Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған



бет50/66
Дата20.10.2022
өлшемі1.08 Mb.
#463078
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

3-сабақ
1. Анықтауыштық қатынас (нарықтық экономика); кеңістіктік қатынас (Еуразия төрінде)
Әдебиеттер: нег.1, 2, 3, 5, 7, қос. 8, 9, 11, 15, 16, 18


СӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. «Тәуелсіз елдің экономикасы» тақырыбында презентация жасау
2. Тақырыпқа қатысты мәтінді әңгімелеуге дайындық
3.Экономикалық келіссөздер – тұрақтылық кепілі (БАҚ материалдарымен жұмыс)
ОСӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. «Тәуелсіз елдің экономикасы» тақырыбында презентацияны қорғау.
2. Тақырыпқа қатысты мәтінді әңгімелеу
3.Экономикалық келіссөздер – тұрақтылық кепілі тақырыбында БАҚ материалдарымен жұмыс жүргізу.


1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Экономика — грек сөзі, «Үй шаруашылығын жүргізу өнері» деген мағынаны білдіреді. Экономика — материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың негізі болып табылады. Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. 
Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруашылық тетіктерін, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды біріктіреді. Экономикалық жүйе өзінің басты мақсаты ретінде — қандай тауар өндіріп, қызметтің қай түрін көрсету керектігін; қандай технологияны пайдаланып, қалай өндіруді, кім үшін өндіріп, кімге қызмет көрсету қажет деген мәселелерді шешеді. Бұл мәселелерді шешу әдістеріне байланысты экономикалық жүйелер: дәстүрлі, командалық және нарықтық болып жіктеледі.

  • Дәстүрлі экономикалық жүйеде өндіру, бөлу және тұтыну қалыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптарға негізделеді.

  • Әміршіл-әкімшілік экономикалық жүйе бұл мәселелерді директивалық әдістермен, яғни жоғарыдан түсіріліп жататын бұйрықтармен шешеді.

  • Ал нарықтық экономикалық жүйеде шаруашылықтың бағдары тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекеге құрылады.



2-тапсырма. Мақал-мәтелдердің жалғасын табыңыз.

  1. Жеті рет өлшеп, .........

  2. Есептей білгеннің .......

  3. Төртеу түгел болса ........

  4. Теңге ................

  5. Көрпеңе қарай .........

  6. Ақыл азбайды ........

  7. Жұмыла көтерген ...

  8. Жүз сомың болғанша, .....

  9. Ақша кетуге тырысады, Есеп ......

  10. Жер ырысы дария, Ел ырысы ...



3-тапсырма. Сөз тіркестерін әр түрлі анықтауыштық қатынаста жұмсалуына қарай топтастырамыз
Заттық түсін білдіретін сын есімдер:
Заттың көлемдік сапасын білдіретін сын есімдер:
Заттың табиғи күйін білдіретін сын есімдер:
Тамақтын дәмін білдіретін сын есімдер:
Адамның түрлі қасиетін білдіретін сын есімдер:
Заттын салмағын, мөлшерін білдіретін сын есімдер:


Ақ қар, аз зат, жеңіл чемодан, сараң әйел, көк шөп, шабан үйрек, ащы сорпа, қызыл гүл, тар жол, қысқа жіп, жалпақ тақтай, ауыр жүк, үлкен қайрақ, қалың қарағай, қоңыр көйлек, қышқыл жеміс, салқын жел, сұйық тамақ, терең көл, боз ат, қою шырын, кең сарай, жақсы кісі, жаман жолдас, жуас ат, тәтті тамақ, көп кісі,.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет