Пән: «инклюзивті білім беру» 6В01- педагогикалық ғылымдар бб арналған Қарағанды-2023


Зейін тапшылығы синдромы мен гипербелсенділік



бет10/29
Дата31.01.2024
өлшемі6.79 Mb.
#490366
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Инклюзивті білім беру 3

Зейін тапшылығы синдромы мен гипербелсенділік жүйке жүйесінің бұзылыстарына жатады.
Жүйке (неврологиялық) бұзылыстар негізінен ерте балалық жаста байқалатын неврологиялық сипаттағы көріністерден басталады және кейін баланың жеке тұлғалық, әлеуметтік, академиялық немесе кәсіптік дамуына кері ықпал жасайды.
Жүйке-психикалық бұзылыстар салдарынан зейіннің төмендеуі, ақпаратты қабылдау мен сақтау, өмірлік және әлеуметтік дағдыларды қолдану қиындығы туындайды.
Зейін тапшылығы синдромы мен гипербелсенділік белгілері:
  • Зейінсіздік. Әдетте бала қандай да бір тапсырмаларды орындаған уақыта байқалады, бала ақпаратты толық қабылдау мен пайдалану үшін қажетті деңгейде зейін қоя алмайды да, орындалған тапсырманың сапасы төмендейді.
  • Импульсивтілік. Белгілі бір әрекеттерді ойланбай жасау, асығыстық таныту, ойланбай сөйлеу, мінез-құлықтағы шапшаң реакциялар т.б.
  • Гипербелсенділік. Шектен тыс көп сөйлеу мен қимыл-қозғалыс белсенділігі. Әсіресе кіші жастағы балалар бір орында отыра алмайтын немесе үнсіз тұра алмайтын тынышсыздық. Ал ересектер арасында бұл күйгелектік, мазасыздық, тынышсыздық, әбігершілік сияқты түрде көрініс береді.

7 тақырып: Денсаулық мүмкіндіктері шектелген (соматикалық әлсізденген) балалар
Жоспар:
1. Жиі ауыратын балалардың психологиялық ерекшеліктері.
2. Қауіп немесе тәуекел тобындағы балалар.
Астения – жұқпалы, соматикалық науқастар немесе бас-ми жарақаттары салдарынан пайда болатын жүйке-психикалық әлсіздік.
Себептеріне байланысты келесі түрлерін ажыратады:
  • церебральдық астения;
  • соматогендік астения;
  • психогендік астения.

  • Церебральдық астения сау зият дамуының бұзылысы салдарынан пайда болады.

Соматикалық әлсіз балалардың бұл күйі созылмалы науқастардан кейін пайда болады. Үнемі науқас күйдегі балалардың зият белсенділігі төмендейді, селқостық, шаршағыштық , тәбеттеің жоғалуы, ұйқының бұзылуы қалыпты күйге айналады.
Астениялық синдромға байланысты соматикалық әлсіз балалардың жасқа сай психикалық дамуы мен эмоция-ерік саласының дамуы баяулайды.
Бұл балалардың зейін, есте сақтау, ойлау тәрізді танымдық қабілеттерін төмендетеді, психикалық процесстердің тез сарқылғыштығынан бағдарламаларды меңгеру қиындығы арта түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет