Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған



бет58/66
Дата20.10.2022
өлшемі1.08 Mb.
#463078
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

2-тапсырма. Латын әліпбиінің бірнеше нұсқасын салыстырыңыздар.


3-тапсырма. Берілген тыйым сөздерді латын әліпбиімен жаз.

  1. Дастарханды, тамақты баспа.

  2. Жалғыз ағашты кеспе.

  3. Ата-анаңа қарсы келме.

  4. Өтірік күлме, өтірік сөйлеме, өтірік жылама.

  5. Орындықта аяғыңды айқастырып отырма.



13-ТАҚЫРЫП. Тілдік кәсіби бағдар


Практикалық сабақ жоспары ( 3 сағат)
1-сабақ
1. Болашақ маманның тілдік құзыреттілігін қалыптастыру.
2. Мамандыққа қатысты материалдар жинау
2-сабақ
1. Ойды жеткізудің дәнекерлеуші тілдік құралдары (сонымен байланысты, соған қарамастан, бірақ, дегенмен, соның нәтижесінде).
2. Сұхбат құру
3-сабақ
1. Мен ... етістік+барыс септік+тиісті+жіктік жалғауы тіркесінің 3 жақта түрленіп қолданылуы
2. Тапсырмалар орындау
Әдебиеттер: нег.1, 2, 3, 5, 7, қос. 8, 9, 11, 13, 15, 20


СӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. Кәсіби бағдар туралы материалдар жинау.
2. «Кәсіби тіл ерекшелігі» туралы сұхбат құрастыру.
3. Тақырыпқа қатысты мәтіндермен жұмыс, мәтіндерді әңгімелеуге дайындалу
4. «Кәсібің – нәсібің » тақырыбында шығарма жазу
ОСӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. Кәсіби бағдар туралы материалдармен жұмыс, оқу, аудару, әңгімелеу.
2.«Кәсіби тіл ерекшелігі» туралы сұхбатты жүргізу.
3. Тақырыпқа қатысты мәтіндермен жұмыс, мәтіндерді әңгімелеу.
4. «Кәсібің – нәсібің » тақырыбында шығарманы талдау


1-тапсырма. Мәтіннен тірек сөздерді тауып, орыс тіліне аударыңыз. Әр абзацқа тақырып қойыңыз. Мәтін бойынша бірнеше сұрақты жауабымен жазыңыз.
Кәсіби құзіреттіліктерді меңгеруде болашақ мамандардың теориялық білімін тереңдетумен қоса шеберліктің жиынтығын, яғни, кәсіби қызметті орындау әдістеріне үйрену аса маңызды болмақ. Болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда төмендегі мәселелерге: кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді жолдарын айқындай алуға, іс-әрекетті ұйымдастыруға қызығушылықтарының басым болуына; қажеттіліктері, белсенділіктері, ізденістері мен білім берудің әдістемесін толық меңгеруі; білім, білік, дағдылардың дәрежесіне сәйкес болуын қадағалай білуі; мектепте берілетін білім мазмұнын жаңарту мәселесіне қатысты теориялық, әдістемелік дайындығының жеткілікті деңгейде болуы; мақсатқа жетуге байланысты тиімді жолдарды таңдай алуы; ұсынылған жаңа білім мазмұнын игеруі және оны эмоционалдық көңіл күймен қабылдауы; оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие үдерісінің міндеттерін жүзеге асыра алуы, талдау жасауы, түзету жұмыстарын жүргізе білуге ықпал ете алуы; шығармашылықпен болжам жасай білуі мен нәтижеге жетуге ұмтылысының болуына баса назар аударуы қажет.
Кәсіби білімнің қазіргі жүйесі болашақ мамандар өзінің педагогикалық қызметін түсінумен ғана емес, сонымен бірге басқа да әріптестерімен, басшылармен «байланыстыратын» өзіндік қасиеттерді бағалаумен де байланыс- ты біліктілігінің рефлексивті құрамдас бөлігін иеленуді талап етеді. Аталған құрамдас бөлікті жүзеге асыру тиімділігі педагогтің сыни ойлау, талпыныс пен талдау жасау, өзінің ұстанымын дәлелдей алуы, ақпаратты сәйкесінше қабылдауы сияқты қасиеттерге ие болуымен байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет