Дәріс тезистері:
Қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретінде мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор.
Қоғам адамдарын страталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар: а) касталар; ә) сословиелер; б) таптар. Осы аталаған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе ашақ және жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгерулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп аталады да, ал, мұндай мүмкіндік болмайтын қоғам жабық стратификациялы жүйе деп аталады. Жабық жүйеге Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүей 1900 – шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалыптасқан дәстүр бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата – аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айеалып отырған.
Қоғамда қалыптасқан діни наным мен дәстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі каста адамдарының араласуларына, қарым – қатынастар жасауларына қатаң тыйым салынған. Драхмалық діни наным бойынша, әр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болу керек.
Қазіргі кезде де Үндістанның кейбір аймақтары мен селолық жерлердегі адамдардың мінезі – қылықтары және өмір салттарында касталық жүйенің қалдықтары сақталған.
Сословиелік жүйелер – феодалдық қоғамдарда орын алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворияндар, дін иелері, ал, төменгісословиеге – қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталаған жүйеде бір сословиеден екіншісіне өту шектелмеген, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы және төменгі сословие адамдардың сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған.
«Тап» деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Әсіресе, ХХІІІ – ХІХ ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылады.
Тек кейін К. Маркс және М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептері мен астарларына терең назар аударыла басталды. Сонымен қатан К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатанастарының түрінен туындайды.
Негізгі емес таптар өткен дәуірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық – экономикалық формацияның таптары.
К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардан басқа әлеуметтік жіктердің болатынын ескертеді. Әлеуметтік жіктер – таптың белгілерін бойына толық сіңіріп қоймаған аралық топтар. Мысалы, жұмысшы ақсүектерін алсақ олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал, буржуазиядан айырмашылығы – меншік иесі емес. Олай болса бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға түседі.
К. Маркстің таптар жөніндегі ілімін одан әрі дамытқан В И. Ленин болды. Ол өзінің 1919 – шы жылы жазған «Ұлы бастама» деген еңбегінде таптарға мынадай анықтама берген: «Таптар дегеніміз – қоғамдық өндіріс жүйесінде алатын орны мен өндіріс құрал – жабдықтарына қатынасына қарай және қоғамдық байлықтан алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудын әдісіне байланысты жіктелетін адамдардың үлкен тобы; сонымен қатар таптар деп, бір топтың қоғамдық өндірістегі алатын орнындағы айырмашылыққа байланысты екінші бір топ адамдарының еңегіне қанауын айтамыз».
Сонымен, маркстік ілім тапты құрайтын басты белгілерге;
адамдар тобының өңдіріс жүйесінде алатын орнын;
олардың өңдіріс құрал – жабдықтарына қатынастарын;
еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым – қатынасты;
қоғамдық байлықтан алатын үлестің көлемі мен оны алудың әдісін;
қоғамдық өндірісте бір топтың басқа адамдардың еңбегін қанауын жатқызады.
Әлеуметтік стратификация теориясына өз үлесін қосқан М. Вебер бұл мәелеге байланысты тұжырымдамыларында К. маркстің теориясынан өзгеше және оған ұқсас жақтары да бар екіндігін айта кету керек. М. Вебер К. Маркстың қоғамның тапқа жіктелуінің объективтік экономикалық негіздері бар деген ойымен келісіеді. Бұл пікірді ол басқа да экономикалық факторлармен толықтырады. Біріншіден, М. Вебер таптық айырмашылықтар тек меншік болу, болмауына ғана байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің болуна, мамандық түріне, кәсіби дәрежесі мен шеберліктеріне де байланысты дейді.
Екіншіден, М. Вебер адамның статусын – саяси партияға, яғни билікке қатынасы деген стратаға жіктеудің өлшемдерін енгізеді.
М. Вебердің пікірінше, статус әлеуметтік топтар мен индивитердің қоғамдағы алатын орны мен мәртебесіндегі айырмашылықты көрсетеді. Адамның белгілі бір тапқа жатуы объективтік факторларға байланысты да, ал, адамның статусы – білімі мен шеберлігінің дәрежесі, өмір салты сияқты субъективтік факторлармен түсіндіріледі дейді.
Ғылыми әдебиетте қоғамның страталарға жіктелуінің басқа да өлшемдері кездеседі. Ғалымдардың көпшілігі стратификациялық құрылымының негізі адамдар арасында болатын табиғи және әлеуметтік теңсіздік екендігін мойындайды. Осы теңсіздік деген өлшем қоғам адамдарының біреулерінің басқалардан жоғары, екінші біреулерінің төмен орналасуына ықпал етеді.
Табиғи теңсіздік адамдардың табиғи жаратылыстарына байланысты (жыныс, жас мөлшер, темперамент, терісінің түсі, бойы, ақыл – ойының деңгейі, т.б.) ерекшеліктерінен туындайды. Мәселен, ақыл – парасатымен, күш – қайратымен ерекшеленетін адамдар көпшілікке ықпал етіп, оларды өзіне бағынышты етуге ұмтылады.
Әлеуметтік теңсіздіктің пайда болуына қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни адамдардың кәсіби мамандануы ықпал етеді.
Ең көлемді қоғамдық еңбек бөлінісі еңбектің аграрлық және өнеркәсіптік деп жіктелуіне байланысты болады. Қоғамдық еңбек бөлінісі ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы айырмашылықтың пайда болуына, соның нәтижесінде қоғамда білім мен кәсіби деңгейлері жоғары адамдар тобының қалыптасуына ықпал етті.
Қоғамдық әлеуметтік теңсіздік иерархияға негізделген және ол адамдар мен топтардың вертикалды бағытта сатылы орналасуынан көрінеді. Яғни тік сызық бойында бір топтың екінші бір топтан жоғары немесе төмен орналасуы деген сөз.
Вертикалды бағыттағы жіктелудің себептерін Р. Дарендорф «билік» және «бедел» деген ұғымдардың негізінде түсіндіреді. Ол тұтас қоғамды басқарушылар мен басқарушыларға жіктейді. Басқарушылардың өзін а) басқарушы меншік иелері және б) меншіктері жоқ бюрократ – менеджерлерге жіктейді. Автор сонымен қатар басқарушылар: жоғарғы топ – жұмысшы ақсүйектерінен, төменгі топ – мамандық дәрежесі төмен жұмысшылардан тұрады және басқарушылар мен жұмысшы ақсүйектерінің ассимиляциясының нәтижесінде «жаңа орта тап» қалыптасады деген қорытындығы келеді.
ХХ ғасырдың екінші жартысында Батыс елдерінің ғалымдары әлеуметтік стратификация құбылысын одан әрі тереңірек зерттеуге кірісті. Ғалымдардың пікірінше, капиталистік қоғамдарда таптар арасындағы қайшылықтар бәсендеп, жұмсара түсті. Олар сонымен қатар қоғам мүшелерінің түрлі топтарға, таптарға, страталарға жіктелу процесі тереңдей түскенін атап көрсетті.
Бұл кездегі әлеуметтік стратификация теориясының көрнекті өкілдерінің бірі – П. А. Сорокин болды. Ол қоғамдаға адамдардың иерархиялық жоғары және төменгі топтарға жіктелуіне әсер ететін факторлар ретінде құқық пен артықшылықтардың, жауапкершілік пен міндеттердің, байлық пен жоқшылықтың, билік пен ықпалдың тең бөлінбеуінен болады деп түсіндіреді.
П. А. Сорокин қоғамда экономикалық, саяси және кәсіби стратификацияның барлығын айтып, олардың әрқайсысына терең талдау жасайды.
Ал, американдық әлеуметтанушы Т. Парсонс қоғамда әлеуметтік жіктеудің факторларын үш топқа топтастырған. Біріншісі – адамның туа біткен табиғи белгілеріне байланысты факторларды: этникалық тегі, жыныстық, жастық ерекшеліктері, туыстық байланыстары, дене бітімі мен интеллектуалдық қабілеті, т.б.;
Екіншісіне – қызмет түрі, мамандығы және кәсіби деңгейін жатқызған;
Үшінші топқа – меншік, материалдық және рухани құндылықтар мен артықшылықтарды жатқызады.
Ғалымдардың көпшілігі әлеуметтік стратификация процесінде осы аталған өлшемдер мен факторлдардың шын мәнінде орын алып отырғанын атап көрсетеді. Қоғам дамуының бір кезеңде бұл өлшемдердің біреуі маңыздырақ болса, келесі бір кезеңде келесі біреулерінің маңызы арта түседі.
Кеңестік дәуірден кейінгі қоғамдарда нарықтық экономикаға өту барысында әлеуметтік жіктелуге әсер ететін жаңа факторлар маңызға ие бола бастады.
Әрине, әлеуметтік стратификация процесінде білім деңгейі, кәсіби шеберлік, жоғары мәртебе (престиж) деген өлшемдердің маңызы зор екенін естен шығармауымыз керек;
Білім деңгейі – мектептегі, орта жоғары оқу орындарында алған біліммен, сол сияқты ғылыми атақ, дәрежемен есепетеледі.
Кәсіби шеберлік – белгілі бір мамандық бойынша адамның арнайы білім дәрежесі мен шеберлігінің танылуы;
Мәртебе – адамның жоғары статусына қоғам тарапынан көрсетілетін сый немесе құрмет.
Соңғы кезде әлеуметтанушылар жоғарыда айтылған өлшемдерді ескере отырып, қоғамды, 3,4.6 және одан да көп жіктерге бөліп қарайтын стратификациялық модельдерді ұсынуды. Біз соның 4 жіктен тұратын моделіне тоқталсақ, олар мыналар:
жоғары тап;
орта тап;
жұмысшы тап;
төменгі тап.
Жоғары тапқа ірі меншік иелері – қаржы және өнеркәсіп магнаттары, жоғары билік элиталары – мемлекет президенттері, премьер – министрлер, министрлер, жеке ведомстволар мен қызметтердің басшылары, яғни жоғары категориядағы чиновниктер жатады. Бұлар қоғамдағы шамадан тыс байлығы бар, қоғамның экономикалық және саяси өмірінде шешуші рөл атқаратын топ. Қоғамдағы олардың үлес салмағы аз, дамыған елдерде олар шамамен халықтың 1 % - құрайды.
Кейбір елдерде жоғары тапқа жоғары шенді әскери топтар мен творчестволық иттеллигенцияның танымал өкілдері де жатады. Бұл топ өкілдерінің білім және мәдени дәрежелері, қоғамдағы статустары да жоғары.
Орта таптың қоғамдағы алтын орны ерекше. Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде олар халықтың 60 – 80 % - ын құрайды. Бұл тапты қоғамдағы әлеуметтік тәртіп пен тұрақтылықтың тірегі десек те болады. Өйткені орта тап қоғамның негізгі интеллектуалдық күші мен жоғары мамандық иелерінен тұрады.
Орта тапқа қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың, мамандықтардың өкілдері жатады. Олар – ғалымдар, жазушылар, суретшілер, діни қызметкердер, оқытушылар, дәрігерлер, заңгерлер, орта және шағын кәсіп иелері, маманданған жұмысшылар, т.б.
Орта тап адамдарының тұрақты да, сенімді қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай өмір салттары бар. Олар көп еңбек етеді, кейбіреулерінің меншіктері (жер, құнды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, т.б.) бар, яғни олар экономикалық және саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл таптың адамдары «жақсы өмірге қажырлы еңбектің, күш – жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады» дегенді басшылыққа алады.
Бұл жерде айта кететін бір жағдай – орта таптың да өз ішінде жіктелетіндігі. Олар:
а) жоғары орта тап;
ә) орта таптың орташасы;
в) төменгі орта тап.
Орта тапты осылайша жіктеуді жоғарыда айтылған факторлар, яғни адамдардың билікке қатынастары, табыстарының көлемі, кәсіби және білім деңгейлері ескеріліп отыр.
Жұмысшы табының қазіргі кездегі бейнесі өткен дәуірдегіден мүлдем басқа. Ғылыми – техникалық прогресс заманында жұмысшы табы еңбегінің мазмұны, сипаты өзгерді. Олар механикаландырылған және автоматтандырылған өндіріс салаларында – заводтар мен фабрикаларда, ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен халыққа қызмет көрсету салаларында еңбек етеді. Бұл тап өкілдерінің тұрақты табыстары, белгілі бір дәрежеде білім және кәсіби дайындықтары бар.
Төменгі тап – құрамы жағынан сан ауан. Оларға арнайы мамандықдары жоқ жұмысшылар, жұмыссыздар және люмпендер (қайыршылар, босқындар, қылмыскерлер, т.б.) жатады. Бұлардың көпшілігінің тұрақты табыс көздері болмағандықтан, олар абсолюттік кедейшілік жағдайда өмір сүреді.
Сонымен, әлеуметтік стратификация кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғам мүшелерінің арасындағы жаппай теңдік орнататын эгалитарлық (француз тілінде egalite - теңдік) қоғам орнату мүмкін емес екендігін әлемдік даму тәжірибесі дәлелдеп отыр.
Әлеуметтік мобильдік, оның түрлері
Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады, соған байланысты әлеуметтік мобильдік деген құбылыстың түсінігі пайда болады. Оны ғылыми жағынан негіздеп, «әлеуметтік мобильдік» теориясының авторы П. Сорокин терең зерттеді.
«Әлеуметтік мобильдік» деп, қоғамдағы жекелеген индивидтер мен адамдар тобының бір әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз.
Әлеуметтік мобильдіктің екі типі болады, олар:
вертикалдық, яғни тік сызықтың бойымен болатын және;
горизонталды, немесе көлденең сызық бойындағы мобильдіктер.
Вертикалдық мобильдік – индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кету бағытында болады.
Жоғары өрлеу бағытындағы мобильдікке адамның қызметінің жоғарлауы (кәсіби вертикалдық мобильдік), әл – ауқатының, тұрмыс жағдайының жақсаруы (экономикалық вертикалды мобильдік) жатады.
Адамның вертикалды төмен бағыттағы құлдырауы да өмірде жие кездесетін мобильдіктің түрі. Әсіресе, қазіргі біздің елдің жағдайында мобильдіктің бұл түрі қоғамда жиі орын алып отырған құбылыс.
Э. Гидденс мобильдіктің бұл типіне жан – жақты талдау жасаған. Британ қоғамындағы төмен құлдырау мобельдігінің себептерін адамның психологиялық күйзеліске ұшырауынан (мысалы, жақын адамынан айырылу, сәтсіздіктерге ұшырау, т.б.) және соған байланысты индивидтің өзінің бұрыңғы статустық дәрежесінен айырылуынан деп түсіндіреді. Мобельдіктің бұл түрін индивидтің жұмысынан айырылуы да жатады.
Жоғары бағытта өрлеу мен төмен түсудің арасында белгілі бір ассметриялық (яғни, бөліктердің бір – біріне сай келмеуі) байланыстар болады: әрбір адам қызметте (лауазымда) көтеріліп, жоғарлауға тырысады, керсінше ешқандай адам қызметінің төмендеуін қаламайды. Басқаша айтқанда, жоғарлау – ерікті құбылыс, ал, төмен түсу – еріксіз құбылыс болып саналады.
Горизонталды мобельдікте – индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Мысалы, кәсіпорындағы жоспарлау бөлімінің экономисі бухгалтерлік есеп бөліміне экономистік қызметке тағайындалса, онда оның статусында айтарлықтай өзгеріс болмайды.
Сол сияқты көлденең бағыттағы мобильдіктің мысалына индивидтің бір азаматтықтан екінші бір азаматтыққа ауысуы; ерлі – зайыпты адамдар айырылысқан жағдайда ерінің немесе әйелінің екінші бір отбасымен қосылуы; бір діннен екінші дінге өту, т.б. жатады. Бұл аталған жағдайлардың бәрінде де индивидтің статусқа деңгейінде ешбір өзгеріс болмайды.
Көлденең мобильдікке географиялық мобильдік те жатады. Бұл индивидтің әлеуметтік жағдайына ешқандай өзгеріс әкелмейді, ол тек қана бұрыңғы жағдайды сақтай отырып, бір жерден екінші жерге қоныс аударуды білдіреді. Мысалы, оған ауыл – селодан қалаға және керсінше қоныс аударуды жатқызуға болады.
Мобильдіктің ұрпақтар арасында және ұрпақ ішіндегі мобильдіктер деген де түрлері бар.
Ұрпақтар арасындағы мобильдікте балалар өздерінің әке – шешелерінің әлеуметтік жағдайымен салыстырғанда не жоғары сатыда немесе төменгі сатыда болулары мүмкін. Мысалы, шахтердің баласы инженер болуы ықтимал.
Ұрпақтар ішіндегі мобильдікте индивид өз өмірінде вертикалды өрлеу немесе төмен түсуге байланысты бірнеше әлеуметтік жағдайда болуы мүмкін. Жоғары өрлеу - әлеуметтік мансапқа жету болып есептеледі. Мысалы, индивид өз өмірінде де токарь, инженер, одан кейін цех бастығы, сонан соң заводтың директоры немесе машина жасау саласында министр болуы мүмкін.
Әлеуметтік мобильдіктің бірінші түрі, яғни ұрпақтар арасындағы мобильдік ұзақ мерзімдік процеске, ал, екінші түрі, яғни ұрпақтардың іштей мобельдігі – қысқа мерзімді прцеске жатады. Әлеуметтік мобильдіктің бірінші түрінде әлеуметтанушылардың зерттеуіне таптар арасындағы мобельдік, ал, екіншісінде – дене еңбегінен ой еңбегіне ауысу себептері жатады.
Сонымен, индивидтің немесе әлеуметтік топтың кез – келген қоғамда бір әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға ауысуы болып отырады. Бұл ауысулар кешенді түрде, бірнеше өлшемдер тұрғысынан болатын сапалық өзгерістерге байланысты болуы мүмкін. Кейде әлеуметтік жағдайдың өзгеруі бір ғана өлшеммен шектелуі мүмкін.
Индивид бір статустық топтан екінші бір топқп өтеді. Айталық, жоғары білім алған адамның айлығы жоғары төленетін қызметке тұруы, оның өмір деңгейі мен өмір салтының өзгеруіне ықпал етеді. Оның сонымен қатар мінез – құлқы, қоршаған ортасы да өзгереді. Сол сияқты ол жоғары топтың адамымен некеге тұруға тырысады.
Әлеуметтік мобильдікті басқа да критерийлерге байланысты жіктеуге болады. Мәселен, оның топтық және жеке мобильдік деген де түрлері бар.
Жеке мобильдік туралы біз жоғарыда түсіндіріп кеттік. Бұл жеке индивидтің әлеуметтік саты бойымен жоғары өрлеуі немесе керсінше төмен қарай құлдырауы.
Топтық мобильдік тұтас таптың, сословиенің әлеуметтік статусының жоғарылауымен немесе төмендеуімен түсіндіріледі. П. А. Сорокиннің пікірі бойынша, топтық мобильдіктің факторларына әлеуметтік революциялар; шетел интервенциясы мен шапқыншылықтар; мемлекетаралық соғыстар; азамат соғыстары; әскери төңкерістер мен саяси режимдердің ауысуы; ескі конституцияны жаңа конституциямен алмастыру; шаруалар көтерілісі; ақсүйектік тектердің арасындағы төңкерістер; империяны құру жатады.
Топтық мобельдік әлеуметтік революциялар нәтижесінде жоғары қарқынмен жүреді. Мәселен, Ресейдегі Қазан төңкерісі большевиктер партиясынан бұрын болмаған беделін көтеріп, қоғамға мойындатты. Сонымен қатар еңбекші таптан шыққан адамдардың білім алуға, ғылыммен айналысуға, билікке қол жеткізулеріне кең мүмкіндіктер ашылады. Сөйтіп халықтық интеллигенция қалыптаса бастады. Мұнымен қатар жаңа өкімет буржуазиялық интеллегенцияға қарсы шабуылын бастады, оларды қуғындап, тіпті жоюға дейін барды. Осы процестердің нәтижесінде Ресейде әлеуметтік мобидьдіктің деңгейі жоғарлай түсті.
Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік мобильдіктің негізгі типтерімен бірге оның ұймдасқан мобильдік түрі де болады. Мұнда топтардың жоғары, төмен, көлденең бағыттағы мобильдегі мемлекеттің тікелей араласуымен жүзеге асырылады. Мұндай жағдайлар адамдардың келісімі бойынша және олардың келісімінсіз де болуы мүмкін.
Мысалы, ұйымдасқан әлеуметтік мобильдіктің еркін түріне КСРО – да қоғамдық пікірдің үндеуімен тың жерлерге жастардың елуі; ұйымдасқан әлеуметтік мобильдіктің еріксіз түріне орта шаруаларды тәркілеу; сол сияқты Ұлы Отан соғысы жылдарында ингуш, шешендер, татарларды, т.б. туып өскен жерлерінен басқа жаққа күштеп қоныс аударту жатады.
Топтық мобильдік халық шаруашылығының құрылымдық өзгеруіне байланысты қайта құрулардың нәтижесінде де болады. Ал, бұл жеке адамның еркін байланысты емес. Мысалы, халық шаруашылығының кейбір салаларының қысқаруы, кейбір мамандықтың жойылуы халықтың үлкен топтарын ауыстыруға, басқаша орналастыруға мәжбүр етеді. Мысалы, 50 – 70 – жылдары бұрыңғы Кеңес Одағында көптеген ауыл – село қысқартылып, оларды іріктендіру процесі болды.
Сол сияқты экономикалық дағдарыстар қоғамдағы халықтың басым көпшілігінің әл – ауқатының төмендеуіне, жұмыссыздар санының артуына әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда топтық әлеуметтік мобильдіктің вертикалды төмен құлдырау бағытында болуы жиі байқалады.
Сонымен, топтың мобильдігі қоғамда орын алатын революциялық, дағдарыстық, қайта құру кезеңдеріне тән сипатты белгі. Ал, дамуы бір қалыпты, тұрақты қоғамдарда жеке мобильдіктің үлес салмағы жоғары, ол қоғамдарда топтық мобильдіктер өте сирек кездеседі.
Әлеуметтік мобильдіктің жылдамдығы белгілі бір уақыт аралығындағы тік бағыттағы әлеуметтік дистанцияның (сатылар саны) немесе жеке индивидтің осы бағытта жоғары өрлеуі немесе төмендеуіндегі экономикалық, саяси, кәсіби страталардың санымен өлшенеді.
Мәселен, біреулер қысқа мерзімде жоғары статусқа ие болса, екінші біреулердің ондай дәрежеге көтерілуі үшін бірнеше сатылардан өтуі және бұл процестердің ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.
Мыслы, Кеңестер Одағында қарапайым адамның жоғары саяси элита қатарына өтуі үшін ұзақ уақыт және көптеген әлеуметтік сатылардан өтуі керек болған. Яғни қарапайым қызметкер комсомол ұйымында, бастауыш партия ұйымдарында, аудан, қала, обылыс көлемінде басшылық қызметтерде жоғары беделге ие болған соң ғана жоғары саяси элитаға ауысуға мүмкіндік алған.
Ал, мобильдіктің көлемі немесе қарқыны белгілі бір уақыт аралығындағы өздерінің әлеуметтік статустарын өзгерткен индивидтердің санымен өлшенеді. Бұл сан абсолюттік болады да, оның қоғам халқының жалпы санына қатынасы салыстырмалы көлемді пайыз арқылы көрсетіледі.
Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде халықтың үштен екі бөлігі мобильді болып келеді және ол қоғамдарда жеке вертикалды өрлеу бағытындағы мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны неге байланысты? Деген сұрауға ғалымдар: бірінщіден, ол жеке тұлғаның сапалы қасиеттеріне байланысты деп жауап береді. Шын мәнісінде, өзінің кәсіби деңгейін, әлеуметтік – экономикалық жағдайын өзгертіп, жоғары статусқа ие болуы үшін әрбір индивидтің қыжымай – талмай еңбек етуі, әрдайым жоғары ұмтылуы қажет. Екіншіден, жеке адамның тік өрлеу бағыттында бір әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға ауысуына қоғамның жалпы даму дәрежесі, ондағы мүмкіндіктер ықпал етеді. Қуатты экономикасы мен демократиялық саяси жүйесі бар елдерде жеке адамның әлеуметтік топтардың жан – жақты дамуына кең мүмкіндіктер бар. Ол елдерде мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны жа жоғары.
Американ әлеуметтанушылары П. Блау мен О. Дункан дамыған елдердегі әлеуметтік мобильдіктің қарқынын зерттеу нәтижесінде АҚШ – да тік жоғары бағыттағы мобильдік басым деген қорытындыға келген.
П. А. Сорокиннің сөзімен түсіндірсек: «Егер мобильдік абсолютті түрде әркімнің еркіне байланысты құбылыс болса, онда қоғамда әлеуметтік страталар да болмас еді.» Қоғам бұл жағдайда бір қабатты екінші қабаттан бөліп тұратын едені мен төбесі жоқ ғимаратқа ұқсас болар еді.
Олай болса барлық қоғам страталарға жіктеледі. Қоғам өзінше бір «елеуіш» тәрізді, яғни онда индивидтер мен топтардың белгілі бір өлшемдерге байланысты іріктеп, жіктеу бар. Соның нәтижесінде біреулер әлеуметтік сатымен жоғары көтеріледі, ал, екінші біреулер төменгі сатылардан орын алады.
Қазіргі Қазақстандаға әлеуметтік стратификация мен мобильдік
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын – сонды болмаған күделі өзгерістерге ұшрап отыр. Егемендік, тәуелсіздік алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, алуан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейманханалардың, т.б. жеке меншік иелері. Тіпті бұдан басқа да өзгерістер бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес дәуіріндегі таптар мен әлеуметтік топтардың өздері де біршама өзгеріп кетті. Қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік – экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысып, өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел – жұрттың миграциясы мәселелері мен үдерістері деерекше болып отыр. Жалпы алғанда, негізінде табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәулетті орташа, кедей адамдар пайда болды. Қоғам мүшелерінің бұлайша жіктелуіне меншік формасының өзгеруі, жалпы нарық қатынастарының орын алуы ықпал етті.
Көпшілікке мәлім, нарықтық экономика меншіктің алуан түрлігін қажет етеді. Ал, осы жағдай Қазақстанның әлеуметтік құрылымына зор әсер етті, өйткені меншік нысанының алуан түрлілігі жалпы экономиканың одан әрі бөлштелінуін күшейтті, яғни қоғамдық меншікті жекешелендіру процесі басталды. Осыларға сәйкес меншіктің жаңа типтері қалыптасуда. Олар: жеке, корпоративтік, акционерлік, ұжымдық, жартылай жеке, жартылай мемлекеттік, т.б. Орта, кішігірім мекемелерге, сауда үйлеріне, мейманханаларға, дүкендерге, әр түрлі акционерлік қоғамдарға қожалық ететін иелер пайда болады.
Республикада меншік иелері табы әлі қалыптасу үстінде болғандықтан, оның көлемін санмен көрсету әзірге қиын.
Сонымен, Қазақстан ірі орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын бизнесмендер тобы қалыптасып келеді.
Кәсіпкерлік – бұл заңды әлеуметтік – экономикалық құбылыс. Кәсіпкерлік немесе бизнес қоғамның ілгерілеп дамуына елеулі ықпалын тигізеді. Сондықтан еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік тұрақтануында ірі, орта және шағын бизнестің рөлі зор.
Академик К. А. Сағадиевтің пікірі бойынша, Қазақстан Республикасындағы бизнесмендерді 4 топқа жіктеуге болады.
1 – топқа: номенклатуралық бизнес жатады, яғни бизнесмендердің бұл тобы өздерінің жоғары билікпен байланыстарын пайдаланып, мемлекеттік, несиелер алудың арқасында байлыққа, меншік ие болады;
2 – топқа табиғатынан бизнеске жақын адамдар жатады. Олардың бизнес өздерінің жинақтаған қорларының және сауда – саттықпен айналысудағы тәжірибелерінің негізінде қалыптасқан;
3 – топқа кәсіби бизнестің өкілдері жатады. Бұлар өз күштерімен бастапқы кезден бастап қажымай – талмай еңбектену нәтижесінде қалыптасқан бизнесті негізгі кәсіпке айналдырған адамдар;
4 – топқа жаппай бизнес жатады. Бұл топтағы адамдар қолда бар кез – келген мүмкіндікті бизнес жасауға пайдаланады. Бұл топтағы адамдардың бастапқы капиталының болмауы бизнесте көптеген қиындықтарды тудырып отыр. Соған байланысты олардың табыстарының көлемі де айтарлықтай емес.
Республика меншік иелері табынан басқа да таптар мен әлеуметтік топтар бар.
Жалпы алғанда, қазіргі Қазақстан қоғамында бір таптың, топтың, жіктің екінші бір тапқа, топқа, жікке ауысуы жие болып отыр. Әрине, мұндай ауысу процесі Кеңес Одағы кезінде де болған. Біздің Қазақстан елінде бұл құбылыстың тік және көлденең сызықтары арқылы даму түрлері біршама айтарлықтай болып отыр. Бұларға қосымша әрбір таптың, топтың іштей бір – біріне өту, ауысу жиі кездеседі. Мысалы, республикада бұдан 4 – 5 жыл бұрын орташа табысы бар немесе кедей адамдар қазіргі уақытта бай коммерсанттарға, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, банкирлерге айналды, көбі өз алдына мекеме, мейманхана, дүкендердің, т.б. қожайындары болды. Бірақ, бұлардың кейбіреулері қайтадан кедейшілікке ұшырап, қарыздар болып, төмен түсті. Өмірде мұндай жоғары көтерілу немесе төмен түсіп кету жиі болып тұрды. Мұндай құбылыстардың болып тұруы республика экономикасының тұақсыздығынан болады.
Әлеуметтік мобильдік басқа да көрсеткіштерде кездеседі. Мысалы, жұмысшы немесе кеңсе қызметкері өздерінің мамандығының өсуіне және жаңа мамандық алуына байланысты екінші бір жоғары топқа өтуге тырысады. Қазақстанда бір әлеуметтік жағдайдан вертикалды жоғары бағытта екінші әлеуметтік жағдайға ауысу қарқыны төмен. Өйткені біздің өндіріс орындарымыз дағдарыста, олардың көпшілігі көптеген жағдайларға байланысты жұмыс істемей, тоқтап тұр. Осылардың нәтижесінде жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыс орындарынан, мамандықтарынан, т.б. айырылып отыр.
Әлеуметтік мобильдік өкімет мекемелерінде де орын алады. Бұлар саясаттың өзгеруіне, парламенттің, үкіметтің, жергілікті басқару ұйымдарының жиі ауысуына, саяси реформалар мен басқарудың жаңа оңтайлы түрлерін іздестірумен, т.б. тікелей байланысты. Соның нәтижесінде біреулер бүгін минстр немесе депутат болса, ертең жәй қызмет атқаруға мәжбүр болады немесе жұмыссыздар қатарына қоыслады. Бұл процесс дамыған Еуропа елдерінде 2 – 5 % - дан артпайды. Ал, ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда бұлар 15 – 25 % - ға дейін көтерілген.
Қалалардағы тұрмыстық қызмет көрсету саласында жұмыс, қызмет істеушілердің саны көбеюде. Кейбір дамыған елдерде бұл салада 50% - дан астам жұмысқа қабілеті бар адамдар істейді. Бұл құбылыстың да алуан түрлі себептері бар. Олардың бастылары: көптеген өндіріс орындары ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктерін, әсіресе, автоматтандыру, кибертетиканы кеңінен қолданып, көптеген жұмыс қолын өндірістен босатты, олар жұмыссыз қалды. Сондықтан олар тұрмыстық, қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүр. Меніңше, ХХІ ғасырда дүние жүзіндегі халықтың басым көпшілігі осы салада жұмыс істеуге мәжбүр болатын түрі бар.
Қазақстанда да халықты осы салада жұмыс істеуге ықпал ететін кейбір жағдайлар төбе көрсете басталды. Әрине, біздің елде де тұрмыстық қызмет көрсететін мекемелердің (қонақ үйі, ресторан, дүкен, сән, сауда үйлері, денсаулық сақтау кешендері, казино, туризм, санаторий, т.б.) көлемі ұдайы өсуде.
Дүние жүзінің дамыған елдерінде белгілі бір пайыздағы адамдардың жұмыссыздығы әдетте, жай құбылыс ретінде қаралады. Мысалы, көптеген елдерде жұмыссыздықтың көлемі 2 – 5 % болады. Дамыған елдерде мұндай көрсеткіштер әдеттегі заңды құбылыс ретінде саналады. Бұрынғы Кеңес Одағы уақытында елде ешқандай жұмыссыздық жоқ деп жариялады, мұны ашып айтуға тиым салынады. Бұрынғы одақтас республикалар өз алдына егемендік, тәелсіздік алғаны мәлім. Ол өз бетінше өндірісті ұйымдастырып дамытты. Көптеген өндіріс орындары экономикалық тұрғыда тиімсіз болып жабылып қалды. Жұмыссыз адамдардың кейбіреулері жұмыс тауып алды, кейбіреулері кәсіпкер, бизнесмен, жалға беруші, жеке меншіктегі кәсіпорындарында, шаруашылықтарда жұмыс істей бастады, ал, жұмыссыздардың басқа бір көпшілік бөлігі, әсіресе, жастар, әйелдер, мамандандырылмаған немесе жартылай мамандандырылған жұысшылар, олармен қатар қызметкерлер мен интеллегенция өкілдері жұмыс таба алмай қалды. Жалпы республиканың әр түрлі шаруашылық салаларында жұмыссыздық күн сайын өсу үстінде болды.
1997 – 1998 – жылдары жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің кейбір деректеріне сүйенсек, республика бойынша жұмыссыздықтың ең үлкен пайызы оңтүстік аймақта болып отыр, бірақ, мұнда екінші бір фактор ескерілмеген. Бұл аймақтың ауыл шаруашылығында көп адамдар өздерінің жеке меншік шаруашылығында жұмыс істейді, ал, мұны статистика мекемелері жұмыссыздық ретінде көрсетеді. Керсінше, қала мен ауыл – селодағылардың көпшілігі жұмыс орнын жоғалтса да жұмыссыздардың қатарына енгізілмеген. Кейбір адамдар уақытша жұмыс істемейді. Бұл да есепке алынбаған. Қроғамның әлеуметтік құрылымында әлеуметтік қорғауды ерекше тілейтіндер – зейнеткерлер, бұларға қоғам және үкімет тарапынан үлкен қамқорлық, көмек көрсету қажет
|