Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus)



Дата11.07.2016
өлшемі349.15 Kb.
#190699

Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus)

титулдық парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті




Сәулет – құрылыс факультеті




Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы


5В073000 - "Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру" мамандығының (тарының) студенттеріне арналған


Көтеріп-тасымалдайтын және құрылыстық машиналар
пӘнІ бойынша оқыту бағдарламасы

(Syllabus)



Павлодар

Пән бойынша оқыту

бағдарламасын (Syllabus)

бекіту парағы

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38




БЕКІТЕМІН


Сәулет-құрылыс

факультетінің деканы

_________ М.Қ. Күдерин

2012 ж. «___»_________


Құрастырушы: ___________ доцент Т.Қ. Шахаев

Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы

5В073000 - "Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру" мамандығының күндізгі оқыту нысанының студенттеріне арналған



Көтеріп-тасымалдайтын және құрылыстық машиналар

пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама 2012 ж. «___»_________ бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.

Кафедра отырысында ұсынылды. 2012 ж. «___»_______ Хаттама № __
Кафедра меңгерушісі _____________ В.Т. Станевич 2012 ж. «___»_______

Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды.

2011 ж. «___»_____________ хаттама №____.
ОӘК төрағасы _______________ Г.А. Жүкенова

1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Шахаев Төлеуғазы Құрманбекұлы, ПМУ доценті.

Құрылыс материалдарын өндіру және стандарттау кафедрасы ПМУ-дың бас корпусында (Ломов к-сі), 266 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны (8-7182) 67-36-24 (11-49 қосымша).
2 Пән туралы мәліметтер

«Көтеріп-тасымалдайтын және құрылыстық машиналар» пәнінің жұмыс бағдарламасы мамандықтың ҚР МЖМБС 3.08.358 – 2006 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты мен Жоғары және ЖОО кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі мәжілісінің 2006 ж. 22 маусымдағы шешімімен бекітілген және еңгізілген типтік оқу бағдарламасы негізінде әзірленді.



«Көтеріп-тасымалдайтын және құрылыстық машиналар» пәні 3 курстың 6 семестрінде 15 апта бойы оқылады. Пәннің жалпы еңбек сыйымдылығы 90 сағат, оның 30 сағаты аудитория сабақтарына бөлінген және 60 сағаты пәнді зерделеу бойынша студенттердің өзіндік жұмысына (СӨЖ) бөлінген. Аудиториялық уақыттың сабақ түрлеріне бөлінуі пәннің тақырыптық жоспарында келтірілген. Қорытынды бақылау түрі – емтихан.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттер саны

Аудиториялық сабақтар түрлері бойынша кездесу сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағаттар саны

Бақылау түрі

Барлы-ғы

Дәріс-тер

Практи-калық

Зертха-налық

Студия-лық

Жеке-шелік

Бар-лығы

СОӨЖ

6

2

30

15

15

-

-

-

60

6

Е


































Барлығы

2

30

15

15

-

-

-

60

6

Е


4 Пәннің мақсаты - пәннің бағдарламасы көлемінде білім беру, құрылысты толық механикаландыру бойынша жоғары немесе арнайы мамандықты игерген механикалық жобаларды жасаудың ерекшеліктері мен тәсілдерін меңгерген жас мамандарды дайындау болып табылады.

Пәннің міндеттері - құрылыстағы жүктерді жылжытып көтеру процестерін механикаландыру және автоматтандыру үшін алдыңғы қатарлы көтеріп-түсіру және құрылыс машиналарын оқыту.
5 Білімге, икемділікке және дағдымашықтарға қойылатын талаптар

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:

- жалпы сұрыпталуын, белгіленуін, көтеріп тасымалдау машиналарының жалпы түрлерін, қолданылуын, құрамын және жұмыс істеу принціпін, техникалық көрсеткіштерін, техникалық мүмкіндіктерін, өндірісте қолданылатын машиналар мен жабдықтардың қауіпсіз жұмыс істеу жағдайын, машина көрсеткіштерінің қолдануын есептеу әдістемесін;

- дамыған елдердегі көтеріп тасымалдау және құрылыс машиналарының негізгі даму бағыты мен перспективті конструкциясын;

- машинаны қолдануды дайындау тәртібін білуі керек;

- құрылыс материалдарында, бұйымдарында және конструкцияларында қолданылатын технологиялық, жүк көтергіш, көлік, тасымалдағыш машиналарды жұмыс жағдайына және белгіленуіне байланысты таңдау негізін;

- механизмдердің кинематикалық схемасын жасауды;

- машиналардың жұмыс режимін анықтау және талдау, өнімділіктің жоғарлауын шешуді істей білу керек;

- құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкциясын өндіру өндірісінде қолданылатын машиналар мен жабдықтардың негізгі қолдану көрсеткіштерін есептеуді;

- құрылыстағы жүктерді жылжытып көтеру процестерін механикаландыру және автоматтандыру үшін алдыңғы қатарлы көтеріп-түсіру машиналарын қолдана білуді;

- алынған нәтижелерді талдау, машиналар мен жабдықтарды тиімді қолдануды меңгеруі керек.
6 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: математика I және II, физика, инженерлік графика І, ІІ; инженерлік механика I.


7 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: автоматика және автоматизация, процестер және аппараттар.


8 Тақырыптық жоспар

№ р/с

Тақырыптардың

атауы


Сабақтың түрілері бойынша байланыс сағаттарының саны

дәріс-тер

прак.

зерт.

СӨЖ

1
Кіріспе

1

-

-

2

2

Машина жетегі

1

2

-

13

3

Технологиялық көліктің машиналары мен жабдықтары

3

3

-

14

4

Ұнтақтау-сұрыптау машиналары мен жабдықтары

2

3

-

15

5

Бетон қоспасын және құрылыс ерітінділерін мөлшерлеу, дайындау және тасымалдау машиналары мен жабдықтары

3

3

-

6

6

Темірбетон бұйымдар дайындайтын машиналар мен жабдықтар

3

2

-

5

7

Қабырғалық, әрлейтін және оқшаулағыш материалдар өндірудегі машиналар мен жабдықтар

2

2

-

5
Барлығы:

15

15

-

60



9 Пәннің қысқаша сипаттамасы


«Көтеріп-тасымалдайтын және құрылыстық машиналар» пәні 3 курстың 6 семестрінде пәннің бағдарламасы көлемінде білім беру; дамыған елдердегі көтеріп-тасымалдайтын және құрылыстық машиналардың негізгі даму бағыты мен перспективті конструкциясын таныстыру; құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкциясын өндіру өндірісінде қолданылатын машиналар мен жабдықтардың негізгі қолдану көрсеткіштерін есептеуді; құрылысты толық механикаландыру бойынша жоғары немесе арнайы мамандықты игерген, механикалық жобаларды жасаудың ерекшеліктері мен тәсілдерін меңгерген жас мамандарды даярлау үшін оқылады.
10 Курстың компоненттері
10.1 Дәріс сабақтарының тақырыптар тізімі

1 тақырып. Кіріспе.

Пәннің мақсаты және басқа пәндермен байланысы. Көтеріп-тасымалдау және құрылыс машиналарының құрылыс индустриясында технологиялық процесстерді механикаландыру мен автоматтандырудағы рөлі. Көтеріп-тасымалдау және құрылыс машиналарының техникалық дәрежесінің сипаты, құрылысты механикаландыру және автоматтандыру бағытының дамуы.

2 тақырып. Машина жетегі

Машина және жабдықтар жетектері. Жетектерді сұрыптау. Машиналардың күш жабдықтары.

Механикалық, гидравликалық, пневматикалық және аралас жетектер, олардың негізгі сипаты және тиімді қолдануы.

3 тақырып. Технологиялық көліктің машиналары мен жабдықтары

Сұрыпталуы, негізгі параметрлері, сыртқы күштер сипаты және жұмыс режимі.


Құрылыс материалдары қасиеттерінің машиналардың жұмысына және талдауына әсері.

Жүк көтергіш машиналар мен жабдықтар. Жүк көтергіш механизмдер: домкрат, таль, полиспаст; қолдануы, жұмысы. Құрылыс крандары: жебелі, өзіндік жүретін мұнаралы крандар; аралық, көпірлі, төрттағанды крандар, түрлері. Қолдануы, сұрыпталуы, индексация, негізгі параметрлері, құрылғы жұмысы. Крандардың өнімділігі және оны көтеру жолдары.

Тасымалдағыш машиналар. Қолдануы, сұрыпталуы, тасымалданатын жүктердің физикалық-механикалық қасиеттері және олардың жұмысына әсері. Тасымалдайтын машинаны таңдау. Икемді конвейерлер: ленталы, пластинчатты конвейерлер және шөмішті элеваторлар.

Икемсіз жұмыс органды конвейерлер: бұрандалы, роликті, дірілді конвейерлер және тасымалдайтын құбырлар. Құрылысы, жұмысы, қолдануы. Жетектің қуатын және өнімділігін анықтау. Пневматикалық көлік: қолдануы, сұрыпталуы, принципиалды схемалары, конструктивті элементтері. Негізгі параметрлерді есептеу. Үздіксіз көліктің қосымша жабдықтары: бункер, қақпақ.

4 тақырып. Ұнтақтау-сұрыптау машиналары мен жабдықтары

Материалдарды ұнтақтау. Негізгі түсініктемелері мен анықтамалары. Материалдарды ұнтақтау әдістері. Жақты, конусты, роторлы, балғалы ұнтақтағыштар: құрылысы, жұмыс принципі. Шикізаттарды өңдейтін машиналар және жабдықтар: қажағыш, сазұнтақтағыш, сазқопсытқыш, валикті машиналар. Құрылғысы, жұмысы, негізгі параметрлерін есептеу. Жетектің өнімділігін және қуатын анықтау.

Ұнтақтайтын машиналар. Сұрыпталуы. Барабанды, шарлы дезинтеграторлар, дірілдеткіштер және диірмендер.

Ұнтақтап араластыратын машиналарды қолдану, құрылғысы, жұмысы. Тиімді қолдануы. Жетектің қуатын және өнімділігін анықтау.

Құрылыс материалдарын сорттау және байыту материалдарын сорттау процесстерінің сипаты. Елейтін элементтердің конструкциялары, негізгі кинематикалық схемасы, құрылғылар, жұмысы, негізгі параметрлерін анықтау.

Жетектің өнімділігі мен қуатын есептеу. Материалдарды жуу және байыту машиналары мен жабдықтары. Сұрыпталуы: механикалық, гидравикалық.

Байытудың технологиялық схемасы. Жетектің барабанды және дірілдеткіш жуғыштары. Негізгі параметрі, өнімділігі және қуаты. Пайдалану ерекшеліктері.

Ауа және газ тазалайтын жабдықтар. Сұрыпталу әдісі. Ылғалды тазалау жабдықтары. Жабдықтар, жұмыс, негізгі параметрлерін анықтау.

Ұнтақтап сорттау зауыттар сипаты. Негізгі схемалары. Машина таңдау. Ұнтақтап сорттау зауыттарды автоматтау негіздері.

5 тақырып. Бетон қоспасын және құрылыс ерітінділерін мөлшерлеу, дайындау және тасымалдау машиналары мен жабдықтары

Материалдарды мөлшерлейтін жабдықтар. Мөлшерлегіш машиналардың жалпы мағлұматтары. Сұйық, сусымалы материалдар мен катты толтырғыштар мөлшерлегіш конструкциялары. Негізгі параметрлері. Жетектің қуаты және өнімділігін анықтау. Пайдалану ерекшеліктері.

Қоспа дайындайтын жабдықтар. Араластыру процесі, араластырғыш машинасы мен жабдықтардың жалпы мағлұматтары. Араластырғыш машиналар түрлері. Цемент, керамикалық және асбоцементті бұйымдарды өндіруде құрғақ масса, шлам, иілімді масса, сұйық суспензия даярлайтын араластырғыштар.

Көбікті бетон өндіретін жабдықтар. Конструкциялары, жұмыс принципі, негізгі параметрлері. Жетектің өнімділігі мен қуатын анықтау.

Бетонды араласпасын және құрылыс қоспасын дайындайтын машиналар. Гравитациялық және ықтиярсыз жұмыс істейтін бетон араластырғыштар. Пайдалану ерекшеліктері. Бетон зауыты және жабдықтар.

Бетон араласпасын жаятын және тасымалдайтын машиналар мен жабдықтар. Цементті бетон араласпасының технологиялық сапасы және тасымалдау әдістері.

Автобетонараластырғыштар. Құбыр жолды тасымалдағыш. Ерітінді сорғыштар мен бетонсорғыштар. Бетон таратқыш жебе. Жабдық схемасы және жұмысы, негізгі параметрлері.

Бетон тасымалдағыш жабдықтардың дамуы.

6 тақырып. Темірбетон бұйымдар дайындайтын машиналар мен жабдықтар

Арматуралық бұйымдар дайындайтын машиналар мен жабдықтардың сұрыпталуы. Арматура сымын, қанқа торын түзейтін, кесетін, созатын стержендер, торлар. Дәнеркелейтін станоктар.

Цементті бетон бетті құрастыратын машина номеклатурасы. Бетон таратқыш. Бетонжайғыш. Цементті бетон бетін тығыздайтын машиналар. Бетон араласпасын дірілдетіп нығыздайтын жабдықтар. Діріл қоздырғыштар, қолдануы, сұрыпталуы. Беттік қоздырғыштардың негізгі параметрі. Әсер ететін кедергі, қуаты мен өнімділігін есептеу.

Көп қуысты жабын тақтасын қалыптау және дірілдеткіштер. Араласпалы-дірілді гидропрестеу және дірілді прокат жабдықтары. Құрылғысы, жұмысы, негізгі параметрлері. Жетектің қуатын және өнімділігін анықтау. Темірбетон құбыры мен сақинасын қалыптайтын діріл қондырғылары. Темірбетон құбырлары, центрифуга, қалыптау. Құрылғысы, жұмысы, негізгі техникалық көрсеткіштері. Темірбетон бұйымдарын әрлеу әдістері.

7 тақырып. Қабырғалық, әрлейтін және оқшаулағыш материалдар өндірудегі машиналар мен жабдықтар

Кірпішті қалыптайтын, кесетін және жайғастыратын жабдықтар. Шекті вакуумды престің конструкция схемасы, негізгі параметрі. Кірпішті жайғастыратын және кесетін автоматтар.

Кірпіш пен жартылай құрғақ престеу әдісінің престері. Силикатты кірпіш өндірісінің жабдықтары. Престердің негізгі параметрлері. Жетектің қуаты және өнімділігін анықтау. Керамикалық құбыр және бұйымдар өндірісіндегі пресс-ұнтақты жабдықтар.

Асбоцементті және гипсті бұйымдар өндірісіндегі жабдықтар. Асбоцементті құбыр өндірісіндегі прокат әдісінің жабдықтары. Ұялы бетон, әрлейтін, жылуоқшаулағыш, акустикалық және гидроизоляциялық бұйымдар мен конструкциялардың арнайы жабдықтары.

Машиналар қауіпсіздігінің техникасы, пайдалану. Жаңа машина мен жабдықтарды жасау құрылыс индустриясында робот пен манипуляторларды қолдану.


10.2 Практикалық (семинар, зертханалық, студиялық, жеке) сабақтардың мазмұны мен тізімі

1) 2-тақырып. Бұрандалы, тісті-рейкалы, гидравикалық домкратты таңдау және есептеу. Жүк көтеру механизмі.

2) 2-тақырып. Жетектің қуатын анықтау және электродвигательді тандау.

3) 3-тақырып. Ленталы конвейерлерді, шөмішті элеваторларды есептеу. Негізгі конструктивті элементтерді таңдау. Күштік есеп.

4) 3-тақырып. Бұрандалы конвейерді есептеу. Шнектің конструкциясын таңдау және негізгі параметрлерін анықтау.

5) 3-тақырып. Сусымалы материалдардың негізгі параметрлерін және жетектің қуатын есептеу, электродвигательді тандау.

6) 4-тақырып. Жақты диірмендердің негізгі парметрлері. Жетектің қуаты және өнімділігін анықтау.

7) 4-тақырып. Майдалағыш және диірмендердің негізгі параметрін анықтау.

8) 4-тақырып. Валикті және шарлы диірмендердің негізгі парметрлері.

9) 5-тақырып. Гравитацялық және ықтиярсыз араластырғыштардың негізгі параметлері.

10) 5-тақырып. Фильтрлі торы бар сазараластырғышты есептеу.

11) 5-тақырып. Жетектің қуатын және өнімділігін анықтау.

12) 6-тақырып. Бетон жайғыштардың негізгі параметрі мен көрсеткіштері.

13) 6-тақырып. Діріл алаңшалардың және қалыптау машиналарының негізгі параметрлерін есептеу әдістемесі.


14) 7-тақырып. Кірпіш пен плитаның жартылай құрғақтай престеу пресінің негізгі параметрлері.

15) 7-тақырып. Машиналар параметрлерінің негіздері.


10.3 Студенттің өздік жұмысының мазмұны

10.3.1 СӨЖ түрлерінің тізімі




Қатар №

СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Көлемі сағатпен

1

Дәріс сабақтарына дайындық

-

Сабақта қатысу

15

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындық, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабақта қатысу

15

3

Дәріс сабақтарына кірмеген материалдарды оқып білу

Конспект

Конспект

тексеру


15

4

Семестрлік тапсырмаларды орындау (өздік жұмыс, ЕГЖ)

өздік жұмыс

СӨЖ қорғау

10

5

Бақылау шараларына дайындық

-

1МБ, 2МБ


5

Барлығы:

60

10.3.2 Студенттер өздері оқып зерделеуге ұсынылатын тақырыптар

1) 2-тақырып. Механикалық, гидравликалық, пневматикалық және аралас жетектер, олардың негізгі сипаты және тиімді қолдануы.

Ұсынылатын әдебиет: [6, 117 – 134 б.].

2) 3-тақырып. Икемсіз жұмыс органды конвейерлер: бұрандалы, роликті, дірілді конвейерлер және тасымалдайтын құбырлар.

Ұсынылатын әдебиет: [6, 117 – 134 б.].

3) 4-тақырып. Ауа және газ тазалайтын жабдықтар. Сұрыпталу әдісі. Ылғалды тазалау жабдықтары. Жабдықтар, жұмыс, негізгі параметрлерін анықтау.

Ұсынылатын әдебиет: [5, 38 – 62 б.], [8, 254 – 266 б.] [8, 86 – 107 б.].

4) 5-тақырып. Құбыр жолды тасымалдағыш. Ерітінді сорғыштар мен бетонсорғыштар. Бетон таратқыш жебе. Бетон тасымалдағыш жабдықтардың дамуы.

Ұсынылатын әдебиет: [6, 126 – 201 б.], [8, 266 – 298 б.].

5) 5-тақырып. Бетон таратқыш жебе. Бетон тасымалдағыш жабдықтардың дамуы.

Ұсынылатын әдебиет: [6, 126 – 201 б.], [8, 266 – 298 б.].

6) 5-тақырып. Көбікті бетон өндіретін жабдықтар. Конструкциялары, жұмыс принципі, негізгі параметрлері. Жетектің өнімділігі мен қуатын анықтау.

Ұсынылатын әдебиет: [6, 126 – 201 б.], [8, 266 – 298 б.].

7) 6-тақырып. Көп қуысты жабын тақтасын қалыптау және дірілдеткіштер. Араласпалы-дірілді гидропрестеу және дірілді прокат жабдықтары. Құрылғысы, жұмысы, негізгі параметрлері.

Ұсынылатын әдебиет: [6, 86 – 107 б.].

8) 6-тақырып. Темірбетон құбыры мен сақинасын қалыптайтын діріл қондырғылары. Темірбетон құбырлары, центрифуга, қалыптау. Темірбетон бұйымдарын әрлеу әдістері.

Ұсынылатын әдебиет: [6, 86 – 107 б.].

9) 7-тақырып. Кірпішті қалыптайтын, кесетін және жайғастыратын жабдықтар. Шекті вакуумды престің конструкция схемасы, негізгі параметрі. Кірпішті жайғастыратын және кесетін автоматтар.

Ұсынылатын әдебиет: [6, 86 – 107 б.].

10) 7-тақырып. Кірпіш пен жартылай құрғақ престеу әдісінің престері. Силикатты кірпіш өндірісінің жабдықтары. Престердің негізгі параметрлері.

Ұсынылатын әдебиет: [6, 86 – 107 б.].

11) 7-тақырып. Керамикалық құбыр және бұйымдар өндірісіндегі пресс-ұнтақты жабдықтар.

Ұсынылатын әдебиет: [6, 86 – 107 б.].

12) 7-тақырып. Асбоцементті және гипсті бұйымдар өндірісіндегі жабдықтар. Асбоцементті құбыр өндірісіндегі прокат әдісінің жабдықтары.

Ұсынылатын әдебиет: [6, 86 – 107 б.].


10.3.3 Өздік жұмыстың мазмұны.

Өздік жұмыстың тақырыбы - «Технологиялық жабдықты таңдау».

Жұмысты орындау мақсаты - студенттердің теориялық білімді бекітіп, технологиялық процестерге сәйкес практикада қолданылатын құрылыс машиналары мен жабдықтарын таңдай білуді машықтандыру.

Өздік жұмыстың мазмұны – тақырыпқа сәйкес өндірістің технологиялық схемасын құру, сол процесте қолданылатын машиналар мен жабдықтарды таңдау және олардың техникалық сипаттамаларын мазмұндап жазу.

Мәтіндік бөлімнің мазмұнын МИ ПГУ 4.01.3-09 стандартының талаптарына сәйкес орындау міндетті.


Өздік жұмыстың бөлімдері және мазмұны

Орындауға қажетті уақыт, сағ

1 Кіріспе (1-1,5 бет).

1

2 Өндірістің технологиялық схемасын мазмұндап жазу (4-5 бет).

3

3 Технологиялық жабдық таңдауды негіздеу (таңдап алған машинаның, жабдықтың техникалық ерекшеліктерін жазу 1-2 бет).

2

4 Технологиялық жабдықтың жұмыс принципін мазмұндап жазу (1-2 бет).

3

5 Технологиялық жабдықтың жұмыс істеуі кезінде техникалық қауіпсіздік шаралары (1-2 бет).

3

6 Қоршаған ортаны қорғау және өрт қауіпсіздігі (1-2 бет).

2

7 Өздік жұмысты дайындау және қорғау

1

Жиыны

15

10.4 Ағымдағы үлгерім мен қорытынды бақылау түрлері бойынша салмақ үлестерінің таратылуы



Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Салмақ үлестері

1

Емтихан

Емтихан

0,4

Күнделікті үлгерімді бақылау

0,6

10.5 Ағымдағы үлгерімдерді бақылау іс-шараларының күнтізбелік кестесі



1 рейтинг (6 семестр)

Апталар

1 сабақ- қа макс. балл

1

2

3

4

5

6

7

8

Барл

ығы


Ең үлкен балл

8

32

28

32

100

Дәрістерге қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі / есеп формасы




№ 1, 2 Дәр.ҮТ

№ 3, 4 Дәр.ҮТ

№ 5, 6 Дәр.ҮТ

№ 7, 8 Дәр.ҮТ

16

Бақылау формасы




Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

2

4

4

4

4

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі / есеп формасы




№ 1, 2

Пр.ҮТ


№ 3, 4

Пр.ҮТ


№ 5, 6

Пр.ҮТ


№ 7, 8

Пр.ҮТ


16

Бақылау формасы




Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

2

4

4

4

4

Өздік жұмысты орындау

СӨЖ түрі / есеп формасы













ӨЖ1










ӨЖ2

28

Бақылау формасы













Т










Т

Макс. балл













14










14

Материалды өзбетімен оқу

СӨЖ түрі / есеп формасы










МО ҮТ1

МО ҮТ2

МО ҮТ3

МО ҮТ4

МО ҮТ5

МО ҮТ6

30

Бақылау формасы










К

К

К

К

К

К

Макс. балл










5

5

5

5

5

5

Пәннің тақырыптары бойынша білімді бақылау

СӨЖ түрі / есеп формасы



















ПТ







10

Бақылау формасы



















Бж







Макс. балл



















10







2 рейтинг (6 семестр)

Апталар

1 сабақ- қа макс. балл

9

10

11

12

13

14

15




Барл

ығы


Ең үлкен балл

18

34

28

20

100

Дәрістерге қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі / есеп формасы




№ 9,10 Дәр.ҮТ

№ 11,12 Дәр.ҮТ

№ 13,14 Дәр.ҮТ

№ 15 Дәр.ҮТ

14

Бақылау формасы




Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

2

4

4

4

2

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі / есеп формасы




№ 9, 10 Пр.ҮТ

№ 11, 12 Пр.ҮТ

№ 13, 14 Пр.ҮТ

№ 15 Пр.ҮТ

14

Бақылау формасы




Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

2

4

4

4

2

Өздік жұмысты орындау

СӨЖ түрі / есеп формасы













ӨЖ3







ӨЖ4




32

Бақылау формасы













Т







Т




Макс. балл













16







16




Материалды өзбетімен оқу

СӨЖ түрі / есеп формасы




МО ҮТ7

МО ҮТ8

МО ҮТ9

МО ҮТ10

МО ҮТ11

МО ҮТ127







30

Бақылау формасы




К

К

К

К

К

К







Макс. балл




5

5

5

5

5

5







Пәннің тақырыптары бойынша білімді бақылау

СӨЖ түрі / есеп формасы



















ПТ







10

Бақылау формасы



















Бж







Макс. балл



















10







Шартты белгілер: Дәр.ҮТ1 – №1... 15 дәріске дайындалуға үй тапсырмалары; Пр.ҮТ1 – №1...15 практикалық сабақтарға дайындалуға үй тапсырмалары; Қ – оқу процесіне қатысу; МОҮТ1...7 - материалды өзбетімен оқуға үй тапсырмалары; К – конспект тексеру; ӨЖ1 – өздік жұмыстың бөлімдері; Т – тексеру; Бж – пәннің тақырыптары бойынша бақылау.

11 Курстың саясаты

11.1 Бақылау шараларын бағалау және өткізу формалары

Курс бойынша білімді қорытынды бақылау түрі – емтихан. Емтихан жазбаша өткізіледі.

1МБ және 2МБ межелік бақылаудың әрқайсысы 100 балл бойынша жеке бағаланады. Межелік бақылаулар тест немесе жазбаша бақылау жұмысы түрінде өткізіледі.


СӨЖ орындалу мерзімі сабақ кестесіне сәйкес өзгеруі мүмкін.


Студенттің сабаққа қатысуын бақылауды оқутышы жүргізеді. Егер студент сабаққа қатысып, бірақ практикалық сабақтың тапсырмасын орындамасы, онда сабақ үшін максималды баллдың жартысы қойылады.

Кезекті практикалық сабаққа дайындалу тапсырмасын оқытушы алдыңғы сабақта береді.

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) бойынша тапсырманы оқытушы бірінші тәжірибелік сабақта береді. СӨЖ-дің орындалуын оқытушы тәжірибелік және ОСӨЖ орындау сабақтарында күнтізбелік кестеге сәйкес байқау түрінде бақылайды. Себепсіз уақытында орындалмаған жұмысқа баллдар 50% дейін төмендетіліп қойылады. Себепті дәлелдейтін құжаттар болған кезде СӨЖ –на баға келесі сабақтар мен консультацияларда қойылады.

Курстың тақырыптары бойынша студенттің өзі зерделейтін жұмысын бағалау, студенттің жауабы мен дайындаған қысқаша конспекті негізінде оқытушы жүргізеді.

Дәріс конспектілерін жүргізу міндетті.
11.2 Студенттердің оқу тәртібін бақылау

Студенттер оқу процесіне белсенді қатысу, сабақтарға қатысу, топтың жұмысында және талқылауда белсенді болу қажет

Сабақтағы кез-келген тәртіп бұзушылық жазаланады, аудиториядан шығарып жіберуге дейін, ал белсенді жұмыс қолдаушылық табады. Сабаққа кешігуге және сабақты босатуға болмайды. Сабақты босатқандыққа және кешігушілікке келесі айып санкциялары орнатылады:

- себепсіз дәріс сабағында болмағаны үшін – 0 балл;

- себепсіз тәжірибелік сабақта болмағаны үшін – 0 балл;

- аудиторияда тәртіп бұзғаны үшін – 0 балл.

11.3 Босатқан сабақтарды өтеу

Cтудент практикалық сабақты кешірімді себеппен босатқан болса және ол құжатпен расталса, онда сол сабақты оқытушының орнатқан уақытында өтей алады және жұмыс нәтижесі максималды орнатылған баллдан 1 баллға төмен бағаланады.


12 Әдебиет тізімі
Негізгі

1) Борщевский А.А., Ильин А.С. Механическое оборудование для производства строительных материалов. – М.: Высшая школа, 1987, -368 с.

2) Вайнсон А.А. Подъемно-транспортные машины. – М.: Машиностроение, 1989. – 487 с.

3) Волков Д.П:, Крикун В.Я. Строительные машины. –М. Изд.АСВ, 2002 -376 с.

4) Силенок С.Г. Механическое оборудование предприятий строительных материалов, изделий и конструкций. – М.: Машиностроение, 1990, -416 с.

5) Строительные, дорожные и коммунальные машины. Оборудование для производства строительных материалов. Справочник. Том IV-9. под общ.ред. И.П. Ксеневича. М.: Машиностроение. 2005, -736 с.


Қосымша

6) Баловнев В.И. и др. Дорожно-строительные машины и комплексы. под общ.ред. В.И. Баловнева. –Москва-Омск. Изд-во СибАДИ, 2001.-528 с.

7) Волков Д.П. Строительные машины. –М.: Высшая школа, 1988, -319 с.

8) Гудович М.И., Сурашов Н.Т. Конспект лекций по дисциплине «Детали машин и подъемно-транспортные машины», часть 2. –Алматы.: 1989, 124с.

9) Зенков Р.А., Ивашков И.И„ Колобов А.Н. Машины непрерывного транспорта. – М.: Машиностроение, 1987, - 432 с.

10) Иванченко Ф.К. и др. Конструкция и расчет подъемно-транспортных машин. – М.: Высшая школа, 1983. – 352 с.

11) Кузин Э.Н., Горбовец М.Н. Строительные машины. Справочник в 2-х томах. –М.: Машиностроение, 1991, -692 с.

12) Мартынов Н.И, Алешин Н.И. и др. Строительные машины и монтажное оборудование, М.: Машиностроение, 1990, -352 с.

13) Мауленов Ж.К., Бурцев В.В., и др. Машины непрерывного транспорта. Алматы, КазГАСА. 2003- 137 с.

14) Мауленов Ж.К., Бурцев В.В., и др. Поргузочно-разгрузочные машины. (Теория, конструкция, расчет). Алматы, КазГАСА. 2005- 137 с.

15) Механическое оборудование предприятий строительных материалов, изделий и конструкции. Авторы: Силенок С.Г., Борщевский А.А. и др. –М.: Машиностроение, 1990. -416 с.

16) Порошин В.В., Давыдов Т.В. и др. Дробильно-размольное оборудование. – Алма-Ата, Мектеп, 1982, -245 с.

17) Сергеев В.П. Строительные машины и оборудование. – М.: Высшая школа, 1987. – 376 с.

18) Современная техника в строительстве. – Журнал: 2006, 2007



19) Тастанбеков Т.Х. Құрылыс және жол машиналары: құрылыс машиналары. Оқу құралы / ШҚМТУ. - Өскемен, 2002 ж. – 390 бет.

20) Федоров Г.Д. и др. Механическое оборудование предприятий вяжущих материалов и изделий из них. Харьков.: Вища школа, 1986, - 286 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет