Пән оет 1109 «Экономикалық теория негіздері» Мамандықтар: 5В140100-Ақпаратық жүйе, 5В030100- зангерлік, 5В090200-Туризм, 5В072700 – Азық-түлік өнмдерінің технологиясы



бет3/5
Дата01.07.2016
өлшемі0.55 Mb.
#171264
1   2   3   4   5

Талқылауға берілген сұрақтар:

  1. «Жұмысшылардың меншігі» терминін қалай түсінесіз?

  2. Жұмысшылар меншігін теориясы мен практикаға енгізудің шетел тәжірбиесі қандай? Е8ОР (EmployeeStock Owership Plan – План наделения работников акциями) американдық жүйесі туралы не білесіздер? Басқарудың партисипативтік әдістері қандай? Қазақстанда партсипативті әдістердің келешегі қандай?

  3. САЗ –да еңбектің жоғары өндіріс жүйесін енгізу және басқару реформалары, жұмысышылардың меншігін тиімді жүзеге асыруды қандай факторлар анықтайды?

  4. Жұмысшылардың меншігі негізінде жекешелендіруді жүзеге асырған САЗ-да қандай практикалық өзгерістер болды? Меншіктің мұндай формасы экономикалық демократиямен үйлесе ме?

  5. Кәсіпорынды еңбек ұжымының меншігіне беру өзіндік басқарудың югославиялық тәжірбиесін қайталау болып санала ма?

  6. САЗ-да меншік үлесінің көлемі неге тәуелді және меншік құқын алған жұмысшы оны қалай пайдалана алды? Кәсіпорын қызметінің нәтижесіне қарай үлес көлемі және бағасы қалай өзгеріп отырды? Бұл өзгерістерді қалай бағалауға болады?

  7. Еңбек ұжымының меншігі жеке меншіктің ерекше формасы бола ала ма?

  8. Жұмысшылардың меншігімен құрылған компанияда ұйымдастыру мәдениеті қандай болу керек?

  9. Жұмысшылардың меншігін бөлу процесін дамытуды мемлекеттік саясат ретінде қарауға бола ма?

  10. Әр түрлі елдердің жинақталған тәжірбиесінің оңтайлы тұстарын қолдану үшін САЗ өз жұмысын қайта құра ала ма? Ағымдағы жұмысқа байланысты шешімдерді қабылдауға толық құылы болу және билікті радикалды орталықсыздандыру қажет пе? Орталықсыздандыруды материалдық ынталандырудың жаңа жүйесімен байланыстыруға бола ма?

  11. САЗ-тың басшыларымен әлеуметтік салаға көмек көрсетуі, олардың патернализмі зауытта жұмысшыларды жұмыстан шығармауға ықпалын тигізгенін директор мақтан етеді. Ұзақ мерзімді келешекте бұл фирманың бәсекеқабілеттілігін төмендетуі мүмкін бе?

  12. Ұсынылған мысалда кәсіподақтық ұйым формасында құрылған басшылыққа қарсы тұратын шынайы күш болған жоқ. Жұмысшыларға басшылардың қызметіне ықпал жасайтын және бақылап отыратын механизмдер қажет пе?

  13. Ондаған мың компаниялар үшін құнды қағаздар нарығының ашық болуынан гөрі, батыс түсінігінде «шынайы» құндылығын көрсететін әдістер САЗ-тың ішкі нарығында акция бағасын анықтау практикасы тиімді ме?

  14. Неге Қазақстанда меншікке жұмысшылардың құқылы болу тәжірбиесі іс жүзінде қолданылмады? Ереже бойынша, еңбектік ұжымның үлесі акционерлік капиталдың 10-12 % - нан аспады.


Кейс «Химфарм» акционерлік қоғамын жекешелендірудің жеке жобасы»

1993 жылы Ф. Дзержинский атындағы Шымкенттік химия- фармацевтік зауыты привилегиялы акция түрінде, 10 % -ы еңбектік ұжым үлесіне, 90 %- ы мемлекет үлесіне тиетін, жарғылық қоры 30,4 млн. тенге «Химфарм» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

Акционерлік қоғамға дейін зауыттың қоғамының негізгі көрсеткіштері төмендегідей болды:

1. Өнім шығару көлемі:

- глауцин – 1648 кг.

- аллапенин -12,5 кг.

- натрий хлорид – 309030 кг.

- қия тамырдың шырыны - 2900 қорап.

2. Жұмысшылар саны – 687 адам, оның ішінде:

- өндірісте – 672 адам;

- әкімшілік персонал – 83 адам;

- әлеуметтік салада – 112 адам.

3. Негізгі қордың тозу деңгейі – 60 % -дан астам.

4. Таза пайда – 1443 мың тенге.

5. Пайданың негізгі жұмсалуы:

- тұтыну қоры – 207 мың тенге;

- әлеуметтік сала объектілеріне – 413 мың тенге;

- басқа да бағыттар, оның ішінде өндірісті қайта инвестициялау – 823 мың тенге.

Кәсіпорынды акционерлік қоғамға айналдыруда біршама құрылысы аяқталмаған объектілер болды. Олардың ірілері микробиологиялық лабораториялар, мукалтин өндірісі, өсімдік шикізатынан өндірілетін препараттар шығару орындары.

Әлеуметтік салада: бала бақша, профилакторий, лагерь, клуб, медициналық пункт болды.

Акционерлік қоғамға өткеннен кейін бір жарым жыл бойы «Химфарм» жұмысы тоқтап қала берді. Оған себептер:


  • қарқынды инфляция;

  • төлем дағдарыстары;

  • -энергоресурстармен қамтамасыз етудің ырғақты болмауы, оның құнының жоғары болуы.

  • өндірудің жаңа жүйелерінің болмауы;

  • өнімнің өзіндік құнының жоғары және өткізу нарығында шетел өнімдерімен салыстырғанда бәсекеқабілетсіз болуы.

Нәтижесінде акционерлік кәсіпорын тығырыққа келіп тірелді: өнім өтімін жоғарлату үшін өндірісті қайта жаңғырту, жаңа технологияларды сатып алу қажеттілігі туындады. Бұған қаражатты өнімді өткізуден түскен түсімнен алуға болады, бірақ өнімге сұраныс болмағандықтан өткізу көлемі төмен болды. Осы факторлардың жиынтығы 1995 жылы мамыр айында кәсіпорын жұмысының тоқтап қалуына алып келді.

1995 жылы қазан айында кәсіпорын қаражат табу мақсатында мемлекеттің акция пакетінің 10% акциясын инвестициялық жекешеленген қорға (ИЖҚ) аукциондық сату ұйымдастырылды. Нәтижесінде 12 ИЖҚ «Химфарм» АҚ-ның акция иегері болды, бірақ әр қайсысында тек 1 % көлемінде акция болғандықтан өндірісті инвестиялауға олар ынта білдірмеді. Сондықтан, ҚР Үкіметі мемлекеттік акция пакетін пайдалану құқын беріп, оны басқаруға келісім жасауға жаңа инвестор табу үшін тендер жариялады.

Тендер шарттары:


  • шаруашылық- қаржы қызметін оптимизациялау;

  • қарыздарды өтеу;

  • өндіріс көлемін ұлғайту және тұрақтандыру;

  • жаңа медициналық препараттарды шығару;

  • өндірісте пайданы қайта инвестициялау және тікелей инвестициялау жолымен өндірілетін өнім сапасын көтеру;

  • озат технологиялар қатарына қосылу.

Тендерді ұтып алған ирландтық компания «Donnadel LTD». Ол өз міндетіне келесі қарыздарды жабуды алды:

а) зейнетақы қорына – 6,7 млн.тенге;

ә) еңбекақы -14,4 млн.тенге;

б) кәсіпорынның күзетіне – 10,5 млн.тенге;

в) тұтынылған энергоресурстар (жылу+су) – 4,2 млн.тенге;

г) тұтынылған газ – 2 млн.тенге.

«Donnadel LTD» компаниясы келесі міндеттерді орындауға тиіс болды:


  • ағымдағы өндірістің айнымалы құралдарын қаржыландыру;

  • негізгі өндірістегі жұмысшылар орнын сақтау.

  • өнім өндірісін ұлғайту.

Келісімдегі шарттарға сай, үш айдан кейін 1996 жылдың ортасына қарай компания қарыздары толық өтелді, ол үшін 3 жылға 5,3 млн АҚШ доллары несиеге алынып, несиелік қаржы келесі бағыттарға жұмсалды:

  • барлық ғимараттар мен жабдықтарды ағымдық және күрделі жөндеулен өткізу;

  • жарақатты тануға арналған құралдарды 2300 мың данаға дейін өндірісін ұлғайту;

  • дәрі- дәрмектерді дайын таблетка күйінде шығару;

  • қуаттылығы 19,5 тонналық меншік бу қазандарын салу. Бу қазандары глауцин гидрохлорид, эфедрин, сұлушөп сығымын алу өндірісін іске қосуға мүмкіндік берді.

Зайымдық құралдар, сонымен бірге коммерциялық және өндірістік келіс акционерлік кәсіпорынның дамуына жол берді.
«Химфарм» АҚ дамуының экономикалық көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

1995ж (келісім жасалғанға дейін)

01.01.98ж

1

2

3

4

Өнім шығару (салыстырмалы бағада)

млн. тенге

193,6

486,9

2. Өнім ассортименті




27

85

Табиғи:

  • дәке

  • тұнбалар

  • спирттік ерітінділер және корвалол

  • майлар,

  • таблеткалар

  • субстанциялар,

  • қорапталған шөптер

мың.дана


мың. флакон

-

-



мың. қорап

кг.


мың. қорап

306


49,5

0

8,1



0

5343,4


0

1622


466

1310


88

6942


90431

22


3. Жұмысшылар саны (орта жылдық)

адам

823

856

4. Еңбекті төлеудің орта айлық қоры

тенге

3739

6856

5. Несиелік қарыз, барлығы:

Оның ішінде:



Млн.тенге

89,3
15

39,7


34,6

0


117,3
0,065

76,1


40,8

17,43


1

2

3

4

6. Дебиторлық қарыз, барлығы:

Оның ішінде



  • тиелген тауар бойынша

  • берілген аванс бойынша

  • оның ішінде: 1994-1995

млн. тенге

48,6
22,6

25,9


911,9

94,6
73,8

20,8


-

7. Қайта инвестицияланаған және инвестиция көлемі, барлығы:

Оның ішінде:



  • негізгі капитал

  • айнымалы капитал

  • қарыздарды өтеу

  • күрделі салымдар

млн.тенге


224,6
0

75,5

0

149,1






8. Басқару келісімі бойынша келісімдік міндеттерді орындау:

мерзімі











9. Бюджетке қарыз

млн.тенге

18,1

0

10. Бюджеттік төлемдер

млн.тенге

25,3

73,9

Бірақ келесі себептерге байланысты, несиелік және дебиторлық қарыз жоғары болды:



  • өткізу нарығында үлесті көбейту үшін делдалдарға тауар қолма- қол ақшасыз қарызға берілді;

  • өсімдік шикізатын қолдануға байланысты, шикізатты көп көлемде сатып алу жаз- күз маусымында болғандықтан, жабдықтаушыларға төлем алдын – ала төленіп отырды.

Қазіргі уақытта «Химфарм» тек отандық қана емес, сонымен қатар шетел нарықтарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Өнім тұтынушылары: ТМД елдерінің «Фармация» бірлестігі, Ресей, Белоруссия, Өзбекстан фармацевтік зауыттары. Өнімнің 5 %-ы Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан фармацевтік өнеркәсіп агенттерімен сатылады.

«Химфарм» АҚ Қазақстанда ғана өсетін сары өгейшөп өсімдігінен дайындалатын «Глаупин» дәрісінің жалғыз жабдықтаушысы. Бұдан басқа, апиын алколиді негізінде жасалатын дәрі- дәрмекпен барлық ТМД елдерін қамтамасыз етеді, апиындық шикізаттың ТМД және Шығыс Еуропада жалғыз өндірушісі болғандықтан, БҰҰ бақылауында.

1997-1998 жылдарға компания басқарушысымен қазіргі заманғы нарық талабына сай келетін дайын дәрі-дәрмек және тиімділігі жоғары препараттар өндірісін жасау мақсатында «Химфарм» АҚ даму бағдарламасы өңделді. Маркетингтік зерттеулер негізінде инвестициялық бағдарлама жасалды.

Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру арқылы өнім өндірісін 7 есеге ұлғайтып, қосымша 1,5 млрд. тенге көлемінде пайда алуға болады.

Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Оңтүстік Қазақстан территориялық комитетпен бірігіп, қосымша акция эмиссиясын жекешелендіру моделі жасалды (жекешелендірудің дара жобасы шегінде).
«Химфарм» АҚ инвестициялық бағдарламасы




Өндіріс атауы

Қуаттың өлшем бірлігі

Қуаттылығы

Инвестиция, млн.тенге

1

2

3

4

5

1.

Өнім сапасын бақылау лабораториясын және инъекцияға арналған суды алу үшін монтаждық құрылымды инъекциялар өндірісін ашу.

Жылына млн. ампула

120

596,4

2

«boutlepack» қолданумен инфузионды ерітінді алу өндірісін ашу

Жылына млн. флакон

6-7

332,2

3

Стерилді емес спирттік ерітінді өндірісн ұйымдастыру

Жылына млн.флакон

10-12

22,6

4

Полиграфиялық және картонаждық бөлім ашу







133,7

5

Қоймаларды қайта конструкциялаудан өткізу







21,5




Барлық инвестиция:







1106,4

«Химфарм» АҚ жарғылық қоры 1527,3 млн.тенгеге ұлғаяды, оның ішінде қайта ұйымдастыру жұмыстарына -1106,4 млн.тенге жұмсалады. Қолда бар қорларды қайта бағалаумен шұғылданатын индексация қоры қосымша қаржы құралдарына эмитент бермейді. Қажетті қаражатты 1106,4 млн. тенгені құрайтын 3725252 дана көлемінде акция пакеттерін сатумен қана табуға болады. Акцияны ашық сату күткен нәтижені бермеуі мүмкін, біріншіден – меншіктің бөлінуі, екіншіден «Химфарм» АҚ акциясына сұраным жоқ. Сондықтан акционерлер акция пакетін инвесторлардың шектелген санына сатуға шешім қабылдады:



  • мемлекеттің уәкілді органдарына;

  • «Donnadel LTD» компаниясының басқарушысына.

Мемлекет 04.04.1994 жылы жасалған келісім міндеттері орындалса ғана, акция пакеттерін басқарушының сатып алуына рұқсат берді.

Акция пакеттері сатылғаннан кейін «Химфарм» АҚ жарғылық қоры төмендегіні құрады:

а) «Donnadel LTD» фирмасы -71%;

ә) мемлекет мүлкін басқару бойынша Оңтүстік Қазақстан территориялық комитеті -

23 %;

б) инвестициялық жекешелендіру қоры – 3 %;



в) еңбек ұжымы – 3 %.
Талқылауға берілген сұрақтар:

  1. Акционерлік меншіктің экономикалық мәні.

  2. Ф. Дзержинский атындағы Шымкенттік химия – фармацевтік зауытын акционерлеуге талдау жасаңыз. Акционерлік капитал құрылымы қалай қалыптасты?

  3. Акционерлік қоғамның қызметі тиімді болу үшін қандай шарттар жасалды? Неге Қазақстанда жекешелендірудің акционерлік формасы инвестициялық жекешелендіру қорын қалыптастырудың негізі болды? Неге ИЖҚ инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асырудың басты жұмысшы құралы болмады?

  4. Неге 12 ИЖҚ акция иегері болғанмен, өндіріске инвестиция көзін тартпады?

  5. Неге ҚР Үкіметі мемлекеттің акция пакетін пайдалану құқын беретін басқару келісіміне тендер жариялауға шешім қабылдады?

  6. «Химфарм» АҚ «Donnadel LTD» ирландтық компаниясына берген дұрыс деп ойлайсыз ба?

  7. Тендерде басқа қуатты инвесторларды тарту мүмкіндігі болды ма?

  8. «Donnadel LTD» ирландтық компаниясы алғаннан кейінгі уақытта «Химфарм» АҚ дамуының экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасаңыз. Неге кредиторлық және дебиторлық қарыз жоғары болды?

  9. «Химфарм» АҚ инвестициялық бағдарламасын жүзеге асырудың тиімділігі бар ма?

  10. Қосымша эмиссияға жекешелендіру моделін өңдеу дұрыс па (жекешелендірудің дара жобасы шегінде) ?

  11. «Химфарм» АҚ жарғылық қорының төмендегідей бөлінгені Сіздің ойыңызша дұрыс па?

а) «Donnadel LTD» фирмасы -71%;

ә) мемлекет мүлкін басқару бойынша Оңтүстік Қазақстан территориялық комитеті -

23 %;

б) Инвестициялық жекешелендіру қоры – 3 %;



в) еңбек ұжымы – 3 %.
Әдістемелік ұсыныстар. Дайындықты ұсынылатын әдебиеттерді оқудан бастап, меншіктің объектісін субъектіден айыра білу керек, меншік құқына түсінік беріңіз. Нарықтық экономикаға тән меншік формаларын анықтаңыз.

4 тақырып. Экономикалық жүйелердің типтері мен олардың даму заңдылықтары

СӨЖ тапсырмалары:

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.

  2. Өзіндік бақылау сұрақтарына жауап беру.

  3. Берілген тапсырмаларды орындау.

  4. Тестілік сұрақтарға жауап беру.

  5. Келесі тақырыптарға реферат жазу: «Нарықтық экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктері», «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – экономиканы диверфикациялаудың негізі», «Ақпараттық экономика».

  6. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Тарихи процестегі индетерминисттік теориялардың қайсысын Сіз білесіз? Олардың бірлігі мен айырмашылығы неде?

  2. А.Дж. Тойнбидің пікірінше, цивилизацияның пайда болуын, дамуы мен құлдырауын қандай факторлар анықтайды?

  3. Тарихты шаруашылық формалары бойынша бөлудің басымдылықтары мен артықшылықтары неде?

  4. «Жүйе» түсінігі қалай сипатталады, оның қасиеттері қандай?

  5. Экономикалық жүйенің қызметтерін және негізгі белгілерін, олардың түрлерін атаңыз.

  6. Әкімшілдік - әміршілдік жүйенің дағдарысқа ұшырау кезеңдерін атаңыз. Экономиканы трансформациялау әдістерін сипаттаңыз.

  7. Өтпелі экономика, аралас экономика, өтпелі кезең экономикасына салыстырмалы талдау жасаңыз.

  8. Индустриалды экономикаға дейін, индустриалды және постиндустриалды қоғамдарда қандай ресурстар сирек кездесетін ресурстар болып саналады?

  9. Ресурстардың сирек кездесу проблемасы дәстүрлі қоғам, рыноктық және әкімшілдік экономикада қалай шешіледі?


Тапсырмалар:

1. Экономистер мен саяси ойшылдардың идеялары, олар қателессе де дұрыс болуы мүмкін. Шындығында әлем осы ойлармен басқарылады. Практикада олар өздерін жетілген және ешқандай интеллектуалды идеяны ұстанбайтын адамдар қатарына қосқанмен, олар санасында бұрынғы уақыт экономистімен айтылған идеяны ұстануы мүмкін. Бұл пайымдауды кім жазған?

2. Кестені толтырыңыз. Егер шаруашылық субъектілері мен түзету түрлерін келтірсе, қоғамдық құрылымның қандай түрлерін алуға болады?





Жеке меншік

Мемлекеттік меншік

Рынок







Орталықтанған жоспарлау






3. Экономикалық жүйелерді бөлуде қолданылатын негізгі төрт критерий бар:

- шешім қабылдау шараларын ұйымдастыру;

- кіріс және бақылауды қамтамасыз ететін форма (1);

- түзетулер мен ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесі;

- адамдардың қызметіне түрткі болатын механизм (2).

Қойылатын сөздер: тауар айырбасы, қайта өндіру, меншік, мақсат, салық салу.

Тестілік сұрақтар:

1. Экономикалық жүйенің өмір сүруінің негізгі себебі:

а) сирек ресурстарға қатысты айрықша заңның болуы;

ә) өндіріс ресурстарына меншіктің болуы;

б) қоғамның саяси күштерінің қозғалысы;

в) экономикаға мемлекеттің басшылық етуі.

2. Келесі жұптарда үйлеспейтін экономикалық мақсаттарды көрсетіңіз:

а) әлеуметтік – экономикалық тұрақтылық және экономикалық өсу;

ә) экономикалық өсуді жеделдету және қоршаған ортаны қорғау;

б) әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық және жұмыспен толық қамту;

в) экономикалық өсу және ҒТП-ті жеделдету.

3. Экономикалық жүйеде технология қажет, себебі:

а) өндіріс мүмкіндіктеріне шек қояды;

ә) не өндіру керек екенін анықтайды;

б) өнім бағасына әсер етеді;

в) экономикалық өсуді анықтайды.

4. Экономикалық жүйе келесі сұрақтарды шешеді:

а) не, қайда, кім үшін;

ә) не, қалай, кім үшін және өсу қарқыны қандай;

б) қашан, неге, қайда және кім;

в) инфляция мен жұмыссыздық себептері неде?

5. Айталық, экономикалық жүйеде барлық ресурстарды бір өнімді өндіруді ұлғайтуды екінші өнімді өндіруді азайту есебінен жүзеге асыруда қолданады. Мұндай ситуацияны экономист келесідей атайды:

а) тиімді;

ә) әкімшілдік - әміршілдік жүйе;

б) тиімсіз;

в) экономикалық дағдарыс.


Әдістемелік ұсыныстар. Дайындықты ұсынылатын әдебиеттерді оқудан бастап, «экономикалық жүйе» категориясының мазмұнын ашып, әрбір экономикалық жүйеге сипаттама беріп, экономикалық жүйелер эволюциясын анықтаңыз. Сосын өтпелі экономикаға тоқталыңыз. Топтық жоба формасында «ҚР экономикасын реформалау» сұрағын қарастырған жөн.

5 тақырып. Қоғамдық шаруашылықтың нысандары. Тауарлы өндіріс. Ақша.

СӨЖ тапсырмалары:

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.

  2. Өзіндік бақылау сұрақтарына жауап беру.

  3. Берілген тапсырмаларды орындау.

  4. Тестілік сұрақтарға жауап беру.

  5. Әр экономикалық жүйе түрлеріне академиялық эссе жазу.

  6. Топтық жоба формасында «Қазақстан Республикасындағы ұлттық валютаның қалыптасуы мен нығаюы» сұрағына жауап дайындау.

  7. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Қазіргі заман талабына натуралды шаруашылық сай келе ме және оның келешегі қандай?

  2. Шаруа бидайды өз шаруашылығында пайдаланса, тігіншінің өзіне арнайы тіккен көйлегі, яғни өзі тұтыну үшін өндірілген зат қалай аталады? Тауар немесе өнім?

  3. Егер тауар сатылмаса, оның тұтыну құны өзгере ме?

  4. Егер тауар адамдарға тек пайдалы қана болмай, зиянын тигізсе, оның тұтыну құны бола ма? (мысалы, шылым, алкоголь ішімдіктері, қару, есірткі тауарлары).

  5. Ақша не үшін қажет? Ертеде адамдар ақшасыз өмір сүрген. Осы уақытқа дейін экономикалық және саяси ойлардың жеке өкілдері әлемдегі барлық зұлымдық ақшадан келеді, сондықтан оларды жою қажет деп ойлайды. Сіз осыған келісесіз бе?

  6. Өз ақшаңыздың жұмсалу ретін байқап көріңіз. Қандай ақша сомасы билігіңізде болады? Бір айда жұмсалатын ақша сомасымен салыстырыңыз. Айына сіздің ақшаңыз қанша айналым жасайды? Өз жанұяңыздағы ақша сомасына қатысты есептеулер жасаңыз. Сіз бір айлық ақша сомасы келесі айға дейін жұмсалып кетеді деген пайымдаумен келісесіз бе?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет