Кеңейтілген отбасы ұйымшылдығы мәселесі қойылды, өйткені отбасының үлкендерінің (ата-аналарында) өз өмірінің соңына дейін балаларымен немерелерімен қалуға мүмкіншілігі шамалы: 57 проценті "жас отбасы ата-анасымен бірге өмір сүрмеуі керек" десе, 34 проценті тек обьективті жағдайларда, яғни ''тұрғын үй жоқ болса" (20 процент), ата-анасының денсаулығына байланысты (14 процент) деп жауап берсе, қалғандары (аз бөлігі) "дәстүрді сақтау үшін", "ата-анаға қартайғанда көмектесу үшін" және "ата-анамен бірге тұру экономикалық жақтан пайдалы" деп жауап берді.
Кең тараған феминистік тұжырымдамаға сәйкес, отбасы табиғатьн шын мәнінде түсіну - бұл эмоционалдық не туыстық қарым-қатынасқа талдау жасау, ал отбасының өзі - бұл әр мүшесінің мүддесі мен басқа мүшелердің және бүтіндей қоғамның мүддесімен кикілжіңге түсетін "күрес орны". Қазіргі әлемде "ұрыс алаңын" "отбасы идиллиясы алаңына" болмаса да, ең болмағаңда, жұбайлық кикілжіңдердің уытьн басып, қажеттілік болып жатса, ажырасу салдарын жеңілдеу көтеруге мүмкіндік беретін арнайы механизмдер жасалуда.
Бұл, ең алдымен, көптеген елдерде ұзақ уақыттан бері келе жатқан және кеңес дәуірінен кейінгі елдер тұрғындар санасына тек голливуд жұлдыздары мен мүхиттың арғы бетіңдегі миллиардерлерде болады деп қабылданған неке келісімшарты институты.Бұл елдерде азаматтардың келісімі сияқты некенің барлық маңызды мәселелері келісіледі, некенің бұзылу салдарларын, тараптардың мүліктік жағдайларын, кәмелетке толмаған балалардың ажырасқан жағдайда қай ата-анасымен тұратынын, ьгқылассыз жұбайға қандай айыппұл салынатынын түгел көрсету қабылданған.
Сәтті құрылған отбасыларда неке келісімшарты жұбайлық өмірдің мүмкін болатын қиын-қыстау кезеңдердің алдын алуға арналады, яғни бұл некені неғұрлым ұзақ уақыт сақтауға арналады. Мысалы, Питсбургтағы жас жұбайлардың неке келісімшарты 27 беттен тұрады, сондықтан "Гиннес рекордтар кітабына" енген, осы келісімшарттағы мына бір пункттің несі жаман: "Бюджетті қатаң сақтау, жеке қажеттіліктер мен ойын-сауыкқа аптасына 20 доллардан артықжұмсамау"? Бұл пункт өте пайдалы, әрине, оны экономикасы кұнсызданбайтын елде ғана шын мөнінде жүзеге асыруға болады.
Орта топтағы адамдар некеге кіруде қазір көбіне неке келісімшартына отырады. Әрине мұның негізгі себептерінің бірі ажырасудың санының артуына, соған сәйкес өзін егер неке сәтсіз болып жатса, моральдік болмағанымен, материалдық шығыннан сақтауға ұмтылған адамдардың санының артуына байланысты.
Неке келісімшарты отбасылық қатынастардың бастамасын анықтайды, бірақ некелесуге міндетгі шарт бола алмайды. Заң бойынша неке келісімшарты некелесуді тіркегенге дейін де некелік өмірдің кез келген
кезеңінде де жасалады. Неке келісімшарты жазбаша түрде жасалып, ол нотариалды түрде ресімделеді. Жұбайлардың барлық мүлкіне, оның жекеленген түрлері мен әр жұбайдың жеке мүлкіне бірлескен, үлестік не бөлістік мүлкі болады. Неке келісімшартына отыру сыртқы әсерге тәуелсіз болуы керек.
Мамандар неке келісімшартын құқықтық қырынан басқа құқықтық емес, яғни әлеуметтік, психологиялық және этикалық қырларын да көрсетеді. Мәселен, зерттеу барысында анықталғандай, екінші не келесі некеге тұратындар - бірінші некеден, ''кемесі қайырылғандар''. Неке келісімшартына отыруға әр жұбай кәсіпкер болып, жеке бизнесі болғанда қызығушылық танытады. Неке келісімшартына жоғарыда аталған санаттардан басқа ері мен әйелінің жас айырмашылығы едәуір болып, ерінің (не әйелінің) экономикалық базасы берік және алдыңғы некедегі ересек балаларының мүліктік мүддесі олардың ата-анасына ықпал ететіндей жұбайлар үшін де қолайлы.
Психологиялық қыры: неке келісімшартында ажырасқан жағдайда әркімге тиесілі мүлікті жұбайлар анықтай алатын болғандықтан, яғни осындай нәтиже жобаланатындықтан, некенің нәтижесі ажырасу болмай ма, неке келісімшарты - ажырасу катализаторы болып саналмай ма деген қауіп туады.
Неке келісімшартының этикалық қыры жұбайлардың бірін қолайсыз жағдайға қалдырмау мүмкіндігіне байланысты. Әр жұбайда жасалған келісімшарттан жұбайының құқы мен мүддесіне нұсқан келтіру жолымен өзіне пайда табуды көздемейтіндей іштей тыйым салынуы қажет. Келісімшартұа отыруда екі жақтың бір-бірінің құқына құрметпен қарауы сақталуы керек. Егер келісімшартқа отыру кезінде жұбайлардың біреуі өз мүлкін сақтап қалуды ғана емес, сонымен бірге екінші жұбайдың мүлкіне қол сұғуға ниет білдірсе, бұл неке келісімшартының мақсатына қарсы - некедегі мүліктік қатынастарды реттеудің не ажырасу кезінде қолданылатын
өркениетті әдісі болуы керек. Жеке тұлғаның еркіндікке құштарлығы қоғамдағы этикалық нормалардың бұзылуына әсер ететін шектен асып кетпеу керек.
Неке келісімшартына отыру маңызда қызмет атқарады: ол - білімдік қызмет, өйткені ''Неке мен отбасы туралы'' заң мазмұнымен танысу қолданыстағы заңдылықтар арқылы отбасылық өмір туралы шынайы түсінік береді; реттегіштік қызмет - отбасылық қатынастардағы құқықтар мен міндеттердің тұтас жиынтығы қарастырылады. Заң отбасындағы тараптардың теңдігінен шығады, бірақ көбінесе некедегі жұбайлардың бірі кедей, бірі дәулетті болады. Бұл әсіресе, ажырасудан соңғы материалдық жағынан, айырмашылық әсіресе кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларынан
байқалады.
Мүліктің құқықтық режімінен басқа неке келісімшартына азаматтық айналыстағы (акциядан дивиденттер, салым процентгері, усадбалық учаскедегі өнімді тапсырудан түскен өнім және т.б) заттар мен ақша түріндегі отбасы кірістеріне қатысын анықтау да кіреді. Жұбайлар, зангерлердің пайымдауынша, отбасы шығыны кең де заңда толық қамтылмағанына қарамастан, оны бөлу тәртібі де қарастырылады. Шығындар отбасының материалдық қамтылуы мен мұқтаждықтарына сәйкес (тұрғын үй, көлік, тамақпен қамтамасыз етілуі, саяжайды күтуге, соңдай-ақ білім беру, медициналық күтім, демалыс және т.б қатысты төлемдер) топтастырылады. Үй шаруашылығын басқарудан бастап, қандай да бір капиталға ие болуға дейінгі отбасы шаруашылығының көп түрлілігі келісімшарттағы занды негіздемені талап етуі мүмкін.
Үй шаруашылығын басқарудан бастап қандай да бір қаржыны иелік еткенге дейінгі шаруашылық қызметтердің әр түрлілігінің кең ауқымы заңды келісілген негіздемені талап етуі мүмкін.
Отбасы өміріндегі кең тараған жағдайлардың бірі әйел күйеуге шығып, бала туған кезде ұзақ уақытқа дейін аяқталмаған білімі немесе біліктілігінен айырылуы нәтижесінде үй шаруасындағы әйел болады. Неке бұзылған сәтте мұндай әйел өте ауыр жағдайда қалды: балаларды күтуге бөлінетін алимент аз және әсіресе, біздің кезімізде жүйелі төленбейді. Сонымен бірге алиментгер ресми танымал көздерден түскен пайдадан есептеледі, бірақ жұбайының шынайы табысы одан асып түсуі мүмкін. Сондай кезде жасалған неке келісімшарты балалар мен жұбайының алдындағы экономикалық жауапкершілігін арттырып, неке сәтсіз болған жағдайда мүліктік мөселелерге, жақың адамдарға байланысты жұбайлардың қаржылық мәселелері ақылмен шешілуі керек.
ҚР-ның "Неке мен отбасы туралы" (1999 жылдың 1 қаңтарындағы) жаңа заңында неке келісімшарты туралы айтылады. Онда неке келісімшарты дегеніміз некеге түсуші тұлғалардың немесе жұбайлардың келісімі екендігі некедегі не оның бұзылуы кезіңдегі жұбайлардың мүліктік құқықтары мен міндеттерін анықтайтыны айтылған.
Неке келісімшартына отыру мүмкіндігі заң жүзінде 1993 жылдың қазан айынан бері белгілі. Бірақ 1996 жылдың 1 шілдесіңдегі жағдай бойынша республикада не бары 13 неке келісімшарты жасалып, нотариалды куәландырылған (некеге отырғандар саны 10 мың есеге артық). Бұл тек Алматы қаласында ғана, ал Қазақстанның өзге қалалары мен облыстарында мұндай жағдай мүлде жоқ. Қазіргі кезде статистика айтарлықтай өзгере қойған жоқ.
Зерттеушілер мынадай сұрақ қояды: некелелесушілер мен некеде бұрыннан тұрғандар таласты жағдайларды шешуге арналған неке келісімшарты бойынша өздерінің мүліктік құқығы мен міндеттерін шешуге тілек білдіретіндер саны неге аз? Біздің қоғамда мазасыздануға негіз жоқ шығар? Бірақ практика көрсеткендей, статистика нақтыланғандай: үш жұп некелесуге өтініш білдірсе, екі жұп ажырасуға тілек білдіреді. Ажырасудың жалпы коэффициентінің арту үрдісі 2015 жылға дейін болжанған. Ал бұл әлі де көптеген отбасылық жұптар олардан рухани, дене және материалдық шығындарды қажет ететін процестерге тартылатынын көрсетеді. Көріп отырғанымыздай, біздің қоғамымызда ажырасу коэффициенті өте жоғары. Бірақ отбасын жеке өмірді ұйымдастыру формасы ретінде тұрақты және
салыстырмалы түрде жоғары мәртебе санайтын отбасылар да азаймайды. Бірақ ажырасуға әкеп соғатын драмалық жағдайлар жойылып кете ме? Оның үстіне, ажырасуға дәлелді себептер де негіз болуы мүмкін, оған түсіністікпен қарау керек.
|