Саяси жүйе қызметтері:
- Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету;
- Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат – мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларын басқарады;
- Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызмет атқарады;
- Экономиканың қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау;
- Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау;Саяси процесс ұғымы кең жөне тар мағынасында қолданылды. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті, керсетеді. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, баскарудың жаңа кұрьшымынын, дүниеге келуі және т. с.с.
Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала - өте күрделі құбылыс. Онда өмір сүріп жаткдн топтардың, жіктердің, ұйымдардың , мақсат-мүдделері кейде кабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады. Соған орай күн сайын көптеген өзгерістер болып, бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері, өшіп дегендей, өзгеріп жататыны белгілі. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайга келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бүл процесс саяси деп аталғандықтан ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу жөне кайта бөлуге, азаматтарды шешім қабылдауға, басқарушылардың қызметің бакылауға және т.с с. жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін арттыруға байланысты болады. Сондықган саяси процестің, басты мәселесі, азаматгардың әр түрлі мүдделерің біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда.
Жалпы ұжымдық мақсат-мұратты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресми ұйымдар, ақпарат кұралдары және т. б. катысады. Бірақ мұнда басты рөлді жоғарғы мемлекетгік билік институттары аткарады. Себебі, саяси шешімдерді қабылдап, іске асыратын негізгі тетік солар. Биліктін. шоғырлану дәрежесі, саяси дамудың мақсат-мұратын айқындауға қатысатын топтардың арасындағы екілеттілікті бөлу мәселелері олардың іс-әрекетіне байланысты. Саяси субъектілердің өзара қатынастары, саяси өзгерістердің екпіні, Ті т. да солардың іс-қимылдарымен айкындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |