Special-edu.kz Special-edu.kz ғылыми-практикалық орталығы Satr.kz бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік Nao.kz Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Баланың қалыпты даму шарттары (Г.М. Дульнев, А.Р. Лурия): - мидың және оның қыртысының қалыпты жұмысы. Патогендік әсер тітіркену мен тежелу процестерінің қалыпты арақатынасын, кіретін ақпаратты талдау мен синтездеуді, адамның ақыл-ой әрекетінің әртүрлі аспектілеріне жауап беретін ми блоктарының өзара қызметін бұзады;
- баланың қалыпты физикалық дамуы және оның қалыпты жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін жүйке процестерінің қалыпты тонусы;
- баланың сыртқы әлеммен қалыпты байланысын қамтамасыз ететін сезім мүшелерінің саулығы;
- отбасында, балабақшада және орта мектепте баланың жүйелі және үздіксіз білім алуы.
Дефект - лат. Defectus – ақау, кемістік, жетіспеу.
Кеміс даму дегеніміз – баланың қалыпты дамуының бұзылуына әкелетін физикалық немесе психикалық кемшілік.
Л.С. Выготский кемістік салдарының екі түрлі жағын қорытындылай келе былай дейд: «бір жағынан органикалық кемістікке байланысты қызметтер жетілмей қалады, ал екінші жағынан – компенсаторлық механизмдер пайда болады: «Кемістік минусы компенсация плюсіне айналады».
«Дизонтогения» терминін алғаш рет неміс клиницист дәрігер П. Швальбе (1927) құрсақішілік даму кезіндегі дене құрылымдарының қалыптасуында морфофункционалдық жүйелері әлі жетілмеген ерте кезеңдегі ауытқуларды белгілеу үшін қолданған.
Бастапқыда дизонтогенезге тек құрсақішілік дамудың бұзылыстары, туа біткен даму ауытқулары, деформациялар, оның ішінде алдымен денеге қатысты кемістіктер кірген (Швальбенің өзі эмбриолог, тератолог ретінде танымал).
Қазіргі уақытта дизонтогенез тұжырымдамасы туғаннан бастап өлгенге дейінгі кезеңдегі дамудың бұзылуы деп түсіндіріледі, себебі бұл адамның өмір бойында жалғасады.
Дизонтогенез кез-келген органдар мен жүйелерге, денеге және адамға тұтастай әсер етеді. Айталық, жүйке жүйесінің дамуындағы бұзылулар психикалық дизонтогенезге жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |