Пән Фармация экономикасы мен менеджмент және Маркетинг негіздер Дәріс №1



бет7/22
Дата02.05.2023
өлшемі164.26 Kb.
#473084
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
П н Фармация экономикасы мен менеджмент ж не Маркетинг негіздер

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Котлер Ф. Маркетинг менеджмент: Экспресс – курс. СПБ:- 2001. – 496с.
2. Менеджмент: Конспект лекций. – М. Изд. « ПРИОР». 2000. – 192с.
3. Молл Е.Г. Менеджмент. Организационное поведение:
4. Сборник ситуационных задач, деловых и психологических игр, тестов, контрольных заданий, вопросов для самопроверки по курсу «Менеджмент»: сборник. – М: Финансы и статистика. – 2001. 192с.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1.Басқару шешімі анықтамасы?
2.Шешім қабылдау дегеніміз не?
3.Шешім қабылдау қажеттілігі қандай?
4.Ұйымдық шешім дегеніміз не?
5.Ұйымдық шешім жіктелуі?
Дәріс №6 Тақырып: Фармацевтикалық ұйымның бағалық саясаты.
Мақсаты: Бағаның мәні және оның бәсекелік стратегия элементі ретіндегі ролін айқындау.
Дәріс жоспары:
1.Бағаның мәні және оның бәсекелік стратегия элементі ретіндегі ролі;
2. Баға саясаты: оның мәні және фирманың рыноктағы тәртібінің байланысы;
3. Баға саясатына әсер ететін факторлар. Рыноктар және олардың құрылымы;
4 Баға саясаты. Баға стратегиясының мәні.
Дәріс тезисі:
Бағалар және баға саясаты – кәсіпорынның маркетингтік қызметінің маңызды элементтері. Бұл тауарларға арналған бағалар деңгейіне кәсіпорын-ның коммерциялық нәтижелерінің тәуелді болуымен байланысты, ал олардың таңдаған бағалық саясаты оның рыноктағы жұмысының тиімділігіне шешуші әсер етеді.
Баға, сұраныспен және ұсыныспен қатар, рынокты құрайтын, түйінді пункттердің бірі. Бұл сұраныс пен ұсынысты тепе-теңдік, баланс күйіне келтіретін басты құрал.
Сонымен, баға және маркетингтегі баға саясаты дегеніміз не? Баға ақшаға сатушына сатқысы келетін, ал сатып алушы тауарды сатып алғысы келетін, ақшалар сомасын білдіретін, экономикалық категорияны білдіреді. Тауардың белгілі мөлшерінің бағасы оның құнын құрайды, осыдан баға – тауардың ақшалай құны. Нақты тауар бірлігі басқа тауардың белгілі санына айырбасталғанда, бұл соңғысы берілген тауардың тауарлық бағасы болады.
Баға – күрделі экономикалық категория. Онда қоғамдағы барлық негізгі экономикалық қатынастар тоғысады. Ең алдымен бұл тауарларды өндіру мен өткізуге, олардың нарықтық құнын қалыптастыруға, сондай-ақ ақшалай жинақталуларды құруға, бөлуге және пайдалануға жатады. Баға барлық тауарлық-ақшалай қатынастарды жанамалайды.
Классикалық анықтамаға сәйкес баға тауар құнының ақшалай түрін білдіреді. Алайда ол құнмен сирек сәйкес келеді, өйткені оған көптеген әр түрлі факторлар әсер етеді: өнімге сұраныс, оның бәсекеге қабілеттілігі, рынокта кәсіпорынның алатын орны және т.б. Кейде кәсіпорын өз өнімін монополия-лық жоғары бағалар бойынша сата алады, ал кейде рынокта ұсталып тұру үшін ғана, төмен бағаларға қанағаттануға мәжбүр болады.
Баға сатып алушы үшін ғана емес, сонымен бірге өндіруші үшін де талғаусыз емес, өйткені бұл оның кірістерінің өлшемдерін анықтайтын, жалғыз фактор. Барлық қалған факторлар ең алдымен өзіндік құнды және ол арқылы ғана кірістерді анықтайды.
Бағалардың негізгі қызметтеріне: сұраныс пен ұсынысты есептік, ынталандырушы, үлестіруші теңгерімдеу, өндірісті ұтымды орналастыру критерий-лері жатады.
Баға – бұл маркетингтің икемді құралы, өйткені сұраныс, шығын немесе бәсеке факторларын есепке алып, оны жылдам және оңай өзгертуге болады.
Ол кезде сұраныс шамасы ұсыныс шамасына тең болатын баға, ол бойынша тауар рынокта нақты сатылатын, раноктық бағаны құрайды. Рыноктық (тепе-тең) баға – ол бойынша берілген тауарлық рынокта сатып алу-сату жүретін баға.
Баға стратегиясы – бұл баға белгілеу облысындағы әрекеттердің барлық мүмкін бағыттарынан бағаларды анықтау және өзгерту бойынша ұзақ және орта мерзімді шешімдер.
Баға стратегиясының мәні мынада: баға маркетинг кешенінің тұрақты элементі болып табылады, ал күшті инфляция кезеңінде баға стратегиялары басым мәнді иеленеді.
Баға белгілеудің келесі стратегиялары аса жиі кездеседі:
Тірі қалу – фирма қарқынды бәсеке, төлем қабілетті сұраныстың күрт төмендеуі жағдайларында асыра қарқынмен жұмыс істейді. Бағалар төмендейді, бұл жақын болашаққа ғана арналған міндет, ол ұзақ мерзімді болуы мүмкін.
Баға стратегиясы әр түрлі рыноктар, әр түрлі тауарлар, тауарлардың өмірлік циклінің сатысы, фирманың рынокта бар болу уақыты және өзге негіздемелер үшін әзірленуі мүмкін.
Баға саясаты – қысқа мерзімді және бір реттік сипатты шаралар. Оларға әдетте уақытша жеңілдіктер мен бағаларға үстеме ақылар жатады.
Тактикалық шаралар өндірістік бөлімшелердің қызметінде және рыноктық коньюктураның күтпеген өзгерістері салдарынан пайда болатын, деформация-ны жоюға бағытталған.
Ағымдағы пайданы максимумдандыру – ең көп мүмкін болатын пайданы, қолма-қол ақшаны кідірмей алу, аса жылдам капитал айналымы саясаты. Сонымен бірге фирма, сату бағасын көтермелеп, бәсекелестердің реакциясына қарамастан, ұзақ мерзімді перспективаларға зиын келтіріп, ағымдағы жағдайға назар аударады.
Ағымдағы табыстарды максимумдандыру – дәл шығындарды анықтау мүмкін болмаған жағдайларда, сатудан түсетін табысты максимумдандыруға негізделген стратегия.Тұжырым. Барлық баға саясатының мәні стратегиялық және тактикалық әрекеттерді жоспарлау мен іске асыру процесінде ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет