағдайлар. Қазақ даласын, қазақтың тұрмыс-тіршілік, мінез-құлқын патша үкіметі тарапынан мақсатты түрде зерттеулерге кірісу. Миссионерлік саясат. Жалпы ағарту ісінің, орыс оқуының жандануы. Қазақ халқының әдебиеті, тілі, мәдениеті, тұрмыс тіршілігі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі Батыс Европа, орыс ғалымдары тарапынан зерттеле бастағаны. Қазақ тілінде баспасөздің пайда болуы, кітап басып шығару. ХІХ ғасыр әдебиетінің даму барысындағы күрделі өзгерістер, жаңа беталыс, бағыттар. Көркемдік ерекшеліктер. Әдебиеттің мазмұн, түр жағынан сан сапада, сан жанрда көрінуі.
ХІХ ғасыр әдебиетінің саяси-әлеуметтік, көркемдік негіздері. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі негізгі сарындар, саяси бағыттар мен әдеби-көркемдік ағымдар.
ХІХ ғасырдағы әдебиет үлгілерінің сақталуы, басылым жайы. Қазақ әдебиеті тарихында бұл дәуір әдебиетінің зерттелуі, бағаланып, ғылыми жүйеге түсуі.
Әдебиет тарихында ХІХ ғасыр шығармашылығын хатқа түсіріп, жүйелеп, тұжырымдаудағы Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин,Г.Потанин, Ильминский,В.Радлов, Ю. Лютшь, Ә.Диваев, М. Көпеев, Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, Б.Кенжебаев, Х. Сүйіншәлиев,С.Қирабаев, Р.Бердібаев, Қ,Сәтбаев, Ә.Дербісалин, М.Мырзахметов,М.Мағауин, С.Дәуітов, т.б. ғалымдар еңбектері.
ХІХ ғасыр әдебиетін әдебиеттану ғылымында бағалаудағы көркемдік-теориялық тұжырымдар. ХІХ ғасыр әдебиеттің түрлі атаулармен айғақтаумен бұл әдебиеттің әдеби үлгісі, көркемдік негіздерінен гөрі мазмұндық, саяси мән жағынан берілген жалпы бағаның басым болғаны. Кертартпа романтикалық, сыншыл реалистік, т.б. атаулар әдебиет ерекшелігіне қатысты болғанымен, көркемдік-теориялық негіздерден гөрі сырт саясатқа орай айғақталғандығы. Әдебиеттану ғылымында шынды емес, «шын» дегенді айтуға мәжбүр болған кезеңдер. Түрлі саяси қаулы-қарарлардың көркем әдебиетке, әдеби мұраны бағалауға тигізген әсер-ықпалы.
ХІХ ғасырдағы әдебиеттің өзіне шейінгі жасап келген әдебиетпен сабақтастығы, ерекшелік, айырмашылығы. Алғашқы жазба әдебиет үлгілерінің мұсылманша оқыған сауатты ақындардың діни, ғибраттық өлеңдері арқылы көрінуі.
ХІХ ғасырдың соңына қарай шыққан қазақ тіліндегі баспасөз. «Түркістан уәлаятының газеті», «Дала уәлаятының газеті» бетінде әдебиет материалдары, оларға қатысты алғашқы пікір, сыни ойлардың жариялануы.
ХІХ ғасырдың соңын ала Қазан, Петерборда өлең кітап, жеке жинақтардың басылып шығуы. Дулаттың «Өсиетнамасы», Шортанбайдың «Бала зары», түрлі қиссалар.
Әдебиеттің ішкі ісінде , көркемдік шеңберлерінде байқалған жаңару, өзгеріс, даму тенденциялары. Қазақ өлеңінің жаңа түрлері. Дулат әкелген өлеңдегі өзгерістің Абаймен жалғастығы.Жаңа жанрлардың тууы. Европалық мәндегі жаңа жазба әдебиеттің қалыптасуы. Мысал, сықақ, сатираның жандануы. Поэманың тууы. Лириканың толысуы. Сал-серілер өнерінің шарықтауы. Айтыс мәнінің , мазмұнының тереңдеуі. Прозаның алғашқы нысандары. Әдеби сын. Публицистика. Көркем аударма. Тарихи жырдың тууы.
Зар заман ақындары – қазақ жазба әдебиетінің басы. Бұл туралы М.Әуезов, Х.Досмұхамедұлы, С.Мұқанов тұжырымдары.
Қазақ қоғамындағы түрлі саяси күйдің әдебиетке жаңа сарындар, әлеуметшілік, азаматтық бағыт әкелгендігі. М.Әуезовтің ХІХ ғасыр әдебиетін тұтастай зар заман әдебиеті атауы. С.Мұқанов ХІХ ғасыр әдебиеті тарихын:
1) ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы ұлт бостандығын жырлайтын әдебиет;
2) ХІХ ғасырдың 50-70 жылдарында «Зар заман» әдебиеті;
3) ХІХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап просветительдің (мәдениетке үндеуші) әдебиет деп жүйеленуі.
ХІХ ғасыр әдебиетінің жанрлық, көркемдік негіздер жөнімен зерттелуі. Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Т. Потанин, т.б. шығыстанушы зерттеушілер қазақ әдебиеті туралы.
М.Әуезов,А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы,Ә.Бөкейханов, т.б. қазақ әдебиеті тарихын жасауды қолға алуы. Әдебиеттің түрі мен тегіне байланысты жанрлық классификация жасауы. Қазақ әдебиеті тарихының, қазақ әдебиеті теориясының алғашқы оқулықтары. Олардың құрылым, ғылыми жүйесі. С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, т.б. ғалымдардың әдебиеттің тарихы, әдебиет теориясына қатысты еңбектері.
ХІХ ғасыр әдебиетінің ХІХ ғасырдың І жартысындағы , ІІ жартысындағы әдебиет болып бөлінуі, түрлі ағым-бағыттардың, әдеби әдіс-тәсілдердің сол тұстағы айқындалу жөндері.Әдеби мұраны бағалау жайлы 1957 жылғы қаулы. Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу мәселесіндегі екі түрлі концепция. Алпысыншы жылдар әдебиеттану ғылымындағы күрделі зерттеулер.Жаңа тенденциялар. Әдеби мұраның басылым ісінің жандануы. Жетпісінші, сексенінші, тоқсаныншы жылдарда әдебиет мәселелерінің кең ауқымды зерттеулермен толығуы. Арнайы монографиялық еңбектер.Әдебиеттанудағы ақтаңдақтарды толықтыру жөндері. Сол орайда ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетін зерттеуді ілгері дамытудың өзекті мәселелері.
ХІХ ғасыр әдебиетін зерттеу, ғылыми жүйелеудің қазіргі көкейкесті жайлары. Әдеби жанрлардың саралау, көркемдік-саяси ағым, бағыттарды қарастыра, айқындай түсу. Әдеби мұраға көзқарасымызда уақыт әкелген оң өзгерістер. Кезінде Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов ХІХ ғасыр әдебиет үлгілеріне қатысты жасаған тұжырымдардың қазірде тұтастай ғылыми айналымға түсіп, бүгінгі ғылым жеткен өлшемдермен жалғасуы.
2-тақырып ХІХ ғ. қазақ тарихы және әдебиет
ХІХ ғасыр – орыс отаршылдығының жаңа, батыл бетбұрыстар кезеңі. Ішкі Бөкей ордасының құрылуы(1801). 1822,1868 жылдардағы реформалар. Хандық биліктің жойылуы. Жерге мемлекеттік меншік. Исатай-Махамбет, кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістер.Қоқан, Хиуа хандығы езгісіне қарсы бас көтерулер.Жанқожа батыр.Бекет батырдың жер аударылуы.Қазақстанның Ресей империясы қармағына тұтастай өтуі. Миссионерлік саясат. ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдайдың әдебиетке әсері. Ел өмірінің шындығы түскен әдеби шығармалардың тууы.Қазақ поэзиясында қазақ қоғамы, ел тұрмысы, оқу-өнер, адамның мінез-құлық жайларын толғау. Ауызша және жазбаша әдебиет үлгілерінің қатар дамуы.
ХІХ ғасырдағы әдебиеттің өзіне шейінгі жасап келген әдеби дәстүрлермен сабақтастығы. ХІХ ғасырдағы жаңа әдебиет үлгілері.
Жаңа жазба әдебиет үлгілерінің мұсылманша оқыған сауатты ақындардың діни, ғибраттық өлеңдері арқылы көрінуі. ХІХ ғасырдағы нәзира дәстүрі. Әдебиеттегі діни-ағартушылық ағым.Әдебиеттегі жаңару,өзгеріс, даму тенденциялары.Қазақ өлеңінің жаңа түрлері.Сал-серілер өнернамасы. Айтыс өзгерістері. Проза нысандары.Көркем аударма. Тарихи жырлар.Қисса-дастан.Публицистика. Жаңа жазба әдеби тілдің дамуы.Кітаби тілдің дамуы. Кітаби тілдің қазақ тілін шұбарлауына алаңдаушылық.
Қазақ тіліндегі баспасөз.Кітап басып шығару.Ұлт мектептерінің ашылуы.Әдебиет үлгілерін жиыстырып жариялау.Зерттеу.
3-тақырып ХІХ ғ. дәстүрлі айтыс өнері
ХІХ ғасырдағы айтыстың дәстүрлі сипаты.Қазақ әдебиеті тарихындағы айтыс өнерінің ауыз әдебиетіндегі үлгілері мен ХІХ ғасырдағы ақындық айтыс өнерінің өзіндік ерекшеліктері.
ХІХ ғасырдағы айтыстың дәстүрлі суырыпсалма ақындық айтыс пен бірге жазба түрде де өрістеуі.Айтыстың түрлері.Жанрлық ерекшеліктері.Әлеуметтік сипаты.ХІХ ғасырдағы әйгілі айтыс ақындары Шөже, Орынбай,Кемпірбай, Балта, Түбек, Сүйінбай, Нұрым,Қашаған, т.б. айтыстарының сөз қолданыс, өлең айшығы, көркемдік алымы.Әлеуметтік мәні.ХІХ ғасырдағы айтыс ақындарының өзіндік мәнер-машығы, айтыстағы әдіс-тәсілі.Жазба айтыс дәстүрінің дамуы.
ХІХ ғасыр айтыстарының жиналып зерттелу жайы.М.Әуезов,А.Байтұрсынов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, М.Жармұхамедұлы, т.б. ғалымдардың айтысты теориялық жағынан зерттеуі.
Айтыс өлең- ХІХ ғасыр әдебиетінің елеулі нұсқасы.
Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895).Ақынның өмірі. Өлеңдері мен айтыстарының әлеуметтік мәні.Орынбай,Кемпірбай, Шортанбай, Балта ақындармен айтысы. «Арқадан шығып едім Ноғайға еріп», «Дәулетімбетке», «Домбыра шыққан тықылдап», «Бәйтікке», «Ноғайбайға», «Ерденге» арнау өлеңдері.Шөженің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын жырлауы.Ақын жөнінде Ш.Уәлихановтың айтқаны.
Кемпірбай ақын (1834-1895).Ақындық шеберлік қырлары. Өлердегі айтқан сөзі.Өлең өнеріне бағасы.Айтыстары.
Орынбай Кертағыұлы (1813-1895). Өмірі.Серәлі, Тоғжан,Шөже, Шортанбай ақындармен айтысы.Арнау өлеңдері.Олжабай батыр туралы жыры.Шоқан Уәлихановқа қазақ поэзиясы үлгілерін таныстыруы.
Сүйінбай Аронұлы (1822-1895).Шығармашылық мұрасы.Майлықожа, Қатаған,Қаңтарбай,Уәзипамен айтыстары.Сұраншы, Саурық батырға арналған ерлік дастандары.Тезек төреге айтқаны.Арнаулары.Ақын өлеңдерінің әлеуметтік астары, қозғаған тіршілік иірімдері.Тіл кестесі.Сүйінбай жөнінде Жамбылдың, басқа да ақындардың айтқаны.Сүйінбай шығармаларының зерттелім,басылым жайы.Ақынның «Ақиық» жинағы.
Бақтыбай.Түбек ақындар.Айтыстары.Өлеңдері.Өмірбаян деректері.
Нұрым Жаршағұлұлы(1825-1896).Өмірі.Әдеби мұрасы.Жоқтау, естірту,тойбастар,қоштасу, салт өлеңдері мен айтыстары. Өзі туралы термелері.Арнаулары. «Тайсойған», «Бүйрек» толғауларындағы әлеуметтік астар.Нұрым мұрасының зерттелу, басылым жайы.
Қашаған Күржіманұлы(1840-1924).Өмірі. «Топан сел басқанда», «Есқали сопыға», «Адай қонысы», «Ізбасқа», т.б. өлең-толғаулары.Айтыстары.Арнаулары.Олардағы замана қалпы.Қашаған шығармаларының тіл шеберлігі.Қашаған ақын мұрасының зерттелуі, басылымы. «Топан» жинағы. «Алқаласа, әлеумет» жинағына енген шығармалары.
Марабай(1841-1898).Шығармашылығы.Өмірбаяны.Айтыстары. «Ер Тарғын» жырының Марабай нұсқасы. «Қобыланды» жырының Марабай нұсқасы.Марабайдың шығыстанушы ғалымдар назарына ілінуі.Марабайға Абайдың берген бағасы.
Сара Тастанбекқызы(1878-1616).Өмірі. «Күрек», «Тұзақ» толғаулары. Арнау өлеңдері мен көңіл-күй сезім жырлары. «Ел жақсыларына», «Бекіндім», «Қош бол, елім». «Тордағы тоты»(1860), «Ақын Сара»(1985) жинақтарына енген шығармаларын көркемдік, мазмұндық жақтан қарастыру.Сараның әдебиет тарихындағы орны.Біржанмен айтысы болған ба, жоқ па дегенді қозғайтын бұрын-соңды айтылған пікір-тұжырымдар.
Қалнияз,Серәлі,Қожабай, Сақау, Айсұлу,Ұлбике,Күдері,Сарыбай,т.б. ақындардың айтыстарына шолу.
4-тақырып ХІХ ғ. әдебиетіндегі Қоқан езгісіне қарсылық сарын. Әлеуметтік қайшылықтарға көзқарас баға; қоғамға сын.
Мәделі Жүсіпқожаұлы(1816-1888). Мәделінің мысал сөздері.Майлықожа,Құлыншақ ақындармен үндестік, туыстығы. «Қанайға», «Шәріпке», «Датқа-еке», «Бір жан жоқ болыстыққа талас емес» өлеңдері.Мәделінің мысал сөздері. «Төренің түйесімен кеңесі», «Жолбарыс терісін киген есек». Мәделінің шығармашылық мұрасын зерттеу. Насихаттау.
ҚұлыншақКемелұлы(1831-1892).Өмірбаян деректері.Шығармаларының зерттелеуі. «Көлбайға», «Дүйсенбайға» арнаулары. Батырлық ерлік дәстүрді көтере жырлап, дәріптеген өлеңдері.Айтыстары. Жазба айтыс үлгісін қалыптастырып дамытуы.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1889). Өмірі. Ақындық мұрасы. Сүйінбай, Құлыншақ, Айман, Гүлханым ақындармен айтыстары.Мысалдары. Шығыс әдебиеті үлгілерінен аудармалары,сол негізде туған нәзира шығармалары. «Нақылдар» жинағына енген шығармалары.Әдеби мұрасының зерттелуі.
Базар Оңдасұлы(1839-1911). Өмірі, мұрасы. Зерттелу, басылым жайы.
Адамгершілік, дүние, жаратылыс жайлы үгіт-насихат мәнді шығармалары.
«Айна-тарақ», «Әмина қыз», «Мақпал-Сегіз» дастандары. Термелері.
Бұдабай Қабылұлы (1842-1912). Өмірі. Шығармаларының зерттелуі. Жоқтау, көңіл айту жанрларын жазба түрде дамытуы. «Қоңырат Қалгезге», «Қыпшақ Әлтембетке» арнаулары. Қарлығашпен айтысы.
Біржан сал (1831-1897). Өмірі. Біржанның «Жанбота» , «Жамбас сипар», «Ләйлім шырақ», «Қара жер», «Шалқыма» өлеңдері мен әндері. Олардың туу тарихы. Біржанның Сарамен айтысы туралы ілгерідегі, кейінгі пікір, тұжырымдар. Бұл айтыстың көркемдік сапасы.
5-тақырып ХІХғ. сал-серілер. Ән өлең. Өнерпаздық, сыршылдық ағым
Сал-серілер, әнші-ақындардың ХІХ ғасыр әдебиет тарихындағы орны.
Сал - серілер, әнші-лирик ақындар мұрасы. Олардың зерттелу, таралым, танылым жайы. Сал-серілер өнерінің өзіндік ерекшеліктері. Әрі ақындық, әрі сазгерлік, әрі орындаушылық өнер. Сал-серілік өнердің қазақ халқының рухани өмір, көркемдік таным- талғамындағы орны.
ХІХ ғасырдағы сал-серілік, әншілік дәстүр, әншілік дәстүр, әншілік мектептер жайлы академик А.Жұбановтың ғылыми-теориялық тұжырымдары. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілдері – сал-серілер шығармашылығы Е.Ысмайылов зерттеулерінде. М.Әуезов, Қ.Жұбанов, Т. Әлімқұловтың Абай әндері жайлы пікірлері.
Сегіз сері Баһрамұлы (1818-1854). Өмірі мен шығармашылық мұрасы. Өлеңдері, қисса- дастандары. Исатай-Махамбет қозғалысына қатысы. «Орал тау», «Кеңінен жаяйыншы қанатымды», «Қашқын келбеті», «Горчаковқа» шығармаларындағы әлеуметтік үн.Сегіз серінің махаббат, ғашықтыққа байланысты толғау, дастандары, өлеңдері. Халық эпосын жырлауы. Түрлендіруі. Арнаулары. Сегіз сері мұрасының зерттеулері. Басылымы.
Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913). Өмірі. Шығармашылық мұрасы. «Сырымбет», «Үш тоты», «Қараторғай», «Кербез сұлу», «Ақкөйлек», т.б. ән-өлеңдері. Ақынның сезім жырларының көркемдік мәні. Ақан сері өлеңдеріндегі әлеуметтік үн. Ақанның жан қасіреті. «Құлагер», «Жүсіп төреге» өлеңдері.
Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929). Өмірбаян деректері. «Ақ сиса», «Сұрша қыз», «Қаулау», «Шолпан», т.б. ән-өлеңдері қазақ өнерінің үздіктері. Жаяу шығармаларындағы жан айқай. Қоғам мен адам ортасындағы аярлыққа ауыр үкім. Жаяу Мұса туралы көркем шығармалар. Ақын мұрасының зерттелуі, басылымы. Халқымыздың рухани өміріндегі Жаяу Мұса шығармаларының орны.
Әсет Найманбайұлы (1867-1923). Ырысжанмен айтысы. «Салиха- Сәмен», «Ағаш ат», «Үш жетім», «Пушкин», «Француз» поэмалары. «Қоштасу», «Әсет» ән- өлеңдері. Аудармалары («Евгений Онегин»).
Мұхит, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Майра, Мәди, Иман Жүсіп әнші- ақындар өнерінен мәлімет.
6-тақырып Махамбет Өтемісұлы ұлт-азаттық көтеріліс күрескері. Бостандық жыршысы
Махамбет Өтемісұлының өмірі (1803-1846). Исатай-Махамбет бастаған ұлт- азаттық көтерілістің тарихи, саяси бағалануы. Махамбет және хан Жәңгір. Махамбет поэзиясындағы азаматтық үн. Ақынның көтеріліс алдындағы , көтереіліс барысындағы, көтеріліс жеңілгеннен кейінгі толғауларындағы жеңіске үндеу, жеңіліс сарыны.
«Ұлы арман», «Ереуіл атқа ер салмай», «Толарсақтан саз кешіп», «Еңселігім екі елі», «Жәңгірге айтқаны», «Мұнар күн», «Мен едім», «Қызғыш құс».
Исатай батырдың тарихи тұлғасы мен Махамбет өлеңдеріндегі бейнесі. Батыр бейнесінің эпикалық жырлардағы кейіпкерлермен туыстастығы. Исатай бейнесінің жандылық, нақтылық сипаттары. Исатайға арнаулардың сөз айшығы.
7-тақырып Махамбет және дәстүрлі жыраулық поэзия
Махамбет – жаугершілік заман күйін толғаған жауынгер жырау. Махамбет толғауларындағы жырдың дәстүрлі үлгілері. Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді жыраулар үрдісі. Махамбет толғауларындағы дәстүрлі қолданыстар. Махамбеттің «Мені».
Махамбеттің жыраулығы жайлы Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, З.Қабдолов, М.Мағауин, т.б. пікірлері.
Махамбет – қазақ лирикасын жаңа сапаға көтерген сыршыл ақын. Махамбет өлеңдеріндегі замана сыры. Лирикалық қаһарманның жан күйігі, көңіл күйі. Ақын поэзиясының реалистік, романтикалық сипаты. Махамбеттің өлең құрылысы. Тіл кестесі. Махамбет өлеңдерінің жанрлық сипаты. Дүние заңдылықтарын толғау. Саяси үгіттік лирика. Тарих өлең. Арнаулар. Элегия. Жоқтау. Махамбет шығармаларының басылым жайы.
«Мұрат ақынның Ғұмар Қазыұғлына айтқаны» (1908). «Шайыр» (1910) жинақтары. Х.Досмұхамедұлының «Исатай - Махамбет» жинағы. Қ.Жұмалиев құрастырған кейінгі басылымдар (1939, 1948, 1951, 1958, 1962). Махамбет шығармаларының текстологиясы. Махамбет өлеңдерінің алғашқы нұсқалар негізіндегі соңғы басылымы (Арыс, 2001).
Махамбет өлеңдерін кейінгіге жеткізушілер. Қуан жырау, Кішкене Қобыланды, Мұрат ақын, Ығылман Шөреков.
Махамбеттің 1908, 1910, 1925 жылдардағы басылымындағы өлеңдеріне кейіннен табылып қосылған шығармалар.
Қ.Жұмалиевтің Махамбеттің кейіннен 23 өлеңін табуы. Ақын мұрасын жинақтаудағы Ғ.Зарипов, М.Тілеужанов, Б. Аманшин, Қ. Мырзағалиев еңбектері.
Махамбеттің әдеби мұрасының зерттелуі. Х.Досмұхамедұлы, М. Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Е. Ысмайылов, Х. Сүйіншәлиев, З. Қабдолов, Р.Сыздықова, Қ. Өмірәлиев, Ә.Қоңыратбаев, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов, Ж.Тлепов, т.б. ғалымдардың махамбеттанудағы еңбектері. Махамбеттану мәселелері. Қазақ поэзиясындағы Махамбет дәстүрі.
ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық күрес батырлары жайлы тарихи жырлар
Кенесары- Наурызбай туралы жырлар. Нысанбай ақын туралы М.Әуезов, С.Мұқанов пікірлері. Шортанбайдың «Ақжолтай – Ағыбай батыр» жыры. «Бекет батыр» жыры. Мұсабай жыраудың «Жанқожа батыр» жыры.
Ығылман Шөрековтің «Исатай - Махамбет», «Досқожа ақынның кенесарыға айтқаны» жыры. Тарихи жырдың жанрлық сипаты. ХІХ ғасырдағы тарихи жырлардың тарихи өлең, тарихи эпоспен туысатын тұсы, өзіндік ерекшелігі. «Кенесары - Наурызбай», «Исатай –Махамбет», «Бекет батыр» ,т.б. тарихи жырлардың қазақ әдебиеті тарихындағы орны, ғылыми бағалануы, зерттелуі, басылым көруі. Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов , Х.Досмұхамедұлы, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Р.Бердібаев, Ә.Қоңыратбаев, Қ.Өмірәлиев, Е.Ысмайылов, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов тарихи өлең, тарихи жыр туралы.