Пән: Құқық Сынып: 11 Жеңіл деңгей



бет3/3
Дата07.01.2023
өлшемі28.46 Kb.
#468200
1   2   3
TЪT-TЫTЛTЫ 11-TБTЛ¦-TЛ¦¬ TЪ¦Р¦Ч

Пән: Құқық
Сынып: 11
Күрделі деңгей


1. Азаматтық кодексінің 422 бабына сәйкес: Егер сатушы шарт жасасу кезінде сатып алушыға тауарды сатып алудың нақты мақсаттары туралы хабарламаған болса, сатушы сатып алушыға осы мақсаттарға сәйкес пайдалануға жарамды тауар беруге міндетті. Осы құқықтық норманың құрылымы каңдай?
A) Гипотеза, диспозиция, санкция
B) *Гипотеза, диспозиция
C) Диспозиция
D) Диспозиция, санкция
E) Гипотеза, санкция


2. Қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалған уақыт деп танылады:
А) қоғамға қауіпті зардаптар пайда болған уақыт
В) *қоғамға қауіпті әрекет (әрекетсіздік) жүзеге асырылған уақыт
С) дайындық әрекеттер жүзеге асырылған уақыт
D) аяқталмаған оқталу жүзеге асырылған уақыт
Е) аяқталған оқталу жүзеге асырылған уақыт
3. Бұл шарт бойынша бiр тарап екiншi тараптың тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге мiндеттенедi.
A) заем шарты
B) тауар жеткізілімі шарты 
C) *мердiгерлiк шарты
D) мүлiктік жалдау шарты
E) сатып алу-сату шарты

4. Шарттың мəнді талаптары дегеніміз: 


A) *заңнамамен мəнді деп танылған жəне бұл түрдегі шартқа қажет болып табылатын 
B) тараптардың келісімімен бекітілген кез келген талаптар 
C) сотпен бекітілген жəне заңнамамен көзделген кез келген талаптар 
D) өзгертуші жəне толықтырушы талаптар 
E) шартқа кірмейтін талаптар

5. Қандай қылмысқа оқталғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген?


А) онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар
В) ауыр және аса ауыр қылмыстар
С) онша ауыр емес, ауырлығы орташа және ауыр қылмыстар
D) ауырлығы орташа және ауыр қылмыстар
Е) *ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар


6. Өз мүшелерінің еңбек, әлеуметтік экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау үшін кәсіби негізде құрылған қоғамдық бірлестіктер:
A) қоғамдық ұйымдар
B) cаяси партиялар
C) қозғалыс
D) *кәсіподақтар
E) нотариаттық палаталар мен адвокаттық алқалар


7. Сенімхаттың берілген күні көрсетілмеу салдары
A) *оны жарамсыз етеді
B) ол 6 айға дейін жарамды
C) ол 2 айға дейін жарамды
D) ол 1 жылға дейін жарамды
E) ол 2 жылға дейін жарамды


8. Шарт жасасу туралы бір немесе бірнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс
A) бұйрық
B) *оферта
C) акцепт
D) шешім
E) цессия

9. Төмендегі құқық бұзушылықтардың қайсысы әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады?


A) азаматтардың жеке мүлкін ұрлау
B) зиянды бұзақылық
C) *қоғамдық көлікте билетсіз жол жүру
D) есірткі заттарды тарату
E) қарақшылық

10. ҚР жергілікті мемлекеттік басқаруды қандай органдар жүзеге асырады?


A) жергілікті өкілді органдар
B) жергілікті атқарушы органдар
C) жергілікті өзін-өзі басқару органдары
D) жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары
E) *жергілікті өкілді және атқарушы органдар

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет