2-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз. Қазақстандағы туризм саласы туралы әңгімелеңіз.
Қазақстандағы туризм
1993 жылы Қазақстан Дүниежүзі туристік ұйымының мүшелігіне енді. Елімізде туризмнің дамуы үшін барлық қажетті, мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар бар. Қазақстандағы қандай туризм түрлері бар екенін білесіз бе? Бізде туризмнің бірнеше түрі қарқынды дамып келеді. Олар:, этнотуризм, тау туризмі, емдік-сауықтыру туризмі, мәдени-танымдық туризм т.б.
1. Этнотуризм. Этнотуризм – Қазақстандағы елдің бай тарихи өткені мен қазақ халқының мәдениетінің өзіндігіне қызығатын адамдарды тартатын туризмнің бір түрі. Қазақстанның қай аймағында болмасын жолаушылар қазақ этносына тән салт-дәстүрмен, шығармашылық ерекшелікпен танысып, елдің мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін зерттей алады.
2. Тау туризмі. Қазақстан тау туризмі үшін қолайлы ел. Мұнда бұл салада барлық жағдай жасалған деуге болады. Қазақстан бойынша турлар белсенді демалысты, жабайы табиғатпен кездесулерді, қарлы тау шыңдарына шығуды, сонымен қатар, жол-жөнекей жұмбаққа толы үңгірлер мен көгілдір терең сулы көлдердің жағаларын зерттеулерді қосады.
3. Емдік-сауықтыру туризмі. Дамушы еліміз емдік-сауықтыру туризмі үшін ерекше жер. Себебі, еліміз тек қана емдік табиғи ресурстармен ғана бай емес, сонымен бірге, табиғи өңірлерде орналасқан заманауи шипажайларымен де танымал. Емдік-сауықтыру туризмі Қазақстанның барлық территориясына таралған, сондықтан, сіз елдің қай жерінде болсаңыз да, емделумен демалысты қатар қолдана аласыз. Емдік курорттар түрлі ауруларға ем болатын минералды су, бұғы мүйізімен емдеу, емдік климат және т.б. түрлі емдеу қызметтерін ұсынады.
4. Мәдени-танымдық туризм. Елімізде 25 мыңнан астам ескерткіштер және географиялық көрікті жерлер бар екен. Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасы объектілері ЮНЕСКО әлемдік маңызы бар ескерткіштері болып танылады және осы ұйымның қорғауында. Сонымен қатар мәдени құндылықтардың 2 миллионнан астам бірліктері қазіргі Қазақстан жерінің тұрмыстық мәдениетінің дамуының барлық кезеңдерін бейнелейді.
3-тапсырма. Анаграммаларды шешіңіз.
“Б” – дан бастасаң –
Жейтін тамақ,
“Б” –ны алып тастасаң –
Байтақ аймақ.
Достарыңызбен бөлісу: |