Пән: «Әлеуметтану» Курс: 2 Уақыт (ұзақтығы)



бет38/62
Дата03.01.2022
өлшемі244.49 Kb.
#450316
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   62
леуметтану п н нен д р с кешен

Дәріс тезистері:

Адам қоғамы, әсіресе,қазіргідей нарықтық жағдайда іс-әрекетті, еңбекті, қызметті, жұмысты табысты әрі тиімді жүргізуі үшін жан-жақты, терең білімді, мамандандырылған, білгір, саналы адамдарды қажет етеді.Сондықтан оқу, ағарту, білім беру саласына қоғамда ерекше көңіл аударылып, оған жұмсалатын арнаулы қаржы бөлінуі қажет.

Бұрынғы КСРО-да,оның ішінде одақтас республикаларда бұл игілікті істі жүргізіп дамыту тек қана экономика саласын дамытудан қалған қаржыны мәдени салаға көшіру арқылы жүзеге асырылған. Ол ол ма, бөлінген аз қаржының өзін шөміштен қысып үнемдейтін болған. Сөйтіп ел-жұрттың, халықтың рухани дамуы төмендеп, жалпы қоғамның дамуын зор кедергілер жасалды. Басқа дамыған өркениетті елдердің халқымен салыстырғанда біздің (оның ішінде кезінде КСРО құрамында болған республикалар бар) халқымыздың білім дәрежесі және мәдени белсенділігі әлдеқайда төмен. Бұл көрсеткіштер бойынша дүние жүзінде біз 28 орындамыз, ал, қазір бұл көрсеткіш деңгейінен де төмендеп кетті. Статистикалық деректер бойынша, театрларда адамдардың 100 % (пайызы) болса, мұражайлар мен басқа да мәдени ошақтарында онан төмен.Көркем өнер пәндері мектептерде жоқтың қасы.

Кітапханалардағы оқырмандардың сандары да өте аз.Осының нәтижесінде көптеген кітаптар бірнеше жылдар бойы орнынан қозғалмай, шаң басып тұрады.

Екінші дүние жүзілік соғыс біткеннен кейін АҚШ пен Жапония қоғамды дамытудың екі жолын таңдап алды. АҚШ-та «капиталды техникаға жұмсау (салу) жолы таңдалды.»(Бұл техниканы, техникалық паркті жаңарту (модернизация)технологияны жаңарту,т.б); Ал,жапондықтар капиталды «адамға жұмсау » жолын таңдады.(Бұл адам тұлғасының шығармашылық және кәсібиқабілетін дамытып жетілдіру) «Қаржыны адамға салу» әлдеқайда өз артықшылығн көрсетті.Оны бүгінгі Жапон қоғамының қарыштап дамуы аңғартты.

Өткен уақыттағы оқу, білім беру жүйесінің бір артықшылығы – ол оның адамгершілік (гуманистік) бағытының күштілігінде болды. Қоғамның белгілі бір тобының өкілдері тілді, әдебиетті, көркемөнер, суретті талдай білуі қажет болды. Жалпы адамзаттық құндылықтармен танысу олардың қоршаған дүниені терең, кең түсіне білуіне әсер етті. Зиялы қауым – әрбір қоғамның мақтанышы. Бұлар бірнеше ондаған, тіпті жүздеген жылдардың ішінде қалыптасады, істелінеді.

Қандай да бір басқару түрі болмасын, зиялы қауымның өкілдері қоғамның кішігірім әлеуметтік тобын құрайды да әрбір ұлттың терең парасатын, шығармашылық қабілетін жария етушісі, жақтаушысы ғана емес, сонымен бірге ұлттың адамгершілік, мәдени, рухани үлгісі (эталон) болып саналады.

Өкінішке қарай, қоғамның осындай жіңішке жігі қиыншылыққа , апатқа жиі ұшырып отырғанын тарихтан білеміз.1917-ші жылы Қазан революсиясынан кейін көп зиялы адамдар, оның ішінде оқымыстылар,инженерлер, әдебиетшілер, т.б өз елін, отанын тастап кетуге мәжбүр болды.Елде қалған көптеген зиялы адамдар Сталиндік репрессияның нақақ құрбандарына айналды. Қазір де зиялы қауымның кейбір өкілдері қиын жағдайларда жүр.

Қазір оқу, білім жүйесі дағдарыста. Бұл дағдарыстың болу себебі, біздегі жүйенің басқа саплы жүйеге ауысудағы қиындықтарға тікелей байланысты. Ал, жаңа жүйе барлық салалардағы іс-қызметтің жаңа өндіріске, технологияға сәйкес жаңа түрін,әдісін, тәсілін(стилін), тәртібін, оқу-білімін, ғылымын қажет етеді. Ол қоғамның ілгерілеп дамуының қажетті алғышарты және адам өмірінің, әсіресе, оның белсенді жұмысының маңызды түрі болып саналады.

Сондықтан жаңа XXI ғасырда үздіксіз оқу, білім алу басқа өркениетті, дамыған елдердегідей біздің саясатымыздың басты қағидасы болу керек. Бұл туралы біздің өкіметіміздің білім туралы заңында жақсы айтылған.Үздіксіз білім алуды білім мерзімін ұзарту және оқушылар санын ересек адамдардың санымен деп жансақ түсінуге болмайды»рбір мектептің алдындағы міндет – ол әрбір адамады әр түрлі жұмыс пен іс-қызметті өз бетімен істей алуға және өздігінен білім алуға үйрету.

Болашақ білім жүйесінде университеттердің атқаратын қызметі ерекше болады. Қандай да бір университет болмасын ол адамға жан-жақты мәдениет беру құралы болуы керек. Университеттердің мұндай болуына толық мүмкіншіліктері бар.Университет жұмысшы күшін өндірмейді. Оның басты міндеті – адамның адамгершілік қасиеттерін дамытып қалыптастыру.

Қоғамның әр түрлі даму кезеңдеріне сай университеттердің білім жүйесіндегі оқу процестері әр түрлі дәрежеде деңгейде қызмет атқарады соған орай оның беделі де әр түрлі болды. Алғашқыда университеттерде өнерге қатысты пәндер оқытылмайтын еді ондағы гуманитарлық қоғамдық ғылымдар жаратылыс және техникалық ғылымдардың өлшем-үлгерімен жүргізілді. Ақыл-ой еңбектің бір түрі ретінде жүргізілетін ғылымдарға шек қойылып тек қана нақтылы тиімді пайдалы ғылымдарға шек қойылып тек қана нақтылы тиімді пайдалы ғылымдар (мысалы математика физика химия биология техникалық ғылымдар т.с.с жүргізілді.Ал адамның жеке тұлға ретінде жан-жақты үйлесімді дамуына оның адамгершілік қасиет терінің жетілуіне назар аударылмады. Сондықтан бүгінгі күннің басты мәселесі – бұрынғы университетті қайта жаңғырту.Оның алуан түрлі мәселелерінің ішіндегі басты негізгі мәселе – қоғамдық гуманитарлық білім беруді қайта қалпына келтіру. Мұның өзі – гуманитарлық факультеттерді көбейту деген ой емес ол оқу орындарын бітіруші мамандардың жоғары дәрежедегі мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Оқу білім – қоғамдағы оқшау тұрған сала емес. Ол қоғамдағы әр түрлі құбылыс, процестерді бейнелей алатын сала. Ал, жоғары мамандандырылған, саналы, өз бетімен істелінетін еңбек, іс-қызмет, жұмыс беделінің төмендеуі қоғамға оқу, білім саласының заңды беделін түсіріп, маңызын кемітеді. Әрине, айта берсе, кемшілік, олқылықтар өте көп. Бұлардың объективтік басты себептерге оқу білім жүйесін қажетті қаржымен қамтамасыз етілмеуі жатса; субъективтік себептердің бастыларына – оқу, білім жүйесінің ғылыми дәлелденген, өмірдің барлық және әрбір салаларына сәйкес келетін тиімді, оқытудың, білім жоспарын, бағдарламасын, әдістемелерін, оқу және көрнекті құралдарды жасап, компьютерлерді кең қолдану, жаңа педагог кадрларды іріктеп алу, отбасымен байланыс-қатынастарды күшейту т.с.с.

Қорыта айтқанда, оқу, білім ерекше әлеуметтік институт, ол – өз бетімен біршама дербес әлеуметтік қызмет атқарады. Нақтылап айтсақ, ол әрбір адамды білімнің негізімен жан-жақты, терең қаруландыруын, әлеуметтік және рухани тәрбиені сабақтастыруын, тұлғаны әлеуметтендіруін, оның интеллектуальды және рухани мүмкіндігін қалыптастырады,т.б.

Қоғамның оқу, білім құбылыстарын, процестерді жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясы – білім әлеуметтануы зерттейді. Ол білім жүйесінің белгілі бір заңдылықтары арқылы жеке әлеуметтік институт ретінде дамуын, оның қоғаммен және оның алуан түрлі салаларымен, басқада әлеуметтік жүйелермен, процестермен,институттармен әр түрлі қарым-қатынасын, байланысын талдайды. Сонымен бірге білім жүйесі қоғамның әлеуметтік құрылымына, қоғамдық қатынастарға, еңбектің өнімділігіне, өндіріске және басқа іс-қызметтің тиімділігіне әсерін, жеке адамды тұлғаға айналдырудағы интеллектуальды, білім процесінің рөлін, адамның табиғат және қоғам туралы білімді, озық тәжірибені игеріп, бойына сіңіріп, оның үйлесімді дамуын, білім деңгейінің қызметке, жұмысқа, тәртіпке әсерін, адамдардың ғылыми көзқарасының қалыптасуын, адамның қоғамдағы әлеуметтік жағдайының өзгеруін, т.б талдап зерттейді.


Социологияның ғылым ретінде қалыптасуы қоғамды зерттеу барысында қалыптасқан дәстүрлер негізінде өрбіді.Ежелгі грек және ежелгі шығыс ойшылдарының еңбектерінде жалпы философиялық мәселермен бірге қоғамнаң тууы мен мәні,оның ұйымдасуы мен дамуы туралы мәселелер қарастырылады.Осы жазған өзіндік жұмысымда социология бөлімдері экономикалық әлеуметтану және саяси әлеуметтану жайлы айтылады.

Саяси социология – саясат пен саяси қарым-қатынастарды зерттейтін социологияның саласы. Саяси өнер халықты бейбітшілік ішінде бірліте өмір сүруге үйретеді; ал өздері жалпылықты (саяси өнер) бейбітшілікте немесе соғыста өмір сүруді үйретеді.

Саяси социология – саясат пен саяси қарым-қатынастарды зерттейтін социологияның саласы.Оның пәндік құрылымы және саясаттың социологиялық көрінісін ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель анықтап көрсетіп берген.Мемлекеттік социология теориясының негізі мен идеясының қалыптасуына, және кейбір саяси ғылымдары принциптерінің – саяси социологиялық пәндердің төркіндес жақтарының қалауына маңызды үлес қосқан адам – Аристотель. Алғашқы саяси социология екі пәннің проблематикасы мен тәсілін байланыстыратын ғылыми білім саласы ретінде көрінеді.Саяси социологтар мен социологияның бағдар тұтқан политологтар саясатты заңсыз әлеуметтік институттар және әлеуметтік құрылым талдамасы перспективасында қарастыруды ұсынды.Олар зерттеудің қажет екендігіне назар аударды, мысалы,тек қана мемлекеттік формалар емес,саяси тәртіп; сондай-ақ тек қана мемлекеттің сыртқы саясатын және олардың халықаралық саясат төңірегіндегі байланысын ғана емес, халықтың қарым-қатынасын, халықаралық ортаның жағдайын, аймақтық және ғаламдық мәселелердің де зерттелуін қолдады.Саяси социологияның ең бір маңызды мәселесі ретінде халықаралық қатынастар социологиясы мен сыртқы саясат мәселелеріне тоқталып өтсек.

Платон мен Аристотельден бастап ғалымдар барлығына талдау жасайтын, оның квинтэссенциясын шығаратын түсіндіру жүйесін, категориясын және принциптерін табуға тырысты.Қазіргі кездегі батыс зерттеушілері, халықаралық қарым-қатынас – халықаралық қарым-қатынастағы жүйе – ол саяси бірлік арасындағы қарым-қатынас, мемлекет арасындағы қарым-қатынас көріністерінің өзіне тән құлығынан көрінеді: мәселен, дипломат пен солдаттың құлығы – деп атап көрсетті. «Екі және екі адам бір мүше ретінде көрінбейді ол жалпы көріністің өкілі: елші өз функцияларын орындауда өзі жататын қауымның саяси өкілі болады; солдат соғыс алаңында соның атынан өзіне ұқсастарды өлтіретін саяси бірлік қана»(Р.Арон). Соғыстың көлеңкесіне оралады дәлірек айтқанда мемлекет арасындағы қарым-қатынас соғыс пен бейбітшіліктің баламасын ұстанды. Социологтардың ойынша жалғасады дейді. Ғалымдардың ойынша , олар бір әмбебап мемлекет болып бірікпейінше осындай қалып мақсаты – тіршілік етуі. Осы жерден қарама-қайшылық туады: саяси өнер халықты бейбітшілік ішінде бірліте өмір сүруге үйретеді; ал өздері жалпылықты (саяси өнер) бейбітшілікте немесе соғыста өмір сүруді үйретеді.

Сыртқы саясат және халықаралық қатынастар

Халықаралық қарым-қатынасқа жеткілікті тәуелсіз, өздеріне деген толық сенімдері бар субъектілер ғана кіреді.Мәселен,Қазақстан ССр – өзінің Сыртқы істер министрлігі бар мемлекет болды, бірақ ол өз бетімен шешім қабылдай алмады, барлық жоспарларды Одақтың министрлігі бекітеді. Бүгін Қазақстан Республикасы – тәунлсіз мемлекет және өз аумағында тұратын барлық халықтардың мүддесін халықаралық арендада көрсете алады.

Әлемдік аренаға Қазақстанның барлық қиыншылықтарды бұзып өтуі, ең алдымен мемлекет басшысының сыртқы саяси қызметінің белсенді орындалуына байланысты. 1990 жылдан бастап осы кезең ішінде ҚР Президенті әлемнің ірі деген 138 елінде мемлекеттік, жеке жұмыс бабы мен болды.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания жағынан Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беретін Будапешт меморандумына қол қойылуына қол жеткізді. Осындай кепілдік Франция және Қытай Халық мемлекеттерінен де алынды.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы 100 әлем мемлекеттерінің бірі ретінде танылды және олармен белсенді дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан, БҰҰ-ның және оның құрылымының толық құқығы бар және белсенді мүшесі.

Қазақстанның жариялаған және көпғасырлық әлемдік саясатта жүргізген бағыты өзінің сенімді нәтижесін көрсетті.Бұл жоспарда ерекше орын алатын нәрсе ретінде АҚШ-пен стратегиялық және демократиялық серіктестік, Жапониямен стратегиялық серіктестік жөніндегі келісімдерді, «шанхай бестігі» жобасы төңірегіндегі шекара маңындағы сенімділік жөніндегі келісімді, Ресей,Өзбекстан,Қырғыстан және Украина елдерімен достық жөніндегі келісімдерді атап өтуге блады. Қазақстан мен ҚХМ шекарасындағы демаркация және Ресей, Өзбекстан, Қырғыстан шекарасындағы деелимитация мәселелері бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі және әскери доктринасы жөніндегі әзірленген стратегиясы – ең алдымен, көрші елдермен бейбіт қарым-қатынасты дамытуға, халықаралық мәселелердің мәдениетті түрде шешілуіне, күш және қару-жарақ пайдалану ұстанымынан бас тартуға бағытталуы бейбітшілікке деген ұмтылыстың анық дәлелі болды.

Он жыл ішінде Шығыс және Батыс Еуропа, Шығыс Араб, Үндіқытай, Корей жарты аралымен, Түркия, Иран және Пәкістан елдерімен туыстық қарым-қатынас жөнінде келісімге қол қойылды.Келісім осы аталған елдерменэкономикалық қарым-қатынаста табысты түрде орындалып жатыр. Қазақстан мен германия арасында ұзақ мерзімді және белсенді түрде қарым-қатынас дамып келеді, сондай-ақ Балтық және Балтық жағалауы елдерімен де қатынас орнатылған.

Қазақстанның ірі әлемдік қаржы-экономика институттары – Еуропалық Бірлестік, ХВҚ, Халықаралық және Еуропа қайта құру және даму банкі, Азия банктерімен де қарым – қатынасы нығайды.

Қазақстанда кәсіпкерлердің Алматы инвестициялық саммиті мен форумы өткізілді, ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі белсенді іс жүргізуде.

Халықаралық қатынас жүйесінде халықаралық қатынастардың мынадай түрлері бар


  • Саяси

  • Экономикалық

  • Әскери-стратегиялық

  • Мәдени

  • Қоғамдық

  • Идеологиялық

  • Ғылыми-техникалық

Халықаралық қатынастың әр түрі қарым-қатынастың тәсілін анықтайтын әрқилы формада жүреді: Мәселен, мемлекет арасындағы қатынасар өзін мынадай формада:

  1. Дипломатиялық

  2. Хаттамалық

  3. Құқықтық

  4. Насихат және сол сияқты қатынастар түрінде көрсетеді.

Өз кезегінде, экономикалық халықаралық қатынастар мынадай формаларда:

  • Сауда-саттық

  • Қаржылық

  • Кооперативтік

  • Өндірістік

Сыртқы саясат функциялары мен мақсаты

Сыртқы саясат функциялары мен мақсатына мыналар кіреді. Сыртқы саясат функциялары:



  1. Күзет функциясы, яғни мемлекет мүдделерін халықаралық қатынастардың барлық саласында күзету (қорғау)

  2. Репрезентативтік, яғни мемлекет халықаралық арендада өз мүдделерінің бірден-бір және тәуелсіз өкілі болып табылады.Кейбір жағдайларда осы өкілдікті мемлекеттің өзінің санкциясымен және тапсырмасымен басқа мемлекет немесе қоғамдық ұйым жүзеге асыру мүмкін.

  3. Келіссөз – ұйымдастырушылық – әңгіме халықаралық аренадағы барлық келіссөздер процесіндегі ұйымдастырушылық рол туралы болып отыр және осы рольді түпкілікті мемлекет атқаруы тиіс, ал халықаралық қатынастардың қалған барлық субъектілері осы рольді тек мемлекеттің егемендігі ретіндегі санкциясымен ғана атқаруы тиіс.

  4. Коммуникативтік:мемлекет қоғамның саяси өмірінің негізін құрайтвын байланыстарды ұйымдастыру формасы ретінде әрекет етеді.Халықаралық тіршілігінде әлемдік саясат шеңберінде байланыстарды ұйымдастырудың басты формаларының бірі ретінде әрекет етеді.

Сыртқы саясат құралдары:

  • Экономикалық

  • Саяси

  • Әскери

  • Идеологиялық

  • Ақпараттық-насихат

Мемлекеттің сыртқы саясаттың мақсаты:

  1. Мемлекет ішінде жүргізіетн саяси курстың қолайлы сыртқы шарттарын қамтамасыз ету

  2. Халықаралық байланыс жүйесіндеқұралғансыртқы саяси

мүдделерді іске асыру.

Осы мақсаттарда сыртқы саясаттың басты мәні,оның әлеуметтік бағдары мен сипаты көрінеді.Осыған орай сыртқы саясаттың мынадай анықтамасын тұжырымдамасын беруге болады.

«Сыртқы саясат – бұл осы немесе өзге таптың және оның өкілдерінің халықаралық салада алға қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған саналы әрекеті».

1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет