Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған


Практикалық сабақ жоспары (3 сағат)



бет26/66
Дата20.10.2022
өлшемі1.08 Mb.
#463078
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

Практикалық сабақ жоспары (3 сағат)
1-сабақ
1. Табиғи таза өнімдер және оған сұраныс
2. Мәтінді оқып, түсінгенін айту. Сөздікпен жұмыс жүргізу
2-сабақ
1. Табиғи өнімнің сапасы, таза өнімнің денсаулыққа пайдасы.
3-сабақ
1. Іс-қимылдың объектісі, табыс септік жалғауының түсіріліп қолданылуы, күрделі сөздер (сүт өнімдері, ауыл шаруашылығы, қоршаған орта). Оларға қосымшалардың жалғану ерекшеліктері.
2. Тапсырмалар орындау
Әдебиеттер: нег.1, 2, 3, 5, 7, қос. 8, 9, 15, 16, 14, 18


СӨЖ-ге арналған тапсырма:
1.«Қазақстанның экологиялық проблемалары» атты реферат жазу.
2. Жағдаяттық тапсырмалар құру
3. «Экология» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру
4. Бақылау жұмысына дайындық.
ОСӨЖ-ге арналған тапсырма:
1.«Қазақстанның экологиялық проблемалары» атты рефератты талқылау 2. Жағдаяттық тапсырмаларды орындау
3. «Экология» сөзіне құрастырылған сөзжұмбақты шешу
4. Бақылау жұмысына дайындалу


1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Мәтін бойынша әңгімелесейік...


Су - әлемдегі өзекті мәселенің бірі
Су туралы көп жазылып та, айтылып та жүр. Қазіргі таңда су проблемасы – аса өзекті мәселелердің бірі. Біздің экологияға жауапсыз қарауымыздың нәтижесі қаншама теңіз, тұщы суларды бүлдіріп, өзендер мен көлдердің суын уландырып жатыр.
Босниядағы соғыс кезінде сербтер қару-жарақпен соғыс орнына басқа әдіс тапқан – қарсыластарының ауыз су алатын көздерін жою.
Су терроры Сомалидегі ішкі соғыста да қару ретінде қолданылған. Тек қана Сомалиде емес, Африканың көптеген аудандарына онсыз да тапшы суды арандатушылық әрекеттерге қолдануда.
Статистиктер мен зерттеуші ғалымдар Африка мен Босниядағыдай су соғыстарының бүкіл дүниеге жайылу қаупі бар екенін ескертеді.
Иордания королі Хусейннің төмендегі сөздері ғалымдардың пікірін растай түсетіндей: «Израильмен арадағы түсінушілік келісімдерімізге тек қана су мәселесі кедергі болуы мүмкін».
БҰҰ-ның зерттеулеріне қарағанда 2025 жылы дүниежүзі халықтарының үштен екісі су тапшылығынан зардап шегетін көрінеді.
1992 жылы Рио-де-Жанейрода Англияның БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі Гриспин Тиккел бүкіл дүниеде ауыз су - өзекті мәселеге айналып отырғанын ескертіп, былай деген болатын: «Мұнай үшін болған соғыстар су үшін болатын соғыстардан әлдеқайда артта қалады».
Табиғат – тәңірдің сыйы – суды пайдалану, үнемдеу, тазалығын қорғау мәселесі – адамзат алдындағы, халықаралық ұйымдар алдындағы және БҰҰ-ның алдындағы ең маңызды мәселе.
Табиғат – Ананың сыйы – судың да сұрауы бар екенін ұмытпайық.


Сөздік:
Ауыз су алатын көздерін жою – уничтожать источников питьевой воды
арандатушылық әрекеттер – подстрекательские действия
түсінісушілік – взаимопонимание
зардап шегу – потерпеть ущерб, убытки.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет