Пән: «инклюзивті білім беру» 6В01- педагогикалық ғылымдар бб арналған Қарағанды-2023


Психикалық дамуы тежелген балалар (ПДТ) дегеніміз



бет7/29
Дата31.01.2024
өлшемі6.79 Mb.
#490366
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
Инклюзивті білім беру 3

Психикалық дамуы тежелген балалар (ПДТ) дегеніміз – оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Сондай-ақ бұл балалардың эмоциональдық ерік – жігер саласының жетілмеуі органикалық инфантилизммен түсіндіріледі. Бұл балалар өте мазасыз, әбігерге. Қимыл-қозғалыстары өте шапшаң, бірақ координацияларында дәлдік жоқ. Сыныпта отырғанда үйден алып келген ойыншықтарымен ойнап отырады. Мектептегі ситуацияны сезінбейді. Тапсырма орындауда жалпы сыныппен ілесе алмайды, жұмыс істеу қарқындары баяу, сәл қиындықтар кездессе жұмыстан бас тартады.
Олигофрен балалардан айырмашылығы, білімді анағұрлым тез игере алады және алған тәжірибесін қолдану мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, эмоционалды сфераның дамуының кідірісі (инфантилизмнің әр түрлі түрлері) пайда болса, зияткерлік саладағы бұзушылықтар айқын көрінбейді. Басқа жағдайларда, керісінше, зияткерлік саланың дамуының баяулауы басымырақ болады.
Психикалық даму тежелуі
4 тақырып: Сенсорлық саласы зақымданған балалар
Жоспар:
1. Адам өміріндегі есту, көру және сөйлеу қызметтерінің маңызы.
2. Сенсорлық жүйесі бұзылған балаларға психологиялық мінездеме.
3. Аталған категориядағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері.
Көру дегеніміз - визуалды анализатор көмегімен орындалатын оптикалық қабылдау. Адамның көру қабілетінің арқасында ол қоршаған әлем туралы көп мөлшерде ақпарат алады. Заттардың түсі, формасы, мәні, олардың позициясы мен олардың арасындағы қашықтық туралы адам алдымен өзінің көруінің көмегімен біледі.
Көру aнaлизaтopы, басқа да анализаторлар сияқты үш негізгі бөлімне тұрады: пepифepиялық (көз), өткізгіштер (көру жүйкесі, көру және қыртысастылық жүйелік түзілімдер) және орталық (мидың шүйде аймағындағы тіндер). Бұл анализатордың қызметі көру тітіркенулерін қабылдауы мен талдауын қамтамасыз етеді.
Есту – бұл ағзаның есту анализаторы арқылы дыбыстық сигналдарды (тербелістер) қабылдау мен ажырату қабілеті. Бұл анализатор 3 бөлімнен тұрады: дыбыс қабылдаушы рецептор (сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ), өткізгіш жүйке жолдары және орталық бөлім (мидың үлкен жартышарларының самай аймағында орналасқан ми тіндері).
Есту қабілетінің сау сақталуы баланың дамуы үшін өте маңызды, себебі қоршаған орта туралы ақпараттардың орасан зор бөлігі есту анализаторы арқылы қабылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет