ІІ нұсқа
1. Ана тілін жетік білу, ана тілінде таза сөйлеу ненің белгісі?
А) Мәдениеттіліктің В) Әдептіліктің С) Іскерліктің Д) Даналықтың Е) Надандықтың
2. ХІХ ғасырдан басталатын ауыз әдебиеті материалдарын жинау жұмыстарын жүргізген қазақтан шыққан алғашқы зерттеуші — ғалым?
А) Ы. Алтынсарин В) Абай С) М. Әуезов Д) Ж. Аймауытов Е) Ш. Уәлиханов
3. «Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт — санасының негізгі өзегі, нағыз белгісі» Кімнің сөзі?
А) Абай В) Б. Момышұлы С) Ш. Құдайбердиев Д) М. Әуезов Е) Ғ. Мүсірепов
4. Сөздік құрамдағы сөздердің қолданылу жиілігіне қарай сирек қолданылатын сөздер қалай аталады?
А) Актив сөздер. В) Пассив сөздер. С) Бейтарап сөздер. Д) Фразеологизмдер.
Е) Полисемия
5. Тілдегі сөздердің дұрыс жазылу ережесінің жинытығы қалай аталады?
А) Орфография В) Орфоэпия С) Лексика Д) Фонетика Е) Ықпал
6. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібін сақтамауды, қосымшаларды ретімен қолданбаудан, сөз тіркестерін дұрыс қолдана білмеуден қандай норма бұзылады?
А) Грамматикалық норма В) Лексикалық норма С) Фонетикалық норма Д) Әдеби норма Е) Орфоэпиялық норма
7. Дұрыс жазылған сөзді анықтаңдар.
А) Кең — маңдай В) кеңмаңдай С) кен маңдай Д) кең маңлай Е) кең маңдай
8. Орфоэпия нормасына сай жазылған сөзді табыңыз.
А) жарыайлану В) жарыйды С) жүктөу Д) мәңгү — бақый Е) қайбір
9. Қармы — қатынас құралдары: тіл — дыбыстау құралдары және тілге көмекші құралдары болып екіге бөлінеді. Тіл – дыбыстау құралдарына нелер жатады?
А) ымдау, ишара В) көзқарас С) қол алысу Д) дене қимылдары Е) сөз, сөйлеу
10. «Қазақтардың тілі жатық та, шешен, әрі өткір, көбіне іліп — қағып сұрақ пен жауап беруге келгенде, таңғаларлықтай оралымды сөйлейді» деген орыс ғалымы.
А) В. В. Радлов. В) М. Горький С) А. Диваев. Д) А. С. Пушкин. Е) С. Аманжолов.
11. Мына сөздерден екпін түспейтін буынды көрсетіңіз.
А) барасың ба? В) арланба С) қойма Д) аула Е) жетекшілік
12. «Жайдары жүзің жабылмай,
Жайдақтап қашып сабылмай,
Жан біткенге жалынбай,
Жақсы өліпсің, япырмай!» (Абай) Көркемдегіш құралдың қайсысы қолданылған?
А) Ассонанс В) Аллитерация С) Сатира Д) Литота Е) Гипербола
13. Сөйлеуші сөзін толық түсіну үшін қандай сұрақтар берген орынды?
А) Не үшін? Неліктен? В) Қайсысы? Кім?
С) «Иә, иә», «Солай ма?», «Айта беріңіз»
Д) Не себепті? Қашан?
Е) Не мақсатпен?
14. Ерін мен езудің қатысына қарай қалай бөлінеді?
А) еріндік, езулік В) еріндік, қысаң С) езулік, қысаң Д) жуан, жіңішке Е) ашық, қысаң
15. Шаруашылық, тұрмыстық, әдет — құрыпқа байланысты этнографизмдер:
А) қырқынан шығару В) тасаттық беру С) дәметіп ауру Д) есік көрсету Е) саба пісу
16. Қайсысы мәтел?
А) Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.
В) Талапты ерге нұр жауар.
С) Ер айтпас, айтса қайтпас.
Д) Таз ашуын тырнадан алады.
Е) Нар тәуекел — ер ісі.
17. Неологизмді табыңыз.
А) делдал В) көзі ашық С) мереке Д) кебеже Е) кәсе
18. Термин дегеніміз не?
А) Белгілі бір ғылым саласына тән сөздер.
В) Жергілікті тұрғындардың сөйлеу тіліндегі сөздер.
С) Қолданыстан шығып қалған сөздер.
Д) Қарапайым сөздер.
Е) Белгілі бір шаруашылық саласына байланысты сөздер тобы.
19. «Манифест» терминінің қазақша баламасы.
А) келісім, шарт В) көшірме С) жарғы Д) түсініктеме Е) сауалнама
20. «Әркім» тұлғасына қандай сөз?
А) негізгі В) туынды С) қос сөз Д) дара Е) күрделі
21. Ауызша сөйлеу тілдің де, жазба тілдің де дамуына ортақ негізді көрсетіңіздер.
А) Ғылыми терминдер В) Жалпыхалықтық тіл. С) Диалектілер Д) Афоризмдер
Е) Ұлтаралық тіл
22. Тілдің материалдық жағына не жатады?
А) Тілдің сөз байлығы.
В) Басқа тілден енген сөздер.
С) Этнолингвистикалық атаулар.
Д) Архаизмдер.
Е) Тіл дыбыстарының, сөздердің, грамматикалық формалардың жиынтығы.
23. Географиялық терминді табыңыз.
А) антоним В) бастауыш С) түбек Д) амон Е) механика
24. Сәлемдескенде айтылатын сөзді табыңыз.
А) Сау болыңыз! В) Амансыз ба? С) Қош болыңыз! Д) Көріскенше! Е) Қош келдіңіз!
25. Диалект сөзді табыңыз.
А) еңбек, арман В) әйдік, пәс С) барлық, күллі Д) гүрс — гүрс Е) Сөмке, кереует
І нұсқа в а а е в с с с с в в е а а д е в д а в д е с с в
ІІ нұсқа а е в в а а е е е а а в с а е д а а с в в е с в в
Достарыңызбен бөлісу: |